Файл: 36 бетті ші беті азастан республикасыны білім жне ылым министрлігі.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 122
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ф П 042-1.01-20 -01 | Басылым № | 36 беттің -ші беті |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ «СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ» ШЖҚ РМК | ||
3 деңгейлі СМЖ құжаты | Бағдарлама | ФП 042-1.14-20 -02 |
Практикалардың әдістемелік құралы | Басылым № |
Жаратылыстану – математика факультеті
Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы
ӨНДІРІСТІК (ПЕДАГОГИКАЛЫҚ) ПРАКТИКАНЫ
ұйымдастыруға және өткізуге арналған
әдістемелік нұсқаулар
5В011100– «Информатика» мамандығы бойынша
оқитын 4 курс студенттеріне арналған
Семей
2018 ж.
1 ӘЗІРЛЕНДІ
Құрастырғандар:
____Абишова А.А. _аға оқытушы__ ___________ _____________
Ф.А.Ә. қызметі қолы күні
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1. «Информатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының отырысында
Хаттама № __________________
Кафедра меңгерушісі ___________ ______Мусатаева И.С._________
қолы Ф.А.Ә.
2.2 Жаратылыстану-математика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында
Хаттама № ___________________
Төрайымы ___________ ______Ерменова Б.О._________
қолы Ф.А.Ә.
МАЗМҰНЫ
1. Кіріспе | 4 | ||
2. Практиканың мақсаты мен міндеттері | 5 | ||
3. Практиканың алғашқы апталарында студенттердің жұмыстарын ұйымдастыру | 7 | ||
4. Практиканың кейінгі апталарындағы жұмыстарының мазмұны | 8 | ||
5. Информатика пәнінен сабақ өткізуге дайындау, оны жүргізу | 10 | ||
6. Практика құжаттарын құруға және жүргізуге қойылатын талаптар | 10 | ||
7. Өндірістік (педагогикалық) практиканың нәтижесі | 19 | ||
8. Сабақтың толық жоспары (үлгісі) | 20 | ||
| 26 31 | ||
Әдебиеттер | 36 |
КІРІСПЕ
Мектептегі оқу-тəрбие жұмысын ұйымдастыруда жетекші рөл атқаратын – мұғалім. Мұғалім – мектептегі басты тұлға.
Мұғалімнің алдында тұрған үлкен мақсат – келешекке, қоғамға, ғылым негіздерін жақсы білетін саналы, жан-жақты дамыған, тəрбиелі адам қалыптастыру. Мұғалім өз іс-əрекетін, мінез-құлқын, тəрбиенің барлық ұстанымдарына бағындырып, өзіне тапсырылған жұмысты абыройлы да, нəтижелі етіп орындауға міндетті. Бұл ұстаздың өз шəкіртіне деген сүйіспеншілігінің көрінісі болып табылады. Шəкіртке ұстаздық қызмет ету, оларды сөз жүзінде емес, іс-əрекетінен тану, олардың қабілетін дұрыс бағалау, оқушыларға жоғары талап қоя білу мен құрмет көрсету, адамгершілік қасиеттерін таба білу, оның болашақ бейнесін күні бұрын анықтай білу, оқушылардың белсенділігін үнемі тудырып отыру – тек мұғалімдік мамандыққа тəн аса қажетті қасиет болып табылады. Мұғалім мамандарын даярлайтын жоғары оқу орындарында студенттерді мектепке педагогикалық практикаға апару, мұғалімдік мамандықтың өзіне тəн қыр-сырын танып білуге, үйренуге жетелейді. Болашақ мұғалім – студент, ол педагогикалық практика кезінде мектептің типі, бүкіл оқу жылындағы оқу жұмысының құрылымы, яғни, мектептің оқу бағдарламасы, күнтізбелік жəне тоқсандық (1-4), айлық (тəрбиелік сағаттар), апталық, атап айтқанда, жеке сабақ жоспары, оқытудың формаларын, сабақ жəне сабақтан тыс жұмыстардың ретін, сабақ кестесін, үйірме жəне оқушылардың демалыс мерзімінің графигін, мектептегі оқу-тəрбие жұмысының ұйымдастырылу тəртібін игереді.
Сондай-ақ, мектепті басқару ісінің мазмұнымен жəне оны ұйымдастырудың əдіс-тəсіл ерекшеліктерімен танысады. Студент өзі игерген оқу пəнінің мектептегі жүргізілу мақсатын, игерген теориялық білім, біліктерін мектеп тəжірибесінде, практикада қолдана отырып, пəнді оқытудың технологиясы мен əдістемелік негізін үйренеді.
