Файл: Сабата олданылатын дістсілдермен психологиялы тренингтер жинаы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 383
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
319. «3+2+1»
Ұнаған 3 кезең, ұнаған 2 сұрақ, келесі сабаққа 1 ұсыныс беру тапсырмасын орындайды.
320. «Фишбоун» немесе «Балық қаңқасы»
Жүзеге асыру қадамдары:
1-қадам: Мәтінді әр оқушыға жеке оқу.
2-қадам: Оқу үрдісінде қаңқаның басына мәтін қарастырылатын проблема белгіленеді.
3-қадам: Жоғарғы «қосымша бұтақтарында» проблеманың себебі белгіленеді, төменгі «сүйекшелерінде» оқу барысында себепті нақтылайтын дәйектер жазылады.
4-қадам: Балықтың «құйрығына» қорытынды жазылады.
5-қадам: Жұпта, топта жұмысты талқылау.
6-қадам: Топ жұмысын аудиторияда презентациялау.
321. «Хабарлама»
Оқушылардан өздерінің не үйренгенін көрсететін мəтіндік хабарлама (SMS) құрастыруды сұраңыз. Барлық мəтіндікхабарламадағы сияқты мұнда да символдар саны шектеулі.
322«Хат жазысу»
Шәкірт пен ұстаз арасында терең байланыс орнатуға, түсіністікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиелейді. Баланың креативті-шығармашылық мүмкіндіктерін ашады. Сабақ кезінде еркіндік пен сенім артқан хаттар тақырып аясында қалып қойып отырады, ал сабақтан тыс уақытта жазылған хаттар шәкірт көңіліндегі алаңдататын сұрақтар мен сабақ кезінде ашылмаған ойларды қамтиды.
Қарапайым қарым-қатынас хаттары уақыт өте келе мәнді де маңызды, сауатты пікір жазбалары ретінде қарастырылуы қамтылады. Сонымен қатар, мұндай хаттар – ұстаз тарапынан ой салу, бағдар беру, шәкірт тарапынан жарқын ойлар мен еркін пікірлерді тізетін «идеялар аралы» болып табылады.
323. «X және Y»
Оқушылардан неліктен X Y-тің үлгісі болатынын сұраңыз, мысалы, неліктен алма жемістің үлгісі болып табылады? Неліктен түлкі сүт қоректілердің үлгісі болып табылады?
Осылай құрылған сауал фактілердің қайталануын болдырмай, нақты ойлануға жетелейді.
324. «Чемодандар»
Тақтаға чемоданның суреті ілінеді. Әр оқушыдан кезекпен өзімен бірге бүгінгі сабақтан қандай білім, білік, дағдыны алып кеткісі келетінін айтуларын сұрайды. Бұл сабақты қорытындылауға жақсы көмектеседі.
325. «Шаршыдағы қоңыз»
Тақтада төмендегідей сурет ілінеді. 9 ұсақ шаршыдан құрастырылған үлкен шаршы ортасында қоңыз суреті. Бастаушы суретке теріс қарап тұрып, қоңыздың ұшу бағытын айтады, егер қоңыз шаршы сыртына шығып кетсе, қатысушылар қол соғады. Бастаушы ауысады. Бірнеше рет қоңызды шаршы сыртына шығарып алса, онда сурет алынып тасталып, қатысушылар қоңыздың бағытын оймен елестете отырып, қол соғады. Мысалы: Қоңыз ортада, оңға ұшты, жоғарыға ұшты, оңға ұшты. Қатысушылар қол соғады, себебі қоңыз сыртқа шығып кетті.
Бұл ойын оқушылардың кеңістікте ойлау дағдысын дамытады, зейінді шоғырландырады.
326. «Шаршылар»
Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушы дәптерге шаршының суретін салады. Егер жұмыс түсініксіз болса, шаршыны қызыл түске бояйды, егер аздап түсінікті болса - сарымен, тақырыпты жүз пайызға түсінгеніне сенімді болса, жасылмен бояйды.
327. «Шаттанушы мен күдікшіл»
Бастаушы бір сөйлем айтады, келесі қатысушы оны жағымды пікірмен жалғастырады, одан кейінгі қатысушы соңғы сөйлемді алып, жағымсыз пікір қосады, келесі жағымды ой айтады. Осылайша жалғаса береді.
