ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 745
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – "Білім туралы" Заң) сәйкес әзірленген және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ОБК ұйымы) қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Осы үлгілік Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жоғары колледж – жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің интеграцияланған модульдік білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
2) дуальды оқыту – кәсіпорынның (ұйымның), оқу орнының және білім алушының тең жауапкершілігі кезінде білім беру ұйымындағы оқытуды білім алушыларға жұмыс орындарын бере отырып және өтемақы төлемін төлей отырып, кәсіпорындағы (ұйымдағы) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;
3) училище – мәдениет саласындағы негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
4) қолданбалы бакалавриат – білім беру бағдарламалары "қолданбалы бакалавр" біліктілігін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған орта білімнен кейінгі білім;
5) қолданбалы бакалавр – орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін біліктілік.
3. ОБК білім беру бағдарламалары орта білімі бар (жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік) азаматтар қатарынан қолданбалы бакалаврларды даярлауға бағытталған.
ОБК білім беру бағдарламалары "Білім туралы" Заңның 33-бабына сәйкес жоғары колледждерде немесе училищелерде іске асырылады.
4. ОБК ұйымдарының міндеттері:
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке тұлғаның дамуына жағдай жасау арқылы зияткерлікті байыту;
3) азаматтыққа және патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқының және республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік, орыс, шет тілдерін меңгеру;
6) педагогтердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;
7) білім беру ұйымдарының дербестігін, дербестігін кеңейту, білім беруді басқаруды демократияландыру;
8) қоғам мен экономиканың қажеттіліктеріне жауап беретін білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі;
9) кәсіптік білім берудің қоғам мен еңбек нарығының өзгеретін қажеттіліктеріне тез бейімделуіне ықпал ететін оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кредиттік, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану;
10) жалпы оқыту, жұмыс орны бойынша оқыту және еңбек нарығының қажеттіліктері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әркімге білім мен құзыреттілікке негізделген қоғамда өзінің жеке әлеуетін барынша пайдалануға көмектесетін өмір бойы оқыту жүйесін дамыту;
11) білім беруді, ғылымды және өндірісті интеграциялау;
12) білім алушылардың кәсіби уәждемесін қамтамасыз ету;
13) жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен белсенді өзара іс-қимыл жасау арқылы техникалық және кәсіптік білім берудің озық дамуын қамтамасыз ету;
14) білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, арнайы жағдайлар жасау болып табылады.
5. ОБК ұйымдары өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңдарына, осы Қағидаларға және "Білім туралы" Заңның 41-бабына сәйкес ОБК ұйымдарының жарғыларына сәйкес жүзеге асырады.
6. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары өз қызметін "Білім туралы" Заңына сәйкес берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады.
2-тарау. Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі
7. ОБК білім беру бағдарламалары "Білім туралы" Заңның 33-бабына және "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген), (бұдан әрі – Стандарт) бекітілген ОБК мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес іске асырылады.
8. ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында, осы Қағидаларда және ОБК ұйымдардың жарғыларында белгіленген шектерде оқу және тәрбие процесін жүзеге асыруда, кадрларды іріктеу мен орналастыруда, оқу-әдістемелік, қаржы-шаруашылық және өзге де қызметте дербес болады.
9. Оқу және тәрбие процесін ұйымдастырудың негізі ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы жүзеге асыратын оқу, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысын жоспарлау және есепке алу болып табылады.
10. ОБК білім беру бағдарламаларының мазмұны "Білім туралы" Заңның 20-бабының 2-тармағына сәйкес бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының жекелеген модульдерін немесе пәндерін қоса отырып, техникалық және кәсіптік білім берудің модульдерге интеграцияланған білім беру бағдарламаларын зерделеуді көздейді.
ОБК білім беру бағдарламаларының тізбесі білім беру бағдарламаларының тізілімінде қамтылған.
Білім беру бағдарламаларының тізілімі "Білім туралы" Заңның 7-бабының 2-тармағына сәйкес білім беру саласындағы ақпараттандыру объектісінде қамтылған.
11. ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу және тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жылына арналған оқу-тәрбие процесінің графигі мен теориялық және практикалық сабақтардың кестесін бекіту арқылы жүзеге асырылады.
Оқу-тәрбие процесінің графигі мен оқу сабақтарының кестесін ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымының басшысы бекітеді.
12. Оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларын білім беру бағдарламалары және жалпы білім беретін пәндер циклінің немесе модулінің үлгілік оқу бағдарламалары негізінде ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар әзірлейді.
Білім беру бағдарламаларын Стандартқа сәйкес ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар әзірлейді және бекітеді.
ОБК ұйымдары үшін жалпы білім беретін пәндер циклінің немесе модулінің үлгілік оқу бағдарламаларын "Білім туралы" Заңның 5-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
13. Жеке адамның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнына, ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алуға қолжетімділік жағдайларының жасалуына қарай оқыту күндізгі, кешкі, сырттай оқу нысанында жүзеге асырылады.
14. ОБК оқыту ұзақтығы бағдарламалардың күрделілігі мен берілетін біліктілік деңгейіне байланысты және Стандартымен айқындалады.
ОБК білім беру бағдарламалары теориялық және өндірістік оқыту бағдарламаларынан және кәсіптік практикадан тұрады.
Дуальді оқытуды пайдаланылатын ОБК білім беру бағдарламалары білім беру ұйымдарындағы теориялық оқытуды және кәсіпорын (ұйым) базасында кемінде алпыс пайыздық өндірістік оқытуды, кәсіптік практиканы көздейді.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша сабақтар (қазақ тілі мен әдебиеті – оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін топтарда, орыс тілі мен әдебиеті – оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін топтарда, шет тілі, информатика, дене шынықтыру), жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік және арнайы пәндер және (немесе) модульдер бойынша зертханалық жұмыстар мен практикалық сабақтар, сондай-ақ тізбесі жұмыс оқу жоспарына сәйкес айқындалатын шеберханаларда (зертханаларда, білім беру ұйымдарында, оқу полигондарында және оқу шаруашылықтарында) өндірістік оқыту бойынша сабақтар өткізу кезінде оқу топтары саны 15 адамнан аспайтын кіші топтарға бөлінеді.
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар үшін шеберханаларда (зертханаларда, білім беру ұйымдарында, оқу полигондарында және оқу шаруашылықтарында) өндірістік оқыту жүргізу кезінде және практикалық сабақтарда оқу топтары саны 8 адамнан аспайтын кіші топтарға бөлінеді.
15. ОБК ұйымдарға оқуға қабылдау тәртібі "Білім туралы" Заңның 5-бабының
11) тармақшасына сәйкес ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес белгіленеді.
16. Білім алушыларды ауыстыру тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 19 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10297 болып тіркелген) Білім алушыларды беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
17. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 506 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10475 болып тіркелген) бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
18. ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы тіл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына және "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
19. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында, оқу жылы оқу процесінің графигіне сәйкес басталады және аяқталады.
Білім алушылар үшін оқу жылы ішінде кемінде екі рет демалыс белгіленеді.
Академиялық кезеңдер мен каникул ұзақтығын ОБК ұйымы дербес айқындайды.
ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда сабақ кестесі оқу процесінің графигіне және жұмыс оқу жоспарларына сәйкес жасалaды.
Аудиториялық сабақтардың барлық түрлері үшін ұзақтығы 45 минут академиялық сағат белгіленеді.
Педагогтер үшін сабақтар арасындағы үзілістер кезінде білім алушылармен бір мезгілде тынығу және тамақтану уақыты ТжКБ ұйымының ішкі тәртіп қағидаларымен айқындалады.
20. Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6976 болып тіркелген) Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
21. Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу сабақтары сабақтар, дәрістер, семинарлар, практикалық сабақтар, зертханалық, бақылау және өзіндік жұмыстар, консультациялар, әңгімелесулер, факультативтік сабақтар, курстық және дипломдық жобалар, жұмыстар және оқу сабақтарының басқа да нысандары түрінде өткізіледі.