Файл: Оу жмыс бадарламасы (силлабус) н 3 372022.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 73

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Оқу жұмыс бағдарламасы (силлабус)

Н 3-1.1.37-2022

1 баспа 02.02.2022






«м.х.дулати атындағы тараз өңірлік университеті» КЕ АҚ


ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ (СИЛЛАБУС)
Философия
Білім беру бағдарламаларының барлық мамандықтарына арналған

Кредит саны (ECTS): 5

Семестр: 3,4
Пререквизиттер: Қазақстан тарихы

Постреквизиттер: мамандықтың барлық пәндері
Оқытушының аты-жөні:

1. Мырзапайзова Г.У., аға оқытушы e-mail: myrzapaizova@mail.ru

Оқыту форматы: аралас

Жұмыс оқу бағдарламасын (силлабусты) дайындауға жауапты «Философия және саясаттану» кафедрасы

Ескерту: Құрметті студент! Пәнді оқу аяқталғаннан кейін, пәннің мазмұны және оқыту сапасы жөнінде пікір жазуыңызды өтінеміз. Ол үшін емтихан сессиясы кезінде толық қол жетімді www.portal.tarsu.kz сайтында орналасқан «Пәнді студенттердің бағалауы» атты on-line анкетаны толтыру керек.

Пәннің мазмұны, бақылау сұрақтарының сапасы жөнінде және тағы басқа да ұсыныстарыңызды еркін түрде баяндауыңызға болады.

Сіздің пікіріңіз пәннің сапасын арттыра түсу үшін маңызды екенін есіңізге саламыз.

**Силлабуста көрсетілмеген талаптардың заңды күші жоқ екенін университет ескертеді.
Тараз, 2022
Жұмыс оқу бағдарламасы (силлабус) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 603 бұйрығымен бекітілген, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Философия» жалпы білім беру пәнінің типтік оқу бағдарламасы негізінде жасалған.

Курс саясаты. Академиялық кезеңде семинар барысында «Философия» пәні аралас форматта оқытылады. «Философия» пәні бойынша дәрістер видеолекция түрінде онлайн форматта өткізіледі. Сондай-ақ, 30 семинар және 15 ОБӨЖ сабақтары қарастырылған. Сондай-ақ студенттер өз бетінше тапсырмалар орындайды.

Нәтижелі жұмыс атқару үшін студенттің академиялық адалдығын сақтауы
, оқу процесіне белсенді қатысуы, уақтылы берілген тапсырмаларды бақылау кестесіне сай орындап отыруы қажет. Пәнді оқу кезінде сізді ұстамды және ашық-жарқын болуға шақырамыз. Студенттің мінез-құлқы мен жүріс-тұрысы университеттің ішкі тәртіп ережелерінің талаптарына сай келуі керек.

Студент оқытушы ұсынған лекциялар конспектісін, видео-лекцияларды, презентациялар мен тізімде көрсетілген электронды ресурстар, негізгі және қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, әрбір семинар сабақтарына және өзіндік жұмысына (БӨЖ) мұқият дайындалуы керек.

Пән бойынша тапсырмаларды бағалау бақылау кестесіне сәйкес жүргізіледі. 4, 6, 8, 10, 12 және 14 апталарда процентпен көрсетілген бағалар дерекқорға енгізіледі. Максималдық балл 10-12 балға тең және балдық-рейтингтік шкала бойынша 0 - 100% шамасымен бағаланады.

Пән бойынша оқу процесін мониторингтеу үшін 2 аралық бақылау өткізіледі: бірінші аралық бақылау (АБ №1) 8 аптада, екінші аралық бақылау (АБ №2) 14 аптада. Академиялық кезеңнің 4, 6 және 8 апталарының қосынды балы бірінші аралық бақылаудың максималдық балын құрайды және оның көлемі 30 балға дейін (100% дейін) болады. 10, 12 және 14 апталардың қосынды балы екінші аралық бақылаудың максималдық балын құрайды және оның көлемі 30 баллға дейін (100% дейін) болады. Екі аралық бақылаудың максималдық қосынды балы – 60 балды (100%) құрайды.

Тапсырмалар мен материалдарды жүктеу үшін міндетті түрде университеттің ресми LMS – Сириус қолданылуы қажет. Оған кіру студенттің порталы арқылы орындалады.


Пәннің мақсаты мен міндеттері

Мақсаты:Философия теориясы және философияның негізгі даму кезеңдері туралы ғылыми білім беру, студенттерді философияның өзекті мәселелерімен және мәңгілік өз мәнін жоғалтпайтын сұрақтарымен таныстыру, болашақ мамандардың қазіргі әлемге өзіндік көзқарастарын қалыптастыра отырып, болашақ маман ретінде шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыруға көмек көрсету.

Міндеттері: дүниетанымдық және әдістемелік мәселелер төңірегінде қажетті білім алу; өз дүниетанымын жүйелеу; әлемнің ғылыми және діни бейнесіне, философиялық ойлардың тарихи типтеріне талдау жасау және философиялық білімді игеру; болашақ мамандардың философиялық көзқарасын және әдістемелік деңгейі мен мәдениетін қалыптастыру;рухани және материалдық құндылықтардың өзара ерекшеліктерін айыра білу, олардың өркениет, қоғам, адамның өмірлік іс-әрекетіндегі рөлі мен маңызын тани білу; студенттерді өз бетімен сыншыл және логикалық ойлауға үйрету.

Сағат саны

Лекция – 10,5 сағат

Семинар сабақтары – 45 сағат

ОБӨЖ – 15 сағат

БӨЖ – 79,5 сағат

Барлығы – 150 сағат

Оқыту нәтижесі

Бағдарламаны меңгеру қорытындысы бойынша білім алушы келесі оқу нәтижелеріне ие болады:

- Философияның пәнін, атқаратын қызметтерін, негізгі категорияларын, әлемдік және қазақ философиясының негізгі даму кезеңдері мен қарастыратын мәселелерін, қазақ халқының рухани мұрасы мен ұлттық кодын білу;

- Шындық болмысты философиялық тұрғыдан ұғынудың ерекшелігін түсіндіре алу, дүниетанымды табиғи және әлеуметтік дүниені философиялық тұрғыдан ұғынудың және зерттеудің нәтижесі ретінде негіздей алу, іргелі дүниетанымдық ұғымдарды қазіргі замандағы адамның әлеуметтік және жеке болмысының құндылықтары ретінде негіздей алу;

- Талдау жасаушылық, сыншылдық және шығармашылық ойлау қабілетіне ие болу.

Білімін бағалау

Сабақтағы белсенділік: 6х1+20х1,5=36

(№ 2, 3, 4 аптадағы 3, 4, 5, 6, 7, 8 семинарлар 1 баллдан), (№5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14 апталардағы №9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 28, 28 семинарлар 1,5 баллдан);

Эссе: 1х4=4 балл (4 апта)

Глосарий 1х4=4 балл (6 апта)

АБ сұрақтары бойынша коллоквиум: 2х4=8 (8, 14 апта)

Презентация тапсыру: 1х4=4 балл (10 апта)

Видеоролик 1х4=4 балл (12 апта)
Барлығы: 60


Қорытынды бақылау

Емтихан (тест): 40 балл


Техникалық талаптар

Университеттің ресми LMS - Сириус бағдарламасы. Ерекше талаптар жоқ

Ресурстар мен дереккөздер / негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер тізімі:

1. Алтаев Ж. Философия тарихы [Электрондық ресурс] : Оқулық / Ж. Алтаев, А. Қасабек. - Алматы : Қазақ университеті, 2017. - 338 б., 8 б.

http://elib.dulaty.kz/MegaPro/Download/MObject/6890

2. Философия негіздері [Электрондық ресурс] : оқулық / Құраст. Ғабитов Т.Х. - Алматы : Лантар Трейд, 2019. - 337 б. http://elib.dulaty.kz/MegaPro/Download/MObject/49

3. Мырзалы, С. Философия [Мәтін]: оқу құралы / С. Мырзалы.- Алматы: Бастау, 2017.- 648 б.

4. Алтаев Ж. Қазақ философиясы [Электрондық ресурс] : Оқулық / Ж. Алтаев, А. Қасабек. - Алматы : Қазақ университеті, 2017. - 222 б. http://rmebrk.kz/book/1175388 http://elib.dulaty.kz/MegaPro/Download/MObject/7093

5. Сегізбаев О.А. Қазақ философиясының тарихы (Ежелгі түсініктерден XIX-XX ғасырдың бірінші жартысының ілімдеріне дейін) [Мәтін] : оқу құралы / О.А. Сегізбаев; Орыс тілінен ауд. Г.Ж. Нұрышева. - Алматы : Қазақ университеті, 2017. - 330 б. http://rmebrk.kz/book/1175395

6. Рассел Бертран. Батыс философиясының тарихы [Мәтін] = History of western philosophy : оқулық / Рассел Бертран; Бас ред. А.Б.Исембердиева; Ауд.А.Шәріп, М.Тәж-Мұрат, М. Ізімұлы, А.Бейсебаев, С.Қайратұлы, А.А.Айтенова . - Алматы : "Ұлттық аударма бюросы" ҚҚ, 2020. - 896б.

7. Абдрасилова Г.Философия: тарихи, теориялық дискурс [Мәтін] : оқу құралы. 1-том / Г. Абдрасилова. - Алматы : Қазақ университеті, 2018. - 328 б. 

8. Мейір Ж., Оразалиев Б. Философия. Оқу құралы. - Астана:Фолиант, 2014. - 280 б.

9. Хесс Р. Философияның таңдаулы 25 кітабы.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018 жыл. - 360 б

10. Жүншеев, Р.Е. Философия (Логикалық -құрылымды кестелер мен сызбалар) [Мәтін] : Оқу құралы / Р.Е. Жүншеев, Г. Мусабекова. - Нұрсұлтан : Фолиант, 2019. - 488б.

Қосымша әдебиеттер тізімі:

1. Философия [Мәтін] : Оқулық / Д. Кішібеков, Ұ. Сыдықов. - 10-шы бас. - Алматы : Қарасай, 2010. - 360б.

2. Нурсултан Назарбаев - Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру [Мәтін] . - Астана : ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты, 2017. - 512 б.

3. Сыбанбаев Қ.Ү.Философия: білім негіздері [Электрондық ресурс] : Оқу құралы / Қ.Ү. Сыбанбаев. - Алматы : Экономика, 2013. - 234б. http://lib.tarsu.kz/rus/all.doc/Elektron_res/Sibanbaev(Filosofia).rar

4. Есім, Ғ.Фалсафа тарихы  [Мәтін]: оқулық-хрестоматия / Ғ. Есім.Алматы: РБК, 2000.- 278б.

5. Кенни Энтони. Батыс философиясының жаңа тарихы, 1-том, Антика философиясы.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018жыл. - 408б http://rmebrk.kz/book/1169344

6. Кенни Энтони. Батыс философиясының жаңа тарихы, 2-том, Орта ғасыр философиясы.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018жыл- 400б

7. Кенни, Э. Батыс философиясының жаңа тарихы 3-том. Қазіргі заман философиясының бастауы / Э. Кенни; Ауд. Г.Ж. Нурышева.- Алматы: "ұлттыќ аударма бюросы" ҚҚ, 2019.- 412 б).

8. Кенни, Э. Батыс философиясының жаңа тарихы 4-том. Қазіргі заман философиясы / Э. Кенни; Ауд. А. Байдлаева.- Алматы: "Ұлттыќ аударма бюросы" ҚҚ, 2019.- 420 б.

9. Джонстон Д. Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дерридаға дейін.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018.-216б

10. Үнді философиясының тарихы [Мәтін] = History of indian philosophy : оқулық / Құраст. П.Билимориа; Бас ред. А.Б.Исембердиева; Ауд. Г.С.Жолдасбаева, Е.Н.Ысқақов, Б.М.Мизамхан . - Алматы : "Ұлттық аударма бюросы" ҚҚ, 2020. - 720б.

11. Касулис Томас П. Жапон философиясының қысқаша тарихы [Мәтін] = Engaging japanese philosophy:a short history : оқулық / Касулис Томас П; Бас ред. А.Б.Исембердиева; Ауд. А.К.Байдлаева, Г.Ж.Нұрышева . - Алматы : "Ұлттық аударма бюросы" ҚҚ , 2020. - 804б.

12. Мак Гиннис Джон. Классикалық араб философиясы:антология [Мәтін] = Classical Arabic Philosophy : оқулық / МакГиннис Джон, Райсман Дэвид С.; Бас ред. А.Б.Исембердиева; Ауд.Б.Ш.Абдилхаким, А.Ғ.Тасболат, Ұ.Е. Кенжебаева, М.С.Ибраемова . - Алматы : "Ұлттық аударма бюросы" ҚҚ, 2020. - 476б.

13. Әл-Рубайхеб Халид. Ислам философиясы [Мәтін] = Islamic philosophy : Оксфорд оқулығы / Әл-Рубайхеб Халид, Шмидтке Сабина; Ауд. А.Ғ. Тасболат, М.Ж.Төлеген. - Алматы : "Ұлттық аударма бюросы" ҚҚ, 2020. - 828б. оқулық

14. Уолф, Д. Саясат философиясына кіріспе [Мәтін] = An introductinto political philosophy: оқулық / Д. Уолф; Ауд. Д.А.Сиқымбаева.- 3-ші басылым.- Алматы: "Ұлттық аударма бюросы" ҚҚ, 2020.- 232 б.

15. Элдридж Ричард. Өнер философиясына кіріспе [Мәтін] = An introduction the philosophy of art : оқулық / Элдридж Ричард; Бас ред. А.Б.Исембердиева; Ауд. Е.Жеңісұлы . - 2-ші басылым . - Алматы : "Ұлттық аударма бюросы"ҚҚ, 2020. - 304б.
Ұсынылатындар:

1. Тұрғынбаев, Ә.Х. Философия [Электрондық ресурс]: Оқу құралы / Ә.Х. Тұрғынбаев. – 2-ші рет бас.өңд.толық.- Алматы: Білім, 2005. – 304б. http://rmebrk.kz/book/1005136

2. Рахметов Қ.Ж. Философия : оқу құралы / Қ.Ж. Рахметов, Ж.Н. Сәрсенова. - Алматы, 2009. - 88б. http://lib.tarsu.kz/rus/all.doc/Elektron_res/EU/Rahmetov(filosofia).rar

3. Жақып Қ.Х. Сызба-кесте түріндегі философия [Электрондық ресурс] : Оқу-әдістемелік құрал / Қ.Х. Жақып, Б.Қ. Тотин. - Қостанай : ҚМПИ, 2009. - 144б. http://lib.tarsu.kz/rus/all.doc/Elektron_res/Zhakip(Cizba_kecte).rar

4. Баярисов, Р.У. Философия [Электрондық басылым]: электронды оқу құралы / Р.У. Баярисов.- Тараз: ЖАТО, 2017.-: СD.

5. Иманбаев, А.А. Философия: әдістемелік нұсқаулар, тақырыптарға қысқаша мәліметтер, логикалық-құрылымды кестемелер, бақылау тапсырмалардың жиынтығы [Мәтін]: әдістемелік нұсқау / А.А. Иманбаев.- Тараз: Тараз университеті, 2019.- 437 б.

6. Иманбаев А.А. Философия [Мәтін] : оқу-әдістемелік құрал (инновациялық әдістер) / А.А. Иманбаев, М.Ж. Спанов. - Тараз : Тараз университеті, 2017. - 97 б.



Курстың құрамы/мазмұны


Апталар

Лекция, практикалық және зертханалық сабақтардың, БӨЖ тақырыптарының атаулары

Сағат саны

1-апта

№1 видеолекция

КІРІСПЕ

Тақырып: Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философия пәні мен әдісі.

https://www.youtube.com/watch?v=mv74SXZqbzs

-

1-апта

№1 семинар сабағы


Тақырып: Философияның пәні, функциялары мен міндеттері.

1. Философияның анықтамасы мен пәні, қарастыратын мәселелері.

4. Философия функциялары.

1,5 сағ

№2 семинар сабағы


Тақырып: Философия және дүниетаным.

1.Дүниетаным, оның деңгейлері мен формалары.

2.Дүниенің ғылыми, философиялық, діни бейнелері.

3. Дүниетанымның тарихи түрлері: мифология, дін, философия және олардың арақатынасы.

1,5 сағ

2-апта

№2-3 видеолекция

Тақырып: Философия білім мен рухани қызметтің ерекше түрі ретінде.

https://www.youtube.com/watch?v=6GHNxbdNxoo&t=198s

Тақырып: Сана, рух және тіл.

https://www.youtube.com/watch?v=uRxbMll-6_c


1,5 сағ

2-апта

№3 семинар сабағы

Тақырып: Философияның негізгі бөлімдері

1.Философияның негізгі бөлімдері – онтология, гносеология, философиялық антропология, логика, этика, эстетика, әлеуметтік және саяси философия.

2. Философияның адам мен қоғам өміріндегі рөлі.

1,5 сағ

№4 семинар сабағы

Тақырып: Философияның негізгі бағыттары

1. Философияның негізгі мәселесі және оның екі жағы. 2. Материализм (оның формалары), идеализм (оның формалары), деизм, пантеизм, агностицизм, скептицизм - философияның негізгі бағыттары ретінде.

1,5 сағ

3-апта

№5 семинар сабағы


Тақырып: Сана философиялық мәселе ретінде.

1. Сананың мәні мен табиғаты.

2. Сананың құрылымы.

3. Сана мен ми. Ойлау және тіл.

4. Сана және өзіндік сана.

1,5 сағ


№6 семинар сабағы


Тақырып: Философиялық «сана және бейсаналық» ұғымдарын салыстырмалы талдау.

1. Философиядағы сана мәселесі.

2. Сана, бейсаналық. Бейсаналықтың философиядағы негізгі концепциялары (З. Фрейд, К.Г. Юнг).

3. Постмодерндік философиядағы сана және қазіргі заманғы мәдениет.

4. «Жасанды интеллект» мәселесі.

