ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 1330
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
213
| | | | |
- 1 ... 35 36 37 38 39 40 41 42 ... 62
сабақ
Бөлім: Әліппе кезеңі | | | |||
Педагогтің аты-жөні: | Күні: | | |||
Сынып: 1 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | |||
Сабақтың тақырыбы | Ғ дыбысы және әрпі | ||||
Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер | Білімділік: оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; сөйлеу барысында жалғауларды дұрыс қолданады; сызба-модель, сурет, белгілер арқылы сөз, сөйлем, шағын мәтін құрайды; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады; айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп және есту, есте сақтау арқылы жазады; сөйлемді бас әріптен бастап жазып, соңына тиісті тыныс белгіні қояды. Дамытушылық: сөздік қоры жаңа сөздермен байиды; сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды. Тәрбиелік: ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей біледі. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың кезеңі/уақыты | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Сабақтың басы (1–7 мин) | (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:
Кәне, қанат қағайық. Ұшып-ұшып алайық, Орнымызға қонайық. | Оқушылар мұғалімнің оқыған өлең жолдары мен іс-әрекетін қайталайды. | Қолдау | |
214
Сабақтың ортасы (26 мин) | Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру: – Балалар, сендер бүгін берілген сөзді, сөйлемді, мәтінді буындап, тұтас оқисыңдар. Әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазасыңдар. Сызба-модель арқылы сөйлемдер құрап оқисыңдар. Оқулықта жазуға берілген тапсырмаларды дәптерге өздіктеріңнен көшіріп жазасыңдар. | Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды. | Қолдау | |
| (МК, Ұ, Ө) Дыбыстық жинақтау дағдысын дамыту жұмысы. Оқылым. 1-тапсырма. Оқулықтың 64-бетінде оқуға берілген сөздер мен мәтінді оқушылардың дұрыс, тұтас оқуына қолдау жасау. |
| Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру. | Оқулық Кеспе әріптер, буындар |
| 2-тапсырма. Бағанда берілген сөздерге «ы» дыбысын жалғап оқуды қадағалау. Өзгеріске түскен дыбысты анықтау, дыбыстық талдау жасау. тарақ – тарағы тауық – тауығы моншақ – моншағы |
| Бағыт беріп отыру. | Суреттер Оқулық |
| Жазылым 3-тапсырма. Сызба бойынша сөздерден сөйлем құрау. Құраған сөйлемдерін дәптерге көшіріп жазу. . Талғат шаңғы алды. Ағам шалғы тартты. |
| Сөздерді сызбаға сәйкес дұрыс орналастырып, оқуда жәрдемдесу. | Сызба, оқулық Жазу дәптері |
215
| | 3. Әр сабақ соңында өз іс-әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін-өзі бағалауы үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек- шартты белгілерді бояйды: «жасыл» түс – «Бәрекелді!», «көк» түс – «Жарайсың!», «қызыл» түс – «Ойлан!». | Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру. | |
4-тапсырма. Орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құрап оқу. |
| Мақтау Қолдау көрсету | ||
Сабақтың соңы (7 мин) | Бекіту және саралау Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру:
Буындардан сөздер құрап, оқы (соғым, сағым, сағыз, тоғыз, тоғай). Сөздерге дыбыстық талдау жаса.
Сөздерден сөйлемдер құра.
Сөйлемдермен шағын мәтін құра. | Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды. 1-деңгейдегі оқушылар буындардан сөздер құрап, оқиды. «Ғ» әрпінің сөздегі орнын анықтап, дыбыстық талдау жасайды. 2-деңгейдегі оқушылар құраған жаңа сөздерден сөйлемдер құрайды. 3-деңгейдегі оқушылар құраған сөйлемдерден шағын мәтін құрайды. | Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру. | Саралау тапсырмалары |
| Рефлексия | Сабақта өзіне қызықты, қиналған, түсініксіз болған тұстарын жазып береді. | | Паровоз тақтасы |
-
216
сабақ
Бөлім: Әліппе кезеңі | | | |||
Педагогтің аты-жөні: | Күні: | | |||
Сынып: 1 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | |||
Сабақтың тақырыбы | Ж дыбысы және әрпі | ||||
Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер | Білімділік: дыбыстық талдау дағдылары (мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілген дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу) қалыптасады; әріпті таниды, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажыратады; дыбысты дұрыс айтуға жаттығады; оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады. Дамытушылық: сөздік қоры жаңа сөздермен байиды; сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды. Тәрбиелік: ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей біледі. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың кезеңі/уақыты | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Сабақтың басы (1–7 мин) | (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық ахуал орнату. «Үндемес» ойыны. Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Оқушылар біртіндеп үстел үстіндегі ойынды бейнелейтін суретті алады. Алған суретті бір-біріне көрсетпеуі керек. Сосын сол суреттегі ойынды қимылмен көрсетеді. | Басқа оқушылар ойынның атауын, қай жыл мезгілінде ойналатынын айтуы қажет. Тапқан оқушы ойынды жалғастырады. | Қолдау | Суреттер | |
Сабақтың ортасы (26 мин) | Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру: – Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «Ж ж» дыбысының айтылу ерекшелігін білесіңдер. Оны дауысты, дауыссызға ажыратасыңдар. | Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды. | Қолдау | |
217
| | | | |
| «Ж ж» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысасыңдар. «Ж ж» әрпін көркем жазып үйренесіңдер. | | | Суреттер, оқулық |
(МК, Ұ) Дыбыстық талдау дағдыларын дамыту жұмысы.
|
| Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру. | Сызба | |
| | | Ермексаз | |
(МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдысын дамыту жұмысы. Оқылым. 1. Оқулықтың 65-бетінде берілген сөздер мен мәтінді мұғалімнің оқушылармен бірге буындап, тұтас оқуы. | 1. Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға | Оқушыларға әріптің сұлбасын жасауда қажет болған жағдайда көмек беру. | Сызба, оқулық |