Файл: Жамбыл облысы кімдігі білім басармасыны ОУдістемелік кабинеті 5сынып аза тілі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 586

Скачиваний: 11

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



«Саяхат және демалыс. Синтаксис» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні _______________________________________________________________________________________________


Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Ауызекі стильде берілген мәтіндердің тақырыбы, мазмұны және тілдік құралдарын салыстырады.


Мәтіндердің тақырыбы, мазмұны және тілдік қолданыстарын салыстырып, олардың өзара ұқсастықтары мен ерекшеліктерін анықтауда қиналады.




М әтіндердің тақырыбы, мазмұны және тілдік қолданыстарын салыстырып, олардың өзара ұқсастықтары мен ерекшеліктерін анықтауда қателеседі.



М әтіндердің тақырыбы, мазмұны және тілдік қолданыстарын салыстырып, олардың өзара ұқсастықтары мен ерекшеліктерін анықтайды.

Сюжетті суреттердің көмегімен әңгіме құрастырады.


С уреттерді негізге ала отырып, тақырып бойынша жанрлық ерекшеліктеріне сай әңгіме жазуда қиналады.


С уреттерді негізге ала отырып, тақырып бойынша жанрлық ерекшеліктеріне сай әңгіме жазудақателеседі.


С уреттерді негізге ала отырып, тақырып бойынша жанрлық ерекшеліктеріне сай әңгіме жазады.


1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут

(уақыт оқылым мен жазылым жұмысына арналған. Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі)

Оқылым – 15 минут

Жазылым – 25 минут

Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері:


Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар.

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы:

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: біріншісі – тыңдалым мен айтылым, екіншісі – оқылым, үшіншісі – жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


*Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырма түрлері

*Тапсырма сипаттамасы

*Орындау уақыты, минут

Балл

1


5.1.2.1 әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (ән мәтіні, жарнама) көтерілген мәселені түсіндіру.

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар ән мәтінін тыңдайды.

Оқушылар мәтінді тыңдау барысында тақырыпқа қатысты көтерілген мәселені түсіндіреді. Ән мәтінінен мысалдар келтіре отырып, негізгі ойын анықтайды.

Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут беріледі)


5

5

1

5.2.3.1 жарнама құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату;

5.2.4.1 ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру.

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Оқушылар берілген мәтіндерді оқып, оларды өзара салыстырады. Кестеге сүйене отырып, мәтіндердің тақырыбы, қысқаша мазмұны, жанры мен тілдік қолданыстарына талдау жасайды.




10

1

5.3.2.1 жанрлық ерекшеліктеріне сай рәсімделуі мен құрылымын сақтап, жарнама құрастырып жазу;

5.4.1.1 қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу.

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Оқушылар ұсынылған тақырыптардың бірін таңдап, жарнама жазады. Жазба жұмысында жарнаманың жанрлық ерекшеліктерді мен сауаттылық нормаларын сақтаулары тиіс.




10

Барлығы 40 минут

30


1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Мәдениет: тіл жіне қарым-қатынас. Фонетика

Киіну. Сән. Талғам. Фонетика

Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер. Лексика
І нұсқа

Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма

Руслан Мамытовтың орындауындағы «Жаса, қазағым» әнін тыңдай отыра, көтерілген мәселені өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.

[10]

Жаса, қазағым!

Жастарының жалыны бар,

Қарттарының қадірі бар,

Жақсылыққа жаны құмар,

Жаса, қазағым!

Тарихының тамыры бар,

Дәстүрінің тәлімі бар,

Сақ пен ғұнның сарыны бар,

Жаса, қазағым!

Қайырмасы:

Жаса, жаса қазақ тілім!

Жаса, жаса ғажап дінім!

Баянды боп, азат күнің,

Бағың таймасын!

Жаса, жаса рухты халқым!

Жаса, жаса құтты салтым!

Айдан асып мықты даңқың,

Жаның жайнасын!

