Файл: 1 курс Сратар Дене шынытыру кезінде жарааттануды негізгі себептері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 235

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1 курс

Сұрақтар:

1. Дене шынықтыру кезінде жарақаттанудың негізгі себептері

Түрлі жаттығулармен әсіресе, жарыс кезінде спортшы организіміне түсетін ауырпалық өте зор. Әр спорт түрінде жарақаттану қаупі де әр түрлі болады. Спорт түріне орай өзіне тән зақымдануы және жиірек жарақаттанатын дене бөлімдері – «осал жерлері» де болады.

Жалпы спорттық зақымдардың ішінде жиі кездесетіндері – соғып алу, бұлшық еттер мен сіңірлердің созылуы, жыртылуы, үзілуі. Бұлар жабық жарақаттарға жатады. Жабық дейтін себебі теріде жара болмайды. Ашық спорттық жарақаттардың ішінде жиі кездесетіні – терінің сыдырылуы, сызаты.

Кейде жаттығу барысында, жарыс кезінде ауыр жарақаттар да кездеседі (буынның шығып кетуі, сүйектің сынуы, мидың шайқалуы, буындардың, омыртқа жотасының зақымдануы және т.б.).

Жаттығу мен жарыс кезінде ең жиі зақымданатын дене бөлімдері бар. Олар әр спорт түрінде әр түрлі болады. Мысалы, боксшыларға бас пен беттің жарақаттары тән болса, спорттық гимнастика мен шаңғыда аяқ сүйектері, буындары, бұлшық ет пен сіңірлердің зақымданануы, ал футболшыларда тізе буындарының зақымданануы жиірек кездеседі.

Сонымен спорттық зақымдарға ортақ ерекшеліктер: спорттық жарақаттардың тоқсан пайызы жеңіл жарақаттарға жатады, ал орташа жарақаттар тоғыз пайыз шамасында болса, ауыр жарақаттар бір пайыз көлемінде кездеседі.

2. Салауатты өмір салты дегеніміз не, және оны қалай жүзеге асырасыз?

Салауатты өмір салты (СӨС) — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Өмір Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Қазіргі мәліметтер бойынша денсаулық 53-55%- ға салауатты өмір салтына тәуелді болады екен. Бұдан салауатты өмір салтын ұстанудың қаншалықты маңызды екендігі айқын.
Қимыл белсенділігі мен организмді шынықтыру – салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шартттарының бірі болып табылады. Адам әрдайым қимыл-қозғалыста болса органимзмнің жұмыс жасау қабілеті жоғарылап, белсенділігі артады және кез-келген ауруға өздігігінен жауап беріп күресе алады. Қозғалыс адам өмірі үшін аса қажет. Дене жаттығулары – организмдегі жасқа байланысты өзгерістердің алдын алатын және ұзақ өмір сүруге көмектесетін маңызды амалдардың бірі.Мысалға қарапайым жаяу жүруді алайық. Ежелгі гректер: «Егер сұлу болам десең – жүр, денсаулығым мықты болсын десең – жүр» деген екен. Жаяу жүру – өзіңізді бір қалыпта ұстаудың қарапайым жолы. Кейбір спорттың түрі адамдарға кері әсерін тигізуі мүмкін, ал жаяу жүрудің ешқандай зияны жоқ. Денсаулықты сақтауда уақытымен дұрыс тамақтанудың маңызы өте зор. Қазіргі біз өмір сүріп жатқан заманда ішетін асымыздың бәрі де жасанды жолмен дайындалғандықтан, құнарлығы мен пайдасын жойып, артық салмақ пен денсаулықтың құртылуына әкеліп соқтырады.Денсаулығыңызды сақтағыңыз келсе, жиі тамақтануды, суды көбірек ішуді әдетке айналдыру қажет. Тез дайындалатын тағамдардан және тәттілерден бас тарту керек және калория нормасын сақтауды әдетке айналдырып, қалағалауда ұстаған абзал.


3 . Ұлттық және халықтық спорт түрлері

Қазақтың ұлттық спорт түрлері, дене тәрбиесі және ойындары, ұлттық ат спортынан, кейбір үстел және қимыл-қозғалыс ойындарынан және ұлттық күрес түрлерінен тұрады.
Ат спортының түрлері

  • аламан бәйге - алыс және өте алыс қашықтарға атшабыс,

  • байте - ойлы қырлы жерлермен атшабыс,

  • ат жегу - тез арада атты дайындау,

  • ат омырауластыру - атты итерістіріп шеңберден шығару,

  • аударыспақ - ат үстінде алысу,

  • жорға жарыс - жорғалар сыны,

  • құнан бәйге, дөнен бәйге, тай жарыс - жылқы түліктерінің жарысы,

  • қыз қуу,

  • көкпар - командалық ойын,

  • жамбы ату - шауып келе жатып нысана көздеу,

  • күміс ілу - жерден күміс тиынды ат үстінен іліп әкету,

  • сайыс - ат үстінде қарумен жекпе-жек өткізу;

Күш өнері

  • балуан тас,

  • түйе көтеру,

  • өгіз жығу,

  • асық ойындары және т.б.

Ақыл-ой ойындары

  • шатрантаж (шахматтың бір түрі),

  • шатраш (дойбының бір түрі),

  • тоғыз құмалақ - домалақ тас ойыны,

  • саяттаушы құстарды аңға салу;

Қорыта келе, қазақтың ұлттық ойындары адамның талдау, таңдау қабiлетiн шыңдайды, ортамен тiл табысуға, қарым-қатынасты жетiлдiруге, жұмысын мазмұны етуге, жеңiске жетудiң ең тиiмдi түрлерiн қарастыруға, адамның бойындағы қасиеттi әлеуметтiк күшке және қозғалысқа айналдыруға итермелейдi.

4. Баскетбол, волейбол, футбол жарыстарын өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі талаптары.

Баскетбол ойынының ережелері

Баскетбол ойынына сәйкес спорттық киім кию, (кроссовка)

Баскетбол ойынының техникасы мен тактикасын орындау кезінде өте мұқият болу. Баскетбол қалқанының астында отыруға болмайды.

· Ойнаушылар ойын кезінде бір-бірін ұстауына, дөрекі қылық жасауына жол берілмеу.

· Допты салмағына сәйкес таңдау.

· Жаттығуларды орындауды ұйымдастыру барысында қойылатын біріңғай талаптарды.

· Сабақ басталар алдында оқушылар алқа, сақина, сағат, сырға және т.б. жарақат алуға мүмкіндік тудыратын заттарды шешіп, қыз балалар шаштың түюлері қажет. Қауіпсіздікті сақтау үшін дене тәрбиесі сабағында тиісті спорт киімдерімен ғана қатысу қажет. Допты алып жүру кезіндегі қауіпсіздік: · Допты жұдырықпен және алақанмен ұрмау.



· Жылдамдықты азайтып, тоқтай білу; «финтті» қолдана білу; · Қарсыласының орын ауыстырылуларын сөзіне білу;

· Бір –бірін итермеу;

· Допты бір-біріне беру кезіндегі қауіпсіздік:

· Допты қағып аларда бас бармақты допқа қарсы бағыттауға болмайды, саусақтарды корзина тәрізді бағыттау.

· Жерден ұшқан допты қабылдау кезінде мұқият болу, саусақтарды дұрыс қоя білу.

· Жақын жерден бір-біріне допты тез бермеу; (резко)

· Көрмей тұрып командаласына допты бермеу;

· Допты қолдан қолға бермеу

Футбол ойынының қауіпсіздік ережелері:

-Ойынға төрешілік етушінің ескертпесін ойыншылар мүлтіксіз орындауға тиісті.

- Допты алып бара жатқан қарсыласты қуып жеткен жағдайда, оның аяғын емес, допты тебу арқылы тартып алуға болады.

- Төрешінің берген белгісін естіген сәтте ойынды тоқтату керек.

- Жүгіріп бара жатқан қарсыласты артынан келіп итеріп жіберуге, шалуға болмайды.

- Допқа таласқанда, қарсылас ойыншыны итеруге болмайды.

- Қандай жағдайда болмасын, қақпашыға тиісуге болмайды. Дөрекілік жсау футболшыға жат құбылыс.

