Файл: 36 бетті ші беті азастан республикасыны білім жне ылым министрлігі.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 124
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ақпараттың абсолютті сипаттамасы – ақпарат сияқты қасиетке ие болатын материалдық объектілердің жоқ екендігінен көрінеді. Бұл ашық объектілерге (өзара əрекеттесуші жүйелер) қатысты да, сондай-ақ жабық объектілерге қатысты орындалады. Ақпарат ғылыми зерттеу объект ретінде техникалық, семантикалық жəне прагматикалық аспектілерге бөлінеді. Техникалық аспектіде дəлдік, сенімділік, хабарларды беру жылдамдығы, сигналдарды беру каналдарының техникалық құралдары мен əдістерін құру, оларды бөгеуілдерден қорғау мəселелері қарастырылады. Семантикалық аспектіде зерттеулер кодталған сигналдар көмегімен берілген хабардың мағынасын дəл беру мəселелерін шешуге бағытталған. Ақпараттарды зерттеудің прагматикалық аспекті – алынған хабар қолданушы үшін оның кейінгі іс-əрекетіне ықпалдылығы тұрғысынан қаншалықты бағалы екендігінде. Ақпаратты қабылдау кезеңінде белгілі объект туралы ақпаратты алады жəне анализ жасалады, соның нəтижесінде объект бейнесі құрылады, оны тану жəне бағалау жүргізіледі. Мұнда бізді қазіргі уақытта қызықтыратын ақпаратты кедергі болатын ақпараттан бөліп алу керек, ол көп жағдайда бірқатар қиыншылықтарға байланысты. Қабылдаудың қарапайым түрі екі қарама-қарсы күйді: бар болу («иə») жəне жоқ болу («жоқ») айыру. Ақпаратты даярлау кезеңінде нормальдау, аналогтық-сандық түрлендіру, шифрлау сияқты амалдар жүргізіледі. Кей жағдайда бұл кезең қабылдау кезеңіндегі көмекші кезең ретінде қарастырылады. Қабылдау жəне дайындау нəтижесінде жіберу немесе өңдеуге ыңғайлы түрдегі сигнал болады. Жіберу жəне сақтау кезеңінде ақпарат бір орыннан екінші орынға немесе бір уақыттан екіншісіне беріледі. Бұл кезеңде пайда болатын теориялық есептер бір-біріне жақын болғандықтан, ақпаратты сақтау кезеңі жеке кезең болып бөлінбейді. Мұнда ақпаратты жіберу кең мағынаға ие болады. Қашыққа ақпаратты жіберу үшін физикалық табиғаты əр түрлі каналдар қолданылады, олардың ішінде кең таралғаны электрлік жəне электромагниттік. Соңғы он жылдықта алдыңғы қатарлы оптикалық канал кең таралды. Ақпаратты сақтау үшін негізінен жартылай өткізгішті жəне магниттік тасымалдаушылар қолданылады. Ақпаратты өңдеу кезеңінде ақпаратты түрлендіру ақпараттық техника құралдары немесе адамның көмегімен жүзеге асырылады. Қазіргі кездегі күрделі жүйелерде бұл функция ЭЕМ-ге жəне микропроцессорге жүктеледі. Егер өңдеу процесі формализацияланбаса жəне шығармашылық тəсілді қажет етсе, ақпаратты өңдеуді адам орындайды. Басқару жүйелеріндегі өңдеудің негізгі мақсаты басқару əсерлерін таңдау есептерін шешу болып табылады. Ақпаратты бейнелеу кезеңі адамның қатысуына байланысты кезеңдердің алдында болу керек. Бейнелеу кезеңінің мақсаты – адамға қажетті ақпаратты оның сезім органдарына əсер етуге қабілетті құрылғы көмегімен көрсету.
А_парат м"лшеріні_ бірліктері. “Ақпарат мөлшері” ұғымын анықтау өте қиын. ХХ ғасырдың 40-жылдары кибернетиканың негізін салушы Клод Шеннон бұл мəселені ықтималдық тұрғыдан қарастырды.
H=log2N - Хартли формуласы
H= Pi log2(1/Pi) - Шеннон формуласы.
Мысалдар:
1) Орыс тілінде жазылған сөздегі əр символдың пайда болуына байланысты ақпарат мөлшері: орыс алфавитінде 33 əріп жəне ашық орын белгісін есептегенде: Хартли формуласы бойынша, H=log2345,09 бит.
2) Латын, француз, неміс т.б. тілдерде 26 əріп жəне ашық орын белгісін есептегенде: H=log2274,76 бит.
3) 0, 1 алфавитінде H=log22=1 бит.
Ақпараттың көлемі деп – хабардың ұзындығын, яғни хабарды жазу үшін пайдаланылған символдар санын айтады. Есептеуіш техникада кез келген хабардың жазылуы екілік алфавитте жасалатыны мəлім. Осылай қарастырғанда ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі екілік разрядқа немесе 1 битке тең болады. Одан қолайлырақ өлшем бірлік - сегіз екілік разрядтың жиынтығы – 1 байт, ол символдарды кодтауда жиі қолданылады.
Бір байт 8 битке тең.
8 бит = 1 байт = 1 таңба
1 Кбайт (килобайт) = 1024 байт;
1 Мбайт (мегабайт) = 1024 Кбайт;
1 Гбайт (гигабайт) = 1024 Мбайт;
1 Тбайт (терабайт) = 1024 Гбайт.
Қорыта келе, адам ақпаратты сезу, көру арқылы қабылдайды. Адам радиодан, теледидардан, газет-журналдан ақпараттарды сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Адам қабылдайтын ақпарат таңбалы, бейнелі болып бөлінеді. Бейнелік ақпарат деп - табиғат көріністерін, кескіндерді, дəм, иіс, сезу мүшелері арқылы қабылданған ақпараттарды айтады. Таңбалы ақпаратқа сөйлеу, жазу түрінде алынған ақпараттар жатады.
Ауызекі тіл де таңбалы ақпаратқа жатады, себебі, əр түрлі таңбалардан тұрады, бірақ олар дыбыстық таңбалар - феномендер деп аталады. Таңба түрінде
қатынасуды қатынас тілі деп атайды. Табиғи қатынас тіліне: қазақ, орыс, ағылшын тілдері жатады. Жасанды тілдерге математика, физика,
компьютермен қатынасу тілдері жатады. Əр тілдің өз алфавиті бар. Сандарды көрсететін алфавиттер: екілік, сегіздік, ондық, оналтылық болады.
Тапсырмалар:
Информатика. Дидактикалық материалдар (практикум): 1.1.3; 1.1.7; 1.1.9 тапсырмаларды орындау
Сабақты бекіту сұрақтары:
1. Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?
2. Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?
3. Адам ақпаратты қалай жəне қайда сақтайды?
4. Адамның ақпаратты өңдеуіне мысал келтір
5. Жеткізушіден қабылдаушыға ақпарат қалай беріледі?
6. Бейнелік, таңбалық ақпарат деген не?
7. Ақпараттың өлшем бірліктерін айтыңыз?
Үйге тапсырма: §1 Ақпарат жəне оның түрлері атты тақырыпты оқып келу. Информатика. Дидактикалық материалдар (практикум): 22-беттегі сөзжұмбақты шешу.
Сөзжұмбақ
Тігінен:
1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)
2. Олармен тіл таңбалары көрсетілетін символдар жиыны (алфавит)
3. Ақпаратпен жасалатын əрекет ("_деу)
4. Үздіксіз сигнал (аналогты_)
5. Ақпаратпен жасалатын əрекет (тану)
К"лдене_інен:
6. Ақпаратпен жасалатын əрекет (са_тау)
7. Айналадағы дүние туралы мəліметтер (орыс тілінде) (информация)
8. Ол арқылы адам немесе құрылғы ақпарат алатын физикалық процесс
(сигнал)
9. Сегіз разрядты екілік сан (байт)
10. Белгілі алфавиттің көмегімен ақпаратты көрсету (кодтау)
11. Ақпараттың ғылыми зерттеу объект ретінде бөлінуі (техникалы_)
Жетінші сынып оқушыларынан «Ақпараттану» бөлімі бойынша алған
білімдерін тексеруде төмендегі үлгіде көрсетілген жұмыс дəптерін пайдалануға
болады:
А_парат. Тапсырмалар:
1. Ақпарат дегеніміз не? Дұрыс жауабын жаз .................................................
...............................................................................................................................
2. Ақпаратты жеткізу арнасы деген не? Дұрыс жауабын жаз .......................
...............................................................................................................................
3. Ақпаратты өңдеу дегеніміз не? Дұрыс жауабын жаз ...............................
...........................................................................................................................
4. Ақпарат алатын көздерді ата .......................................................................
.............................................................................................................................
5. Ақпараттық процесс деген не? Дұрыс жауабын жаз ................................
........................................................................................................................
6. Адам ақпаратты қалай қабылдайды? Дұрыс жауабын жаз .....................................................................................................................................
7. Ақпаратты сақтау, жеткізу, өңдеу процестеріне мысал келтір .....................................................................................................................................
8. Адам қабылдайтын ақпараттардың түрлерін ата? .....................................................................................................................................
9. Бейнелік ақпарат жəне таңбалық ақпарат деген не? Дұрыс жауабын жаз................................….........................................................................................
. Мына ребусты шеш. (а_парат)
,,,,, ,, , ,, ,,,
Мұғалімнің қойған бағасы: _______ ( ______________ )
А_паратты т_рлендіру. Тапсырмалар:
1. Кодтау дегеніміз не? Дұрыс жауабын жаз ..................................................
..............................................................................................................................
2. Кодтау кезінде бит деген не? Дұрыс жауабын көрсет ..............................
...………………………......................................................................................
3. Жай екілік таңбалар қандай таңбалар арқылы белгіленеді? Дұрыс
жауабын көрсет
а) 0 жəне 1
ə) 1 жəне 2
б) 0 жəне 2
4. Байт дегеніміз не? Дұрыс жауабын көрсет ..................................................
.............………………..........................................................................................
5. Бір байтпен нені кодтауға болады? ..............................................................
..............................................................................................................................
6. Кодтау кестесі деген не? Ол қанша бөліктен тұрады? ..............................
...............................................................................................................…………
7. «АВС» əріптерін екілік кодқа айналдырып жаз ..........................……...…
.............................................................................................................................
8. «4+А-В=С» теңдеуін екілік кодқа айналдырып жаз ..................................................................…......................................................................................…
9. Мына берілгендерді битке айналдырып жаз.
1 байт =?
1 Мбайт =?
1 Кбайт =?
1 Гбайт =?
10. «АВС+Д» мына берілгендерді екілік кодта жазып бер.
.................……………..........................................................................................
11. Сингал деген не? Дұрыс жауабын жаз ............................. ……........................................................................................…
12. Сигналдардың қандай түрін білесіз? Дұрыс жауабын жаз .........................................................................................................................................
13. Ақпарат көлемі дегеніміз не? Дұрыс жауабын жаз .........................................................................................................................................
14. ASCII кодын пайдаланып, мына 8F-80-90-92-80 берілгендерді жай сөзге айналдырып жаз.......................................................................................
15. ASCII кодтарымен «Информатика» сөзін кодта .........................................................................................................................................
16. Берілген сөйлемнің ақпараттық көлемін анықтаңдар.
БІЛІМ ИНЕМЕН ҚҰДЫҚ ҚАЗҒАНДАЙ
.................. символ ................... байт ..................... бит
Мұғалімнің қойған бағасы _______ ( ______________ )
Оқушылардың пəнге деген қызығушылықтарын дамытуда, дидактикалық материал ретінде осындай жұмыс дəптерін қолдануға болады.