Файл: 36 бетті ші беті азастан республикасыны білім жне ылым министрлігі.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 125
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
Студенттердің педагогикалық практикасын ұйымдастырудағы мектептің педагогикалық ұжымының қызметі
2.1. Пән мұғалімдерінің міндеттері
Мұғалім:
-
өзіне бекітілген студенттерді өзінің оқу-тәрбие жұмыстарының жоспарымен таныстырады, ашық сабақтар мен сабақтан тыс шаралар өткізіп, оларды талқылауды ұйымдастырады; -
практиканың топ жетекшісімен бірге студенттерді арасында сабақтардың тақырыбын және сабақтан тыс шараларды бөліп белгілейді; -
студенттерді сабақты дайындауына және өткізуіне кеңес береді, жоспар конспектілерін тексеріп бекітеді; -
студенттердің әртүрлі сабақ түрлерін дайындауына, практикалық және зертханалық сабақтарды өткізуіне көмектеседі; -
әрбіз студенттің сабағын бағалауға және талдауға қатысады; -
студенттерге үйірме жұмыстарын өткізуге, дәптер тексеруге, көонекі құралдар жасауға, диафильмдерді демонстрациялауға, зертханалық жұмыстарын дайындауға көмектеседі; -
студенттерге мінездеме береді және олардың оқу жұмысын бағалайды; -
педагогикалық практиканың қорыиындысы бойынша оқу-тәрбие мекемесінің жетекшілерімен өткізілген жиналыстарға, мүмкіндігінше университеттегі конференцияларға қатысады.
2.2. Сынып жетекшісінің міндеттері
Сынып жетекшісі:
-
студенттерді сыныптың жалпы ерекшеліктерімен, негізгі тәрбие міндеттерімен және өзінің жұмыс жоспарымен таныстырады; -
педагогика пәнінің оқытушысымен және топ жетекшісімен бірігіп, студенттерге тәрбие жұмысының жоспарын жасауға көмектеседі, жоспарды бекітеді, оның орындалуын қадағалап, кеңес береді; -
психология пәнінің оқытушысымен бірге пратиканттардың оқушыларды және сынып ұжымын зерттеу жұмыстарына, психологиялық-педагогикалық мінездеме жасауына жетекшілік жасайды; -
студенттердің өз бетінше жасаған тәрбиелік іс-шараларына және оны талдауға, баға қоюға қатысады; -
студенттерге мінездеме беріп, олардың тәрбие жұмысын бағалайды; -
педагогикалық практиканың қорыиындысы бойынша оқу-тәрбие мекемесінің жетекшілерімен өткізілген жиналыстарға, мүмкіндігінше институттағы конференцияларға қатысады.
СТУДЕНТ-ПРАКТИКАНТТЫҢ МІНДЕТІ
-
Практиканың өту орнына уақытында келу -
Практика бағдарламасында көрсетілген барлық жұмыстарды орындау -
Практиканың толық жетекшісі берген нұсқаулар мен тапсырмаларды сауатты түрде орындау -
Практика соңында есеп беру құжаттарын уақытында өткізу
-
ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕН САБАҚ ӨТКІЗУГЕ ДАЙЫНДАУ,
ОНЫ ЖҮРГІЗУ
Сабақ жүргізуге дайындалу кезінде өтетін тақырыптық дидактикалық мақсаты мен тәрбиелік мақсаттарына назар аудару қажет. Өтіліп отырған тақырыптар мен өтілетін тақырыптар арасындағы, сонымен қатар басқа пәндермен байланысын оқушыларға жеткізіп отыру жағын ойластыру керек. Қайталауға қажетті оқу материалдары алдыңғы сабақта оқушыларға беріледі. Өткізілетін сабақтың құрылысы жазылып, қажетті оқыту әдістері сарапталады. Керекті информатикалық жабдықтар, көрнекілік пен дидактикалық құралдар сұрыпталып, алдын ала тексеріледі.
-
ПРАКТИКА ҚҰЖАТТАРЫН ҚҰРУҒА ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
1 Хаттама жобасы (схемасы)
Информатика пәні бойынша ___ курс студенті ________________________ (аты-жөні) №_______мектептің ______________ сыныбында өткізілген сабағын талдау хаттамасы
________________________ (күні, айы, жылы)
Қатысқандар:
Тыңдалды:
- практиканттың сөзі
- сабаққа қатысқандардың сөздері
- қорытынды және сабақ бағасы
Мұғалім ________________
Әдіскер ________________
Хатшы _________________ (қолдары)
2 Сабақ талдаудың пәндік схемасы
2.1 Мектеп, сынып, пән, мұғалім аты-жөні.
