ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 739
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
82. Зердесі зақымдалған балаларға арналған арнайы мектептің білім алушылары екінші жылға (қайта оқуға) қалдырылмайды.
6-параграф. Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы мектептер қызметінің тәртібі
83. Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы мектепке/сыныпқа шығу тегі әртүрлі, оның ішінде кохлеарлық импланты бар, балалар аутизмі және аутистік спектрдегі бұзылыстары бар (сыныпта аутистік спектрдегі бұзылыстары бар 2 баладан артық емес болуы керек) психикалық дамуы тежелген балалар қабылданады;
84. Жалпы білім беретін мектепте психикалық дамуы тежелген балалар үшін сыныптарды жасақтау бастауыш білім беру деңгейінде – 0, 1-сынып және ережеден тыс 2-сыныпта жүзеге асырылады.
85. Психикалық дамуы тежелген білім алушылар оқудың кез келген кезеңінде жалпы білім беретін мектепке/сыныпқа ауыстырылады.
86. Он екі жастан кейінгі балаларда психикалық дамуының тежелуі шекаралық деңгейдегі зерде дамуындағы бұзылысқа жатады.
87. Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы оқыту шарттарына төмендегілер жатады:
1) педагогикалық қорғау режимі (бірінші ауысымда ұзартылған күн режимінде оқыту, қозғалыс белсенділігі және үзілістерде демалу мақсатында жеткілікті уақытты қамтамасыз ету);
2) сөйлеу тілі, мінез-құлық және қарым-қатынас бұзылыстары болған жағдайда логопед пен психолог көмегін атқару;
3) білімдегі олқылықтардың орнын толтыру бойынша жеке/топтық сабақтар өткізу.
7-параграф. Эмоционалды-ерік саласы мен мінез-құлқының бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектептер қызметінің тәртібі
88. Эмоционалды-ерік саласы мен мінез-құлқының бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектептер/сыныптарға эмоционалды-ерік саласы мен мінез-құлқының бұзылыстары бар балалар, оның ішінде балалар аутизмі және аутистік спектрдегі бұзылыстары бар балалар қабылданады.
89. Арнайы мектеп/сынып контингентін жинақтау және оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылады.
90. Балаларға түзете-дамыту көмегін психолог, арнайы педагог, логопед көрсетеді.
8-параграф. Балалар санатын қоса жұмыс атқаратын арнайы мектептер қызметінің тәртібі
91. Арнайы мектептердің контингенті осы Ереженің 43-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларында көрсетілген балалар санатынан құрылады. Оқыту жетекші бұзылысы бойынша білім алушылардан жинақталатын арнайы сыныптарда Санитариялық ережелер, тиісті санаттағы білім алушыларға арналған Үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
3-тарау. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қызметінің тәртібі
92. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация балаларды тексеруды және оларға консультация беруді, ерекше білім беру қажеттіліктерін және білім алу үшін арнаулы жағдайларды бағалауды, білім беру бағдарламасын айқындауды жүзеге асыратын, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға жіберетін білім беру ұйымы болып табылады.
93. ПМПК қызметінің негізгі бағыттары:
1) ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау және бағалау мақсатында туғаннан бастап 18 жасқа дейінгі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру;
2) балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау, жалпы білім беру мен арнайы білім беру ұйымдарында оларды қанағаттандыру жөнінде ұсынымдар беру;
3) ерекше білім беруді қажет ететін бала үшін білім беру бағдарламасының түрін белгілеу;
4) ерекше білім беруді қажет ететін балалар дамуының ауытқуларын болдырмау және жеңу, оларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша отбасына кеңес беру;
5) ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша мұғалімдерге, тәрбиешілерге, мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарының мамандарына консультациялық-әдістемелік көмек көрсету;
6) білім беру, медициналық, әлеуметтік қызметтері туралы ақпарат ұсыну мақсатында білім беру, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау органдарымен, қоғамдық ұйымдармен ерекше білім беруді қажет ететін балаларды уақытылы анықтау бойынша бірлескен жұмыс;
7) ерекше білім беруді қажет ететін балалардың есебін жүргізу және жиынтық есептілікті қалыптастыру.
Облыстық, қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға әдістемелік басшылықты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жүзеге асырады.