Көсемдері кесім берген,

Керуен тартып, көшін керген,

Төрт түлігі төсінде өрген,

Жаса, қазағым!

Ту көтеріп, тұлпар мінген,

Саят құрып, сұңқарды ілген,

Күй төгіп, ән шырқап жүрген,

Жаса, қазағым!

(83 сөз)

(https://text-pesni.com/)



Оқылым

Тапсырма

Мәтіндердің жанры мен стилін анықтаңыз. Олардың мазмұнын, тақырыбы мен тілдік құралдарын салыстырыңыз.

[10]
А мәтіні

Қазір қыстың соңғы айы. Барлық дүкендерде қысқы киімдерге көптеген жоғары мөлшерде жеңілдіктер жүріп жатыр. «Қыстың қамын жаз ойла» дегендей, қол боста дүкендерді аралап, қажетті заттарды алуға болады. Мысалы, әлі бір-екі маусым пайдалануға болатын оверсайз пальтоларды, классикалық стильдегі костюмдерді, тоқыма свитерлерді, етік, сөмке, былғары қолғаптарды алып қойсаңыз, келесі қыста сөзсіз қызығын көресіз. Классикалық стильдегі костюмдер ешқашан сәннен түспейді. Сондықтан жеңілдікті пайдаланып, өзіңізге жарасатын бір-екеуін алып қойғаныңыз артық болмас. Сіз үшін тек ең жақсысы!

Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, «MEGA» сауда үйі. Жұмыс уақыты: 9:00-17:00
Ә мәтіні

Сәлем, жас дос!  «English START» ағылшын тілін қысқа мерзімде кәсіби үйренуге көмектесетін үздік сайт болып табылады. Біз онлайн ағылшын курсын бастағалы отырмыз. Курс тілді бастапқы деңгейден меңгеремін деуші кісілерге арналған.

Ағылшын  тілін қысқа мерзімде сапалы үйренемін деушілерге, шет елге оқуға түсемін деушілерге арналған канал. Бұл сайтта ағылшынша сөздер, бейнематериалдар, инфографика, қызықты деректер мен көптеген тақырыптық материалдар жарияланып тұрады. Бейнересурстар  ағылшын тілін ойын түрінде  жеңіл формада үйретеді. Түрлі тіркестер арқылы жаңа сөздер үйреніп, мәтіндерді оқып жаттығасыз. Бұл – ағылшын тілінде қатесіз жазуды үйрететін және ағылшын грамматикасын терең түсінуге таптырмайтын мүмкіндік. 

Байланыс нөмірі: 87472654540


А мәтіні

Ә мәтіні

Тақырыбы






Қысқаша мазмұны






Қандай жанр? Неліктен? Себебін түсіндіріңіз.






Жанрға тән қандай сөздер қолданылған?









Жазылым

Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жарнама жазыңыз. Жарнаманың жанрлық ерекшелігін сақтаңыз, сөздердің орфографиялық нормаға сай жазылуын назарда ұстаңыз.

[10]
1) Өзіңізді қосымша білім беру орталығының басшысы ретінде елестетіңіз. Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйренудің қажеттілігіне баса назар аудара отырып, орталығыңызды жарнамалаңыз.

2) Ұлттық нақыштағы зергерлік бұйымдар сататын дүкен иесі ретінде тұтынушылардың қызығушылығын оятатындай жарнама мәтінін ойластырыңыз.

3) Қазақ халқының ұлттық сусыны қымызды насихаттайтын жарнамалық роликке жарнамалық мәтін жазыңыз.
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Балл қою кестесі

Тыңдалым мен айтылым

Балл

Коммуникативтік құзыреттілік

Грамматикалық құзыреттілік


5

Мәтінде көтерілген мәселені терең түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін ұтымды жеткізеді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде өте дәл, нақты.

Ойын аяқталған, толық сөйлемдермен жеткізеді. Сөздік қоры мол. Сөздік қайталаулар кездеспейді.

4

Мәтінде көтерілген мәселені жақсы түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін жақсы жеткізеді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде орынды.