2.2 Тақырып, мақсат, сабақ түрі (типі).
2.3 Бұл сабақтың пән бойынша сабақтар жүйесіндегі орны.
2.4 Сабақтың ұйымдастыру құрылысы: сабақ бөліктерінің байланысы мен қатынасы.
2.5 Сабақтағы оқу материалының мазмұны: ғылыми, нақтылы, материалмен теориялықтың қатынасы, идеялық бағыты, тәрбиелік мәні, өмірмен, практикамен байланысы.
2.6 Сабақты жүргізудің әдістемелері:
2.6.1 Әдістердің көпбейнелігі, оларды байланыстыру, әдісті таңдауддың педагогикалық дәлелдемелері.
2.6.2 Сабақта оқушылырдың өзбетімен жұмыстарын ұйымдастыру.
2.6.3 Мұғалімнің жаңа білім берудегі әдістемелері.
2.6.4 Оқу материалдарын бекіту әдістемелері.
2.6.5 Оқушыларлардың біліктері мен дағдыларын тексеру және білімдерін бағалау әдістемелері.
2.6.6 Ойлау қабілеттерін, қабылдау, есте сақтау қабілеттерін жаңа сабақ өткен кезде, бекіткен уақытта жетілдіру жолдары.
2.6.7 Үйге сабақ беру әдістемесі.
2.6.8 Сабаққа мұғалімнің көрнекті құралдарды пайдалану.
2.6.9 Оқушылардың жекелей ерекшеліктері мен қызығушылығын, берілген ұжымның ерекшеліктерін ескеру, пәнге қызығушылықты тәрбиелеу әдістері.
2.6.10 Оқу материалдарында пәнішілік және пәнаралық байланыстарды анықтау.
2.6.11 Оқушылардың сабақтағы жұмысының сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстарымен байланысы.
2.6.12 Оқушыларды адамгершілікке, эстетикалық тәрбиелеуге арналған сабақ моменттері.
2.7 Сабақтағы оқушылардың тәртібі.
2.7.1 Мұғаліммен оқушының жұмыс орнын дайындау.
2.7.2 Сабақтың барысында оқушылардың назарын аударып, сабақтың барлық этаптарында орнықты ұстау.
2.7.3 Сабақта ұжымның тұтасымен және жекелей оқушылардың жұмыс істеу дәрежесі мен сипаты.
2.7.4 Оқушы мен оқытушының ара қатынасы, оқушылардың тәртібі.
2.8 Сабақтың жалпы бағасы.
2.9 Бұл сабақты жүргізуде қандай өзгерістер енгізген жөн болар еді (ұсыныстар).
3 Өздік жоспар құру үшін нұсқаулар
3.1 Өздік жоспар құруда студент нақты сыныптағы тәрбие жұмысының жағдайын, пән мұғалімінің, сынып жетекшісінің жоспарлары ескереді.
3.2 Жоспарда ескерілетін мәселелер:
- сыныпты, мектепті, директормен, мұғалімдермен, сынып жетекшісімен болатын әңгімелер және өзінің бақылау нәтижесінде зерттеу;
- бекітілген сыныпта оқушылар ұжымын және жекелей оқушылардың ерекшеліктерін оқып-үйрену мақсатмен сабақтарға қатысу, сонымен бірге өз пәні бойынша әр түрлі әдістемелерді меңгеру мақсатымен әр сыныптың сабақтарына қатысу;
- оқушылар, ата-аналар жиналыстарына қатысу;
- пән бойынша үлгермейтін оқушылармен жұмыс;
- сабақтарға дайындалу, оларды өткізу;
- мамандық бойынша сыныптан тыс шаралар ұйымдастыру (экскурсиялар, тақырыптық кештер мен ертеңгіліктер, пән үйірмесінің жұмыстары);
- сынып жетекшісі ретінде жұмыс – сынып өткізу және дайындау, диспут өткізу, оқылған кітаптар, көрген фильмді талдау, сұрақ-жауап кештерін өткізу т.с.с.
4 Практиканың есебінің үлгісі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
CЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Кафедра______________________________________________________________________
(кафедра атауы)
Мамандық _________________________________________________________________
(шифр, мамандық атауы)
________________________ практика бойынша
(практика түрі)
ЕСЕП
___________________________________________________
практика өту орны
_________________________
шифр, мамандық атауы
Студент __________ _______________ ____________________
топ, курс қолы, күні Аты-жөні
Мектептен
жетекші _______________ ____________________
қолы, күні Аты-жөні
Университеттен
жетекші _______________ ____________________
қолы, күні Аты-жөні
Комиссия мүшелері _______________ ____________________
қолы, күні Аты-жөні
______________
баға
Семей
20__
5 Студенттің практика күнделігі
Студенттің практика күнделігі оқу-әдістемелік бөлімімен құралған, педагогикалық практика барысында кітапшалар студенттерге таратылады
Студенттің күнделікті толтыру реті:
А) Жолдама
Б) Практика өткендегі туралы анықтама
В) Сыныптың сабақ және қоңыраулар кестесі
Г) Сыныптағы балалардың тізімі
Д) Пән бойынша күнтізбелік жоспардан үзінді
Е) Студенттің практика бойынша жеке жұмыс жоспары
Ж) Әрі қарай студенттің практика кезіндегі орындаған жұмыстары жазылады:
- мектеппен танысу, сабақ кезінде, сыныптан тыс уақытта және үй жағдайында сыныпты бақылау, жеке оқушыны бақылау;
- мұғалім сынып жетекшісі және машықкерлердің өткізген сабақтар мен сыныптан тыс жұмыс, тәрбие сағаттарының анализі және студенттің өзі өткізген іс-шаралардың анализі;
- практиканы ұйымдастыру және өткізуге қатысты оны жақсартуға ұсыныстар.
З) Студенттің есебі және мінездеме
И) күнделіктегі жазбалар берілген тапсырмаға және практиканы өту кестесімен сәйкес болу керек;
К) күнделік күн сайын толтырылып, аптасына кем дегенде бір рет практика жетекшісі тексеріп отыруы қажет;
Л) студенттің орындаған барлық жұмыстары күнделікке жазылып отырады;
М) күнделікті практика жетекшісі тексеріп, соңында кафедраға өткізіледі.
Практиканы қорғауға күнделіксіз жіберілмейді.
Күнделік түсінікті түрде толтырылуы керек.
6 Сыныптан тыс іс-шараның психологиялық-педагогикалық
талдауының схемасы
6.1 Өткізілген іс-шара туралы жалпы мағлұматтар.
6.1.1 Мектеп, сынып, іс-шараны өткізген студенттің аты-жөні.
6.1.2 Іс-шараның мақсаты.
6.1.3 Іс-шараны талдау неге байланысты: сыныптың, мектептің дәстүрімен, сыныптың, мектептің жалпы тәрбие жүйесіне сәйкес т.с.с.
6.2 Іс-шараны өткізуге дайындықтың талдауы.
6.2.1 Іс-шараның инициаторы мен ұйымдастырушысы (мұғалім, оқушылар т.с.с).
6.2.2 Оқушылардың қызығушылығының еске алынуы.
6.2.3 Іс-шараны жоспарлау мен оған дайындықтың ерекшеліктері.
6.2.4 Іс-шараға дайындық барысында оқушыларда жаңа ұғымдар мен түсініктер қалыптастыру.
6.2.5 Іс-шараға дайындықтың оқушылар ұжымының топтасуына әсері (іс-шараның ұжымды тәрбиелеу мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келуі, жас және жекелей ерекшеліктерді ескеру, бір-біріне талап қою, өзара көмек, сын және өзара сын, ұлдар мен қыздар арасындағы қарым-қатынас т.с.с.).
6.2.6 Іс-шараны дайындау барысында активтің ролі.
6.3 Іс-шараны өткізу кезінің талдауы.
6.3.1 Іс-шара кезінде оқушылардың ұйымдасуы және тәртібі.
6.3.2 Іс-шараның мақсаты мен міндеттеріне өткізілетін орынның дайындығының, оқушыларының сыртқы түрінің сәйкес келуі.
6.3.3 Оқушылардың іс-шараның өту кезеңімен қызығушылығы.
6.3.4 Іс-шара кезінде бақыланатын құбылыстар (еліктеу, шабыттану, жарыс рухы т.с.с).