Сонымен бірге, болашақ ұстаздың мектеп тəжірибесінде оқу-тəрбие жұмыстарын ұйымдастыруда, сондай-ақ, жеке пəнді оқытуға педагогикалық ықпал жасауда оның психология ғылымынан алған теориялық білімін практикада қолдануға мүмкіндік туады. Педагогика үшін психологияның негіздерін іс-жүзінде пайдалану, тұлғаның дамуындағы өзіндік заңдылықтарын, баланың жас жəне дербес ерекшеліктерін білу, оқыту мен тəрбиелеудің неғұрлым тиімді əдіс-тəсілдерін таңдауға, оларды іс-тəжірибеде, практикада қолдануға теориялық негіз болады. Педагогикалық практика кезінде сынып оқушыларын психологиялық тұрғыдан зерттеу, болашақ мұғалімнің бала дамуын жəне оның жеке тұлға ретінде қалыптасу барысын дұрыс жобалауға, оған психологиялық-педагогикалық тұрғыдан дұрыс, оңды ықпал жасауға жəне олармен жұмыс істеудің неғұрлым тиімді жолдарын табуды үйренеді.
2. ПРАКТИКАНЫҢ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ
Өндірістік (педагогикалық) практиканың мақсаты
-
студенттердің ұстаз мамандығына деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін нығайту; -
студенттерді педагогикалық үрдістің біртұтас бөлігі ретінде сезіндіріп, үздіксіз кәсіби-жекедара даму мұқтаждығын қалыптастыру; -
студенттердің теориялық және практикалық білімдерін бекіту мен тереңдету; -
мектептің біртұтас педагогикалық үрдісінде қолданылатын әлеуметтік, психолого-педагогикалық және арнайы білімдерін тереңдету; -
болашақ ұстаздардың біртұтас педагогикалық үрдісінде құзыретті тәсілмен іске асыра алатын кәсіби білігі мен дағдысын қалыптастыру; -
педагогикалық іс-әрекетте шығармашылық, зерттеушілік қасиетін дамыту; -
ұстаздың жеке дара-кәсіби қасиеттерін қалыптастыру; -
«Әлеуметтік кредит» бойынша: қоғамдық сананы жаңғырту аясында білім алушылардың әлеуметтік құзыреттіліктерін қалыптастыру. -
әлеуметтік маңызды қызметке студенттерді тарту негізінде әлеуметтік құзыреттілікті қалыптастыру; -
нақты жағдайлар мен қазіргі қоғамдағы орын алып, белгілі бір әлеуметтік процестердің мазмұны танысу; -
мінез-құлықтың жеке үлгілерін қалыптастыру дағдыларын меңгеру, белгілі бір жағдайда теориялық білімді қолдану мүмкіндігі.
Өндірістік (педагогикалық) практиканың міндеті
Студенттердің өндірістік (педагогикалық) практикасының міндеттеріне мыналар кіреді:
-
педагогикалық үрдісті басқаруға мұғалімдік даярлықты қалыптастыру; -
студенттерді педагогикалық қызметке тарта отырып, мектеп оқушыларымен оқу-тəрбие жұмысын ұйымдастыруда білім, білік, дағдыларын қалыптастыру; -
болашақ мамандарды өз бетінше жұмыс істеуін жоспарлауға, ұйымдастыруға, оқушылармен оқу-тəрбие жұмысын өткізуге, тəрбие мен білім берудің өзекті мəселелерін шешуге шығармашылықпен қарауға үйрету; -
болашақ мұғалімдерді қазіргі мектеп жағдайындағы озық инновациялық іс-тəжірибелермен таныстыру, озат мұғалімдердің педагогикалық тəжірибелерін талдап қорыту, оларды игеруге дағдыландыру, ғылыми-зерттеу жұмысына(курстық, дипломдық жəне т.б.) байланысты материалдар жинақтау; -
мектептің, сыныптың тұтас педагогикалық үрдіс жағдайы және оқушы тұлғасын қалыптастыру диагностикасын жүргізу үшін жалпы педагогикалық және жалпыпсихологиялық білім, іскерлік дағдыларды жетілдіру; -
оқушылармен, пән мұғалімдерімен, мектеп психологтарымен, оқушылардың ата-анасымен қатынасты тағайындау; -
педагогикалық құзырлылығын (ұйымдастырушылық, комуникативтік, құрастыра білушілік, т.б.) дамыту және қалыптастыру; -
педагогикалық шеберліктерін қалыптастыру және дамыту; -
дәстүрлі және жаңашыл технологиялардың оқыту әдістерін үйлесімдікте пайдалану; -
педагогикалық іс-әрекеттің шығармашылық, зерттеушілік әдісін қалыптастыру; -
оқушылардың танымдық қызметін белсендіретін, әр түрлі әдістерді пайдаланып, әр түрлі типтегі сабақтарды жүргізуге студенттерді дайындау; -
тұтас педагогикалық үрдісті жүзеге асыру дайындығына өзіндік баға беруді қалыптастыру; -
өндірістік (педагогикалық) біліктілігін дамытуды жоспарлай білуді және оны нарық жағдайындағы білім беруде жүзеге асыру. -
практикант мектеп гигиенасының талаптарын орындау, оқушылардың дене тəрбиесіне көңіл бөлу, денсаулығын жақсартуға байланысты жұмыстар жүргізу. -
оқушының қоғамдық-пайдалы жұмыстарын ұйымдастыру, басшылық ету, оқушыларды өнегелікке тəрбиелеуде аға ұрпақ өкілдерімен (халық қаһармандары, өнер адамдары, ақын, жазушылар, спорт шеберлері жəне т.б.) кездесулер өткізу, этикадан əңгіме, пікірталас ұйымдастыру, сынып жиналыстарын өткізу, сынып ұжымының белсенділерімен жұмыс істеу; -
өзі өткізген жəне басқа да практикант-студенттердің өткізген ашықтəрбие сағаттарына қатысып, оларға талдау жасау; -
сынып жетекшілігі ретінде бөлініп берілген сынып оқушыларының ата-аналарымен жұмыс істеу, яғни, бала тəрбиесі жайында ата-аналармен жекеəңгіме өткізу; -
сынып ұжымы оқушыларымен болашақ мамандық таңдауға байланыстыжұмыс жүргізу, оларды бағыттау, осы бағытта ата-аналарымен жұмыс істеу, оларға ғылыми негізде жан-жақты мəлімет беру. -
қоғамға пайдалы еңбекке баулу; -
дербестік пен бастамашылықты тәрбиелеу; -
патриотизмді қалыптастыру; -
материалдық құндылықтырды сақтауға тарту; -
ұйымдастырушылық және өндірістік (педагогикалық) тәжірибені алу, командалық жұмыс жасау дағдысына ие болу -
Болашақ маманның әлеуметтік белсенділігін, өндірістік (педагогикалық) қызығушылығын және мамандыққа сүйіспеншілігін қалыптастыру;
Өндірістік (педагогикалық) практикада «Әлеуметтік кредит» бойынша студенттердің қызмет түрлері:
-
мультимедиялық кабинеттерде компьютерлік техниканы және жабдықты жөндеу және диагностикалау; -
үлгерімі төмен немесе дарынды оқушыларр үшін «ұзартылған күндізгі топтың» жұмысын ұйымдастыру; -
мектеп оқушыларының пәні немесе мүдделері бойынша үйірме жұмыстарының әртүрлі түрлерін ұйымдастыру; -
сынып жетекшісіне, мұғалімге - кабинеттің дизайнын, стенділерді, материалдарды, тақырыптық «бұрыштарды» сыныпқа қосымша әдістемелік көмек көрсету; -
мектепке іргелес аумақты жақсарту жөніндегі шараларды ұйымдастыру; -
мектептегі, сыныптағы өсімдіктер мен жануарлар «тірі бұрышын» баптау жұмыстары -
мектептің әлеуметтік паспортын жасау;
3. ӨНДІРІСТІК (ПЕДАГОГИКАЛЫҚ) ПРАКТИКАНЫҢ АЛҒАШҚЫ АПТАСЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Студенттердің практикасы университетте өткізілетін конференциядан басталады. Бұл конференцияда студенттер өтетін практиканың мазмұнымен, мақсатымен және міндеттерімен танысады.
Пән бойынша және тәрбие жұмысы бойынша тағайындалған әдіскерлермен танысады. Әр мектепке бөлінген студенттер топтары өз арасынан топ басшысын сайлайды.
Практиканың алғашқы аптасының ішінде студенттер мектептің тәжірибелі оқытушыларының сабағына, сол сияқты тәжірибесі мол сынып жетекшілерінің әр түрлі сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарына (сынып сағаты, ата-аналар жиналысы, мектеп мейрамдары т.б.) қатысып, талдау жасайды.
Сабаққа және сыныптан тыс жұмыстарға қатысып, оны талқылау кезінде студенттер педагогикалық процессті толық бақылауға және оның жеке құбылыстарына талдау жасауға, ондағы басты әрі маңызды мәселелерге көңіл аударуға, оның жеке этаптарымен элементтерін, түрлері мен әдістерін бөліп қарауға үйренеді.
Осы мерзім ішінде әрбір студент өзіне бекітілген сыныптың оқушыларымен танысады. Ол сынып журналымен, әр түрлі пән оқытушыларының сабағына қатысу, сынып жетекшісі және оқытушылармен әңгімелесу, әрбір пән бойынша сабақ үстінде және сабақтан тыс істелетін жұмыстардың жоспарымен танысу, сынып жетекшісінің жұмыс жоспарымен танысу, оқушылардың үйіне бару, кейбір жеке оқушылардың ата-аналарымен әңгімелесу, 1-2 оқушыны таңдап алып, оларды бұдан былайғы уақытта да жан-жақты зерттеп, бақылап отырудан тұрады.
Практиканың алғашқы аптасында әрбір студент оқытушының, сынып жетекшісінің және практика тобы басшысының көмегімен өз қаласына арнап оқу және тәрбие жұмысының бүкіл практика мерзіміне арналған жеке жұмыс жоспарын жасайды және сыныптан тыс жұмыстарды орындауға кіріседі.
Алғашқы аптаның ішінде дәл жасалған жұмыс жоспары практиканттардың мектепте бұдан кейін істейтін жұмыстарының сипаты мен мазмұнын анықтап береді.
Практиканың екінші аптасының басында қысқаша өндірістік жиналыс шақырылып, онда алғашқы аптада істелген жұмыстар қорытындылады және бекітілген сыныптағы оқу-тәрбие жұмысын жүргізщуге әрбір студенттің дайындығы анықталады.
4. ПРАКТИКАНЫҢ КЕЙІНГІ АПТАЛАРЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ
Өндірістік (педагогикалық) практикада сабақ жүргізеді, сондықтан белсенді практика деп те атайды. Белсенді практика жұмысы кезінде студент өз пәні бойынша белгіленген мөлшерде сабақ жүргізіп, басқа студенттердің сабағына қатысып және осы сабақтар бойынша талдау жұмысын жұргізіп отырады. Практика кезінде студенттер әдіскерлерден, пән мүғалімдерінен және педагогика кафедрасының өкілдерінен өзінің жұмыс жоспарын жасау, сабақ беру әдістемесі, сыныптан тыс жұмыстар т.б. туралы кеңес алуына болады.
Практикалық сабақ беруден бұрын сабақтың толық жоспарын жасайды. Студенттің жасағансабақ жоспарына кем дегенде бір күн бұрын әдіскер пен пән мұғалімінің сабақ жүргізуге рұқсат ететін қолдары болуы тиіс. Қол қойылмаған сабақ жоспары мен практикалық сабақ жүргізе алмайды.
Сабақтың толық жоспары мен қатар сабақтың қысқаша жоспары болуы мүмкін.
Практикант сабақ беруден басқа пән бойынша кластан тыс жұмыстар мен тәрбие жұмыстарын жүргізеді.
Өндірістік (педагогикалық) практика жетекшілерінің міндеттері
1. Топ жетекшілерінің міндеттері
-
оқу-тәрбие мекемелерінің жетекшілерімен бірге студенттерді сыныптарға бөледі, ал пән мұғалімдерімен бірге сабақтардың тақырыбын және сыныптан тыс жұмыстарды бөледі; -
студенттердің сабақтан және сыныптан тыс жұмытарын өткізуін қамтамасыз етеді, сабаққа және пән бойынша сыныптан тыс жұмыстардың дайындықтарына кеңес береді, сабақтың жоспарын және үлгісін тексеріп, бекітеді, сабақтарға және сыныптан тыс жұмыстарға қатысып, оларды талдайды және бағалайды, жеке өзіндік жұмыс жоспарларының орындалуын бақылайды; -
студенттердің өткізген құжаттарын жинайды және таңдайды, практика қорытындысы бойынша есеп жасайды және оны кафедрадағы комиссия мүшелерімен таныстырады;