Файл: 36 бетті ші беті азастан республикасыны білім жне ылым министрлігі.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 123

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

6.3.5 Мұғалімнің жеке тұлғасының іс-шараны дайындау мен өткізуге әсері (ұжымда “эмоциялық климот” тудыруы, педагогикалық тмкт, оқушылардың жас және жекелей ерекшеліктерін еске алу).

6.3.6 Психологиялық-педагогикалық қорытындылар:

  • іс-шараның идеялық-тәрбиелік бағасы;

  • іс-шараның ұжым мен жекелей оқушылардың әрі қарай дамуына әсері;

  • ұжымдағы қарым-қатынастардың жетілуіне, іс-шараның жоспарындағы құбылыстарға әрі қарай қызығушылықты оята алуы;

  • іс-шараның эффектілі өтуіне әсер еткен әдістемелік қателер мен кемшіліктер.


7. Мінездеменің үлгісі

МІНЕЗДЕМЕ

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ІV курс студентінің _______ мектепте «___»__________ «___»_________ 200___ж. дейін практика кезіндегі педагогикалық жұмысының

Мамандық бойынша оқу жұмысы

  1. Пән бойынша білімі, оны оқушыларға бере білуі. Оқыту әдістемелері мен формаларын меңгеруі, сабақты бақылау.

  2. Пән бойынша сыныптан тыс жұмыс.

  3. Сынып жетекшісі ретінде практиканттың тәрбиелік жұмысы

  4. Қоғам жұмысы

  5. Көрінген жетістіктер және кемшіліктер

  6. Оқу және тәрбие жұмыстарының (жеке-жеке) қорытындысы және бағасы

Мектеп мөрі Сынып жетекшісі _______________

Директор ______________________

Педкеңес хатшысы ______________

8 Сабақ конспектсінің үлгісі


Күні ____________________

__________________ (физика, алгебра, геометрия) сабағы

Тақырыбы __________________________________________

Сабақтың мақсаты: а) білімділік

б) тәрбиелік

в) дамытушылық

Сабақтың типі _____________________________________

Көрнекілігі ________________________________________

Сабақтың жоспары


Сабақтың әр бөлігіне бөлінетін уақытты көрсету керек

  1. Сабақтың ұйымдастыру бөлігі

  2. ___________________________





Сабақтың қорытындысы

Сабақтың барысы


Сабақтың әр бөлігі толық жазылу керек, олардың байланысы көрсетіледі. Конспектіде алдыңғы сабақта үйге берілген есептердің және келесі сабаққа беретін есептердің шешуі болуы керек.
Студент-практикант ____________________________

Пән мұғалімі __________________________________

Әдіскер _______________________________________

9. Практикада студенттің атқарған жұмысын бағалау критерийі


Әрбір студенттің практика кезіндегі жұмысының бағасы оның іскерлігінің барлық қырларын ескеріп, қойылатын баға болып табылады.

Практиканы бағалау кезінде әдістемелік семинарлардағы және конференциялардағы жұмысының сапасы, оның оқушылармен оқу-тәрбие жұмысына қатынасы, сондай-ақ педпрактика бойынша есеп беру құжаттарының сапасы да ескеріледі.

Практика үшін жалпы баға жұмыстың барлық түрінің бағасының қосындысынан шығатын орташа арифметикалық емес, әдіскерлер, педагогика және педагогика оқытушылары, класс жетекшілері, мектеп әкімшілігінің мектептегі қорытынды өндірістік кеңестегі талқылаулары және келісулері арқылы анықталады.

Пән бойынша оқу және оқудан тыс бағаны практикаға жетекшілік ететін пән мұғалімдері, педагогика оқытушыларымен келісе отырып әдіскері қояды.

Студенттің класс жетекшісі ретіндегі тәрбие жұмысына бағаны, класс жетекшісімен, кластан тыс жұмыстарды ұйымдасырушымен, әдіскермен, психолог оқытушымен келісе отырып педагогикадан әдіскер қояды. Ол жұмыстың күнделікті және қорытынды есебі негізінде қойылады.

Педагогикалық практиканың қорытынды бағасында студенттің орындаған оқу-тәрбие жұмысының сапасы және тиімділігі, оның теориялық негізділігінің дәрежесі, студенттің белсенділігі, оның педагогикалық мамандыққа, мектепке, оқушыларға арақатынасы ескеріледі.

Қанағаттанарлықсыз баға алған студент (ол сынақ кітапшасына қойылмайды), практиканың бағдарламасын орындау үшін, университеттен сабақтан қол үзбей мектепте жұмысты жалғастырады.
10. Студенттің есебінің схемасы



Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті _________________________

факультетінің _______________________ курс студенті_____________________

____________________________________ нің _____________________________

мектепте 20__ жылдың ______________ айынан 20__ жылдың ____________

айына дейінгі аралықта жүргізген жұмыстарының есебі.
Сыныптағы оқу жұмысы

- қанша сабаққа қатыстыңыз, қандай пәндерден?