Мысалы, «Менің сабағыма тәлім беруші келіп қатысты», «Бұл жақсы, себебі сабақтан соң жоспарымды талқылаймыз», «Жоспарымды талқылаймыз, бұл жаман, себебі маған сын айтылуы мүмкін», «Маған сын айтылуы мүмкін, бұл жақсы, себебі келесі сабаққа ескертпелер бойынша дайындаламын», «Келесі сабаққа ескертпелер бойынша дайындаламын, бұл жаман, себебі өзіме сенімділігім жоғала бастайды» т.с.с.
Бұл тәсіл сыни ойлауға жетелейді. Кез келген ұғымның жақсы-жаман жағы, тиімді-тиімсіз жағы болатынын, жақтаушы-даттаушы болуға болатынын бағамдап жүреді.
328. «Шатасқан әңгімеші»
Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Бастаушы әңгіме тақырыбын белгілейді. Дайындыққа уақыт береді. Қатысушылардың бірі әңгіме бастайды да, ортасына келгенде, әңгіме желісін басқа жаққа бұрып жібереді. Осылайша өз ойын, мүмкіндігінше, шатастырып жібереді. Өз сөзін ыммен келесі бір адамға жалғастыруға ұсынады. Сөзді жалғастыру кез келген қатысушыға берілуі мүмкін, сондықтан бәрі мұқият тыңдап отырады. Сөз тиген адам әлгі әңгімешінің сөзін соңынан басына қарай адасқан кейпінде жеткізу керек. Сөйтіп басына алып келеді де, енді өз оқиғасын басқаша шатастырып жеткізеді де, сөзді келесі қатысушыға береді.
Бұл әдіс оқушыларды сыни ойлауға, сөздік қорын молайтуға, қиялын жетілдіруге көмектеседі.
329. «Шеңбердегі доп»
Оқушылар шеңберлене отырып, бір-біріне кішкене допты лақтырады (немесе жүректің кішкене сұлбасын сағат тілі бойынша жылжытып отырады). Доп қолына тиген оқушы сабақ туралы бір сөйлем айтады.
330. «Ықшам тақталар»
Өз рұқсат қағаздарының екінші жағын пайдалана отырып, оқушылар: қысқаша сұрақтарға жауап жаза алады, олардың «талпынатын» деңгейін көрсете алады, оларды «ақиқат-жалған» жаттығуы үшін пайдалана алады.
331. «Ыстық орындық»
Бір оқушы алға шығып, өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Оқушылар белгілі бір пікірмен немесе басқа оқушымен, сұрақты неғұрлым жеке емес қылу үшін немесе мазмұны жағынан кеңірек қылу үшін, бірге алға шығып сөйлей алады. Мысалы, оқушылар белгілі бір рольді немесе адамды сомдай алады.
332. «Элективті тест»
Мұғалім алдын ала әрбір оқушыға A, В, С, D, Е арқылы белгіленген түстері сәйкес ақ, сары, көк, қызыл, жасыл стикерді таратады. Әрбір сұрақты қойғаннан кейін 20сек. кідіріп, сыныптан тест жауабына сәйкес әріпті көтерулерін сұрайды. Өзін-өзі және бірін-бірі бағалауды жүзеге асыру үшін дұрыс немесе дұрыс емес жауаптарды диалог құру арқылы талқылайды.
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГТЕР ТОПТАМАСЫ
«Шеңбер бойынша сөз тізбегі» ойыны тренингке қатысушылардың сөздік мағыналы ойлауын, топтық қатынасын, сөйлеу мәнерін дамытуға ықпал етеді.
Ойынның ережесі: Қандай да бір қарапайым сөйлем таңдап, қатысушылар сол сөйлемді түрлі дауыс ырғағымен жалғастырулары қажет. Мысалы “Біз - құзыретті, кәсіби білімді маманбыз”. Енді оң жақтағы ойыншыдан бастап осы сөйлемді кезекпен айтамыз. Ойынның әр қатысушысы сөйлемді жаңа интонациямен айтуы тиіс (сұраулы, қуанышты, таңқалушы, немқұрайлы және т.б). Егер қатысушы жаңа дауысқа сала алмай айтылғанда қайталаса, ойынан шығарылады. Осылайша, ойын бірнеше рет ойналады. Басқа адамның интоннациясын қайталауға болмайды.
