Файл: Сабата олданылатын дістсілдермен психологиялы тренингтер жинаы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 380

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Сабақта қолданылатын

әдіс-тәсілдермен

психологиялық тренингтер

жинағы


  1. «Интерактивті дәріс»

Орындалу барысы

А. Мұғалім оқушыларға жаңа тақырып бойынша жалпылама дәрістің мәтінін әр топқа арнап береді. Оқушылар арнайы тапсырмаларды орындайды.  Мәтін практикалық жұмысқа арналған және нақты болуы қажет. 

В. Оқушылар топ ішінде бір-біріне көмектесе отырып, дәрістің мағынасын түсінеді. Оқушылар өздеріне түсініксіз болған жағдайларға байланысты бір-біріне сұрақтар қоя алады. Мұғалім сұрақтарға ешкім жауап бере алмаған жағдайда ғана сұрауға рұқсат етеді. 

С. Дәрістің мәтінімен жұмыс жасап болған соң оқушылар жекелей тапсырмалар орындайды. Жұмыстың бұл кезеңінде бір-бірінен сұрау, көмектесуге рұқсат берілмейді, оқушылар тек жеке тапсырмалармен жұмыс жасайды.

Әдістің басты ерекшелігі жеке тапсырмаларға арналған бағалау жүйесінде болып табылады. Бағалау салыстырмалы түрде қойылады. Оқушы алдыңғы тапсырмадан қарағанда жоғары ұпай алған кезде ғана топ қоржынына өз үлесін қоса алады.  Жоғары ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.


  1. Фильмдерді көру және оны талдау

Сабақ барысында көркем фильмдерді және шағын бейне-баяндарды, олардың үзінділерін қолдануға болады.

       Тақырып пен мақсатқа сай материалды тек қана қосымша емес,  сабақтың кез келген кезеңінде көрсетуге болады. Көрсетілімнің алдында оқушыларға бірнеше (3-5) кілтті сұрақтарды беріп қою қажет. Бұл талдауға негіз болатын сұрақтар. Фильмді арнай таңдалған жерлерінен тоқтатып дискуссия өткізуге болады. Соңында оқушылармен бірге талдап, қорытындысын шығару қажет.


  1. «Мозаика»

 Өткізу кезеңдері

А.  Үзінділерге  бөлінген,  тапсырмамен жұмыс істеу үшін  оқушылар 4-6 адамнан   құрылған  топтарға   ұйымдастырылады  (логикалық немесе мағыналы блоктар).  Шағын топтың әр бір мүшесі  өз бөлімі бойынша материал табады.

В. Содан кейін  бір сұрақты  зерттейтін,  бірақ әр түрлі  шағын топтарда тұратын оқушылар осы мәселе бойынша сарапшылар сияқты,  кездеседі  және осы ақпаратпен алмасады. Бұл «сарапшылар  кездесуі» деп аталады. 

С. Ары қарай сарапшылар  өздерінің шағын топтарына  қайтады  және  басқа шағын топтардың мүшелерінен  үйренген барлық  жаңа  білгендерін үйретеді.Яғни,  өз кезегінде,  өз  тапсырмасының бөлігі туралы   баяндайды  (бір  араның тіліндей). Өйткені материалды  барлық фрагменттерімен  меңгерудің  жалғыз жолы,   серіктестерін  команда  бойынша  мұқият тыңдау  және жазып отыру,   мұғалім тарапынан  ешқандай қосымша күш  талап етілмейді.   Оқушылар жолдастарының  өз тапсырмаларының  адал орындағандарын қалайды, өйткені бұл  олардың  қорытынды бағаларына әсер етеді.   Барлық  тақырып бойынша әр қайсысы  және барлық команда толық жауап береді.

Д. Қорытынды кезеңде  мұғалім  осы тақырып бойынша  кез келген сұрақты команданың   кез келген мүшесінен  сұрайды.  


  1. Метод Jigsaw-2 «Пила-2»

Бұл әдіс  4-5 адамнан құрылған  топпен  оқушылардың жұмысын көздейді.

Өткізу кезеңдері

А. Кіші топтың әрбір мүшесі ортақ жұмыстыңжеке бір бөлігін  алу орнына, бүкіл шағын топ сол бір жұмыспен ғана жұмыс істейді.Бірақ бұл ретте топтың әрбір мүшесі тапсырма алады,ол айрықша мұқият әзірленеді  және оған сарапшы болады. 

Б. Әр түрлі топрдың   сарапшыларының кездесулері өткізіледі.

С. Сабақтың соңында барлық оқушылар  бағаланатын  жеке бақылау кесіндісінен өткеді.Оқушылардың нәтижелері жинақталады.  Ең жоғары

балдарға қол жеткізген шағын топ  марапатталады.  
5.  Пікірталас

Мақсат: сыныптағы проблеманы  талқылауды ұйымдастыру.

Өткізу кезеңдері:

А.        Пікірталастың проблемасы  мұғаліммен  тұжырымдалады.

Б.        Оқушылар 6-8 адмнан шағын топтарға бөлінеді, олар шеңбер бойынша  сыныпта орналастырылады.  

В.        Әр бір шағын  топтың мүшелері   өкілін немесе төрағасын  сайлайды,  ола пікірталас  барысында олардың  позициясын жақтайды.

Г.        15-20 минут барысында   шағын топта  проблемалар талқыланады және   жалпы көзқарас өңделеді.  

Д.        Топтардың  өкілдері  шеңбердің ортасына жиналады  және  топтың ойын айтуға  олардың позицияларын жақтауға мүмкіндік алады.  Басқа оқушылар   шағын топтың өкілдерінің  жалпы позицияны    қаншалықты  айшықтай алатындығын  талқылау мен тақырыптың барысын қадағалайды.   Олар жеке ойларын  айта алмайды тек қана  талқылау барысында  өз  пікірлерін білдіретін   жазбаларын ғана  жолдай алады.  

Е.        Топтардың өкілдері  басқа мүшелермен ақылдасу үшін  үзіліс ала алады.

Ж.        Панельді  талқылау   берілген уақыт аяқталғанда немесе  шешім қабылданғаннан кейін  аяқталады.  

З.        Пікірталас аяқталғаннан кейін  топтардың өкілдері   талқылаудың барысы туралы  сыни талқылау жүргізеді, ал шешім барлық студенттермен қабылданады.  

6. «Аквариум»

Мақсат:  оқушыларға   проблеманы  талқылауға  еркін кіруге  және шығуға мүмкіндік береді.

Өткізу кезеңдері

Оқушылар мұғаліммен бірге  екі шеңбер құрады: сыртқы (бақылаушылар) және ішкі  (белсенді қатысушылар).

Ішкі шеңбердің мүшелері   мұғаліммен ұсынылған  сұрақты талқылауға белсенді қатысады.  Басқа оқушылар  бақылайды және  олардың қайсысының   нұсқасы қызықтырғанда ғана  сөз сөйлейді; олар толықтырады,  сұрақтар қояды, нақтылайды.  Сонымен қатар   оны өз нұсқасымен қызықтырған «бақылаушы» белсенді қатысушының қасына  тұруға тиіс.

Бір проблеманы (сұрақты)  талқылағаннан кейін, оқушылар орындарын ауыстырады ( шеңберден алыс тұрғандар  шеңберге отырады). Мүмкіндігінше, барлық оқушылар  шеңберде болуы керек.
7. Кейс-стади

Сase-study өткізу кезеңдері

 Кесте  1

Кезеңдер. Мұғалімнің әрекеті.         Оқушының әрекеті

Сабаққа дейін

А.        Кейсті алады ( нақты жағдай).

В.        Оқушыларды дайындау үшін  көмекші материалдар мен  негізгілерді анықтайды .

С.        Сабақтың сценариін өңдейді.

А.       Ұсынылған әдебиеттің  тізімі мен кейсті  алады.

Д.        Жағдайды талқылауға  дайындалады.

Сабақ барысында        

А.        Кейсті алдын ала талқылауды ұйымдастырады.

В.        Сыныпты топтарға бөледі.

С.        Кейсті топшаларда   талқылауды жетекшілік етеді,  оқушыларды қосымша  мәліметтермен  қамтамасыз етеді.          

А.        Кейсті және проблеманың түсінігін  тереңдететін  сұрақтарды қояды.  

В.        Шешімдердің нұсқаларын өңдейді,  басқалардың ойларын назарға алады.

С.        Шешімдерді қабылдауға қатысады.

Сабақтан кейін        

А.        Оқушылардың жұмыстарын бағалайды.

В.        Қабылданған шешімдерді және  қойылған сұрақтарды  бағалайды. Берілген үлгі бойынша  сабақ туралы жазбаша есеп  құрайды.  
8.  Құрылымдалған қайшылықтар  әдісі

Өткізу кезеңдері

А. Төрт адамнан  шағын топта  оқушылардың екі жұбы  айқындалады.  

В. Шағын –топ қарама –қайшы сипаттағы  проблемаға  айшықталған  және қарсы  шешімі бартапсырма алады.  

С. Жеңу үшін емес, проблеманы толық түсіндіру  үшін   қажетінше көп материал жинау мақсатында,  әр бір жұп  проблеманың бір жағын талқылайды.

Д. Содан кейін әр бір жұп  проблеманың қарсы жақтарын  талқылайды.

Қорытындысында  барлық шағын  топтың  проблемаларын  біртұтас шешу   болуы қажет.  

9.  «Алаңдардағы белгілер» әдісі

Оқушылар  мәтін алады және  оған тиісті белгілерді қояды:  

“+” –  сіздің оқып отырғаныңыз  сіздің білгеніңізге сәйкес болса, алаңға қойыңыз;

“-” – сіздің оқып отырғаныңыз  сіздің білгеніңізге қарсы болса немесе бұны білемін деп ойласаңыз, алаңдарға қойыңыз;

“V” - сіздің оқып отырғаныңыз   жаңа болып табылса, алаңдарға қойыңыз;

“?” - сіздің оқып отырғаныңыз, түсініңсіз болса немесе  бұл сұрақ бойынша сіз нақты  мәліметтерді алғыңыз келсе  алаңдарға қойыңыз.  

Осылайша,   мәтінді оқу барысында оқушылар   өз білімдері мен түсініктеріне сәйкес  алаңдарға  төрт түрлі белгі қояды. Жұмысқа уақыт  мәтіннің көлеміне қарай бөлінеді.  
10.  «Пирамида тарихы» әдісі

Жолдың номерін  сөздің саны  білдіретін,  «пирамидаға» сыйғызылған ерекше құрылым жатыр:

1) басты кейіпкердің аты  (тақырыптың);
2) мінездеме немесе сипаттама;
3) әрекеттің орны (пайдалану);
4) проблема;
5) жағдайдың өрісін сипаттау;
6) проблеманы шешу үшін  не қолданылды.

7) проблеманы шешу және  ары қарай не болатынын болжау.  
11. КАРТОЧКАЛАР  ИЕРАРХИЯСЫ

Бұл тапсырма оқушыларға идеялар мен ақпаратты басымдығы бойынша орналастырып, неге бұлай орналастырғандарын дәлелдеп, талқы жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ осыған ұқсас «Гауһарлар иерархиясын» қараңыз.

Сыныпты жоспарлау

Оқушылар тақтаның немесе қабырғаның жанында жұмыс істейді. Немесе топтарға үстел басында жұмыс істеуге болады.

Жұмыс алгоритмі

  • Шағын топтардағы оқушыларға бірнеше карточка беріледі.

  • Оқушылар оларды маңыздылық/басымдығына қарай орналастырады. Оларды тігінен немесе қатарлап қоюға болады.

  • Бұдан кейін оқушылар сынып ішінде сұрақты талқылауды бастар алдында бір бірінің рейтингілерін салыстыра алады.

  • Осы тапсырманы орындағаннан кейін жауап алу жүргізу пайдалы болуы ықтимал.

  • Идеяларды одан әрі зерделеу үшін «Бес сұрақ» сияқты басқа әдістерді пайдалануға болады.



12. «Бес сұрақ» әдісі

Бұл әдіс ақпарат жинақтауға арналған, ол сондай-ақ оқушыларға мәселені терең зерделеуге немесе оны шағын тақырыптарға немесе тармақтарға бөлуге мүмкіндік береді. Бұл оқушыларға күрделі тақырыптарды түсінуге көмектеседі. Аталған әдіс іс-әрекетті жоспарлауға және мақсат белгілеуге ықпал етуі мүмкін әртүрлі мүмкіндіктерді қарастыруды көздейді. Ақпарат жинақтауға арналған тапсырмалар үшін осы әдіспен бірге «Идеялар тасқынын» мен «Стикерлер топтамасын» қолдануға болады.

Жұмыс алгоритмі

Үлкен қағаз бен маркер керек.

Оқушыларға «Қалай» немесе «Неге» деген сұрау есімдіктері қолданылатын сұрақтар қойылады.

Ұсыныстар оқу плакатында жазылады.

Мұғалімдер идеяларды дамытып, одан арғы идеяларды зерделеу үшін бір сұрау есімдігін пайдаланады.

Мұғалімдер идея/ұсыныс толық қарастырылғанша дейін бірдей сұрағы бар сұрақтарды пайдалануды жалғастыра береді.
13. «БІР МИНУТ» әдісі

Бұл әдіс  оқушыларда оқылған материалдан түйінді, басты ақпаратты іріктей білу дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі, сондай-ақ белсенді тыңдау дағдысын дамытады. Аталған әдісті «Ыстық орындық» тапсырмасымен байланыстыруға болады. Сыныпты жоспарлау  топқа қаратып бір «ыстық» орындық қойылады. Сондай-ақ барынша жайлы қарым-қатынасты қамтамасыз ету мақсатында «ыстық» орындықты дөңгеленіп отырған балалардың ортасына қоюға болады.

Әдісті жүзеге асыру  алгоритмі

  • Оқушылар тиісті тақырыпты зерделеп, өздері негізгі деп санайтын ақпаратты атап көрсетеді. Оқушыларға рөлді топта немесе жеке зерттеуіне болады.

  • Оқуға берілген уақыттан кейін оқушылар «ыстық» орындыққа отырып, бір минуттың ішінде өздерінің басты қорытындысын/ақпаратын ұсынады.

  • Басқа оқушылар мұқият тыңдаулары керек, егер де олар «ыстық» орындықтағы баланың тақырыптан ауытқығанын немесе қайталанғанын, күмәнді деректер келтіргенін аңғарса, олар наразылық білдіре алады. Мұндай жағдай орын алса,  уақыт тоқтатылады.

  • Ұйымдастырушы  наразылықтың дұрыс/бұрыстығын шешіп, өз шешімін дәйектеуі қажет.

  • Егер де наразылық дұрыс деп танылса, онда «ыстық» орындықтағы оқушы ойыннан шығып, орындықты босатады. Наразылық танытқан оқушы   ұпай алады.

  • Егер де наразылықтан бас тартылса, онда оқушы басқа наразылық білдірілгенше дейін немесе бір минут аяқталғанша өз сөзін жалғастырады. Егер оқушы өзіне тиесілі  минут бойынша «ыстық» орындықта отыра алса, ұпай алады.

  •  Қосымша тапсырма ретінде оқушылармен «Тұжырымдамалық  карта» ойынын ойнауға болады, ойын барысында олар «Бір минут» тапсырмасын орындаған кезде алған барлық ақпаратты жинақтайды және құрылымдайды.


14. Ойын жинақтау әдісі

Түсінік- бұл   логикалық түрде ресімделген   зат туралы жалпы бір нәрсенің идеясы.

Ойын жинақтау әдісі  оқытылатын пән немесе  зат құбылыс туралы  терең және толық  мәлімет береді.     

Ойын жинақтау 3 кезеңмен өткізіледі.

1) Мұғалім ұғымдар  сипаттамаларына кіріспе береді.  

Бұл сипаттамалар бойынша  оқушылар  қандай түсінік туралы әңгіменің өрбігенін. 

2) Мұғалімнің  ұғымға қосымша мінездеме  енгізу.

Сипаттамалар  осы ұғымға жататындығын оқушылар анықтауы қажет.  

3) Сабақта әлі айтылмаған  оқушылар өздерінің сипаттамаларын беруге тиіс.

Осы ұғым бойынша оқушылар  қорытынды жасайды.  
15.  «Сүйсіну» әдісі.

«Жағымды» тарихи  қайраткерлерді оқығанда  қолданады.   Өзіңе ереше ұнайтын  қасиеттерді табу, оларды атау не үшін екенін түсіндіру.  
16Р А Ф Т

Жазушы немесе  әңгімелеуші  өзіне рөль таңдайды яғни  мәтінді  өз атынан емес жазады.         

 - Р –  рөль, кімнің атынан құралған мәтін
- А-  аудитория, кімге жолданған мәтін
- Ф- форма
- Т – тақырып

17. «А Ә Б В»

Сыныптағы оқушының әрқайсысына А, Ә, Б және В әріптерімен қоса төрт-төрттен үлдірленген карточкалардың жинағын дайындаңыз. Жауаптың төрт нұсқасы бар сұрақтар қойыңыз, оқушылар дұрыс жауапқа сәйкес келетін карточкаларын көрсетуі керек. Олардан қалғандарының карточка-жауаптарына қарамауын өтініңіз.

1-қадам. А сұхбаттайды Б тыңдайды, В сұхбаттайды Г тыңдайды;.

2-қадам керісінше.

3-қадам әр оқушы өз жұбы туралы ақпаратпен төрт адамдық топта бөліседі.

18. «А,В,С»
А-сұрақ қояды.

В-жауап береді.

С – айтқан жауаптарды бақылайды, толық болмаса толықтырады.

Оқушылар топта үшеуден отырады. А — сұрақ қоюшы, В – жауап беруші, С — бақылаушы рөлін атқарады. Бақылаушы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді.

Оқушылар осы сұрақтарға жазбаша стикерге жауап береді. Ұсыныс, тілектерін айтады.
19. «Айдаһар»

Оқушыларды сергітіп алу үшін бәрін бір-бірінің белінен ұстатып тұрғызады. 1-оқушы «айдаһардың басы», соңындағы оқушы «құйрығы». Басы құйрықты ұстап алу керек.

20. «Айқын мақсат қоя отырып»

-   Сабақ басталар алдында тақтаға мақсатты жазыңыз.

- Оқушылармен өздері оқып жатқандарын неліктен оқитыны туралы әңгімелесіңіз.

- Қысқа мерзімді мақсаттарды ұзақ мерзімді мақсаттармен сәйкестендіріңіз (мысалы, М.Әуезовтің жұмысына талдау жүргізу өзге де ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізумен қатар, мәдени жақтарын кеңінен түсінуге және талдау дағдыларын дамытуға әкеледі).

-  Оқушылар сабақтың/блоктың/пәннің мақсаттарын айқын түсінгеніне көз жеткізіңіз.

-  Мақсаттарды оқушылармен бірлесіп әзірлеңіз.


21. «Айна»

Оқушылар жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады (немесе партада отырып та болады). Олардың біреуі қолдарымен, аяқтарымен, денесімен, бет-әлпетімен әртүрлі қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна секілді қайталайды: оңды сол қылады, солды оң жасайды. Бір минуттан кейін оқушылар рөлдерімен алмасады.



22. «Айналмалы бекеттер»

Әр шағын топты бекетте орналастырып, арандататын сұрақты талқылауға және ойларын қағазға немесе тақтаға жазуға 10 минут беріңіз. Уақыт аяқталғанда топ басқа бекетке ауысып алдағы топтың жұмысын жалғастырады. Ауысу әр 10 минут сайын болып тұрады, әр топ барлық позицияларда болып шыққанға және барлық топтардың ойларын ойлап шыққанға дейін жалғаса береді.

23. «Айырмашылығынеде?»

Оқушыларға екі түрлі мəтін немесе екі түрлі сурет көрсетіңіз. Екеуінің арасындағы айырмашылықты анықтауды сұраңыз. Жауаптарын дəлелдеп отырулары керек.

24. «Аквариум» әдісі

  • «Аквариум әдісі» - балаларға мәселені «қоғам алдында» талқылауға ұсынғандағы диалог формасы. Шағын топ белгілі бір мәселе бойынша диалогті жүргізуге кімге сеніп тапсыруға болатынын таңдайды. Кейде тілек білдірушілер бірнеше болуы мүмкін. Қалған барлық оқушылар көрермен рөлін атқарады. Сондықтан да мұны «аквариум» деп атайды.

  • Барлық сынып алда өз пікірін білдіргені болмаса, ыстық орындық сияқты. Олар алтын балыққа арналған аквариумда, басқалары оларға сұрақ қойып түсініктемелер сұрай алады және т.б.



  • 25. «Ақындар мен жазушылар»

  • Топтағы оқушылар 3-4 минут аралығында өздері білетін ақын-жазушыларын жазып шығады да, кезектесіп оқиды. Бір топта бірінші айтылған тұлға өздерінде қайталанса, сызып тастап отырады. Қай топтың тізімінде тұлғалар тектері көп қалса, солар жеңімпаз.



26. «Алдын-ала берілген атаулар»

Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4 атау), оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлануын сұрайды. Бұл жұмысты оқушылардың жеке, жұппен немесе шағын топ ішінде ауызша яки жазбаша (соңғысы тиімдірек) орындауы ықтимал. Содан кейін мұғалім бірнеше оқушының ойы мен пікірін тыңдауына болады.

Бұл тапсырманы күрлендіруге де болады. Ол үшін алдын-ала берілген атаулардың ішіне сабақ тақырыбына қатысы жоқ бейтарап сөзді қосуға болады. Мәселен, биология сабағында «Фотосинтез, жасуша, хлорофилл, терезе» сөздерін келтіруге болады. Бұл жерде соңғы сөз оқшаулау және сабақ тақырыбына тікелей қатысы жоқ, сонда да оқушылар олардың өзара қатысы мен байланысы туралы өз ойларын келтіруі керек.




27. «Алма, шие, өрік, банан»

Оқушылар орындықтарды шеңберлей орналастырып жайғасады. Мұғалім оқушыларды отырған ретімен жемістер атауымен санап шығады: «Алма, шие, өрік, банан» деп. Осыдан кейін мұғалім бір не бірнеше жемістің атын атайды (мысалы, «Шие!» деп, не «Алма,өрік!» деп, немесе « Алма, шие, өрік, банан!»деп), сол кезде жемісі аталған оқушылар орындарын алмастыру қажет. Ал мұғалім бір бос орынға отырады. Орын жетпей қалған оқушы жүргізуші болып, жемістердің атын атайды.
28.«Алфавит»

Оқушылар әрқайсысы алфавиттің бір-бір әрпін алып, жыл көлемінде оқыған материалдарынан өздеріне түскен әріпке сәйкес тақырыптарды айтып шығады. Мысалы, «Қаратпа сөз, қыстырма сөз, қосарлы айқындауыш, қарсылықты салалас, қарсылықты сабақтас т.с.с. Қорытынды сабақтарда, емтиханға дайындықта, есте сақтауын дамытуда көмекке келеді.

29. «Ара ұясы» техникасы

Мұғалім жұптағы оқушыларға не білгендігі туралы пікір алмасуды және екі сұрақтан дайындауын тапсырады.Содан кейін әрбір жұп кезектесіп сұрақ қояды, ол сұраққа жауапты мұғалім немесе басқа оқушылар береді.Сонымен берілген осы техника негізінде мұғалімнің берген мәліметтері қорытындыланылады, өңделеді.

30. «Арқаға жазылған комплименттер»

Әр оқушының арқасына түйрегішпен (немесе скотчпен) А-4 форматындағы қағаз бекітіледі. Оқушылар сынып ішін аралап жүріп, бір-бірінің арқаларындағы қағаздарға жылы, жұмсақ сөздер жазып, бірін-бірі мақтайды. 2-3 минуттан кейін олар қағаздарын алып, шағын топ ішінде бір-біріне жазылған комплименттерді оқып береді.
31. «Арқаға массаж жасау»

Оқушылар шеңбер құрып тұрады да, мұғалімнің айтуы бойынша оңға бұрылып, ілгері қарай жүреді. Әр оқушы алдында тұрған жолдасының арқасына массаж жасауы керек. Бір минуттан кейін шеңбер теріс айналып, қайтадан алдында тұрған сыныптастарына массаж жасайды.
32. «Арқаға сурет салу»

Бұл ойында барлық әрекеттерді үнсіз жасау керек. Оқушылар екі топқа бөлініп, бірінің артынан екіншісі тұрып, сап түзейді. Мұғалім ең артында тұрған оқушыларға бір заттың атауы жазылған қағаз ұсынады (мәселен, алма, алмұрт, жүзім, гүл, кітап, ағаш,автомашина т.б). Тапсырма: соңында тұрған оқушы үндемей, алдында тұрған оқушының арқасына әлгі заттың суретін саусағымен салады. Арқасына сурет салынған оқушы алдында тұрғанның арқасына өзінің арқасына салынған затты салады.

Суреттер салынып біткеннен кейін мұғалім соңғы оқушыдан арқасына салынған заттың атын сұрап, оны қағазда жазылғанмен салыстырады.



33. «Артығын алып таста»

Оқушыларға сөздер немесе суреттер жинағын (сабақ тақырыбымен

байланысты) көрсетіңіз. Олар қай сөз немесе сурет қалғандарына қатысты емес екенін анықтауы керек.
34. «Ассоциативті қатар»

Мұғалім тақтаға бір сөз немесе сабақтың тақырыбын жазады. Оқушыларға бір бетке тақтаға жазылған сөзден пайда болған пікірлерін жазуды ұсынады. тастап, Сабақ тақырыбына қатысты ассоциация-сөздерді бір қатарға жазып шығу керек. Оқушылар сөздерді оқып, артық деп санаған сөздерді алып сабақ тақырыбын тұжырымдайды. Мысалы: ертегі, «Қобыланды батыр», кейіпкерлері, жыр, оқу, Тайбурыл....

Мұғалім парақтарды жинап алып, оқушылармен бірге жазылған ойларды қорытындылайды. Қорытындылау негізінде ойларын жіктейтін логикалық-құрылымды сызба немесе ойларына сәйкес тақырыптың қорытынды бейнесі анықталады (оқушының өз тәжірибесі).Мұндай жұмыстар оқушылар мен мұғалімге ойын жіктеуді ғана емес, өздеріндегі субъекті тәжірибелерін ескере отырып, жаңа тақырыпты жоспарлауға мүмкіндік береді.

35. «Ассоциацияның көмегімен көрініс»

Қатысушылар өздерінің есімдерімен қоса бір затты (пикникке алып шығатын немесе қызығушылығына байланысты) ұйқастырып айту керек. Мысалы: Есімім – Жантас, ұнататын сусыным – квас; Есімім – Жанар, ұнататын жемісім – анар т.с.с.

Сабақта өтілген ұғымдарды өз есімдерімен байланыстырып айтуларына болады.

36. «Атаулар (терминдер) кестесі»

Сабақ басында тақтаға тақырып бойынша 3 негізгі атауларды (терминдерді) жазып,оқушыларға оларды мынандай кестеге түрлендіруді ұсынамыз:

1 атау

2 атау

3 атау

Атау туралы білімдері, мағлұматтары, түсініктері

Атау туралы білімдері, мағлұматтары, түсініктері

Атау туралы білімдері, мағлұматтары, түсініктері


Оқушылар бұл тапсырманы алдымен жекелей (2-4 минут) орындап, одан кейін кестелерін топ (немесе жұп) ішінде оқып, талқылап, толықтырады (3-6 минут). Сыныптық талқылау барысында (4-6 минут) мұғалім оқушылардың өз кестелерін жариялауды ұсынады немесе тақтада келтірілген кестені оқушылардың жауаптары бойынша толтырылады.

Сабақ соңында бұл кестеге қайта оралып, келтірілген мәліметтердің дұрыс/бұрыстығы анықталады.
37. «Атаулар туралы үш сұрақ»

Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша үш терминді тақтаға жазып, оқушыларға осы атауларға қатысты мынандай сұрақтарға жазбаша жауап беруді тапсырады:


  1. Қайда? Бұл терминдерді сіз бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіріп едіңіз?

  2. Қалай? Өз тәжірибеңізбен осы атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласыз ба?

  3. Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсыз?

Әдеттегідей бұл жұмысты оқушылардың жеке, жұппен (шағын топ ішінде) ауызша немесе жазбаша орындауы ықтимал. Содан кейін мұғалім бірнеше оқушының пікірін тыңдайды.

Мұғалімнің сұрақтарды шығармашылық тұрғысынан әр сабақта тақырыпқа байланысты өзгертіп отыруы тиімді.
38. «Атмосфера орнату»

Абстрактылы ойлау дағдыларын қолдануды талап ететін ауқымды ашық сұрақ немесе проблеманы шешуге арналған тапсырманы қолдана отырып, сабақта атмосфера орнатыңыз. Пысықтау үшін жауаптарын күтіңіз. Мысалы, Вьетнам соғысына арналған сабақ мынадай сұрақтан басталуы мүмкін: Американдықтар өздерін соғысып жатырмыз немесе соғысты жеңіп жатырмыз деп санай ма екен?
39. «Атомдар мен молекулалар»

Молекулалар атомдардың жиынтығы екендігі баршаға да мәлім. Оқушылар сыныптың бос жеріне жиналады. Ойынды жүргізуші «Атомдар!» деп дауыстағанда, олар бір-бірімен араласып, әрілі-берілі жүруі керек, өйткені олар қазір броундық қозғалыстағы атомдар іспетті. Ал,жүргізуші «Молекулар!» деп айтып, бір санды атаса (мәселен, үш немесе төрт,бес, алты) оқушылар сол аталған сан құрамында топтарға жедел түрде бірігуі керек. Қалыс қалған оқушылар (топ құрамын аталған саннан кем құрғандар)айып ретінде бір тапсырма орындайды: өлең оқиды, ән айтады т.с.с.

Ойынның нәтижесінде құралған топтар сол құрамда парталарға да отыруына болады: олар сабақты осы құрамда жалғастырады.

40. «Аударыспақ»

Жұптық тапсырма: сұрақ-жауап арқылы бір-бірінің білімін бағалау. Мұнда сұрақтың мазмұны, жауап мазмұны, дәйектілігі ескертіледі. Екеуіне де тең бөлініп шариктер беріледі. Сұраққа дұрыс жауап берген адам шарик алады, ал жауап дұрыс емес болған жағдайда немесе сұрақ қоя алмаған жағдайда өзі бір шариктен айырылады.

41. «Ашық және жабық сұрақтар»

Жабық сұрақтар пайдалы болуы мүмкін, алайда олар абстрактілі ойлау, талқылау дағдыларын қолдануға септігін тигізбейді және аса түсінікті болмайды. Ашық сұрақтар керісінше әсер етеді, сол арқылы оқу үдерісін жақсартады.Мысалы, Сіз өткен кеште бір жаққа шықтыңыз ба? Сіз кеше мектептен кейін не істедіңіз? 



Жұмыс үлгісі: Оқушыларға белгілі бір тапсырма берер алдында олардың сұрақтарды анағұрлым анық түсініп, бағалау критерийлерін қанағаттандыру үшін не істеу қажеттігін түсіну үшін мысалдар келтіріңіз. Оқушылар бағалау критерийлерін қолдана отырып, жұмыс үлгісіне баға қоя алады. Бұл не талап етілетінін және бұл үдеріспен қалай байланыста болатынын түсінуді модельдеуге көмектеседі.

42. «Аяқталмаған сөйлем»

«Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындалады.

Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:

  • бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

  • бүгін сабақта қуантқаны.....

  • мен өзімді.....үшін мақтар едім.

  • маған ерекше ұнағаны.....

  • сабақтан соң маған........келді.

  • бүгін маған..........сәті түсті.

  • қызықты болғаны.....

  • ......қиындық тудырды.

  • менің түсінгенім.....

  • енді мен......аламын.


43. «Әдемі ойлай және демала біл» жаттығуы

- Жүргізуші: «Толқыған кезде, асықпай дем алуға үйрен. Түзу отыр, қолдарыңды тізелеріңе салып, көздеріңді жұмыңдар, терең дем алыңдар:

- Ойша: «Мен арыстанмын»,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар;

- Дауыстап: «Мен құспын»,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар;

- Дауыстап: «Мен гүлмін»,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар;

- Дауыстап: «Мен сабырлымын»,- деп деміңді шығар. Сен сабырлысың, сенің қолыңнан бәрі келеді».
44. «Әйнек арқылы сөйлесу»

Топ жұпқа бөлінеді. Бірінші адамға сөздің көмегінсіз екіншісін киноға шақыру тапсырылады. Басқа жұптарға басқа тапсырма беріледі. Барлығы араларында дыбыс естілмейтіндей әйнек бар секілді сөйлесу керек.
45. «Ән шырқау»

Оқушы топтарына ел арасында көп тараған, кеңінен таныс әндердің бір шумағы мен қайырмасы жазылған карточкалар таратылып беріледі. Оқушылардың әр тобы тез арада дайындалып, кезекпен карточкаларда келтірілген әндерді бірлесе орындауы керек.

Оқушыларға Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, Ескендір Хасанғалиев, Нұрғиса Тілендиев секілді танымал композиторладың әндерін ұсынған орынды (« Арыс жағасында», «Ақ бантик», «Армандастар», «Атамекен», «Өз елім»т.б.).

46. «Әңгімелесетін әріптестер»

Өткен сабаққа сілтеме жасауды көздейтін бастапқы немесе бүкіл сыныпқа арналған тапсырма ретінде оқушылар әріптестерімен:

  • жаңа оқылған 3 факті туралы;

  • оларға жеңіл болып көрінгендер туралы

  • оларға қиын болып көрінгендер туралы

  • алдағы уақытта оқығысы келген нәрселер туралы ақпарат алмасады.