- мектеп мұғалімінің жұмыс әдістемесімен танысу сізге қандай пайда берді?

- өз сабақтарыңызды өткізуде қай мұғалімнің қандай әдістемелік шараларын қолдаңыз?

- өзіңіз береген сабақтар саны, оның ішінде техникалық құралдар қолданғаныңыз?

- қандай көрнекі құралдар жасадыңыз және сіздің басқаруыңызбен неше оқушы құрал жасады?

- сабақты дайындау және оны өткізуде қандай қиыншылықтарға кездесетіңіз және топ жетекшісі мен мұғалімнен қандай көмек алдыңыз?

- сабақтарыңызда оқыту мен тәрбие жұмыстарын қалай байланыстырдыңыздар?

- үлгермеуші оқушылармен қандай жұмыс жүргіздіңіз, оның нәтижесі қандай болды?

- практиканы ұйымдастыру және өткізу жөнінде сіздің ұсыныстарыңыз?

7. Тәрбие жұмысы


- практика кезінде тәрбие жұмысы бойынша қандай мақсат қойдыңыз және ол немен байланысты?

- практика кезінде қандай іс-шаралар өткізілді? Жоспарланған іс-шаралар қалай өткізілді? Ондағы оқушылардың ролі, алынған нәтижелері.

- сынып ұжымының оқушылырдың үлгерімі мен білім сапасын арттырудағы, саналы тәртіп тәрбиелеудегі ролі, алынған нәтижелер.

- оқушылардың саналы тәртібін тәрбиелеудегі сіздің жұмысыңыз?

- сыныптың тәрбие жұмысын жүргізуде қандай қиыншылықтар кездесті, тәрбиеші ретінде дайындығыңыздың әлсіз жақтары болды ма?

- практиканың бұл саласы бойынша сіздің ұсыныстарыңыз?
Практиканттың қолы ___________________

11. Топ жетекшісі-әдіскер есебінің схемасы


- практикаға даярлық (кафедралардың, әдіскерлердің, студенттердің);

- пед.практика өткізу үшін мектептегі объктивтік жағдайлар;

- студенттердің мектептерге бөлінуі;

- студенттер тобымен оқу-әдістемелік жұмыс;

- пән мұғалімінің сабақтарына қатысу және анализ жасау, пән комиссияларының жұмысына қатысу;

- әр бір студенттің 1-2 өткізген бағаланатын сабағына мінездеме беріп, анализ жасау;

- студенттердің өз бетімен берген сабақтарының сапасы;

- сабақ үстінде студенттің техникалық құралы және көрнекіліктерді пайдалану;

- студенттердің сынып жетекшілік жұмысы (1-2 тәрбие сағаттарының анализі);

- пән бойынша сабақтан тыс атқарылған іс шаралар;

- практика кезінде студенттердің тәртібі;

- студенттердің практика кезінде дайындаған құжаттарына жалпы анализ беру (жеке жоспар, сабақтың жоспары, күнделік);

- университеттің ғылыми жұмыскерлерінің практикаға қатысуы;

- практика жоспарының орындалуы. Практика құжаттарына көрме ұйымдастыру;

- қорытынды, кемшіліктер, жетістіктер.

12. Педагогикалық практиканың қорытынды конференцияда өткізілетін құжаттар:

1. 10 есеп сабағын өткізу

2. қатысқан барлық сабақтардың анализі(күнделікте)

3. 1-2 пән бойынша сыныптан тыс сабақ өткізу

4. 1-2 тәрбие сабағының өткізу

5. оқушыға психология-педагогикалық мінездеме

6. күнделік

8. студент есебі

9. пән мұғалімі, сынып жетекшісі және директор қолы мен мөрі соғылған студентке мінездеме

7 ӨНДІРІСТІК (ПЕДАГОГИКАЛЫҚ) ПРАКТИКАНЫҢ НӘТИЖЕСІ

Қорытынды конференцияда практика қорытындысын тыңдау.

Студенттердің өткізген есебі және материалдарына сай әрбір студенткі бағалау.

Практика соңында студенттер игеру керек:

  • Сынып ұжымымен жұмыс істей білу, сыныпта туындаған проблемалық ситуациялардан шыға білу

  • Білім, мектеп, министрлік, білім департаментінің ұйымдастырушылық құрылымын сипаттай білу

  • Кәсіби іс-әрекетте өз мақсатына жету үшін табандылық, шығармашылық таныту

  • ақпаратты анализдеу, қорытынды жасай білу, дидақтикалық материал құрастырудың ережесін білу

  • Оқу процесінде нормативті құқықтық актілерді қолдана білу

  • Әріптестерімен бірігім жұмыс істеу

  • Ақпаратты өңдеу, сақтау және алудың негізгі әдістерін қолдану, компьютермен жұмыс істей алу, оқу жоспары бойынша сабақ конспектісін дайындай алу

  • Нормативті-құқықтық құжаттарды қолдана алу



7. САБАҚТЫҢ ТОЛЫҚ ЖОСПАРЫ

I. Сыныбы: ______ Күні: ________ Мұғалімі: _______Тексерген _______

Сабақтың тақырыбы: Ақпарат түсінігі. Ақпарат түрлері. Ақпарат формалары мен оларды өңдеу түрлері. Ақпараттың өлшем бірліктері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың табиғаттағы ақпарат туралы түсінігін қалыптастыру, сипаты мен қабылдау тəсілдері бойынша əр түрлі ақпарат түрлерімен таныстыру;

Дамытушылы_: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мəдениеттілігін дамыту.

Тəрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке тəрбиелеу.

Сабақтың түрі: түсіндіру, əңгімелесу.

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Компьютер, оқулық, практикум (жұмыс дəптері)

Сабақтың өту барысы:

- Оқушыларды ұйымдастыру .

- Үйге берілген тапсырманы тексеру .

- Жаңа тақырыпты түсіндіру.

- Тапсырмаларды орындау

- Сабақты бекіту.

- Үйге тапсырма беру.

Жаңа түсініктер:

Қоғамның қазіргі кездегі дамуының ең басты белгісі – бұл өндірістің, тұтынудың жəне адам əрекетінің барлық салаларында ақпарат жинаудың артуы болып табылады. Адамның бар өмірі – қалай да болсын – ақпарат алу, жинау жəне өңдеумен байланысты. Адам не істесе де: кітап оқығанда, теледидар көргенде, сөйлескенде – ол əрқашан үздіксіз ақпарат алады жəне оны өңдейді. Ақпарат (лат. informatio – түсіндіру, мазмұнын айту, хабардар болу) – ғылымның жалпы ұғымдарының бірі, ол қандай да бір мəлімет, қандай да бір деректер, білімнің жəне т.б. жиынтығы. Ақпарат ұғымының өзі кем дегенде үш объектінің – ақпарат көзі, ақпаратты қолданушы жəне жіберуші ортаның болуын ұйғарады. Ақпарат таза түрінде берілмейді, қабылданбайды жəне сақталынбайды. Оны тасушы хабар болып табылады. Хабар – ақпарат көзі арқылы бекітілген жəне шартты физикалық символдардың тізбектерінің көмегімен өрнектелген кодталған оқиғаның эквиваленті. Хабарды жіберу құралдары ретінде – ақпараттардың байланыс каналы болып табылады. Байланыс каналдарыарқылы хабар осы каналға ғана тəн сигнал түрінде беріледі. Сигнал - байланыс каналдары арқылы таралатын жəне белгілі бір оқиға туралы, бақылау немесе тексеру объектісінің қалпын, басқару каналдары нұсқаулары жəне т.б. белгі, физикалық процесс немесе құбылыс.

Адам миы сезім органдарының көмегімен ақпараттардың кең көлемін алады. Ақпарат негізі ойлау материалы болып табылады жəне барлық ойлау қызметінің негізі болып табылады. Ақпараттар теориясының негізі – мазмұны əр түрлі болатын əр түрлі хабарлар ортақ тілге келтірілуі мүмкін, ал осы хабарлар əкелетін ақпараттар сандық өлшенуі мүмкін. Осындай сандық өлшем арқылы берілетін хабарларды олардың түріне тəуелсіз бағалауға болады. Бұл жалпы ақпараттар теориясының негізін құрады. Философияда отыз жылдан астам уақыттан бері ақпараттың бір-біріне қарама-қайшы, екі əр түрлі концепциясы – атрибуттік жəне функционалдық өмір сүруде. Атрибуттік концепция ақпаратты барлық материалдық объектінің қасиеттері деп қарастырады. Функционалдық концепция, керісінше, ақпаратты өздігінен ұйымдастырылған жүйелердің қызметімен байланыстырады. Ақпараттың салыстырмалы сипаттамасы – қандай да бір объект тек басқа, қатаң анықталған жəне сол объектімен өзара əрекеттесетін объектіге қатысты ақпарат көзі болып табылатындығынан көрінеді. Ол берілген нақты жағдайларда осы ақпараттарды ала алады жəне өз мақсатында қолданады.