Файл: Жмысты масаты Зерттеу айма бойынша растыратын карта растыру дістерін талдау Жмысты мазмны.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 336
Скачиваний: 1
СОДЕРЖАНИЕ
Тақырыбы: Карта құрастыру үшін ақпарат көздерін жинау.
Тақырыбы: Картографияланатын құбылыстардың
аймақтық ерекшеліктерін зерттеу
(мысалы ретінде – Алматы облысының жер бедері картасын құрастыру)
Жұмыстың мақсаты: Карта жинақтауын (компоновкасын) құрастыру
Жұмыстың мақсаты: Карта мазмұнын құрастыру (зерттеу аймақтың карта негізін құрастыру).
Жұмыстың мақсаты: Құрастыратын картаның шартты белгілерін құрастыру (зерттеу аймақ бойынша)
Жұмыстың мақсаты: Зерттеу аймағы картасының алғашқы түпнұсқасын құрастыру
Тапсыратын материалдар: Зерттеу аймағы картасының алғашқы түпнұсқасы
Жұмыстың мақсаты: Картаның түпнұсқасын безендіру
Жұмыстың мақсаты: Редакциялық жұмыстардың түрлері мен міндеттері сипаттау
Жұмыстың мақсаты: Көпбетті және тақырыптық карталарды редактілеу жұмысын сипаттау
Тапсыратын материалдар: Көпбетті және тақырыптық карталарды редактілеу жұмысын сипаттамасы
Жұмыстың мақсаты: Тақырыптық карталарды редакциялау жұмысын сипаттау
Тапсыратын материалдар: Көпбетті және тақырыптық карталарды редакциялау жұмысын сипаттамасы
-
картаның мақсаты негізінде оның міндеттерін дұрыс анықтау және онда көрсетілетін құбылыстар мен үрдістерді жақсы түсіну керек; -
картографиялық ғылым принциптері , тәртібі және нормасы бойынша үлгі құрастыру.
Тақырыбы: Карта құрастыру үшін ақпарат көздерін жинау.
Жұмыстың мақсаты: Карта құрастыру үшін мәліметтерді жинау, таңдау, талдау.Жұмыстың мазмұны:Көздерді дұрыс жинау деген – бұл карта құрастырудағы толық, нақты және мүмкін болса пайдалануға ыңғайлы қазіргі уақытты ақпарат көздерін алдын-ала жинау. Қандай болсын көздер үшіноларды кеңістіктік байланыстыру керек. Көздерді алдын-ала жинау деген – оның бағдарлама құрастырудағы толық бітуі. Егерде қосымша көздер қосылса, онда карта түпнұсқасын құрастыру кезінде оны түзету немесе қайтадан жасау керек болады. Сондықтан, бұл жұмыстар карта дайындау мерзімін ұзартады, бағасы өседі және түпнұсқаның графикалық сапасын төмендетеді.Сонымен, көздерді дұрыс жинау үшін, келесі мәліметтерді жақсы білу қажет:-
жобаланатын карта мазмұны сәйкес келетін күндері мен мерзімін; -
мазмұнының барлық компоненттерін және оларға қажет толықтығын, нақтылығын және көрсеткіштерін; -
өндеуге ыңғай болу үшін көздердің жеңіл түрі мен формасын.
Тақырыбы: Картографияланатын құбылыстардың
аймақтық ерекшеліктерін зерттеу
(мысалы ретінде – Алматы облысының жер бедері картасын құрастыру)
Жұмыстың мақсаты: Алматы облысының жер бедерінің аймақтық ерекшеліктерін анықтау.Жұмыстың мазмұны:Картаның бағдарламасын жақсы құрастыру және жалпылауды сапалы жұргізу жұмысы картографияланатын құбылыстың аймақтық ерекшелігін дұрыс түсінуге байланысты. Ол үшін картографияланатын ауданмен жақсы танысу керек. Картографияланатын ауданды зерттеу барысында келесі жағдайлар анықталады: құбылыстардың аймақтық ерекшеліктері, олардың таралу заңдылықтары, байланыстары және даму тенденцилары – бір сөзбен айтқанда, құрастыратын картаның мақсаты, тақырыбы және масштабына сәйкес келетін барлық жағдайы. Сонымен, картаның мақсаты, тақырыбы, масштабы және аймақтық ерекшелігі зерттеудің бағыты мен нақтылығын анықтайды. Зерттеу әдісі сонымен бірге қолдағы бар және жеткілікті ақпарат көздеріне де байланысты. Осыған байланысты берілген аймақтың-
Жер бедерінің типтерін анықтау, оған сипаттама беру -
Құрастыратын картаның масштабына байланысты жер бедерінің жергілікті ерекшеліктерін. Мысалы, ірі масштабта өзен террасаларын көрсету керек болса, ұсақ масштабта олар қажет емес, себебі, көрінбейді. -
Картаның бағыты мен нақтылығына әсер етуші фактолар: ішік жергілікті ерекшеліктер (даму үрдістері-тау алдында эрозионды-жыралы үрдістерді зерттеу) -
Зерттеу әдістері: лабораториялық және далалық -
Зерттеу нәтижелері.
