Файл: 36 бетті ші беті азастан республикасыны білім жне ылым министрлігі.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 127
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
9 ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
Сабақтың тақырыбы: Денім сау болсын десең...
Сабақтың мақсаты:
-
«Қазақстан 2030 бағдарламасында» айтылғандай өркениетті елдің әрбір азаматтың денсаулығы мықты болу үшін салауатты өмір салтына сай қағидаларды ұстану екендігі түсінікті. -
Психологиялық іс- әрекет арқылы жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту. -
Қоғамды зиянды заттардың адам организімін тоздырып, уландыратынын түсіндіре отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Түрлі түсті қағаздардан жасалған «аспан әлемі», зымыран, суреттер, бейнетаспа: «Ну, погади, заяц!» мультфильмі
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) оқушылардың оқу құралдарын сабаққа дайындығын және зейіндерінің сабаққа бағытталуын қадағалау.
Ә) Мұғалім:
Сәлемдесейік жымиып,
Жүректерге нұр құйып
Жылы сөздер сергітер,
Адамдарды тұңғиық
-
Ал балалар, орынымыздан тұрып, сәлемдесіп алайық
Амансың ба, Жер- ана?!
Амансың ба, Мөлдір су?!
Амансың ба, Көк аспан?!
Амансың ба, достарым?
-Жақсы, орынымызға отырайық.
ІІ. Негізгі кезең
Мұғалім:
-
Еліміздің Президенті Н.Ә Назарбаев халыққа арналған «Қазақстан 2030» жолдауында бізді отан игілігі үшін өз денсаулығымызды сақтауға шақырады.
Денсаулықты сақтау және нығайту жолындағы алған білімімізді «Денім сау болсын десең.....»
Деген сабағымызды ортаға салайық.
-
Балалар, бүгін біздің тақтамыз жабылып, 3 құлыпқа салынып тұр. -
Осы 3 құлыпты алу үшін, біз 3 жұмбақты дұрыс шешуіміз керек.
1) Түйілсең түйіліп,
Қарайды кісіге
Ұқыпты ісіне (айна)
2) Ауызы жоқ, көзі жоқ
Бірақ та тісі бар, бұл не? (тарақ)
«Гигиена» планетасының ханшайымы:
-иә, балалар, гигиена ережелерін сақтасандар сендер әдемі, сымбатты, епті, күшті,сау, таза болуына көмектеседі. Соның нәтижесінде оқуларың жақсарып, бос уақыттарыңды ұтымды пайдаланасыңдар, дендерің сау, шыдамды және төзімді боласыңдар , сәт сапар тілеймін! Сау болыңдар!
Мұғалім:
-
Бұл планета ұнады ма? -
Бізге пайдасы бар ма? -
Ал, балалар, көзімізді, жұмайық, саяхатты жалғастырайық!
(музыка ойнайды)
2. «Витаминдер» планетасы
Мұғалім:
-Көзімізді ашайық. Көз алдымызда қай планета?
-Витаминдер жайлы не білесіндер?
3- оқушы:
Витаминдер тірегің,
А, В, С, Д, Е - деп аласың,
Жетіспесе бірі оның,
Ауырып сен қаласың.
А - сы қажет көзіңе
В - сы жүйкені тоғайтар
С - дан микроп безінер,
Д - сүйекті нығайтар
4- оқушы:
Витаминдер тұрағы –
Түрлі тағам құрамы
А- болады асқабақ
Өрік, қызан , салатта
В- Балық, картоп, асбұршақ
Сиыр еті, жаңғақта
С-қарақат, алмұртта,
Кивиге тән танылар
Д- балық майында
Е- қарақатта табылар
Мұғалім:
-
Жеміс жидектердің құрамында пайдалы не бар? -
Бірақ жуылмаған жидектерде, көкөністерде не болады? (микробтар)
5- оқушы
Микробтар- бұл жай көзге көрінбейтін тірі жәндіктер, оларды тек микроскоп арқылы ғана көруге болады. Микроптар көптеген жұқпалы ауруларға себепші болып табылады.
Адам ағзасына лас қолдар, жуылмаған көкөністер мен жемістер арқылы түседі. Ағзаға түскеннен соң, олар көбейеді және у болып шығарады.
Мұғалім:
-
Балалар біз қазір сәбіз жинауға барамыз. -
Сәбіз жайлы не білеміз?(Оқушының жауабы)
Мұғалім:
-
сәбіз жинауға барғанда микропқа тап болмандар. -
Қауіпсіздік белбеулеріңді тағыңдар. Ал, балалар, көзімізді, жұмайық, саяхатты жалғастырайық!
(музыка ойнайды)
3 планета- «Эмоция» планетасы.
- көзімізді ашайық. Планетаға қонамыз.
Бірақ бұл планета толқып тұр. Неліктен? Білеміз бе?
-Ендеше балалар эмоция деген сөз бұл француздың «толқытамын» деген сөз. Оның жағымды және жағымсыз түрлері болады. Жағымды эмоция денсаулыққа пайдалы, күш қуат береді. Жағымсыз эмоциялар керісінше адамды әлсіретеді, жүдетеді.
(есік қағылып, бейне таспа әкелінеді. Бейнетаспа қосылып, телевизордан «Эмоция» планетасының тұрғыны сөйлейді)
-
құрметті қонақтар «Эмоция» планетасында екі мемлекет көрші болдық. -
Біреуінде көңілді адамдар мекен етеді, олар көп күлетін, әзілқой адамдар болған, жиі мерекелер өткізетін. Екіншісінде көңілсіз адамдар мекендепті, олар күнде қайғысыз нәрселерді ойлап, көңілсіз күн кешіпті. Мен сіздерге осы бейнетаспамен бірге екі мемлекеттің тұрғындарының фотосуреттерін жібердім. Солдарды екі мемлекетке топтап берулеріңізді сұраймын. Алдын ала көп рахмет айтамын. Жолдарыңыз болсын. Көңілді күндеріңіз көп болсын!
Мұғалім:
-
көңілді мемлекет тұрғындары қай эмоцияға жатады? (жағымды) -
көңілсіз мемлекет тұрғындары қай эмоцияға жатады? (жағымсыз) -
адамның бет әлпетіне қарап, эмоцияның түрлерін анықтауға болады -
фотосуреттерді топтап болдық -
адамның бет әлпетіне қарап, эмоцияның түрлерін анықтауға болады -
мен сендерге кімді, нені бейнелеуге болатынын ұсынамын, ал сендер оны бейнелеп беріңдер. -
Күнге қараған мысық. -
Айлакер түлкі. -
Тар көпірдегі екі ешкі.
Мұғалім:
-
сендерден жақсы актерлар шығады екен. Көп рахмет. Сапарымызды жалғасытырайық. Көзімізді жұмайық. (музыка ойнайды)
«Жағымсыз әдеттер» планетасы.
-
балалар, бұл планетада айтыс болып жатыр ғой. Кімдер айтысып тұр?
(арақ пен темекі)
Айтыс «Арақ пен Темекі»
Арақ:
Мен, мен едім, мен едім
Қай жерде де өр едім
Қай жерде де төр едім
Дастарқаннан, көңілден,
Ылғи түспей келемін,
Ынжықтарды ысқылап
Бойына күш берем.
Арыстанға тышқанды
Сүйреп әкеп теңедім.
Темекі:
Доғар сөзді Ареке
Бөлініп кетсе дағы жер екіге
Кезек бер жасы үлкен Темекіге
Табылам езуінен сұлу қыздың,
-
Балалар, болашақ денсаулықпен бірге барайық. Осы отырған бәрімізге, қонақтарға орын арнап тілек айтайық. Біз сіздерге тілейміз. -
Бақыт -
Зор денсаулық -
Қуанышты күндер -
Достық -
Жаңа армандар -
Ашық аспан -
Бейбітшілік -
Ұзақ өмір -
Сәттілік -
Әдемілік -
Жақсы көңіл күй
Мұғалім:
-
Осымен сабақ аяқталды. Сау болыңдар!
10. ПӘН БОЙЫНША СЫНЫПТАН ТЫС САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сайыс тақырыбы: «Информатика патшалығында»
Сайыс мақсаты:
Білімділік: оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, бақылап, бағалау, өз беттерінше білім деңгейлерін көтеруге жағдай жасау.
Дамытушылық: оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру
Тәрбиелік: оқушыларды шапшаңдыққа, өз ойларын анық жеткізе білуге, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан - жақты болуға, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, презентация, плакат, маркер
Сайыс кезеңдері:
1. Дешифратор
2. «Егер мен болсам...»
3. «Қазақстан – 2050»
4. Көкпар
5. Логикалық сұрақтар
6. Шығармашылық тапсырма
Барысы:
І тур. «Дешифратор» кезеңі
Ойынның шарты: Әр командаға 15 сұрақтан қойылады. Сұраққа “иә” не “жоқ” деп жауап беру керек. Әр дұрыс жауап 10 ұпай деп саналады.
І командаға
1. «Ақпарат» сөзі латын тілінен аударғанда түсіндіру, баяндау, мәлімет дегенді білдіреді. (ия)
2. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. (жоқ)
3. Адам ақпаратты сақтай алмайды. (жоқ)
4. Ең алғашқы ЭЕМ 1946 жылы АҚШ - та пайда болды.(ия)
5. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады. (жоқ)
6. Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал.(ия)
7. Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ)
8. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
9. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 80 перне болады. (жоқ)
10. Delete алдыңғы символды өшіру пернесі (жоқ)
11. Компьютерде жұмыс жасау үшін операциялық жүйенің қажеті жоқ. (жоқ)
12. 1 Мегабайт 8 байтқа тең. (жоқ)
13. ЭЕМ дамуының І буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (ия)
14. Адамға ақпарат дыбыс, мәтін, графикалық түрде берілмейді. (жоқ)
15. Процессор - ол компьютердің миы. (ия)
ІІ командаға
1. «Информатика» пәні ЭЕМ - нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. (ия)
2. 1 Килобайт 1024 байтқа тең. (ия)
3. Дисплей компьютер экранына ақпаратты шығарушы құрылғы (ия)
4. Сканер ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
5. Электронды есептеуіш техниканың даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді. (ия)
6. ЭЕМ - нің дамуының ІІІ буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (жоқ)
7. Бит, байт ақпараттың өлшем бірліктері. (ия)
8. Пернетақта, сканер ДК - дің сыртқы құрылғыларына жатады. (ия)
9. Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. (ия)
10. 1846 жылы Бэббидж машинасына программа жазған Ада Лавлейс. (ия)
11. 1 Кбайтта 1024 Мбайт бар. (жоқ)
12. Процессор - ол компьютердің миы. (ия)
13. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
14. 1 Килобайт 8 байтқа тең. (жоқ)
15. ЭЕМ - нің даму тарихы 7 буыннан тұрады. (жоқ)
ІІ кезең
«Құпиялы сандықшадағы» сұрақтарға жауап беру. Топ мүшелері жауап береді.
Егер де мен болсам.......
Егер болсаң мамандықтың иесі.
Не істер едің бұл өмірде жүйелі.
Асыл тастан өнер жастан шығар деп
Бабам айтқан баба сөзі киелі.
Сұрақ. Тышқанның шаригі кірленіп жүрмей қалса не істер едің?
Ол үшін 8 зат берілген:
1. Табақтағы су.
2. сабын
3. орамал
4. парақ
5. спирт
6. мақта
7. отвертка
8. қайшы
Топ басшылары шығып заттарды көріп сұраққа жауап беруге тырысады. Қағаз, қалам алып өз ойларын жазады.
1 минут уақыт.
Жауабы: алдымен тышқан шаригін алып, оны табақтағы сабын суға жауып, орамалға сүртіп парақ бетіне әбден кепкенше қоямыз, ал тышқан ішін спиртке малынған мақтамен сүртеміз.
ІІІ кезең
Кім көп біледі. Әр топқа компьютерге байланысты өз ойларынша «Компьютер - 2030» деген тақырыпқа салынған суретті қорғайды.
ІV кезең
Келесі сайыс түрлі - айтыс
Мұнда сөз тіркесі ілінеді. Оны қызыл алған оқушы мақтайды, келесі көк алған ойыншы даттайды. Тақта: «КӨКПАР» сөзі ілінеді.
Білімдіден шығар алғыр, шешен
Шешендікпен болған ғой барлық көсем
Сайра шәкірт, суырыл, шарықташы
Қалмасын бұл жарыста сенің есең.
Компьютердің зияны мен пайдасы.
1- топ. Компьютерлік ойын баланың ақыл ойын дамытады.
2- топ. Компьютерлік ойын баланы қызбалыққа, жүйелі ойламауға итермелейді.
1- топ. Баланың ойлау қабілетін күшейтеді.
2- топ. Компьютерге ұзақ отыруға әдеттендіреді, ультракүлгін сәулелерді көп тұтады.
1- топ. Компьютермен қорықпай жұмыс істеуге үйретеді.
2- топ. Көз көру қабілеті нашарлайды.
1- топ. Шапшаңдыққа, байқампаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелейді.
2- топ. Жаттанды жұмысқа, яғни белгілі бір пернелерді басуға үйретеді.
1-топ. Білімді құштарлығын оятады.
2-топ. Робот тәрізді жұмыстарға баулиды
1-топ. Жасына сай әрекет жасауға бейімдейді.
2-топ. Электр энергиясын үнемдеуге ұмтылдырады.
V кезең.
«Логикалық сұрақтар»
Шарты: Әр топқа 3 логикалық сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауап 5 ұпай
• Елеуішпен су әкелуге бола ма?
• Бес адам кездесіп қалып, бір - бірімен қол алысты? Барлық қол алысу саны қанша?
• Термометр аяз болғасын - үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?
• Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше
стакан қалды?
• Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға қанша машина бара жатыр?
• Бір жылда ең көп дегенде неше жексенбі болуы мүмкін?
VI кезең. «Шығармашылық тапсырма»
Марапаттау
Бүгінгі көріп тамашалаған “ Информатика патшалығында ” сайысы өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!!!
11 ҚОРЫТЫНДЫ
Бүгінгі қоғамдағы педагог маман – дүниетаным ілімінің негіздерін жақсы меңгерген, мемлекеттің, елдің саяси мақсаттарын айқын көретін, ғылыми жəне практикалық мол даярлығы бар, өз мамандығын жетік меңгерген адам болуы тиіс. Ол еңбек етудің түрлерін ғылыми негізде ұйымдастыру ұстанымдарын игеріп, оны практикада, іс-тəжірибеде қолдана білуі қажет. Аға ұрпақтың үмітін қанағаттандырып, əлеуметтік-саяси жақтарды қамти отырып, қоғам, үкімет тапсырмалары бойынша жұмыс істей алатын, ұжымдық тəжірибені бағалайтын, ұлтжандылық көзқарасша елім, жерім деген пікіріне құлақ асатын, қол жеткен табысты сын тұрғысында бағалай білетін, оның пəрменділігін дұрыс түсінетін, өзінің тарихын жете білетін, халықтық педагогиканың озық үлгілерін өскен ұрпақты тəрбиелеп-оқытуда пайдалана білетін жəне олардың дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыруда негізгі діңгегі етіп тануды міндет деп түсінетін адам болуы тиіс.