1,5 сағ

3-апта

№1 ОБӨЖ


Эссе жазудың ережелерімен таныстыру

1,5 сағ

4-апта

№4-5 видеолекция


Тақырып: Болмыс. Онтология және метафизика.

https://www.youtube.com/watch?v=WmdEHqdcsJ4&t=145s

Тақырып: Таным және шығармашылық.

https://www.youtube.com/watch?v=Stwy7ifa4uw&t=103s


1,5 сағ

4-апта

№7 семинар сабағы



Тақырып: Болмыс мәселелері және онтологияның негізгі категорияларын талдау.

1. Философия тарихындағы болмыс ұғымы. Болмыстың негізгі формалары және олардың өзара байланысы.

2. Онтологияның негізгі ұғымдары: мән, құбылыс, мазмұн, форма, жеке, жалпы, бүтін, бөлік, сан, сапа, өлшем, терістеу, себеп, салдар; қажеттілік, кездейсоқтық, мүмкіндік, шындық.

1,5 сағ

№8 семинар сабағы


Тақырып: Философиядағы материя мәселесі.

1. Философия тарихындағы материя мен субстанция туралы түсінік.

2. Материяның философиялық және ғылыми-жаратылыстанулық түсінігі. Материя туралы қазіргі ғылым.

3. Қозғалыс материяның өмір сүру тәсілі ретінде. Қозғалыс және тыныштық. Материяның қозғалыс формалары.

4. Кеңістік пен уақыт материяның өмір сүру формалары ретінде.

1,5 сағ

4-апта

1 БӨЖ

Эссе

«Адам болмысы» мәселесі тақырыбына эссе дайындау (500-600 сөз)

1,5 сағ

5-апта

№9 семинар сабағы



Тақырып: Таным философиялық мәселе ретінде.

1. Танымдық іс-әрекеттің табиғаты. Танымның түрлері (қарапайым, көркем, философиялық, ғылыми).

2. Танымның объектісі мен субъектісі.

3. Сезімдік және рационалдық таным, олардың түрлері.

4. Философиядағы ақиқат мәселесі. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат.

5. Практика – ақиқаттың өлшемі.

1,5 сағ

№10 семинар сабағы


Тақырып: Ғылымдағы әдіс мәселесі. Ғылым және техника.

1. Ғылыми танымның құрылымы. Танымның эмпирикалық және теориялық деңгейлері.

2. Эмпирикалық таным әдістері: бақылау, өлшеу, салыстыру, эксперимент.

3. Теориялық таным әдістері: тарихи, логикалық. Жалпылогикалық зерттеу әдістері: анализ, синтез, абстракция, идеализация, индукция, дедукция, аналогия, модельдеу.

4. Сциентизм және антисциентизм. Ғылым мен техника.

1,5 сағ

5-апта

№2 ОБӨЖ


Реферат орындаудың талаптарымен таныстыру, кеңес беру.




6-апта

№6-7 видеолекция

Тақырып: Білім, ғылым, техника және технологиялар.

https://www.youtube.com/watch?v=FVVPntgWKMA&t=335s

Тақырыбы: Адам.

https://www.youtube.com/watch?v=u0deXKv3zL4&t=4s


1,5 сағ

6-апта

№11 семинар сабағы


Тақырып: Қазіргі ғылымның жетістіктері және оның себептері.

1.Әдіс мәселесі. Танымның негізгі әдістері.

2. Ғылыми таным әдістері және және ғылыми ақиқат ерекшелігі.

3. Ғылыми және ғылыми емес білімнің демаркациясы мәселесі.

1,5 сағ

№12 семинар сабағы


Тақырып: Білім. Ғылым.

1. Білім, ғылым әлеуметтік институт ретінде.

2. Ғылымдардың жіктелуі: Аристотель, әл-Фараби, Ибн-Сина, Ф.Бэкон, Г. Гегель, О. Конт.

3. Шоқан Уалихановтың ғылым философиясы.

4. Ыбырай Алтынсариннің білім философиясы. «Білімді адам» моделі.

5. Отандық ғылым мен білімнің дамуындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының үлесі.

1,5 сағ

6-апта

2 БӨЖ

Глоссарий

Глоссарий тапсыру

1,5 сағ

7-апта

№13 семинар сабағы


Тақырып: Қазіргі философиядағы адам мәселесін салыстырмалы талдау тәжірибесі.

1. Адамның мәнін маркстік тұрғыдан түсіну.

2. Ф. Ницше философиясындағы «аса күшті адам». Адам және оның әлемдегі болмысы: экзистенциализм. Іскер адам: прагматизм.

3. Адам символдық жануар ретінде: Э.Кассирер. И.Хейзенганың «ойнаушы адамы», Г.Маркузенің «бір өлшемді адамы».

4. ХХ ғасырдағы философиялық антропология (М. Шелер, Х. Плеснер, А. Гелен).

5. Қазақ философиясындағы адам мәселесі. Адам мәселесінің Абай даналығында бейнеленуі. Шәкәрімнің адамның өмірмәндік бағдары туралы экзистенциалдық рефлексиясы.

1,5 сағ

№14 семинар сабағы


Тақырып: Адамның шығу тегі мен мәні.

1. Антропосоциогенез: адамның қалыптасу процесі. Антропогенез факторлары (практикалық қызмет, әлеуметтік және адамгершілік нормалар, сөйлеу және т.б.).

2. Адамның мәні мен табиғаты. Адамдағы биологиялық және әлеуметтік бірлік. Адамның тұтастығы.

3. Адам, индивид, индивидуалдылық, тұлға. Тұлғаның генезисі. Тұлғаның әлеуметтенуі. Тұлғаның дербестігі мен тұтастығы.

4. Қазіргі жаһандық әлемдегі және ақпараттық мәдениеттегі адам мәселесі.

1,5 сағ

7-апта

№3 ОБӨЖ


Коллоквиум сұрақтарын қарастыру (АБ дайындық).

1,5 сағ

8-апта

№8-9 видеолекция

Тақырып: Өмір мен өлім. Өмірдің мәні

https://www.youtube.com/watch?v=oa25Nye-bI4&t=30s

Тақырып: Этика. Құндылықтар философиясы.

https://www.youtube.com/watch?v=qCg9esTFpic&t=59s


1,5 сағ

8-апта

№15 семинар сабағы



Тақырыбы: Философия тарихындағы өмір, өлім және өлместік мәселесі.

1. Өмірдің мәні туралы философиялық ілімдер: гедонизм, эвдемонизм, парыз этикасы, аскетизм, утилитаризм, прагматизм, фатализм, волюнтаризм.

2. Қорқыт дүниетанымындағы өлместік мәселесі.

2. Фалсафа дәстүріндегі Қожа Ахмет Йассауидің мистикалық дүниетанымы.

3. Махаббат Абай философиясындағы сезім қалыптастырушы қағида ретінде. «Махаббатпен жаратқан адамзатты...» Өмірдегі мәнді құндылықтарға үйрету.

1,5 сағ

№16 семинар сабағы


Тақырыбы: Адам өмірінің мәні мен мақсаты.

1. «Өмірдің мәні» және «өмір мақсаты» ұғымдары.

3. Адам өмірінің мәні мен құндылығы.

4. Өлім мен өлместік философиялық және жеке мәселе ретінде. «Өлім құқығы» мәселесін талқылау. Эвтаназия мәселесі.

5. Өмірдің мәні қазақ философиясының негізгі категориясы ретінде

1,5 сағ

8-апта

3 БӨЖ

Коллоквиум

1 аралық бақылау сұрақтарына жауап (ауызша)

1,5 сағ

9-апта

№17 семинар сабағы


Тақырып: Этика мораль мен адамгершілік туралы ілім ретінде.

1. Этиканың негізгі мәселелері: жақсылық пен жамандық, борыш, бақыт, өмірдің мәні.

2. Негізгі этикалық ұғымдар: ізгілік этикасы, борыш этикасы, құндылықтар этикасы, утилитаризм. Л. Толстойдың зорлық-зомбылықсыз этикасы, М. Ганди, Альберт Швайцердің өмірді қастерлеу принципі.

3. Қолданбалы этика: саяси этика, адам құқығы, биоэтика, экологиялық этика.

1,5 сағ

№18 семинар сабағы

Тақырып: Құндылықтар философиясы.

1. Құндылықтар ұғымы. Құндылықтарды жіктеу.

2. Құндылықтардың түрлері: материалдық және рухани құндылықтар.

3. Қазіргі аксиологиялық теориялар (М. Шеллер, Г. Риккерт, Р. Ингартен, Э. Фромм).

4. Қазіргі қоғамдағы рухани құндылықтардың дағдарысы. Батыс және Қазақстан қоғамы құндылықтарының қайшылықтары.

1,5 сағ

9-апта

№4 ОБӨЖ

Презентация орындаудың талаптарымен таныстыру, кеңес беру.

1,5 сағ

10-апта

№10-11 видеолекция

Тақырып: Еркіндік философиясы.

https://www.youtube.com/watch?v=RS7lLezQ8Q4&t=2s

Тақырып: Өнер философиясы.

https://youtu.be/54Sggk_pU6g

1,5 сағ

10-апта

№19 семинар сабағы


Тақырып: Философиядағы еркіндік мәселесі.

1. Ерік бостандығы. Еркіндік деңгейлері. Оң және теріс еркіндік.

2. Еркіндік, әділдік, адамның өмірі мен намысы адамгершілік-құқықтық құндылықтар ретінде.

3. Саяси еркіндік. Ұлттық еркіндік.

4. Еркіндік – қазіргі демократиялық мемлекеттердің негізгі идеяларының бірі. Жеке еркіндік және табиғи құқық.

1,5 сағ

№20 семинар сабағы


Тақырып: Ерік бостандығы мәселесін түсіну және түсіндіру.

1. Тұлғаның, оның еркіндігінің, өмірді, табиғатты және мәдениетті сақтау жауапкершілігінің қалыптасу шарттары.

2. Сөз және көзқарас еркіндігі.

3. Еркіндік пен шығармашылық – адамның мәдениетте шын мәнінде өмір сүруінің тәсілі.

1,5 сағ

10-апта

4 БӨЖ презентация

«Қазіргі Қазақстан жастарының этикалық құндылықтары» тақырыбына презентация дайындап тапсыру (12-15 слайд)

1,5 сағ

11-апта

№21 семинар сабағы


Тақырып: Негізгі эстетикалық категориялар. Өнердің әлеуметтік рөлі мен функциялары.

1. Мәдениет пен өнердің қарым-қатынасы. Өнер ұғымы.

2. Өнердің функциялары мен түрлері.

3. Өнердің негізгі категориялары.

4. Адам өмірінің эстетикалық өлшемі. Эстетикалық тәрбие.

5. Қазақ халқының өнер философиясы. Ұлттық аспаптар қобыз, домбыра көшпенділердің рухани мәдениетінің көрінісі. Қазақтардың дәстүрлі музыкасының ерекшеліктері. Күй – қазақ өнерінің феномені.

1,5 сағ

№22 семинар сабағы


Тақырып: Қазіргі көркем мәдениеттің философиялық негіздері.

1. Қазіргі заманғы өнердің кезеңдері: авангард, модернизм, постмодернизм.

2. Қазіргі көркем мәдениеттің құрылымы. Элиталық өнер. Бұқаралық өнер. Халық шығармашылығы.

3. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдың тенденциялары мен қайшылықтары. Цифрлық дәуірдегі өнер.

4. Өнердің әлеуметтік мақсаты және суретшінің әлеуметтік жауапкершілігі мәселесі.

1,5 сағ

11-апта

№5 ОБӨЖ


«Қазіргі заманғы адамның өміріндегі өнердің рөлі» тақырыбына материалдар жинақтау жұмыстарын жүргізу

1,5 сағ

12-апта

№12-13 видеолекция

Тақырып: Қоғам және мәдениет.

https://www.youtube.com/watch?v=ORnN9ziNqco&t=334s

Тақырып: Тарих философиясы.

https://www.youtube.com/watch?v=9hRZ0MXqcm4


1,5

12-апта

№23 семинар сабағы

Тақырып: Қоғамдық сана феномені: формалары, құрылымы, мәні

1. Қоғамдық сана ұғымы.

2. Қоғамдық және жеке сана, олардың өзара әрекеттесуі.

3. Қоғамдық сананың деңгейлері: әлеуметтік психология және идеология.

4. Қоғамдық сананың формалары.

1,5 сағ

№24 семинар сабағы

Тақырып: Қоғам. Мәдениет.

1. Қоғам ұғымы. Қоғамның құрылымы: базис және қондырма.

2. Қоғамның әлеуметтік құрылымы.

3. Қоғамның түрлері. Өнеркәсіптік қоғам теориясы (Р. Арон, У. Ростоу, О. Тоффлер және т. б). Дэниел Беллдің постиндустриалды қоғам тұжырымдамасы. Ақпараттық қоғам. Ашық қоғам. Мануэль Кастельстің желілік қоғам тұжырымдамасы. Модернизация. Урбанизация.

4. Мәдениет ұғымы. Материалдық және рухани мәдениет. Мәдениет және коммуникация.

1,5 сағ

12-апта

5 БӨЖ

видеоролик

«Қазіргі заманғы адамның өміріндегі өнердің рөлі» тақырыбына видеоролик дайындап тапсыру

1,5 сағ

13-апта

№25 семинар сабағы

Тақырып: Тарихтың мәні, бағыты мен мақсаты

1. Тарихи процестегі заңдылық пен кездейсоқтық. Қоғам дамуының революциялық және эволюциялық жолы.

2. Тарихи процестің субъектілері мен қозғаушы күштері.

3. Тарихтағы халық бұқарасы мен тұлғаның рөлі.

4. Әлеуметтік прогресс және оның өлшемдері.

5. Қазақ философиясындағы тарихи даму мәселелерін талдау. Асан Қайғы: Жерұйық философиясы. Қазақстан тәуелсіздігі тарихының философиясы. Қазақстанның эволюциялық дамуы елдің гүлдену мүмкіндігі.

1,5 сағ

№26 семинар сабағы

Тақырып: Қазіргі өркениеттің даму ерекшеліктері.

1. Қазіргі өркениет, оның даму ерекшеліктері мен қарама-қайшылықтары.

2. Қазіргі заманның жаһандық мәселелері: пайда болу себептері, негізгі белгілері, жіктелуі, шешу жолдары.

3. Жаһандану идеялары және адамзат қоғамының болашағы жайлы мәселе.

1,5 сағ

13-апта

№6 ОБӨЖ


№2 Коллоквиум сұрақтарын қарастыру (АБ дайындық).




14-апта

№14-15 видеолекция

Тақырып: Дін философиясы

https://www.youtube.com/watch?v=Pm7XBdfp5Wk

Тақырып: «Мәңгілік Ел» идеясы және «Рухани жаңғыру» жаңа Қазақстан философиясы.

https://youtu.be/U8HgNZwaRNM


1,5 сағ

14-апта

№27семинар сабағы

Тақырып: Діннің мәні, құрылымы және функциялары.

1. Діннің қоғамдық сананың формасы ретіндегі ерекшелігі. Дін және өнер. Дін және философия. Ғылым және дін.

2. Діндердің мәні мен түрлері.

3. Діннің элементтері мен құрылымы, функциялары.

4. Зайырлылық және ар-ождан бостандығы.

1,5 сағ

№28 семинар сабағы

Тақырып : Әлемдік діндердің «феномені»

1. Буддизм, оның негізгі бағыттары.

2. Христиандық, оның пайда болу тарихы және негізгі формалары.

3. Ислам. Исламның қалыптасу тарихы, оның догматикасы және негізгі бағыттары. Сопылық (әл-Ғазали, Қожа Ахмет Яссауи).

4. Дін дамуының қазіргі тенденциялары. Дәстүрлі емес діни қозғалыстар мен культтер.

1,5 сағ

14-апта

6 БӨЖ

Коллоквиум


2 Коллоквиум сұрақтарын тапсыру

1,5 сағ

15-апта

№29 семинар сабағы

Тақырып: «Мәңгілік Ел» идеясы

1. «Қазақстан – 2050» стратегиясы және ондағы басты мақсаттар мен негізгі міндеттер.

2. «Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясы: бастауы, мазмұны және Қазақстанның болашағы үшін тарихи маңызы.

1,5 сағ

№30 семинар сабағы

Тақырып: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы – Тәуелсіз Қазақстан философиясының рухани бағдарлары.

1. Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы басты бағыттар мен құндылықтар.

2. Рухани жаңғыру бағдарламасында белгіленген негізгі жобалар және оларда белгіленген міндеттердің Қазақстанның дамуында алатын орны.

1,5 сағ

15-апта

БАОӨЖ

8

Емтихан сұрақтарын талқылау

1,5

сағат




Тапсырманың орындалуын бақылау кестесі


Апта



Тапсырма түрлері

Maкс. балл

Критерийлер және бағаның сипаттамасы, %

1

№1,2 семинар тақырыптары бойынша сабақтағы белсенділік


-

Кіріспе тақырып болғандықтан бағалау қарастырылмаған.

2

№3,4 семинар

бойынша сабақтағы белсенділік

1х2=2

Әр семинар тақырыбы үшін бойынша толық ауызша жауап үшін 1 балл – 100%, толық емес ауызша жауап үшін 0,5 балл – 50%, жауап бермеген жағдайда балл қойылмайды.

3

№5,6 семинар

бойынша сабақтағы белсенділік

1х2=2

Әр семинар тақырыбы үшін бойынша толық ауызша жауап үшін 1 балл – 100%, толық емес ауызша жауап үшін 0,5 балл – 50%, жауап бермеген жағдайда балл қойылмайды.

3

№1 ОБӨЖ


-

Эссе жазудың ережелерімен таныстыру бойынша балл қарастырылмаған

4

№7,8 семинар

бойынша сабақтағы белсенділік

1х2=2

Әр семинар тақырыбы үшін бойынша толық ауызша жауап үшін 1 балл – 100%, толық емес ауызша жауап үшін 0,5 балл – 50%, жауап бермеген жағдайда балл қойылмайды.

4

№1 БӨЖ

Эссе

4

Тақырыптың мазмұны ашылып, көлемі мен құрылымы талапқа сай болған жағдайда 4 балл – 100% (кемінде 500-600 сөз);

Тақырыптың мазмұны ашылып, бірақ бірізділік сақталмай, құрылымы мен көлемі сақталмаған жағдайда 3 балл – 75%;

Тақырыптың мазмұны толық ашылмаған, жоспарсыз жасалған жағдайда 2 балл-50%;

Тақырыптың мазмұны толық ашылмаған, құрылымы мен көлемі сақтамаған жағдайда 1 балл – 25%.

1-4

Барлығы

10/100%

дейін

1,2,3,4 апталар бойынша тапсырма баллдары қосылады (max мәннен % үлесі анықталады)

5

№9,10 семинар

бойынша сабақтағы белсенділік

1,5х2=3

Әр семинар тақырыбы үшін бойынша толық ауызша жауап үшін 1,5 балл – 100%, толық емес ауызша жауап үшін 1 балл – 50%, жауап бермеген жағдайда балл қойылмайды.

5

№2 ОБӨЖ


-

Реферат орындаудың талаптарымен таныстыру, кеңес беруге балл қарастырылмаған.

6

№11,12 семинар

бойынша сабақтағы белсенділік


1,5х2=3

Әр семинар тақырыбы үшін бойынша толық ауызша жауап үшін 1,5 балл – 100%, толық емес ауызша жауап үшін 1 балл – 50%, жауап бермеген жағдайда балл қойылмайды.

6

№2 БӨЖ

Глоссарий

4

4 балл – 100%, терминдік сөз жазылып, көлемі мен сапасы талапқа сай, өте жақсы, мазмұнды орындалған болса;

3 балл – 75%, терминдік сөз жазылып мазмұнын ашылып, көлемі мен сапасы талапқа толық сай емес, орындалу деңгейі жоғары болмаса;

2 балл – 50%, терминдік сөз мазмұны толық ашылмай, көлемі мен сапасы талапқа сай емес, орындалу деңгейі төмен болса;

1 балл – 25%, терминдік сөз мазмұны ашылмай, көлемі мен сапасы талапқа сай емес, орындалу деңгейі нашар болса;

5-6

Барлығы

10/100%

дейін

5,6 апталар бойынша тапсырма баллдары қосылады (max мәннен % үлесі анықталады)

7

№13,14 семинар

бойынша сабақтағы белсенділік

1,5х2=3

Әр семинар тақырыбы үшін бойынша толық ауызша жауап үшін 1,5 балл – 100%, толық емес ауызша жауап үшін 1 балл – 50%, жауап бермеген жағдайда балл қойылмайды.

7

№3 ОБӨЖ

-

Коллоквиум сұрақтарын қарастыру бойынша балл қарастырылмаған.

8

№15,16 семинар

бойынша сабақтағы белсенділік


1,5х2=3

Әр семинар тақырыбы үшін бойынша толық ауызша жауап үшін 1,5 балл – 100%, толық емес ауызша жауап үшін 1 балл – 50%, жауап бермеген жағдайда балл қойылмайды.

8

№3 БӨЖ

Коллоквиум


4

№ 2 Аралық бақылау (АБ) сұрақтарын тапсыру барысында студент оқытушы қойған 5 сұраққа жауап беруі тиіс.

5 сұраққа толық әрі «өте жақсы» жауап бергенде –

4 балл – 100%;

4-3 сұраққа толық әрі «жақсы» жауап бергенде –

3 балл – 75%;

3-2 сұраққа толық емес, «орташа» жауап бергенде –2 балл – 50 %;

1 сұраққа қанағаттанарлықтай жауап бергенде –

1 балл – 25% қойылады.

Жауап бермеген жағдайда балл қойылмайды


7-8

Барлығы

10/100%

дейін

7,8 апталар бойынша тапсырма баллдары қосылады (max мәннен % үлесі анықталады)

9

№17,18 семинар

бойынша сабақтағы белсенділік


1,5х2=3

Әр семинар тақырыбы үшін бойынша толық ауызша жауап үшін 1,5 балл – 100%, толық емес ауызша жауап үшін 1 балл – 50%, жауап бермеген жағдайда балл қойылмайды.

9

№4 ОБӨЖ


-

Презентация орындаудың талаптарымен таныстыру, кеңес беру.


10

№19,20 семинар

бойынша сабақтағы белсенділік


1,5х2=3

Әр семинар тақырыбы үшін бойынша толық ауызша жауап үшін 1,5 балл – 100%, толық емес ауызша жауап үшін 1 балл – 50%, жауап бермеген жағдайда балл қойылмайды.


10

№4 БӨЖ

презентация


4

Презентация тақырыптың мазмұнын ашып, көлемі мен сапасы талапқа сай (15 слайдтан кем емес), слайдтар «өте жақсы», мазмұнды орындалған жағдайда – 4 балл - 100%;

Презентация тақырыптың мазмұнын ашып, көлемі мен сапасы талапқа толық сай емес (12 слайдтан кем емес), орындалу деңгейі «жақсы» болған жағдайда – 3 балл – 75%;

Презентация тақырыптың мазмұны толық ашыл-маған, көлемі мен құрылымы талапқа сай (кемінде 8 слайд) болмаған жағдайда 2 балл – 50%;

Презентация тақырыптың мазмұнын ашпай, кө-лемі мен құрылымы мүлдем талапқа сай болмаса және уақытында өткізбесе – 1 балл – 25%;

Жауап бермеген жағдайда балл қойылмайды.

Презентацияны орындаудың талаптары:

1. Басты титулдық беттің болуы (тақырыбы, сту-денттің толық аты-жөні, курсы, тобы, тексерушінің аты-жөні);

2. Жоспардың және презентацияның мазмұнды болуы;

3. Пайдаланған әдебиеттер мен сілтемелерін көрсету.


9-10

Барлығы

10/100%

дейін

9,10 апталар бойынша тапсырма баллдары қосылады (max мәннен % үлесі анықталады)

11

№21, 22 семинар

бойынша сабақтағы белсенділік


1,5х2=3

Әр семинар тақырыбы үшін бойынша толық ауызша жауап үшін 1,5 балл – 100%, толық емес ауызша жауап үшін 1 балл – 50%, жауап бермеген жағдайда балл қойылмайды.


11

№5 ОБӨЖ


-

«Қазіргі заманғы адамның өміріндегі өнердің рөлі» тақырыбына материалдар жинақтау жұмыстарын жүргізу


12

№23, 24 семинар

бойынша сабақтағы белсенділік


1,5х2=3

Әр семинар тақырыбы үшін бойынша толық ауызша жауап үшін 1,5 балл – 100%, толық емес ауызша жауап үшін 1 балл – 50%, жауап бермеген жағдайда балл қойылмайды.


12

№5 БӨЖ

видеоролик

4

4-баллдан-100% видеоролик мазмұнды болғанда және өзі ақпарат бере алса, өз таңдауын дәлелдей алғанда.

3-баллдан-75% видеоролик мазмұнды болғанда және өзі ақпарат бермесе, өз таңдауын дәлелдей алғанда.

2-баллдан-50% видеоролик мазмұнды болмаса және ақпарат аз болса, өз таңдауын дәлелдей алмаса.

1-баллдан-25% видеоролик мазмұны сәйкес келмесе, өзі ақпарат бере алмаса, өз таңдауын дәлелдей алмаса. Орындамаған жағдайда бағаланбайды.


11-12

Барлығы

10/100%

дейін

11,12 апталар бойынша тапсырма баллдары қосылады (max мәннен % үлесі анықталады)

13

№25, 26 семинар

бойынша сабақтағы белсенділік


1,5х2=3

Әр семинар тақырыбы үшін бойынша толық ауызша жауап үшін 1,5 балл – 100%, толық емес ауызша жауап үшін 1 балл – 50%, жауап бермеген жағдайда балл қойылмайды.


13

№6 ОБӨЖ

-

№2 Коллоквиум сұрақтарын қарастыру бойынша балл қарастырылмаған.


14

№27, 28 семинар

бойынша сабақтағы белсенділік


1,5х2=3

Әр семинар тақырыбы үшін бойынша толық ауызша жауап үшін 1,5 балл – 100%, толық емес ауызша жауап үшін 1 балл – 50%, жауап бермеген жағдайда балл қойылмайды.


14

№6 БӨЖ

Коллоквиум


4

№ 2 Аралық бақылау (АБ) сұрақтарын тапсыру барысында студент оқытушы қойған 5 сұраққа жауап беруі тиіс.

5 сұраққа толық әрі «өте жақсы» жауап бергенде –

4 балл – 100%;

4-3 сұраққа толық әрі «жақсы» жауап бергенде –

3 балл – 75%;

3-2 сұраққа толық емес, «орташа» жауап бергенде –2 балл – 50 %;

1 сұраққа қанағаттанарлықтай жауап бергенде –

1 балл – 25% қойылады.

Жауап бермеген жағдайда балл қойылмайды


14

Барлығы

10/100%

дейін

13,14 апталар бойынша тапсырма баллдары қосылады (max мәннен % үлесі анықталады)

2 аралық бақылау

30

30 балл

Барлығы




60 балл




1-аралық бақылау сұрақтары
1. Философияның анықтамасы мен пәні.

2. Дүниетанымның тарихи түрлері: мифология, дін, философия.

3. Философияның негізгі мәселесі және оның екі жағы.

4. Философия функциялары.

5. Жан, ақыл, парасат, рух.

6. Сана онтологиялық мәселе ретінде.

7. Сананың құрылымы.

8. Философиядағы сана мәселесі.

9. Онтология болмыс туралы ілім ретінде.

10. Философия тарихындағы материя мен субстанция туралы түсінік.

11. Таным философиялық мәселе ретінде.

12. Таным және шығармашылық. Шығармашылық және түйсік.

13. Танымның объектісі мен субъектісі.

14. Философиядағы ақиқат мәселесі.

15. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат.

16. Практика – ақиқаттың өлшемі.

17. Ғылыми танымның құрылымы. Танымның эмпирикалық және теориялық деңгейлері.

18. Танымның эмпирикалық және теориялық деңгейлері.

19. Сциентизм және антисциентизм. Ғылым мен техника.

20. Білім, ғылым әлеуметтік институт ретінде.

21. Антропология-адам туралы философиялық мәселе

22. Қазақ философиясындағы адам мәселесі.

23. Антропосоциогенез: адамның қалыптасу процесі.

24. Адамның мәні мен табиғаты. Адамдағы биологиялық және әлеуметтік бірлік. Адамның тұтастығы.

25. Адам, индивид, индивидуалдылық, тұлға. Тұлғаның генезисі. Тұлғаның әлеуметтенуі. Тұлғаның дербестігі мен тұтастығы.

26. Қазіргі жаһандық әлемдегі және ақпараттық мәдениеттегі адам мәселесі.

27. Адам болмысының категориялары: бақыт, сенім, өмір және өлім.

28. Адам, оның ажалдығы және ажалсыздығы. Өмірдің мәні – оның шектеулілігін ұғыну. Уақыт, мәңгілік және мақсат.

29. Қорқыт дүниетанымындағы мәңгілік өмір мәселесі және Қожа Ахмет Йассауидың мистикалық дүниетанымы.

30. Махаббат – адамның өмір сүру мәні. Абай философиясындағы махаббат мән-мағына туғызатын бастама ретінде.
2-аралық бақылау сұрақтары
1. Аксиология және адамгершілік. Құндылықтар теориясының негіздері.

2. Этикалық нормалар мен құқық нормалары. Этикалық категориялар (парыз, игілік, мән және қажеттілік, ар-ұят, еркіндік).

3. Этиканың негізгі мәселелері: жақсылық пен жамандық, борыш, бақыт, өмірдің мәні.

4. Құндылықтар ұғымы. Құндылықтарды жіктеу.

5. Құндылықтардың түрлері: материалдық және рухани құндылықтар.

6. Философия тарихындағы еркіндік ұғымы. Адам және оның еркіндігі (Б. Спиноза).

7. М. Хайдеггердің шығармаларындағы еркіндік пен шындықтың байланысы.

8. Бостандық пен жауапкершілік (Ж. П. Сартр).

9. Еркіндік және абсурд (Альбер Камю).