Карта масштабын таңдау кезінде жиі шешімді мағана беру үшін белгілі аумақтың толық бейнесін беру шарт, ол- рамкада берілген дүние жүзінің, елдің, облыстың және тағы басқа карталар болуы мүмкін еді, мәселен, атластың белгілі форматында бекітілген немесе бар үлкендігінше жасалған қабырға карталары. Масштабты таңдау кезінде көрсетілген факторлардан басқа сонымен қатар ескеретін жағдайлар: масштабтардың біртектілігін немесе еселігін сақтап тұру үшін немесе карталарды жинаған кезде масштабтар арасындағы айырмашылықты азайту үшін жобаланатын карталар және мазмұндас карталар арасындағы қатынас мысалға, географиялық атласта стандартты өлшемдегі картографиялық қағаздарды тиімді пайдалану үшін (қалдықсыз), офсетті баспа машинасын барынша толық қолдану үшін, көп бетті карта минимальді қолдану үшін экономикалық жағынан тиімді пайдалану керек. Тапсыратын материалдар: Зерттеу аймағының құрастыратын масштабты №6 Семинарлық сабақТақырыбы: Карта жинақтауын (компоновкасын) құрастыру
Жұмыстың мақсаты: Карта жинақтауын (компоновкасын) құрастыру
Жұмыстың мазмұны:Картаның жинақтауына келесі жағдай кіреді:-
картографияланатын аймақтың шекарасын және оның рамкаға қатысты орналасуын анықтау -
рамканың ішінде және картаның жиегінде картаның атауы, масштабы, шартты белгілері, мәліметтер, (керек болса) қосымша карталар, графиктер, орналастыру. -
жинақтауды карта бетін тиімді пайдалану деп түсінуге болады. Картаның негізгі мақсатымен бірге орнықтыруда картаның ыңғайлы пайдалануын, эстетикалық талаптарын және техникалық жағдайларын (картографиялық қағаздың стандартты көлемін, басып шығаратын машинаның тиімді ауданын, т.б.) ескеру керек. -
жинақтау жобасы беттің көлемін, карта рамкасын, картографияланатын аймақтың орналасуын, сонымен қатар картаның атауын, масштабын, легендасын және қосымша мәліметтерін көрсететін (картаны дайындаған адамның аты-жөні, жері, шыққан жылы, т.б.) орнықтыру макеті ретінде орындалады.
-
бірбетті карталар. -
көпбетті карталар. -
атлас карталары.
Жұмыстың мақсаты: Карта мазмұнын құрастыру (зерттеу аймақтың карта негізін құрастыру).
Жұмыстың мазмұны:Карта мазмұнын анықтау картаны жобалаудың негізгі сатысы болып келеді . бұл мазмұны элемент тізімі олардың топтастыруы сипаттамасы және көрсеткіштері бейнелеу әдістері мен географиялық символдардың жүйесі жалпылау көрсеткішінің шектеулі параметірлерін анықтау сондай-ақ географиялық аудандастыру. Карта мазмұнының негізі екі бағыт құрайды: 1) географиялық картаны кеңістік модель ретінде түсіндіру.2) картаны түсіндіру жіне құрастыруда жүйелі түрде қарастыруКарталар нысандардың орналасуы мен кеңістікте байланыстарын, олардың ерекше қасиеттерін, жағдайын, ерекшеліктерін және уақытша өзгерілуін немесе бір сөзбен айтқанда – “мазмұнының мағынасын” көрсетеді (ашады). Картографияланатын құбылыстардың ерекшеліктерін көрсету таңдаған топтастырылудан (классификациядан), сипаттамалардан және көрсеткіштерден тұрады.Топтастырылу геожүйе ретінде қарастырылатын картографияланатын құбылыстың біртіндеп бөлшектенуінен тұрады. (жүйеше, жүйеше-жүйеше, (подсистемы) т.б.). Ол бір тұтас жүйе ішінде әрбір жүйенің орнын және оған тән қасиеттерін көрсетедіТапсыратын материалдар: Құрастыратын картаның мазмұнын аяқтау, тапсыру№8 Семинарлық сабақТақырыбы: Картаның безендіруің құрастыру.