Файл: Жоба Ата аналар мен зады кілдер шін Жадынама Мектептегі мінез лы Ережесі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 169
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ЖобаАта аналар мен заңды өкілдер үшін Жадынама Мектептегі мінез құлық Ережесі__________________________________ (мектеп атауы)
Буллинг мысалдары, сондай-ақ буллинг жағдайларын тексеру және шешу шаралары мектептің Буллингке қарсы саясаты мен Буллингке қарсы мінез құлық Кодексінде жазылған.
Сондай-ақ, мобильді қосымшалар (мысалы, TikTok), әлеуметтік желілер және жедел хабар алмасу арқылы балалар киберқылмыс жасауға тартылу қаупіне ұшырайды: есірткіні пайдалану және тарату, балалар порнографиясы, жезөкшелік; педофилия және балаларды аздыру. Сондықтан біз буллинг жағдайларына аса мән береміз және ата-аналарға үйде кибербуллингтің алдын алу үшін келесі шараларды қолдануды ұсынамыз:
-
Кіріспе
-
Ереженің мақсаттары
-
Мінез құлық Ережесі-
Біздің оқушыларымыздан күтетініміз:
-
-
Мектепке уақтылы келу -
Басқа оқушылардың қажеттіліктеріне сыпайылықпен, достықпен және мұқият түрде қарау -
Оқытушының нұсқауларын мұқият тыңдау -
Басқа оқушылармен ынтымақтастық орнату әрі топта жұмыс жасай білу -
Тапсырмаларды орындау барысында күш-жігерін салу -
Ересектерді, сондай ақ, өз сыныбы мен өзге де сыныптардағы оқушыларды (жасы кішілерді және үлкендерді) құрметтеу -
Кез келген проблема туындаған жағдайда, соның ішінде, өзге оқушылар мен ата аналар тарапынан буллинг, қорқыту мен қорлау әрекеттері болғанда ересектерге хабарлау -
Сыныпта және мектеп аумағында тазалық пен тәртіпті сақтау -
Мектеп аумағында және ғимарат ішінде алаңсыз жүріп тұру.
-
Біз төмендегідей жағымсыз мінез құлықты қабылдамаймыз:
-
Айқайлап кезексіз жауап беру -
Оқытушы мен өзге оқушыларға дөрекі түрде сөйлеу -
Бейпіл ауыздылық, ауызша қорлау және әдепсіз сөйлеу -
Сабақ барысында тәртіпті бұзу -
Буллинг, сыныпта біреуді қорлау -
Физикалық күш көрсету: бөтенді ұруға, төбелесуге, біреуді қағып, соғуға, білім беру процесінің өзге қатысушыларының денсаулығына зиян тигізетіндей қауіпті трюктер жасауға болмайды.
-
БУЛЛИНГ
-
Әрбір буллинг оқиғасы немесе буллинг болды деген күмән туындаған жағдайда дереу тәрбие ісі жөніндегі меңгерушіге хабарланып, арнайы ішкі мінез құлық Журналына жазылады. Мектептің Буллингке қарсы саясатына сәйкес, әрбір оқиға ақпарат келіп түскен сәттен бастап 24 сағат ішінде тексеріледі. Тексеру аяқталған соң, Журналда оқиғаны реттеу мақсатында қабылданған нақты әрекеттер мен санкциялар көрсетіледі. -
Әрбір расталған буллинг оқиғасы буллинг жасаған оқушының жеке ісіне де енгізіледі.
Буллинг мысалдары, сондай-ақ буллинг жағдайларын тексеру және шешу шаралары мектептің Буллингке қарсы саясаты мен Буллингке қарсы мінез құлық Кодексінде жазылған.
-
ДИСКРИМИНАЦИЯЛЫҚ (КЕМСІТУШІЛІК) МІНЕЗ ҚҰЛЫҚ
-
Үйде балаларды кибербуллингтен қорғау бойынша ата аналарға нұсқаулық
Сондай-ақ, мобильді қосымшалар (мысалы, TikTok), әлеуметтік желілер және жедел хабар алмасу арқылы балалар киберқылмыс жасауға тартылу қаупіне ұшырайды: есірткіні пайдалану және тарату, балалар порнографиясы, жезөкшелік; педофилия және балаларды аздыру. Сондықтан біз буллинг жағдайларына аса мән береміз және ата-аналарға үйде кибербуллингтің алдын алу үшін келесі шараларды қолдануды ұсынамыз:
-
Балаларға кибербуллинг, Интернеттегі қауіпсіздік ережелері туралы, оны қалай анықтау және не істеу керектігі жайында түсіндіріңіз. Кибербуллинг туралы баламен сөйлесудің алгоритмі мынадай:
-
Сенің онлайн «достарың» кім екенін біл. Егер сенің онлайн досың/ құрбың шынайы өмірде кездесу туралы ұсыныс жасаса ата анаңа хабарла. -
Кибер буллердің онлайн хабарламаларына жауап берме. Оның орнына кибербуллердің хабарламасын скриншот жасап дәлелдеме ретінде сақтап қой (бұл скриншотты болашақта кибербуллерді сот тәртібімен жауапқа тарту үшін пайдалануға болады). -
Кибербуллерді блокқа қой немесе сайт әкімшілігіне оны блокқа қоюы сұрап хабарлама жазып жібер (скриншотты қоса тірке). -
Басқа балалардың кибербуллингіне қатыспа. Оффлайн немесе онлайн буллинг жасама. Буллингке буллингпен жауап берме. -
Егер сені қорласа немесе онлайн сезікті әрекеттерді байқасаң, міндетті түрде өз ата анаңмен бөліс.
-
Үнемі балаларыңыздың істері мен мүдделеріне қызығушылық танытыңыз, олардың сеніміне ие болыңыз. -
Егер балаңыз сізге кибербуллингтен зардап шеккені туралы хабарласа, ешқандай жағдайда проблеманы жоққа шығармаңыз НЕМЕСЕ баланы айыптамаңыз. Әйтпесе бала СІЗГЕ деген сенімін жоғалтады, тұйықталады, Сізге басқа ештеңе айтпай қояды. Нәтижесінде Сіз, жағдай ушыққанда да өз балаңызға дер кезінде көмек көрсете алмайсыз.
-
Егер бала кибербуллингке ұшыраса және Сізге айтып берсе, баладан гаджетті алып қоюға немесе алып қоямын деп қорқытуға болмайды. Сіз тіпті баладан гаджетті алып қойсаңыз да, балаңыз сізден жасырын достарынан немесе сыныптастарынан алып, одан әрі кибербуллингке ұшырауы мүмкін және ол жайлы сізге айтпайды. Бала Сізге сенбейтін болады.
-
Интернетке қосылған барлық құрылғыларға, соның ішінде компьютерге, сандық телевидение, мобильді телефондар мен планшеттерге, «ата ана бақылауы» функциясын орнатыңыз. Бұл функция сізге балаңыздың жас ерекшелігіне байланысты қауіпсіз вебсайттарға рұқсат етуге, гаджеттерді қолдану уақытын шектеуге немесе тыйым салуға, ондай ақ, гаджетті қолданған кезде қайда болғанын дәне белсенділігін анықтауға мүмкіндік береді.
-
Үйде электрондық құрылғылар/гаджеттер қолдануға уақытша шектеу орнатыңыз және балаларға бұл шектеулердің маңыздылығын түсіндіріңіз. Балаңызбен, оның тек белгілі бір уақытта, мысалы таңертең немесе кеште 1 сағат гаджет қолдана алатындығы туралы келісімге келіңіз.
-
Егер Сіз балаңызға онлайн ойын ойнауға рұқсат беретін болсаңыз, онлайн ойынның жас ерекшеліктеріне қатысты шектелу талаптарын міндетті түрде сақтаңыз. Жас ерекшеліктеріне байланысты шектеу ойынның сипаттамасында көрсетіледі: , 7, 12, 16 және 18 жас. Неғұрлым үлкен жастағыларға арналған онлайн ойындарда күш көрсету, қатыгездік, кісі өлтіру көріністері бар суреттер болады, бұл әрине кіші жастағы балалардың психологиялық тұрғыдан дамуы мен денсаулығына жағымсыз әсер етеді.
-
Өзіңіздің әлеуметтік желілердегі парақшаларыңызда балаларыңыздың жеке суреттерін бөліспеңіз. Ата аналар кейде, балаларының өздеріне күлкілі боп көрінген суреттерін ата аналар чатына немесе әлеуметтік желілерге салады. Алайда бұл суреттер балаға ұнамауы мүмкін, ал егер оларды сыныптастары көріп қалса, олар Сіздің балаңыздың үстінен күліп мазаққа айналдыруы және бұл суреттерді сыныптастар чатына салуы мүмкін, осылайша бала кибербуллингтен зардап шегеді.
-
Ынталандыру және жазалау