94. Балаларды ПМПК-ға жіберу ата-аналардың (заңды өкілдердің), білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарының бастамасы бойынша ата-аналардың (заңды өкілдердің) келісімімен жүзеге асырылады.
ПМПК-ға балаларды қабылдау алдын ала тіркеу бойынша ата-аналарының (заңды өкілдерінің) еріп жүруімен жүзеге асырылады.
95. ПМПК-дың материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік жабдықталуы Жабдықтармен және жиһазбен жабдықтау нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.
96. Консультацияға алдын ала жазуды, балаларды тіркеуді және құжаттамаларын есепке алуды тіркеуші жүзеге асырады.
97. Тексеру мен кеңес беруді дәрігер-невропатолог, дәрігер-психиатр, психолог, мұғалім-логопед (логопед), арнайы педагог (дефектолог): олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, әлеуметтік педагог және ПМПК меңгерушісі жүзеге асырады. Қажет болған жағдайда медициналық бейіндегі басқа мамандар Үлгілік штаттарға сәйкес 0,5 мөлшерлемеге немесе сағаттық еңбекақы төлеу шарттарында тексеруге және консультация беруге тартылады.
98. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды есепке алуды, қызмет көрсетілетін аумақтағы балалардың саны мен олардың қажеттіліктері туралы жиынтық есептілікті қалыптастыруды статист жүзеге асырады.
99. Бастапқы тексеру баланың дамуы туралы әлеуметтік-психологиялық және медициналық мәліметтерді жинауды, психологтің, педагогтердің (әлеуметтік педагогтің, арнайы педагогтің, логопедтің) тексеруін, баланың психикалық-тілдік және әлеуметтік-коммуникативтік дамуының деңгейі мен ерекшеліктерін бағалауды, ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтауды және ата-аналарына (заңды өкілдеріне) консультация беруді қамтиды. Бастапқы тексеру бір-төрт қабылдау барысында жүргізіледі. Қабылдау ұзақтығы тексеру мақсатына байланысты 15 минуттан 1 сағатқа дейін.
Қайта тексеру ерекше білім беру қажеттіліктерін қайта бағалау, ПМПК-ның жалпы қорытындысы мен ұсынымдарын нақтылау немесе өзгерту мақсатында, диагностикалық топтардағы сабақтарынан немесе білім беру ұйымдарындағы сынақ сабақтарынан кейін, зерде немесе сөйлеу тілінің даму деңгейін нақтылау үшін тағайындалады. Бақылау тексеруі баланың даму немесе оқу динамикасын бақылау үшін тағайындалады.
100. Тексеру нәтижелері баланың даму картасында көрсетіледі. Тексеру нәтижелері негізінде осы Ережелердің 1-қосымшасына сәйкес, дамудың бұзылу түрі, білім беру бағдарламасының түрі және басқа да ерекше білім беру қажеттіліктері туралы алқалық шешімді қамтитын, ПМПК-ның жалпы қорытындысы мен ұсынымдары жасалады.
101. ПМПК баланың жеке қажеттіліктеріне қарай ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады.
Арнайы білім беру қажеттіліктерін бағалау негізінде келесі шарттар ұсынылады, соның ішінде:
1) оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын өзгерту;
2) оқу нәтижелерін (оқушының жетістіктерін) бағалау тәсілдерін өзгерту;
3) оқытудың нұсқалық, арнайы және балама әдістерін пайдалану;
4) оқулықтарды, оқу құралдарын таңдау, жеке оқу материалдарын дайындау;
5) оқыту формасын таңдау (арнайы сынып, жалпы сынып, психологиялық-педагогикалық қолдау кабинеті);
6) кедергісіз орта құру және оқу орнын бейімдеу;
7) компенсаторлық және техникалық құралдарға қажеттілік;
8) арнайы психологиялық-педагогикалық көмек (психологтің, логопедтің, арнайы педагогтің (дефектолог): олигофренопедагогтің, сурдопедагогтің, тифлопедагогтің көмегі);
9) педагог-ассистенттің көмегі;
10) әлеуметтік-педагогикалық көмек.
102. Балалардың мектепке дейінгі және мектептік жалпы білім беру және арнайы білім беру ұйымдарына түсуі барысында ПМПК ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады. ПМПК-да ерекше білім беру қажеттіліктерін қайта бағалау ата-аналардың (заңды өкілдердің) бастамасы және мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарының сұранысы бойынша және психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің шешімі негізінде, кез-келген оқу кезеңінде жүзеге асырылады.
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау ұйымдарының сұранысы бойынша білім беру бағдарламасы мен ерекше білім беру қажеттіліктерін айқындау мақсатында ПМПК денсаулық сақтау ұйымдарының балалар үйінде және медициналық-әлеуметтік мекемелерде мүмкіндігі шектеулі балаларға тексеру жүргізеді.
103. ПМПК жалпы білім беру және арнайы білім беру ұйымдарындағы балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша ұсынымдар дайындайды, ата-аналарына консультация береді. Қажет болған жағдайда ПМПК мамандары ата-аналарға, мамандарға, мұғалімдерге (тәрбиешілерге) ерекше білім беруді қажет ететін балаларды үй жағдайында, жалпы білім беру және арнайы ұйымдар жағдайында дамыту, оқыту және тәрбиелеу бойынша кеңестік көмек көрсетеді.
104. Ата-аналардың (заңды өкілдердің) қолына осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес форма бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері, білім беру бағдарламасының түрі көрсетілген ПМПК қорытындысы мен ұсынымдары беріледі. Білім беру ұйымын таңдау құқығы ата-аналарға беріледі.
105. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдары скрининг жүргізу нәтижелері бойынша ерте жастағы балаларды жіберген кезде, ПМПК баланың консультацияда тексеруден өткені туралы ақпаратты тиісті денсаулық сақтау ұйымына ұсынады.
106. Қажет болған жағдайда ПМПК балалар мен жасөспірімдерді денсаулық сақтау ұйымдарына жібереді: медициналық тексеру, емдеу, мүгедектікті рәсімдеу және үйде оқыту үшін медициналық көрсетілімдерді айқындау үшін.
Психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстары (ауруларға), соның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалану салдарынан, және де суицидтік мінез-құлық бойынша күдіктенген кезде, балалар мен жасөспірімдер психикалық денсаулық орталықтарына жіберіледі.
107. Қажет болған жағдайда ПМПК тексеру нәтижелері бойынша балаларды әлеуметтік қорғау органдарына әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік көмек көрсету мәселесін шешу үшін жібереді.
108. "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығымен (бұдан әрі - Құжаттардың тізбесі) бекітілген 2-қосымшасына сәйкес форма бойынша ПМПК-да жүргізіледі:
1) алдын ала жазылу журналы;
2) баланың даму картасы.
109. ПМПК-да есепте тұрған бала туралы деректер құпия сипатта болады, балаланың даму картасынан үзінді көшірмелер Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңына сәйкес білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарының, құқық қорғау органдарының және білім беру мен денсаулық сақтау саласының орталық уәкілетті органдардың жазбаша сұранысы бойынша беріледі.
110. Ата-аналарға (заңды өкілдерге) баланың даму картасынан үзінді көшірме мен оны оқыту мен тәрбиелеу жөнінде жазбаша ұсынымдар сұраныстары бойынша беріледі.
111. Қажет болған жағдайда мектеп жасындағы балаларға жалпы және арнайы білім беру ұйымдарында сынамалық оқыту жағдайында 3-12 ай ішінде; ерте және мектепке дейінгі жастағы балаларға - ПМПК-да құрылған диагностикалық топтарда диагностикалық зерделеу жүргізіледі. Диагностикалық топтардағы балаларға динамикалық зерделеу психологиялық-педагогикалық жұмыс барысында қажетті қызметтерді көрсетумен жүзеге асырылады.
112. Балаларды диагностикалық топқа кіргізу, болу мерзімін ұзарту немесе қысқарту, 3 айдан бір жылға дейінгі болу мерзімінің ұзақтығын көрсете отырып, ПМПК қорытындысы мен ұсынымдары негізінде жүзеге асырылады.
113. Тексеру нәтижелері бойынша ПМПК мамандары диагностикалық топтарда жеке дамыту бағдарламасын жасайды, оқыту формасы (жеке немесе топтық) мен апталық оқу-дамыту сабақтарының санын белгілейді.
114. Жеке оқу-дамыту көмегін мамандар балалардың ерекше білім беру қажеттіліктеріне байланысты көрсетеді: