Файл: Жоба Ата аналар мен зады кілдер шін Жадынама Мектептегі мінез лы Ережесі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 175
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жағдайға және оқушының жеке қажеттіліктеріне байланысты, жазаның түрлері мынадай болуы мүмкін (жеңілден неғұрлым ауырға қарай): - оқушыға мінез құлық ережесін бұзуы салдарын түсінуіне және өзінің мінез құлқын өзі түзетуіне көмектесетін сынып жетекшісінің жеке сөйлесуі - тәрбие ісі жөніндегі меңгеруші және мектеп психологының сөйлесуі- мектеп директоры, тәрбие ісі жөніндегі меңгеруші және ата анамен бірге сөйлесу - өз эмоцияларын басқару дағдыларын жетілдіру мақсатында (ата анасының таңдауы бойынша) белгілі бір мерзімге (ай немесе бірнеше айға) мектеп психологына немесе сырттан балалар психологына бару кестесі бекітілген балаға арналған жеке мінез құлық Жоспарын әзірлеу.- ауыр жағдайларда: мектептен уақытша шығару- аса ауыр жағдайларда: полицияны, қамқоршылық және қорғаншылық органдарын тарту - мінез құлық ережелерін жүйелі түрде бұзған жағдайда мектептен шығару.5.3. Мектептен шығаруОқушыны мектептен шығару туралы шешім қабылдауға тек директор құқылы. Біз оқушылардың ешқайсысын мектептен шығарғымыз келмейді, алайда кейде, белгілі бір оқушының ережелерді жүйелі түрде бұзуы, басқа оқушылардың денсаулығына, қауіпсіздігі мен әл-ауқатына нақты қауіп тудыратын және басқа ықпал ету шараларының барлығы тиімсіз болған жағдайлар бұған итермелеуі мүмкін. Оқу жылының басында, сондай ақ, қажет болған жағдайда, сынып жетекшісі сыныпта мектеп ережелерін және оларды бұзған жағдайда қолданылатын жаза түрлерін талқылайды. Сонымен қатар оқушылар, өз сыныбы үшін арнайы мінез құлық ережесін әзірлеуі және ережені бұзған жағдайда қандай жаза қолданылатынын бірлесіп шешуі мүмкін.6. Сынып жетекшісінің жауапкершілігі Сынып жетекшісі, әр оқу жылының басында және қажеттілік туындағанда, мектеп ережелерін оқушыларға сынып сағатында және олардың ата-аналарына мектеп жиналыстарында түсіндіру үшін дербес жауап береді. Сынып жетекшісі өз сабақтарында осы ережелердің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Сынып жетекшісі сыныптағы оқушылардан мінез құлықтың жоғары стандарттарын, ал ата аналардан өз балаларымен бұл ережелерді талқылауын күтуге құқығы бар. Сынып жетекшісі әрбір оқушыға әділ болуға және бұл ережелерді баршаға бірдей қолдануға міндетті. Сынып жетекшісі әрбір оқушыға құрметпен және түсіністікпен қарауы тиіс. 7. Мектеп директорының жауапкершілігі
Мектеп директоры мектептегі барлық балалардың қауіпсіздігін, денсаулығын мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге міндетті. Осы мақсатта директор осы ережелер мен басқа да ішкі тәртіп ережелерін мектеп ішінде біркелкі қолданады. 8. Ата аналар мен заңды өкілдердің жауапкершілігі Ата аналар келесі әрекеттер үшін жауапты:
Таныстым _____________________________(Ата – ана қолы)
Мектеп директоры мектептегі барлық балалардың қауіпсіздігін, денсаулығын мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге міндетті. Осы мақсатта директор осы ережелер мен басқа да ішкі тәртіп ережелерін мектеп ішінде біркелкі қолданады. 8. Ата аналар мен заңды өкілдердің жауапкершілігі Ата аналар келесі әрекеттер үшін жауапты:
-
Баланы мектепке уақтылы, тиісті нысанда және оқуға қажетті заттарымен әкелуге
-
Себепсіз сабақтан қалдырмауға -
Баланың мектептегі мінез құлқы мен үлгеріміне әсер ететін кез келген мән жайды және проблеманы мектепке дер кезінде хабарлауға -
Мектептің мінез құлық ережесін, сондай ақ, Буллингке қарсы саясат пен мектептегі Буллингке қарсы мінез құлық кодексін қолдауға -
Өз баласын үй жұмысын орындау барысында қолдауға -
Мектептегі ата аналар жиналысына қатысуға -
Өз баласының мінез құлқына қатысты сынып жетекшісімен, психологпен, тәрбие ісі жөніндегі меңгерушімен жеке кездесулерге қатысуға -
Өз баласының оқуы мен мектептегі өміріне, және оның не оқитынына қызығушылық танытуға.