Ойын аяқталған, толық сөйлемдермен жеткізеді. Сөздік қоры жеткілікті. Сөздік қайталаулар аздап кездеседі.

3

Мәтінде көтерілген мәселені қанағаттанарлық деңгейде түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін жеткізе алады. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде үнемі орынды бола бермейді, кейде негізгі мәселеге қатыссыз пайымдаулар кездеседі.

Ойын кейде аяқталған, аракідік синтаксистік құрылымы сақталмаған сөйлемдермен

жеткізеді. Сөздік қоры қанағаттанарлық. Сөздік қайталаулар кездеседі.

2

Мәтінде көтерілген мәселені шектеулі деңгейде түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін қолдауды қажет етеді. Көзқарасын дәлелдейтін дәйектемелері сирек, көбіне жалпылыққа ұрынады.

Ойын көп жағдайда аяқтамайды, жай сөйлемдерді, қарапайым синтаксистік құрылымдарды қолданады. Сөздік қоры күнделікті ауызекі лексикадан тұрады.

1

Мәтінде көтерілген мәселені түсінуі өте шектеулі. Ақпаратқа қатысты жеке көзқарасы мен пікірі жоқ, көбінесе, дайын ақпаратты қайталап беру деңгейінде. Себебін түсіндіруі аз.

Ойын аяқтамайды, қарапайым синтаксистік құрылымдармен шектеледі. Ойы жүйесіз, сөйлемдері байланыспайды. Сөздік қайталаулар негізгі лексикадан басым.




Оқылым

Балл

Мәтінді талдау

9-10

Мәтіннің жалпы мазмұнын, құрылымдық, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін, тілдік құралдарын өте жақсы түсініп талдайды.

7-8

Мәтіннің жалпы мазмұнын, құрылымдық, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін, тілдік құралдарын жақсы түсініп талдайды.

5-6

Мәтіннің жалпы мазмұнын, құрылымдық, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін, тілдік құралдарын қанағаттанарлық деңгейде түсініп талдайды.

3-4

Мәтіннің жалпы мазмұнын, құрылымдық, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін, тілдік құралдарын шектеулі түсінеді, талдауға талпыныс жасайды.

1-2

Мәтіннің жалпы мазмұнын, құрылымдық, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін, тілдік құралдарын өте шектеулі деңгейде түсінеді.

0

Мәтіннің жалпы мазмұнын, құрылымдық, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін, тілдік құралдарын түсінбейді.


Жазылым

Балл

Сипаттамасы

9-10

Тақырыптың мазмұнын толық ашады. Тілдік бірліктер мен лексикалық құрылымдарды жарнаманың жанрлық ерекшелігіне сәйкес орынды қолданады. Грамматикалық, стильдік тұрғыдан өте сауатты. Орфографиялық номаны ұстанады. Қателері жоқ.

7-8

Тақырыптың мазмұнын толық ашады. Тілдік бірліктер мен лексикалық құрылымдарды жарнаманың жанрлық ерекшелігіне сәйкес қолданады. Грамматикалық, стильдік тұрғыдан сауатты, бірақ 1-2 ұсақ қате кездеседі.

5-6

Тақырыптың мазмұнын ашуы жеткіліксіз. Тілдік бірліктер мен лексикалық құрылымдарды жарнаманың жанрлық ерекшелігіне сәйкес қолданауға тырысатыны байқалады. Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 2-3 ұсақ және ірі қателер кездеседі.

3-4

Тақырыптың мазмұнын ашуы шектеулі. Тілдік бірліктер мен лексикалық құрылымдарды жарнаманың жанрлық талаптарына сәйкес келе бермейді. Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 4-5 ұсақ және ірі қателер кездеседі.

1-2

Тақырыптың мазмұнын ашпайды. Жарнаманың жанрлық ерекшелігіне сәйкес тілдік құралдарды қолданбайды. Грамматикалық, стильдік тұрғыдан алтыдан көп ұсақ және ірі қателер кездеседі.