ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 1325
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
сабақ
Бөлім: Әліппе кезеңі | | |
Педагогтің аты-жөні: | Күні: | |
Сынып: 1 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Ә дыбысы және әрпі | |
Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер | Білімділік: дыбыстық талдау дағдылары (мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілген дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу) қалыптасады; әріпті таниды, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажыратады; дыбысты дұрыс айтуға жаттығады; оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады. Дамытушылық: сөздік қоры жаңа сөздермен байиды; сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды. Тәрбиелік: еліміздің рәміздерін (Әнұран, Елтаңба, Ту) біледі. | |
Сабақ барысы |
223
Сабақтың кезеңі/уақыты | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы (1–7 мин) | (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:
Әртүрлі жануарлардың дыбысы тыңдатылады. Не қалай дыбыстайды? Әтеш шақырады. Түлкі шәуілдейді. Қарсақ шәңкілдейді. | Балалар ол дыбыстың иесін анықтайды және дыбыстауын атайды. Мысалы: сиыр мөңірейді, әтеш шақырады т.б. | | Аудиожазба, жануарлар суреті |
Сабақтың ортасы (26 мин) | Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру: – Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «Ә» дыбысының айтылу ерекшелігін білесіңдер. Оны дауысты, дауыссызға ажыратасыңдар. «Ә ә» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысасыңдар. «Ә ә» әрпін көркем жазып үйренесіңдер. (МК, Ұ) Дыбыстық талдау дағдыларын дамыту жұмысы. 1. Сурет бойынша әңгіме құрау. | Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды. | | |
| | Қолдау | | |
| 1. Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды: «Мектепте салтанатты жиын болды. Жиынға Әдияның әжесі келді. Әлидің әкесі қатысты. Жиын Әнұран айтумен басталды». | Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру. | Суреттер, оқулық Сызба |
224
|
(МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдысын дамыту жұмысы. (МК, Ұ, Ө) Оқылым. 1. Оқулықтың 67-бетінде берілген сөздер мен мәтінді мұғалімнің оқушылармен бірге буындап, тұтас оқуы. |
«әже» сөзіне дыбыстық талдау жасайды: алдымен «ә-же» деп буынға бөледі.
| Оқушыларға әріпті жасауда қажет болған жағдайда көмек беру. Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру. Қолдау көрсету | Жіп. Әріптің жазылу үлгісі Оқулық Оқулық |
225
|
Жазылым
|
«жасыл» түс – «Бәрекелді!», «көк» түс – «Жарайсың!», «қызыл» түс – «Ойлан!». | Оқушыларға қолдау көрсету. Мақтау, қолдау | Жазу дәптері |
Сабақтың соңы (7 мин) | Бекіту және саралау Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру:
Сөз сызбасын тиісті сөзбен толықтыр.
Кәрі, тәтті сөздеріне мағынасы қарама-қарсы сөздерді тауып айт.
Әдемі, дәмді, кәрі, тәтті сөздерінің бірімен сөйлем құра. | Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды. 1-деңгейдегі оқушылар берілген сөз сызбасын тиісті сөзбен толықтырады: Әдемі қыз тәтті алма Дәмді тағам кәрі адам 2-деңгейдегі оқушылар кәрі, тәтті сөздеріне мағынасы қарама-қарсы сөздерді тауып айтады: кәрі – жас; тәтті – қышқыл. 3-деңгейдегі оқушылар әдемі, дәмді, кәрі, тәтті сөздерінің бірімен сөйлем құрайды. | | Саралау тапсырмалары |
| «Сөз тану» тыңдау материалымен жұмыс Мұғалімнің мақалдың мағынасымен түсінуді QR немесе үнтаспадан тыңдату арқылы | 1. Оқушылар мақалды тыңдайды. | |
226
| ұйымдастыруы. Бүгінгі сабақтың тәрбиелік мәні ашылатындай мазмұнда сұрақтар қойып, жауап алу. Сабақты «Үлкен кісілердің батасын алу қажет» деген қорытынды пікірмен аяқтау. | 2. Мақалдың мағынасын өз ойларымен түсіндіруге тырысады. | | Әліппе. Үнтаспа. «Атамұра», 2020 |
Рефлексия Табыс баспалдағы | Сабақтың бағалау критерийіне сәйкес «Табыс баспалдағынан» өз орнын белгілейді және себебін түсіндіреді. | Өзін-өзі бағалау | |
-
сабақ
Бөлім: Әліппе кезеңі | | | |||
Педагогтің аты-жөні: | Күні: | | |||
Сынып: 1 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | |||
Сабақтың тақырыбы | Ә дыбысы және әрпі | ||||
Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер | Білімділік: оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; сызба-модель, сурет, белгілер арқылы сөз, сөйлем, шағын мәтін құрайды; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады; айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп және есту, есте сақтау арқылы жазады. Дамытушылық: сөздік қоры жаңа сөздермен байиды; сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды. Тәрбиелік: ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей біледі. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың кезеңі/уақыты | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Сабақтың басы (1–7 мин) | (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық ахуал орнату. «Көрпені жамау» жаттығуы. Балалар, біз мына түрлі түсті маталарды бір- біріне жамау арқылы құрақ көрпе құрайық. Ол үшін сұрақтарға жауап беру қажет.