Волейбол ойынының қауіпсіздік ережелері:

  • Дене тәрбиесі сабағына сай спорттық киім кию.

  • Тізеге, шынтаққа киетін арнайы киім кию.

  • Мұғалімнің ұйымдастырған сабағын бұзбауы керек.

  • Белсенді, ақыл оймен қыздырыну жаттығуларын жасау керек.

  • Ойын алаңына мұқияттылық пен қарау.

  • Допты дұрыс үрілуін қарау, қатты үрілген доппен ойнамау.

  • Доптың сыртқы бөлігін мұқият тексеру.

  • Жыртылған доппен ойнамау

  • Техникалық әдіс-тәсілдер кезінде мұқият болу.

  • Тік аяқпен тұрмау және доп секіріп алқанымен қабылдамау

  • Өте жоғары ұшқан допты секіріп алқанымен қабылдамау

  • Тіке қолмен жоғарыдан допты қабылдамау.

  • Допты қабылдау кезінде бас бармақты алға тоспау.

  • Допты тізенің тұсында қабылдау, кеуде немесе ішімен қабылдамау.

  • Төменнен доп қабылдаған кезде шынтақ буынын бүгу.

  • Допты беруді орындау (подача) кезінде жұдырықпен допты ұрмау.

  • Шабуылшыға допты қайтару үшін қолды тосқан кезде (блокироввание) торға жақындамау.

  • Допқа қарсы қол қойғаннан кейін, допқа қарап, саусақты алға созып алақанымен қабылдау керек.

  • Секіріп доп қабылдағаннан кейін тізеге құламау керек. Ойын кезінде доптардың тиіп кетпеуінен сақтану керек.


5. Жеңіл атлетика. Жеңіл атлетика түрлері.

Жеңіл атлетика - бұл ең танымал спорт түрі. Ол кез-келген адамға қол жетімді, арнайы жабдықты қажет етпейді, кейде арнайы орын қажет емес. Мұнда жас, жыныс, денсаулық жағдайы маңызды емес. Кез келген адам жүгіре алады.

Дәстүр бойынша ол ішкі бөлімдерге бөлінеді, оған мыналар кіреді:

  • жүгіру;

  • жаяу;

  • секіру;

  • лақтыру түрлері.

Спорттық жүру - 20 км (ерлер мен әйелдер) және 50 км (ерлер). Спорттық жүру-бұл бірқалыпты қарқындылық циклдық қозғалыс, ол спортшы жермен үнемі байланыста болуы тиіс және бұл ретте алға шығарылған аяғы жерге тиген сәттен бастап және тігінен сәтке дейін толығымен түзетілуі тиіс қадамдарды кезектестіруден тұрады.

Қысқа қашықтыққа жүгіру-(100, 200, 400 м), орташа (800 және 1500 м), ұзын (5000 және 10 000 м) және ұзын қашықтыққа жүгіру (марафондық жүгіру - 42 км 195 м), эстафеталық жүгіру (4 х 100 және 4 х 400 м), кедергілермен жүгіру (100 м - топтар, М - ерлер, 400 м - ерлер мен әйелдер) және кедергілермен жүгіру (3000 м). Жүгіру жарысы-1896 жылғы бірінші Олимпиада ойындарынан бағдарламасына енгізілген және жарыстың бекітілген ресми ережелерінің ең ескі спорт түрлерінің бірі. Жүгірушілер үшін ең жәрмеңкесі қасиеттер: қашықтықта жоғары жылдамдықты ұстап тұру қабілеті, төзімділік (орташа және ұзын), жылдам төзімділік (ұзын спринт үшін), реакция және тактикалық ойлау.

Тік секіру(биіктікке секіру және сырықпен секіру) және көлденең (ұзындыққа секіру және үш есе секіру) болып бөлінеді.
Биіктікке секіру-техникалық түрлердің тігінен секіруіне жататын жеңіл атлетика пәні. Секіру — жүгіру, итеруге дайындау, итермелеу, планка және қону арқылы өту. Спортшылардан секіруді және қимылдарды үйлестіруді талап етеді. Жазғы және қысқы маусымда өткізіледі.

Лақтыру - ядро лақтыру, найза лақтыру, найза лақтыру, диск және балға лақтыру. 1896 ж. ойындар бағдарламасына диск лақтыру және ядро итеру қосылды; 1900 ж. – балға лақтыру, 1906 ж. – найза лақтыру.
Лақтыру қашықтығы осы шеңбердің сыртқы шеңберінен снарядтың құлау нүктесіне дейінгі қашықтық ретінде өлшенеді. Дисктің салмағы ерлер-2 кг, жасөспірімдер-1,75 кг, жасөспірімдер-1,5 кг. әйелдер, жасөспірімдер мен қыздар-1 кг. дисктің диаметрі ерлер үшін 219-221 м. және әйелдер үшін 180-182 м.

6. ТБ бойынша нұсқаулық, дене шынықтыру бойынша нұсқаулықтың мазмұны


-денені мақсатты түрде жан-жақты, үйлесімді дамыту; дене тәрбиесі жаттығуларын, гигиеналық және сыртқы орта әсерлерін денсаулықты нығайтуға қолдану іскерлігін, қобалжуға (стресс) қарсылық мүмкіншіліктерін қалыптастыру; жоғары денсаулық деңгейінің, жан-жақты дене дайындығының қазіргі қоғамға да, өзі үшін де қажет екенін саналарында қалыптастыру;

- негізгі базалық спорт түрлері (жеңіл атлетика, гимнастика, спорттық ойындар, шаңғы спорты, суда жүзу) жаттығуларын ары қарай үйрену, жетілдіру, жоғары қимыл ептілігіне дейін меңгеру;

- дене қасиеттерін, күшті, күш-жылдамдығын, төзімділікті, икемділікті, қозғалыс әрекеттерін тез басқара, құра алу ептілігін, ағзаның тез қалпына келе алу қабілеттілігін т.б. қасиет, қабілеттерді ары қарай дамыту;

- қозғалыс белсенділігінің, спорттық жаттығудың заңдылықтары туралы, дене тәрбиесі жаттығуларының келешек өмірлеріндегі еңбек етулеріне, әскер қатарында болатын кездеріндегі, ата-ана қызметтерін орындайтын кездеріндегі маңызы туралы, білім негіздерін қалыптастыру;

- дене тәрбиесі жаттығуларымен, өздерінің айналысып жүрген спорт түрлерімен тұрақты, жүйелі жаттығу әдеттері мен дағдыларын қалыптастыру; бекіту;

- өнегелік, көпшілдік, өмірге дұрыс көзқарас, өзін-өзі бағалай білу қасиеттерін қалыптастыру, алдыға қойған мақсатқа ұмтылушылық, өзіне сенімділік, шыдамдылық, ұстамдылық, сабырлылық қасиеттерін дамыту;

- тұлға ретінде психикалық және өзіндік қасиеттерін ары қарай дамытуға көмектесу, психикалық өзін-өзі реттеу негіздеріне үйрету.

7. Жеңіл атлетика сабақтары кезіндегі қауіпсіздіктің негізгі талаптары

Жеңіл атлетика қауіпсіздік ережелері

  • Дене шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде табаны резина аяқ киім қию керек.

  • Қысқа қашықтықтарда тек қана өз жолымен жүгіру қажет. жүгіріп келе жатып кілт тоқтауға болмайды.

  • Ойлы-қырлы жерлерде кездескен кедергілерден (тас, құлаған ағаш, бұта, төмпешік т.б.) аспай-саспай өтуді есте сақтаған жөн.

  • Жүгіру, секіру, лақтыру алаңдарын көлденең кесіп өтуге рұқсат етілмейді.

  • Спорт құралдарын (граната, диск, найза т.б) лақтырғанда, лақтыру бағытында адамның болмауын қарап, бақылап алу қажет.

  • Ұзындыққа , биіктікке секірер алдында шұңқырдағы құмды майдалап, қопсытып алу керек.

  • Лақтырушының оң жағында тұруға, құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.

  • Лақтырған ядроны қағып алуға болмайды және ядроны лақтырар кезде жерге түсіріп алудан сақтану керек.

  • Жауын-шашында күндері лақтыратын құрал-жабдықтарды мұқият сүртіп, құрғатқаннан кейін пайдалану керек.