«Комплимент»жаттығуы
Жаттығудың тапсырмасы – қатысушылардың бірін-бірі түсінісуі арқылы эмпатия деңгейін көтеру, тіл табыса алу қасиетін, бірі-бірін толық тануын дамыту. Тренингке қатысушылар шеңбер бойымен орналасады. Кез - келген қатысушы жағымды комплимент айтады. Ал қалғандары ол кімге арналғанын табады. Комплимент алған қатысушы ойынды әрі қарай жалғастырады. Барлығы түгелдей жағымды эмоция алмайынша, ойын аяқталмайды.
Осы жаттығу тренингке қатысушылардың қаншалықты қызығушылықпен тапсырмаларды орындағандарын дәлелдеді.
Тренинг аяқталғаннан кейін қорытынды ширингте «Тренинг саған не берді?» деген сұраққа қатысушылар өздерінің ойларын ортаға салды.
Осыдан тренинг нәтижесінде бірлескен іс-әрекет қарым-қатынас қабілетін арттырып қана қоймай, сонымен қатар тұлғаның дамуы мен өзгеруіне тікелей ықпал етеді.
«Жағымсыз қасиеттер жәрмеңкесі» жаттығуы
Ойын ережесі: Шеңберде қатысушылар өздеріне жағымсыз деген қасиеттерін атайды. Олардың тізімі тақтаға жазылады. Осылайша жағымсыз қасиеттер тізімі құрылды (жалқаулық, асығыстық, артық сөйлеу және т.б.). Топтың міндеті осы жағымсыз қасиеттерді қайта қарап, оның тиімді және жағымды жақтарын табу мен оны жағымсыз қабылдау себептерін анықтау болып табылады. Ал жағымды сипаттама жасап, сол қасиетті қорғап алған қатысушы оны өзіне алады.
Жоғарыдағы жаттығудан кейін эмоциялық қысымды шығару үшін «Жағымсыз эмоциялық күйді шығару» арт-терапиялық тапсырма орындалды.
Тапсырма ережесі: Қатысушыларға А4 және А1/4 қағаз беріледі. Олар А1/4 қағазға жағымсыз көңіл күйін түсіреді. Сол қағазды үлкеннің үстіне жапсырып өзінің қалауы бойынша суретті жалғастырады. Кішкентай қағазды жапсырар алдында мына сөздерді айту маңызды «Өмірді ашық, жарық, көңілді жағдайлар өте көп». Сурет қатысушының қалауы бойынша, өзі қалай өзгергерткісі келгенше салынады, боялады.
Тапсырманы қорытындылау үшін талқылау сұрақтары берілді:
- Суретте ненің бейнесі салынған?
- Осы суретті салғанда қандай сезімде болдыңыз?
- Бұл сурет сізге нені көруге әсер етті? т.б.
«Әрекет» жаттығуы
Ойын ережесі:Қатысушыларға келесі тапсырмалар берілді. Олар жылдам жауап қайтарулары тиіс:
-
Қандай жағдайда үстелде тамақ жеуге, ал үстелде отыруға болады…… -
Астроном айға телескоппен қарап тұр, ал егер оған айдан біреу қарап тұрса ше? -
Еден мен төбені аударыңыз…… -
Картинаны аяғынан басына төңкеріңіз…… -
Кеме мен балықтың ауада ұшып жүргенін елестетіңіз……
«Қане танысайық!» жаттығуы
Нұсқау: Әр қатысушы 30 секунд ішінде өзін-өзі таныстырады. Бұл жерде өзінің есімін, өмірінің қызықты жайларына тоқталуға болады.
– Біз бір – бірімізбен таныстық. Енді өзімізді өзіміз білеміз бе?
«Өзіндік таным»
Нұсқау: Әр қатысушыға карточкалар таратылып беріледі. Ондағы «Мен» дегенді ары қарай жалғастырады.
-
Мен .......................... -
Мен .......................... -
Мен .......................... -
Мен .......................... -
Мен .......................... -
Мен .......................... -
Мен ..........................
Мен туралы басқалар не деп ойлайды? ..........................................................
«Орныңды жылдам ауыстыр» жаттығуы
Нұсқау: Ойыншылардың ішінен бір жүргізуші таңдалынады. Ол барлық ойыншыларда кездесетін бір затты байқап, команда береді. «Кімнің киімінде қалтасы бар, солар орын ауыстырсын». Сол кезде осы команданың қатысы бар ойыншылар жылдам орындарын ауыстыруы керек, ал олар ауысып жатқанда жүргізуші бос орындыққа отырып қалу керек. Қай қатысушы орынсыз қалса, сол келесі жүргізуші болып ойынды жалғастырады.
«Қызықты сұрақ» жаттығуы
Сыныпқа тақырыпты ашатын, бірақ жауабы қиындау сұрақ қойылады.
Тапқан оқушыны мадақтап, ешкім таппаса, жауабын мұғалімнің өзі айта
отырып, сабақтың тақырыбын айтады. Сұрақтар: Неліктен? Ол кім, бұл не?
сипатында болып келеді.
«Еден-төбе-мұрын» жаттығуы
Жүргізуші сұқ саусағымен біресе төбені, біресе еденді, біресе мұрнын көрсетеді және «төбе», «еден», «мұрын» деп айтып тұрады. Жүргізуші кейде айтқан сөзі мен қимылын керісінше жасап, қатысушыларды жаңылыстыруға тырысады. Кім қателессе, орнына отырады. Соңында қалған үш адам жеңімпаз деп танылады.
«Мен таптым» жаттығуы
Қатысушылар дөңгелене отырып, кезекпен бірден жетіге дейін санайды.Жеті санын айтатын адам «Жеті» деудің орнына, орнынан тұрып, «Мен таптым» деп айтуы керек. Кім жаңылысса, сол ойыннан шығады.
«Белгісіз басшы» жаттығуы. Бір қатысушы сыртқа шығарылып, сол кезде басқалары іштерінен біреуін басшы етіп сайлайды. Басшының міндеті сырттан келген адамға білдірмей, бір қимыл көрсетуі керек, қалғандары сол қимылды бірдей қайталауы керек. Сырттан келген адам кімнің басқарып тұрғанын табу керек. Егер тапса, немесе бірнеше қимыл ауысқанға дейін таба алмаса, басқа адаммен ауысады.
«Дирижер» жаттығуы
Жүргізуші бір қимыл көрсетіп, сұқ саусағымен кімді көрсетсе, сол адам сол қимылды қайталауы керек. Кім тез қайталай алмаса, сол ойыннан шығады. Жүргізуші бір қимылды бірнеше адамға жасата отырып, белгілі бір дыбыстар шығаруы керек.
«Жыланша» жаттығуы
Қатысушылар айнала отырады. Сосын бірі бастап, келесі адамның кезекпен қолын алып, тілегін айтады. Оның соңынан келесісі ереді. Ойын осылайша қашан барлығы бір-біріне тілек айтып болғанша жалғасып кете береді.
«Жер сілкіну» жаттығуы
Оң жақта отыратын көршіге қарап, ол адамның туылған айы қандай, мінез - құлқына қарай байланыстыру. Сонан кейін жыл жүйесі бойынша орындарын ауыстыру ұсынылады. Қайтадан оң жақта отыратын көршіге қарап, ол адамның айы неге сондай екенін түсіндіреді
Үш адамнан ұстасып үй соғады, ортасында бір адам тұрады, 1-қимылдайды адамдар десе ішіндегі адамдар жүгіріп, келесі үйдің ішіне кіріп кетеді. 2- қимылдайды - қимылдайды үйлер қимылдайды десек, үйлер жүгіріп барып тұрған адамды қоршайды, 3- жер сілкінді десек үйлер қолын түсіріп, басқа үйлермен үй соғады. Кезек - кезек ауысып тұрады.
«Сіздің көңіл-күйіңіз қандай?» жаттығуы
Қажетті заттар: түрлі –түсті қағаздан жасалған фигуралар, маркер.
1а) Интерпритация
Қызыл қуанышты көңіл-күй
Алқызыл-ұнамды көңіл-күй
Сары-жағымды көңіл-күй
Көк- суық көңіл-күй
Қоңыр-қиналған қиналған көңіл-күй
Күлгін-алаңдаушы көңіл-күй
Қара-күш қуаттың төмендеуі