Файл: "Б" жаттары Зерттеулер кітапханасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 747

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


      22. Білім алушылар, кәмелетке толмаған білім алушылардың заңды өкілдері, педагогтер ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім беру процесінің қатысушылар болып табылады.

      23. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын ОБК ұйымдарындағы білім алушыларға студенттер, кадеттер, курсанттар, тыңдаушылар жатады.

      24. ОБК ұйымдарында қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға "Білім туралы" Заңның 39-бабына сәйкес мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжат беріледі.

      25. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы педагогтерге тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар және педагогтің білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, әдістемелік сүйемелдеу немесе білім беру қызметін ұйымдастыру жөніндегі кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адамдар, сондай-ақ "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес педагогикалық қайта даярлаудан өткен адамдар жатады.

      26. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын ОБК ұйымдарындағы педагогтердің саны және педагогтер лауазымдарының тізбесі "Білім туралы" Заңның 4-бабының 11) тармақшасына сәйкес айқындалады.

      27. ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог лауазымдарына орналастыру "Білім туралы" Заңның 5-бабының 35) тармақшасына сәйкес айқындалады.

      28. Мамандықтар бойынша кадрлар даярлау бейініне қарай оқу-тәрбие процесін басқару үшін ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында, қажет болған жағдайда одан тыс жерлерде мамандықтар (кәсіптер) топтары бойынша бөлімшелер және басқа да құрылымдық бөлімшелер құрылады.

      Бөлімшелер (күндізгі, сырттай, кешкі) бір немесе бірнеше ұқсас мамандықтар мен кәсіптер бойынша кадрлар даярлау кезінде құрылады.

      29. Құрылымдық бөлімшелерде (құзіреттілік орталықтарда) басшылық етуді ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымының басшысы тағайындайтын меңгеруші жүзеге асырады.

      Құрылымдық бөлімшелерде (құзіреттілік орталықтарда) ерекше қызметтері ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының Жарғымен айқындалады.

      30. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы бөлімшелер (күндізгі, сырттай, кешкі) бір немесе бірнеше мамандық бойынша кадрлар даярлау кезінде құрылады.


      31. Дуальды оқыту "Мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының, кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін дуальды оқыту туралы үлгілік шарттың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығымен бекітілген дуальды оқыту туралы үлгілік шарттың нысаны негізінде жасалатын дуальды оқыту туралы, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13227 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      Өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту кезеңінде білім алушыға еңбек тәртіптемесінің қағидалары қолданылады.

      Өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту уақытында білім алушы білім алушының еңбек өтіліне есептелетін белгілі бір функционалдық міндеттерді орындайды және осы уақыт ішінде өтемақы төлемі жүргізілуі мүмкін.

      Өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өтетін адамдарға еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар қолданылады.

      Дуальді оқыту туралы шарт негізінде кәсіпорын (ұйым) өндірістік оқыту мен кәсіптік практикаға басшылықты жүзеге асыру үшін білім алушыға тәлімгерді бекітеді.

      Дуальды оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру "Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13422 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      32. Шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары "Білім туралы" Заңның 63-бабына сәйкес Стандарттарының талаптарынан тыс мынадай тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақылы қызметтер көрсету туралы шарт жасай отырып, ақылы негізде ұсынады.

      33. Кәсіптік практиканың түрлері, мерзімдері мен мазмұны оқу жұмыс бағдарламаларымен және оқу жұмыс жоспарларымен айқындалады.

      Кәсіптік практиканы өткізу үшін ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын ОБК ұйымдары шарттық негізде (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Білім беру ұйымдарынан басқа) практикалар базасы ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындайды, олармен келісілген жұмыс оқу бағдарламаларын және кәсіптік практикадан өтудің күнтізбелік кестелерін бекітеді.



      Шарттарда практика базалары болып табылатын ОБК ұйымдарының, кәсіпорындардың (ұйымдардың) және білім алушылардың міндеттері мен жауапкершілігі айқындалады.

      Кәсіптік практикаға арналған шығындарды ОБК ұйымдары және практика базалары болып табылатын кәсіпорындар (ұйымдар) көздейді және жасалған шарттармен айқындалады.

      34. Оқу-өндірістік шеберханалар, оқу шаруашылықтары, оқу полигондары, құзіреттілік орталықтар – мамандықтар бойынша кадрлар даярлау бейініне қарай мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың оқу жұмыс бағдарламаларының мазмұнын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын кәсіптік білім беру ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері.

      Оқу-өндірістік шеберханалар:

      1) теориялық оқытуды өндірістік еңбекпен үйлестіруді;

      2) білім алушылардың оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес кәсіптік дағдылар алуын;

      3) өнім шығаруды ұйымдастыруды, шеберханалар үшін құрал-саймандар мен құралдарды, кабинеттер мен зертханалар үшін көрнекі құралдар мен аспаптар жасауды, сондай-ақ жабдықтарды, машиналар мен тетіктерді жөндеуді;

      4) кәсіпорындарға, ұйымдарға және халыққа ақылы қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін оқу және өндірістік база болып табылады.

      Оқу шаруашылықтарында немесе құзіреттілік орталықтарда өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы технологиялары бойынша (оқу шаруашылығының алқаптары мен фермаларында) зертханалық-практикалық сабақтар мен ауылшаруашылық жұмыстарының әр алуан түрлері жүргізіледі.

      Оқу полигондарында немесе құзіреттілік орталықтарда автомобильдерді, тракторларды, өздігінен жүретін әртүрлі машиналарды жүргізу; әртүрлі жабдықтар мен тетіктерге қызмет көрсету және пайдалану бойынша оқыту жүргізіледі.

      35. Оқу шеберханаларындағы, оқу шаруашылықтарындағы, құзіреттілік орталықтардағы оқу-өндірістік жұмыстардың тізбесін, мазмұны және оларды орындау бойынша талаптарды олар үшін кадрлар даярлау жүзеге асырылатын жұмыс берушілермен келісім бойынша, тікелей орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы айқындайды.

      36. Кәсіптік практика мен өндірістік оқыту оқу-өндірістік шеберханаларда, зертханаларда, полигондарда, білім беру ұйымдарының оқу шаруашылықтарында, сондай-ақ тікелей өндірісте және тиісті бейіндегі ұйымдарда жүзеге асырылады.


      37. ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидаларға және оқу орнының жарғысына сәйкес дара басшылық және алқалылық қағидаттарында жүзеге асырылады.

      38. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы басшысының жауапкершілігі "Білім туралы" Заңның 45-бабының 3) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.

      39. ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымының басшысы "Білім туралы" Заңның 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      40. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын ОБК білім беру ұйымдарының педагогтері жыл сайын "Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21443 болып тіркелген) жүргізіледі.

      41. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымын алқалық басқару нысандары педагогикалық, оқу-әдістемелік, қамқоршылық және педагогикалық этика жөніндегі кеңестер болып табылады.

      42. ОБК ұйымдарында мемлекеттік бақылау "Білім туралы" Заңның 59-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      43. Кітапханалар қорының болуы толық оқу кезеңіне білім алушылар контингентіне қарай және оқыту тілдері бойынша үлгілік оқу жоспарларына, ОБК білім беру бағдарламаларына сәйкес баспа және (немесе) электрондық басылымдар форматында қалыптасады.

      44. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары автоматтандырылған ақпарат алмасуды және білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен деректердің өзектілігін қамтамасыз етеді.

      ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл регламентін бекітуді қамтамасыз етеді.


      45. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары сапалы білім беру қызметтерін ұсыну мақсатында "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 1-тармағына сәйкес басшы кадрлар мен педагогтердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді.

      46. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын ОБК білім беру ұйымдары ел экономикасының салалары үшін кадрларға қажеттіліктің қысқа мерзімді, орта мерзімді болжамын, талап етілетін мамандықтар бөлінісінде өңірлік еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, ОБК ұйымдарында білім алушыларды қабылдауды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

      47. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында тиісті жағдайлар жасау үшін материалдық активтердің (оқу кабинеттері, компьютерлік сыныптармен, интернет желісіне қосылған компьютерлермен жарақтандырылу, оқу зертханалары, өндірістік шеберханалар, полигондар, спорт залдары, медициналық пункттер, асханалар немесе буфеттер), ғимараттардың (оқу корпустары, өндірістік шеберханалар): меншік не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 ДСМ-76 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес алаңы бар оқу үй-жайларын сенімгерлік басқару), сондай-ақ ОБК ұйымының үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылаудың болуы қажет.

      48. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім алушылардың жатақханаларда, хостелдерде және қонақ үйлерде тұруы үшін жағдай жасайды.

      49. ОБК ұйымдарында қашықтықтан оқыту "Білім беру ұйымдарына қашықтан оқытуды ұсыну бойынша қойылатын талаптарды және қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10768 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

 

Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
20222 жылғы 31 тамыздағы
№ 385 бұйрығына
5-қосымша

Мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер