ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 207
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
8 апта
Апта күндері Дни недели | Оқу жұмысының мазмұны Содержание учебной работы | Тәрбие жұмысының мазмұны Содержание воспитательной работы |
Дүйсенбі Понедельник | | |
Сейсенбі Вторник | Балалар сабаққа қызығып, белсенді қатысты. Басқа сабақтарына қатысып, балаларды шығарып салдым. Оқушылардың психологиялық-диагностикалық диаграммасын сыздым. Сынып жетекшімнің тапсырмаларын орындадым. | |
Сәрсенбі Среда | Оқушыларыммен бірге сабақ соңына дейін жүріп, сабаққа қатысуын бақыладым. «Өзін өзі тану» апталығына белсене араласуын қадағаладым. Сабақтан соң сыныппен бірге саябақ аралап, боулингке барып, демалыс өткіздік. | |
Бейсенбі Четверг | | |
Жұма Пятница | | |
Сенбі Суббота | | |
9 апта
Апта күндері Дни недели | Оқу жұмысының мазмұны Содержание учебной работы | Тәрбие жұмысының мазмұны Содержание воспитательной работы |
Дүйсенбі Понедельник | | |
Сейсенбі Вторник | Сабақты пысықтау мақсатында, түсінгендерін растайын деп оқушылардан тест алдым. Нәтижесі жақсы. Сабақ түсінікті болды деп ойлаймын. Сабақ соңында күнделіктерін жинап, тексеру жүргіздім. Нәтижесі қанағаттанарлықтай күнделіктері толық, таза жазылған. | |
Сәрсенбі Среда | Ауа райына байланысты 1-ауысымдағы 0-9 сыныптарға сабақ болмады. Сынып жетекшім 5,6,8-сыныптың тапсырманы орындап, тапсырмалар жинағымен таныстым. Оқу-бағдарламалық және күнтізбелік сабақ жоспарларымен таныстым. | |
Бейсенбі Четверг | | |
Жұма Пятница | | |
Сенбі Суббота | | |
10 апта
Апта күндері Дни недели | Оқу жұмысының мазмұны Содержание учебной работы | Тәрбие жұмысының мазмұны Содержание воспитательной работы |
Дүйсенбі Понедельник | | |
Сейсенбі Вторник | Сабақты пысықтау мақсатында, түсінгендерін растайын деп оқушылардан тест алдым. Нәтижесі жақсы. Сабақ түсінікті болды деп ойлаймын. Сабақ соңында күнделіктерін жинап, тексеру жүргіздім. Нәтижесі қанағаттанарлықтай күнделіктері толық, таза жазылған. | |
Сәрсенбі Среда | Практикамыз аяқталатын болғандықтан мектебімізді суретке түсірдік. Мұғаліміміз мінездемемізді жазып берді. Электронды күнделікті толтырып, жетекшімізбен сұһбаттастық. Бізге өз кемшіліктеріміз бен артықшылықтарымыз тізіп айтып берді. Келешекте бізден жақсы мұғалім шығатынынайтып сөзін аяқтады. | |
Бейсенбі Четверг | | |
Жұма Пятница | | |
Сенбі Суббота | | |
Педагогикалық практиканы күнделікті талдау
Ежедневный анализ хода педагогической практики
Тәрбиелік іс-шараның талдауы
Анализ воспитательного мероприятия
Тақырыбы: «Отбасы – алтын бесігім ».
Мұғалім: Шнибеков Б.А
Сынып: 8
Бала саны:7
Іс шара жоспарға сай, берілген барлық тапсырмалар толық орындалды.
Іс-шараның мазмұны, әдістері, түрі тақырыпқа сай келді. Сынып оқушыларының іс шараға
алдын- ала дайындалғаны көрінді. Әр оқушы өзінің міндетіне жауапкершілікпен қараған. Іс- шара барысында оқушыларды үш топқа бөлдім. Барлық оқушылар жақсы дайындалған. Іс- шараның жоспары тақырыпқа, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай дайындалған.
Іс- шара барысында барлық оқушылар қатысты.Сынып ұжымы барлығы бірігіп жұмыс істеді. Ешкім жай қалмады.
Іс – шара жеті кезеннең тұрды.Әр кезеңде дұрыс жауап берген оқушының тобына стикерлер беріліп отырды.
Іс- шараның жоспары бойынша қатысқан оқушылар өздерін таныстырды, жұмбақтарды шешу, математикалық ойын , ұяшық таңдап, сұраққа жауап беру, логикалық ойындар сияқты тапсырмалар орындалды. Жасалған көрнекіліктер тақырыпқа сай келді.
Іс- шараның тапсырмалары оқушылардың қызығушылығын ғана көтермей, сонымен қатар эстетикалық жағынан тәрбиелейді.
Оқушылар іс- шараға жақсы қатысты, әртүрлі тапсырмаларды орындады. Өздерін басқа оқушылар алдында жақсы ұстады. Іс- шара нәтижелі болды, алдын- ала қойылған мақсатқа сыныппен бірге жетті. Жоспар бойынша барлық тапсырмалар орындалды. Оқушыларға іс- шара өте ұнады.
Сабақтың талдауы
Анализ одного урока
Өз сабағын талдау
Самоанализ одного урока
Мен, Шнибеков Бекзат Азаматович 18.02.2023 6 сыныбына Көркем еңбек пәнінен «Роботты жобалау және дайындау, Нобай құрастыру» тақырыбынан сабақ өткізідім.
Бұл менің бірінші сабағым болды. Сабақтын жоспарына сәйкес 40 минут өткіздім. Бірінші кезең ұйымдастыру кезеңі. Балалармен амандасып, түгелдедім. Бекіту сабағы болғандықтан үй жұмысын тапсырма арқылы тексеремін деп шештім.
Жаңа тақырыпты оқушыларға түсіндірдім. Балалар мені мұқият тындап, дұрыс жауап беруге тырысты.Оқушылар барынша белсенділік танытты.Роботтар туралы видео ролик көрсеттім. Сергіту сәті "Көңілді күн" жүргіздім.Содан кейін оқушылар роботтың суретін салғыздым.Оқушыларға стикер арқылы кері байланыс орнаттым. Бағаларын айттып, үй жұмысын бердім.
Бірінші өткізген сабағымда бірнеше қателіктерім болды.Оқушылар қызып шулаған жағдайда тыныштықы қайтадтан орнату қыйынға соқты. Бірінші сабақ алдында қобалжу болды.
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Дизайн және технология | Мектеп: КММ жалпы білім беретін мектеп №2 У. Сұлтанғазина | |||||
Күні:18.02.23 | Мұғалімнің аты-жөні: Шнибеков Бекзат Азаматович | |||||
Сынып: 6 сынып | Қатысқандар:9 | Қатыспағандар:0 | ||||
Сабақтың тақырыбы | Роботты жобалау және дайындау, Нобай құрастыру, Материалдарды іріктеу, таңдау | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.1.5.1. Өзінің тәжірибесі мен біліміне сүйеніп, композицияның негізгі заңдылықтарын сақтай отырып, әр түрлі нысандардың дизайына бойынша тапсырма орындау. | |||||
Сабақтың мақсаты | Композицияның негізгі заңдылықтарын сақтай отырып роботты жобалау және дайындау, материалдарының қасиеттерін анықтау | |||||
Бағалау критерийі | -Композицияның негізгі заңдылықтарын сақтай отырып робот нобайын жобалап, дайындайды. -Материалдардың физикалық, механикалық және технологиялық қасиеттерін анықтайды . | |||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Робот, дизайн, физикалық, механикалық, технологиялық, конструкция. Диалог үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Не себепті адамдар жасанды интеллектпен роботтар ойлап тапқан? Роботтың физикалық, механикалық және технологиялық ерекшеліктері неде? | |||||
Құндылықтарға баулу | Оқушы бойында «Мәңгілік ел» идеясының алтыншы бағытына сәйкес тарихтың,, мәдениетпен салт дәстүрдің бүртұтастығын құрметтеуге баулу. | |||||
Пәнаралық байланысы | Математика пәнімен: Роботтың көлемді өлшем бірліктерін анықтап, жобада қолдану. | |||||
Алдыңғы білім | Бесінші сыныптан нобай құрастыру туралы білімі бар | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5 минут | Оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу.Психологиялық жағымды ахуал тудыру. Өткен тақырыптарды қайталау Сұрақ жауап қою | Параграф 19,20 56-59 б | ||||
Сабақтың ортасы 10 минут 30 минут Сергіту сәті Ой толғаныс Үйге тапсырма | Сабағымыздың тақырыбы: Роботты жобалау және дайындау. Роботтар – қарқынды дамып келе жатқан болашақтың жоғарғы технологияларының бірі. Қазіргі кезде роботтар өміріміздің көптеген саласына, атап айтқанда, ғарышты игеру, денсаулық сақтау, өндіріс, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қорғаныс ісі және басқа да салаларға еніп үлгерді. Ал, робот дегеніміз не? РОБОТ – сөзін естіген кезде сіздің ойыңызда қандай бейне болады?
Робот деп біз белгілі бір әрекеттің бағдарламасына және функциясының соңғы жиынтығына ие құрылғыны айтамыз. Робот (чех тілінен аударғанда robota – еріксіз еңбек, rob – құл) – тірі организм ретінде құрылған автоматты құрылғы. Ол байланысатын және әрекет ете алатын, ойлай білетін, қабылдай алатын машина. Робот алдын ала салынған бағдарлама бойынша және сыртқы әлем туралы датчиктерден ақпарат ала отырыпәрекет етеді. (тірі ағзалардың органдарына ұқсас). Робот әдетте адамдар, жануарлар және өндірістік операцияларды жүзеге асырады. Сонымен қатар робот оператормен байланыс дасай алады, бұйрықтар алады, дербес әрекет те ете алады. Дескрипторлар - оқушылар нобай туралы мағлұматтарды біледі. - сурет түрлерін талдайды - ақпарат көздерін тиімді пайдаланады Практикалық тапсырма ( жеке жұмыс) «Этюд» әдісі Нобай, эскиз (фр. esquіsse – алғашқы долбар сурет) – көркем сурет туындыларының, құрылыстардың, механизмдердің тұтас немесе жеке бөліктерінің алдын-ала жасалған жоба суреті; қолмен, масштабы көз мөлшерімен есептеленіп жасалынатын сызба. Оқушылар өз қиялындағы роботтардың сызбаларын сызады. Кітаппен жұмыс. Тапсырма №1 1. Суреттерді қарап шығыңдар. 2. Қалай ойлайсыңдар, олар қандай материалдардан жасалған? 3. Робот құрастыру үшін қандай білік – дағды қажет? Тапсырма №2 Робот құрастыру кезеңдерін дұрыс орналастырыңдар. Идея, материал таңдау, құрал – саймандар даярлау, нобай, құрастыру реттілігі. Сарамандық жұмыс. Бірқатар қажетті материалдар. Жұмыс киімін кию: фартук, жеңқап Жұмыстың мақсаты: керекті матеиалдар мен құрал саймандарды таңдап алып, робот жасау Дескриптор: - Робот нобайын жобалайды -Робот нобайын құрастырады Жасалған жұмысты қорғайды Қолдауды орташа қажет ететін оқушыларға Роботтың дайын үлгілерін Бейнефильм көрсету (бейнефильмде әр кезеңмен салынған робот нобайы көрсетіледі. Сергіту сәті "Көңілді күн" Бұл сабақта игерген қандай білім - дағдылар робот жасауда қажет болды? Бұл білімді қайда пайдаға асыруға болады? Бүгінгі сабақта алған білім дағдыларыңды пайдалана отырып, өзге де материалдардан робот жасау. | Робот нобайы презентациясы Деревянный робот трансформер https://youtu.be/VydMH_TYFyo Игрушка из коробков https://youtu.be/WfKz1ZiDCW4 Параграф 21 60-61 бет https://www.youtube.com/watch?v=uZGOlX4tpEs https://youtu.be/xyS4WWbtttM | ||||
Сабақтың соңы 5 минут | Кері байланыс: Бүгінгі сабақта үйрендім: Сабақта маған ұнағаны: Бүгінгі сабақтың ең қызықты сәті: Мен үшін ең қиын болғаны: | Бағалау критериясі Стикер арқылы өз ойын жазу | ||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | ||||
Жеке, топпен жұмыс істеку арқылы оқушыларғы қолдау көрсетілді. Дереккөздерімен жұмыс істеу арқылы бейнефильмдерді пайдаланып робот нобайымен таныстырылды. | Қалыптастырушы бағалау қолдану арқылы мұғалім мен білім алушы арасындағы кері байланыс жүзеге асады. Осының нәтижесінде білім алушы өзін бақылап, өзінің әрекет тәсілдерін таңдайды, нәтижені өзі бағалайды, мұғалім жалғастырады. Оқушылардың қажетті білімдерін білу, ой қозғау мақсатында ашық сұрақтар қойылады. Сабақ кезінде «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі, «Бір сөйлем» әдісі, «Ойлан, жұптас, бөліс» өзін өзі бағалау пайдаланамын | Оқушылар сабақ барысында, бейнекөрсетіліммен жұмыс кезінде қауіпсіздікті сақтап отырады | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болдыма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қолжеткізілді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? | Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. |
Студенттің есебі
Выводы и предложения
«6B01406 -Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау» 4 курс, 19-10-111 топ студенті: Шнибеков Бекзаттың оқу практикасы бойынша есебі
Мен, Шнибеков Бекзат Азаматович, Қостанай облысы Сарыкөл ауданы №2 орта білім беру мекемесінде педагогикалық тәжірибеден өттім.23.01.2023 - 01.04.2023ж аралығында оқу практиканы өткіздім.Пән мұғалімі Абылкасымова Манартапайымен танысып,оқу практикасының алғашқы күнінде ең алдымен оқу практикасының жүргізілу барысы, мақсаты мен міндеттері, практика нәтижесінде қалыптасатын студенттің құзіреттілігі туралы айтты.
Педагогикалық тәжірибемде барлығы 28 сабақ өткіздім.Өз пәнім бойынша 5-9 сыныптар аралығында сабақ бердім. Тағылымдама барысында сыныптан тыс шаралар да өткізілді.Сонымен қатар 8 сынып жетекшісінің міндеттерін орындадым: жоспарланған сынып сағаттарын өткіздім, күнделіктерді тексеріп, баға қойдым.Сыныптағы алғашқы әсерлер де оң болды: оқушылар маған көңілді, белсенді, белсенді, жауапты, тәртіпті болып көрінді. Алғашқы әсерлер алдамшы емес: балалар әр сабақта дерлік жақсы жауап берді, менің тапсырмаларымды мұқият орындады, әрқашан жаңа, өзіндік бір нәрсе ұсынды.6 сыныппен Ашық сабақ жақсы деңгейде өткізілді деп ойлаймын.Бұл сыныпта «қиын» оқушылар болған жоқ. Сыныппен байланыс бірден орнатылды.
Оқушыға бағдарланған оқытуды ұстануға тырыстым, жеке және сараланған тәсілді қолдануға тырыстым: жеке және вариативті тапсырмаларды, қызығушылық танытқан және жұмысты тез орындаған оқушыларға қосымша тапсырмалар ұсындым.
Дегенмен көптеген қиындықтар болды. Сабақтарға келетін болсақ, әр жаттығуды орындауға қанша уақыт кететінін болжау қиын болды, сондықтан көбінесе сабақ сценарийі мыжылған болып шықты. Мен мүмкіндігінше көп оқушыларды сыныптан тыс жұмыстарға қатыстырғым келді, бірақ олардың кейбіреулері бұл жағынан дәрменсіз болып шықты: мысалы, кәсіптік бағдар беруге арналған сынып сағатында олар тым қиын сынақтарды алды, бұл сынып сағатын жасады. ұзақ және студенттерге тым шаршаған болып көрінді. Дегенмен, команда құрудың міндеттері орындалды: студенттердің көпшілігі ортақ іс үшін жеке жауапкершілікті сезіне отырып, бір-біріне көмектескісі келді және көмектесті.
Мұғалімдік тәжірибе маған көп нәрсені үйретті. Мектептің ұстаздар ұжымындағы достық атмосфераның арқасында мен өзімді еркін сезіндім, университетте сабақта үйретілген көп нәрсені сынап, жүзеге асырғым келді. Әдіскерлер мен мұғалімдердің көмегінің арқасында мен ұялшақтық пен ұстамдылықты жеңіп, сабаққа ілтипаттылық танытып, алға қойған мақсатыма жету үшін әртүрлі жұмыс түрлерін біріктіре алдым. Практиканы ұйымдастыруға қатысты арнайы пікірлерім жоқ. Тілек: бір оқу орнында оқушының барлық педагогикалық іс-тәжірибеден өтуін қамтамасыз ету, бұл біз үшін осындай жауапты міндетті орындауға үлкен септігін тигізеді.