| Оқушылар түрлі түсті қима маталардың артына жазылған сұрақтарға жауап бере отырып, құрақ құрайды. | Қолдау | Мата қиындылары, сұрақтар |
227
|
| | | |
Сабақтың ортасы (26 мин) | Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру: – Балалар, сендер бүгін берілген сөзді, сөйлемді, мәтінді буындап, тұтас оқисыңдар. Әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазасыңдар. Сызба-модель арқылы сөйлемдер құрап оқисыңдар. Оқулықта жазуға берілген тапсырмаларды дәптерге өздіктеріңнен көшіріп жазасыңдар. Сұрақтарға сөйлем сызбасы арқылы жауап бересіңдер. (МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдысын дамыту жұмысы. Оқылым. 1-тапсырма. Оқулықтың 68-бетінде оқуға берілген сөздер мен мәтінді оқушылардың түсініп оқуына қолдау жасау. | Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.
«бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды.
| Қолдау Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру. | Оқулық Суреттер |
| 2-тапсырма. Оқылым. Калиграммалық сөйлемдерді оқиды. Әтеш шақырады. Түлкі шәуілдейді. (МК, Ө) Жазылым 3-тапсырма. |
1. Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды: үлгі бойынша сөздер мен сөйлемдерді жазады. | Суреттегі затты атағанда немесе сөйлем құрап оқығанда көмек керек болған жағдайда көмектесу. | Оқулық Жазу дәптері |
228
| Орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құрап оқу. Құраған мәтінді дәптерге көшіріп жазу. |
Әселдің әжесі бар. Әжей текемет басады. Оны «қолы шебер әжей» дейді.
«көк» түс – «Жарайсың!», «қызыл» түс – «Ойлан!». | Сөйлемдерді мәтіннен табуға, реттілігін анықтауға бағыт беру. Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру. | |
Сабақтың соңы (7 мин) | Бекіту және саралау Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру: 1-деңгей: Сөйлем сызбасы бойынша сұрақтарға жауап бер.
Әр сөйлемдегі сөз санын, «ә» әрпінің орналасу орнын тап.
Қосымша сұрақ қойып, сызбасын сыз. | Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды.
«ә» әрпінің сөздегі орнын анықтап, дыбыстық талдау жасайды.
| Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру. | Саралау тапсырмалары |
Рефлексия | Өз ұсыныстарын білдіреді. | | |
-
229
сабақ
Бөлім: Әліппе кезеңі | | | |||
Педагогтің аты-жөні: | Күні: | | |||
Сынып: 1 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | |||
Сабақтың тақырыбы | П дыбысы және әрпі | ||||
Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер | Білімділік: дыбыстық талдау дағдылары (мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілген дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу) қалыптасады; әріпті таниды, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажыратады; дыбысты дұрыс айтуға жаттығады; оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады. Дамытушылық: сөздік қоры жаңа сөздермен байиды; сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды. Тәрбиелік: ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей біледі. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың кезеңі/уақыты | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Сабақтың басы (1–7 мин) | (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық ахуал орнату. «Керісіншелер елі». Үш әріптен тұратын сөзді айтып, допты келесі балаға береді. Ал келесі ойыншы сөзді керісінше айтады (доп – под, қап – пақ, сап – пас, соқ – қос т.б.) | Аударылған сөздердің мағынасы болмауы мүмкін. | Қолдау | Доп | |
Сабақтың ортасы (26 мин) | Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру: – Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «П» дыбысының айтылу ерекшелігін білесіңдер. Оны дауысты, дауыссызға ажыратасыңдар. | Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды. | Қолдау | Суреттер, оқулық Сызба |