ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 742
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Кәсіптік практиканың түрлері, мерзімдері мен мазмұны оқу жұмыс бағдарламаларымен және оқу жұмыс жоспарларымен айқындалады.
ТжКБ ұйымдарының кәсіптік практикасын ұйымдастыру және өткізу "кәсіптік практиканы ұйымдастыру және өткізу қағидаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін практика базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 107
бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13395 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
36. Дуальды оқыту "мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының, кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін дуальды оқыту туралы үлгілік шарттың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығымен бекітілген дуальды оқыту туралы үлгілік шарттың нысаны негізінде жасалатын дуальды оқыту туралы, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13227 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту кезеңінде білім алушыға еңбек тәртіптемесінің қағидалары қолданылады.
Өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту уақытында білім алушы білім алушының еңбек өтіліне есептелетін белгілі бір функционалдық міндеттерді орындайды және осы уақыт ішінде өтемақы төлемі жүргізілуі мүмкін.
Өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өтетін адамдарға еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар қолданылады.
Дуальді оқыту туралы шарт негізінде кәсіпорын (ұйым) өндірістік оқыту мен кәсіптік практикаға басшылықты жүзеге асыру үшін білім алушыға тәлімгерді бекітеді.
Дуальды оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру "Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13422 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
37. Шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы Мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанында ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын ТжКБ білім беру ұйымдары "Білім туралы" Заңның 63-бабына сәйкес Стандарттарының талаптарынан тыс тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақылы қызметтер көрсету туралы шарт жасай отырып, ақылы негізде ұсынады.
38. Кәсіптік практиканы ұйымдастыру және өткізу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 107
бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13395 болып тіркелген) Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының негізінде жүзеге асырылады.
39. Оқу-өндірістік шеберханалар, оқу шаруашылықтары, оқу полигондары, құзіреттілік орталықтар – мамандықтар бойынша кадрларды даярлау бейініне қарай жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың оқу жұмыс бағдарламаларының мазмұнын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын кәсіптік білім беру ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері.
Оқу-өндірістік шеберханалар:
1) теориялық оқытуды өндірістік еңбекпен үйлестіруді;
2) білім алушылардың оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес кәсіптік дағдылар алуын;
3) өнім шығаруды ұйымдастыруды, шеберханалар үшін құрал-саймандар мен құралдарды, кабинеттер мен зертханалар үшін көрнекі құралдар мен аспаптар жасауды, сондай-ақ жабдықтарды, машиналар мен тетіктерді жөндеуді;
4) кәсіпорындарға, ұйымдарға және халыққа ақылы қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін оқу және өндірістік база болып табылады.
Оқу шаруашылықтарында немесе құзіреттілік орталықтарда өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы технологиялары бойынша (оқу шаруашылығының алқаптары мен фермаларында) ауылшаруашылық жұмыстарының әр алуан түрлері жүргізіледі.
Оқу полигондарында немесе құзіреттілік орталықтарда автомобильдерді, тракторларды, өздігінен жүретін әртүрлі машиналарды жүргізу, әртүрлі жабдықтар мен тетіктерді қызмет көрсету және пайдалану бойынша оқыту жүргізіледі.
40. Оқу шеберханаларындағы немесе құзіреттілік орталықтардағы, оқу шаруашылықтарындағы оқу-өндірістік жұмыстардың тізбесі, мазмұны және оларды орындау бойынша талаптарды олар үшін кадрлар даярлау жүзеге асырылатын жұмыс берушілермен келісім бойынша тікелей ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы айқындайды.
41. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидаларға және оқу орнының жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
42. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы басшысының жауапкершілігі "Білім туралы" Заңның 45-бабының 3) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
43. ТжКБ ұйымдарында мемлекеттік бақылау "Білім туралы" Заңның
59-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
44. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын ТжКБ білім беру ұйымдарының педагогтері жыл сайын "Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21443 болып тіркелген) жүргізіледі.
45. ТжКБ-да алқалық басқару органдары құрылады. ТжКБ-ны алқалық басқарудың нысандары – педагогикалық, оқу-әдістемелік, қамқоршылық кеңестер және педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестер болып табылады.
46. Кітапханалар қорының болуы толық оқу кезеңіне білім алушылар контингентіне қарай және оқыту тілдері бойынша үлгілік оқу жоспарларына, ТжКБ білім беру бағдарламаларына сәйкес баспа және (немесе) электрондық басылымдар форматында қалыптасады.
47. Жеке тұлғаның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнына, ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алуға қолжетімділік жағдайларының жасалуына қарай оқыту күндізгі, кешкі, сырттай, экстернат және білім беруде ерекше қажеттіліктері бар адамдар (балалар) үшін қашықтықтан оқыту нысанында жүзеге асырылады.
48. Қашықтықтан оқыту ТжКБ ұйымдарында "Білім беру ұйымдарына қашықтықтан оқытуды ұсыну жөніндегі талаптарды және қашықтықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10768 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
49. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары автоматтандырылған ақпарат алмасуды және білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен деректердің өзектілігін қамтамасыз етеді.
ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл регламентін бекітуді қамтамасыз етеді.
50. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын ТжКБ білім беру ұйымдары білім алушыларға жұмысшы біліктіліктерін, "орта буын маманы" біліктіліктерін береді.
51. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары сапалы білім беру қызметтерін ұсыну мақсатында "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 1-тармағына сәйкес басшы кадрлар мен педагогтердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді.
52. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын ТжКБ білім беру ұйымдары ел экономикасы салалары үшін кадрларға қажеттіліктің қысқа мерзімді, орта мерзімді болжамын, өңірлік еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, ТжКБ ұйымдарында білім алушыларды қабылдауды талап етілетін мамандықтар бөлінісінде жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
53. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында тиісті жағдайлар жасау үшін материалдық активтердің (оқу кабинеттері, компьютерлік сыныптармен, интернет желісіне қосылған компьютерлермен жарақтандырылу, оқу зертханалары, өндірістік шеберханалар, полигондар, спорт залдары, медициналық пункттер, асханалар немесе буфеттер), ғимараттардың (оқу корпустары, өндірістік шеберханалар): меншік не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 ДСМ-76 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес алаңы бар оқу үй-жайларын сенімгерлік басқару), сондай-ақ ТжКБ ұйымының үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылаудың болуы қажет.
54. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім алушылардың жатақханаларда, хостелдерде және қонақүйлерде тұруы үшін жағдай жасайды.
| Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 20222 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығына 4-қосымша |
Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік