Файл: Абай облысы ржар ауданы білім бліміні Трал оыр атындаы орта мектеп башасы кмм География пнінен оушыларды білім сапасындаы олылытарды анытау жмыстарыны диагностикасы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 140
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
өткізілетін материалдың көлемі; -
жоспарланған уақыт мөлшері; -
баланың жас және жеке ерекшеліктері.
Білімдегіолқылықтардытолықтыружұмыстарыныңформалары:
-
Өзіндік жұмыстар Тақырыпты және тапсырманы түсіндіре отырып, өз бетінше ізденуге тапсырма беру; -
Нақты мақсатқа бағытталған әрекеттер жасау.
Егер жекелеген оқушы немесе сыныптағы шағын топ қолдауды қажет етсе, нақты мақсатқа бағытталған қысқа сессиялар ұйымдастыру қажет.
-
Сыныпты толық оқыту
Егер бүкіл сыныптың қажеттіліктері немесе олқылықтары шамалас болса, бұл көп уақытты қажет етеді, бірақ білім алушылардың басым бөлігін қамтиды.
Білімдегіолқылықтардытолықтыруғабағытталғансабақтардыұйымдастыруформалары
1. Таза ауадағы сабақтарЖаратылыстану, биология, география, физика сабақтарын баланың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету үшін арасында саябақтарда немесе аулада, таза ауада өткізу ұсынылады. Мысалы тақырыптар мен оқу мақсаттары бойынша:
«Жаратылыстану» пәнінен:
-
деректерді жинау және жазу, макро және микроәлем, тірі табиғаттағы үдерістер; -
физикалық және химиялық құбылыстар, ауа және ауаның құрамы; -
жергілікті жердің экожүйелерін зерттеу.
«Физика» пәнінен:
-
физикалық құбылыстар, кішкентай денелердің өлшемін қатарлау әдісі арқылы анықтау, механикалық қозғалыс және оның сипаттамасы, горизонталь лақтырылған дененің қозғалысын зерделеу, аспан сферасы, аспан координаталарының жүйесі, дыбыс, дыбыстың сипаттамалары, акустикалық резонанс, жаңғырық;
- ауа райы және
метеорологиялық элементтер, атмосфералық қолайсыз құбылыстар, туған өлкенің флорасы мен фаунасы, топырақ, оның құрамы мен
құрылымы, Қазақстанның топырақ түрлері, топырақтың экологиялық проблемалары, табиғи-аумақтық кешендер, табиғи-аумақтық кешендердің қалыптасуы, табиғи-аумақтық кешендердің түрлері; туған өлкемнің визит карточкасы: өлкетанудың деректер базасын әзірлеу сынды тақырыптарды далада өткізсе, әрі қызықты әрі қауіпсіз болады.
Сабақ уақытында білім алушылардың байқау, ғылыми зерттеуді жоспарлау, деректерді алу және ұсыну, нәтижелерді түсіндіру тәрізді зерттеушілік, ойлау, сөйлеу және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аудару қажет. Мысалы, түрлі тақырыптарды зерделеу арқылы, білім алушы зерттеу жоспарын құрастыруды, бақылауды, эксперименттер жүргізуді, нәтижелерді ауызша және жазбаша сипаттауды және бағалауды, қорытынды және тұжырымдама жасауды үйренеді. Ол білім алушының үйде, мектепте, табиғатта бақыланған нысандар мен құбылыстарды түсінуі үшін, алынған білім мен дағдыларды күнделікті өмірде қолдану біліктерін дамытады.
«География» оқу пәні
«География» оқу пәнінің мазмұны мынадай жүйелі-әрекеттік нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс:
-
функционалдық білім мен дағдыларды, жоспарлау, талдау және өңдеу, түсіндіру, жүйелеу, алгоритм бойынша жұмыс дағдыларын қалыптастыру, зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік дағдыларды жетілдіру, қорытындыларды бағалау және тұжырымдау; -
табиғатты, экономика мен қоғамды кешенді зерттеу негізінде әлемнің қазіргі заманғы жаратылыстану-ғылыми бейнесінің негізіндегі іргелі ұғымдарды, заңдылықтарды, теориялар мен қағидаттарды, табиғатты ғылыми танудың әдістерін, адамзаттың жаһандық және жергілікті проблемаларын түсінуді тереңдету; -
экологиялық мәдениетті, ғылыми, жобалық және кеңістіктік ойлауды дамыту; -
патриоттық сезімге, қоршаған ортаға жауапкершілікпен, ұқыппен қарауға тәрбиелеу; -
жаратылыстану-ғылыми бағыттар бойынша білім алушыларды кәсіптік бағдарлауды жүзеге асыру. -
Бағдарламаның спиральді құрылымына байланысты 8-сыныптағы пәннің мазмұнына сай білім алушылардың өткен оқу жылында алған білімі мен дағдыларын дамытады.
«Географиялық зерттеулер әдістері» бөлімі бойынша географиялық ақпаратты визуализациялау, далалық, картографиялық, теориялық әдістерді өз зерттеулерінде қолдану, сандық және сапалық деректерді өңдеу, талдау, иммитациялық, графикалық, мәтіндік, математикалық және өзге де үлгілерді жасау, жұмыс нәтижелерін әртүрлі нысанда ұсыну дағдыларын одан әрі дамытуға назар аудару қажет.
«Картография және географиялық мәліметтер базасы» бөлімі бойынша білім алушыларды тақырыптық карталарды қалай жіктеуге болатынын және оқуға, сондай-ақ оларға қосымша сипаттама элементтерін: профильді, диаграммаларды, графиктерді,
кестелерді құруға үйрету қажет.
Білім алушылардың географиялық номенклатура объектілерімен жұмыс істеу дағдыларын одан әрі дамыту қажет. Сөйлеу дағдыларын дамытумен бірге оқушылар картаға географиялық нысандарды сенімді түрде көрсетуді, тиісті түсініктемелермен бірге бере білуді үйренуі керек. Егер осы бөлім бойынша 7-сыныпта географиялық деректердің кесте түріндегі қарапайым базасын құру көзделсе, онда 8-сыныпта оқытудың тиісті мақсаттарына қол жеткізу кезінде АКТ-ны кезең-кезеңімен пайдалану көзделеді.
«Литосфера» бөлімі бойынша 7-сыныпта Жер қыртысының құрылымы, ірі геотектуралар қарастырылды. 8-сыныпта Жер бедерінің, тау жыныстары мен минералдардың, пайдалы қазбалардың таралу заңдылықтарын оқып білу жалғасуда. Бұл бөлімді рельефтің халықтың экономикалық және өмірлік белсенділігіне әсерін бағалау арқылы қорытындылау ұсынылады.
«Атмосфера» бөлімі бойынша 7-сыныпта метеорологиялық құбылыстар, ауа райы және оның элементтері оқылды. 8-сыныпта Жер шарының әртүрлі бөліктеріндегі климаттың ерекшеліктері қарастырылады. Климатты, атмосфераның ғаламдық айналымын қайталау жалғастырылады.
«Гидросфера» бөлімі бойынша 7-сыныпта әлемдік мұхит және оның бөліктері оқылады. 8-сыныпта бағдарлама бойынша жер беті суларына назар аударады. Осы тақырыпты оқу барысында қазақстандық және өңірлік компоненттерге ерекше назар аудару ұсынылады.
«Биосфера» бөлімі бойынша 7-сыныпта биосфераның, топырақтың құрамы мен құрылымы оқылады. 8-сыныпта табиғи аймақтар мен жердің биіктік белдеулері қарастырылады. Сондай-ақ, оқушылар өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау қажеттілігін дәлелдей және фауна мен флораны сақтау жолдарын ұсына алады.
- Өткен оқу жылында «Табиғи-аумақтық кешендер» бөлімі бойынша
"табиғи-аумақтық кешен" ұғымы, оның қалыптасу шарттары мен мысалдары, кеңістіктік дәрежелері анықталған болатын.
-Жаңа оқу жылында оқушылар географиялық қабықпен планетарлық масштабтағы табиғи-аумақтық кешен ретінде және оның жұмыс істеуі мен даму заңдылықтарымен танысады.
«Халық географиясы» бөлімі бойынша 7-сыныпта адамзаттың нәсілдік және діни құрамы оқылады. 8-сыныпта халық саны мен құрылымының негізгі көрсеткіштерін есептеу негізінде әлемдегі, Қазақстандағы және өз өлкесіндегі демографиялық жағдайды анықтау бойынша жүйелі қарастырылады.
«Табиғи ресурстар» бөлімі бойынша 7-сыныпта білім алушылар «Табиғи ресурстар» ұғымын, оларды жіктеудің негізгі тәсілдерін, шоғырлану орындарын оқып үйренеді. 8-сыныпта білім алушылар табиғи ресурстарға экономикалық және экологиялық баға береді, орталықтармен және оларды өңдеу технологиясымен танысады, әлемнің жекелеген аумақтарының табиғи- ресурстық әлеуетін анықтайды.
«Әлеуметтік-экономикалық ресурстар» бөлімі бойынша 7-сыныпта көлік және әлеуметтік инфрақұрылым зерделенді. 8-сыныпта бөлім Сауда және қаржы инфрақұрылымын оқу жалғасады.
«Әлемдік шаруашылықтың салалық және аумақтық құрылымы» бөлімі бойынша 7-сыныпта білім алушылар әлемдік шаруашылықты (өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы) қарапайым жіктеумен айналысты. 8-сыныпта әлемдік экономиканы өндіруші, өңдеуші секторлар мен қызмет көрсету салаларына неғұрлым егжей-тегжейлі жіктеумен, осы секторлардың қызметін ұйымдастыру нысандарын сипаттаумен, әртүрлі салалардағы кәсіпорындарды орналастыру факторларын талдаумен, жоспар бойынша әлемдік экономиканың негізгі салаларын сипаттаумен айналысу