Файл: Крнекілігі лаатты сздер жазылан плакаттар, сурет, глдер, шарлар. Жргізуші.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 22
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тақырыбы: «Ұстаз – ұлағатты тұлға»
Мақсаты: бүкіл адамзат баласы бас иер асыл тұлға ұстаздардың ерен еңбегін, мол қадірін, тарихтағы баға жетпес орнын паш ету; жас ұрпақты ұстазды құрметтеуге, адамгершілікке, сыйлап түсіне білуге үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырын түсіндіру; ұстаз еңбегін әрқашанда бағалай білуге үйрету.
Көрнекілігі: ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, сурет, гүлдер, шарлар.
Жүргізуші: Құрметті Ұстаздар, қымбатты оқушылар! «Ұстаз – ұлы тұлға» атты ашық тәрбие сағатымызды ашық дей отырып, Қадірлі Ұстаздар, сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатудағы жас буынға дұрыс бағыт-бағдар беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін демекпіз!
Ән: «Ұстазым».Орындайтындар: Хор
Жүргізуші:
Ұстаз болу - жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу – мінездің күншуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы, - деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз. Ұрпақ тәрбиесі ұстаздарға байланысты. «Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Олай болса ендігі кезекті оқушылардың өлеңдеріне берейік.
Мұғалімдік-ең құрметті мамандық,
Жас ұрпақты өсіретін адам ғып.
Ұстаздардан адамзатқа таралған
Мол мейірім, ізгілік пен адалдық.
Бар тәлімін беріп елдің жанына,
Бір кездері қырауланар шашы да.
Ұстаз адам ұстаз болып қалады,
Қол соқтырып заман менен ғасырға.
Айта берсек ұстаздарға тіл жетпеген,
Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген.
Айтыңдаршы, адам бар ма өмірде
Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген.
Ұстаз, ұстаз қасиетті есімің,
Құттықтайды барша халық осы күн.
Өзің берген біліміңе қандырып
Талай ұлан шәкірттерді өсірдің.
Ұстаз деген – ұлы есім, ардақты,
Ақындардың өлеңдерін жаттатты.
Жақсылықты бойымызға сіңіріп,
Жамандықты, жалқаулықты тастатты.
О,ұстаздар, басымды ием сіздерге,
Күллі әлемнің мұғалімдер күнінде.
Жүрегімнің лүпілінен шыққан сөз
Сая тапсын ұлы ұстаздың жүрегінің түбінде.
Ұлықтың мықтылығы ағашынан,
Қымыздың күштілігі сабасынан.
Бишінің биші болып атануы
Үйреткен, тәлім берген ұстазынан.
Келесі тамашалайтындарыңыз: «Қазақ биі- ».
Шәкірттер сіздерді айтып мақтанады,
Бейнелерің жүректерде сақталады.
Біз, жастар, биіктерден көрінеміз
Үміт пен сенімдерің ақталады.
Ұстаздар қандай ғажап асылсыңдар,
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған
Күндей боп күлімдеген жарықсыңдар!
Дарын бол, мейлің дана бол,
Өтетін бәрі алдынан
Ұстаздар бейне сара жол.
Ұстаздар - ұлттың тірегі,
Ұстаздар - мектеп жүрегі.
Ұрпаққа жетер ұстазбен
Халықтың ұлы тілегі.
Жетелеген мына заңғар биікке,
Шыға алмайтын тауда жортқан киік те.
Түсіндірді өмір атты ғаламды,
Аяулы ұстаз, мәртебең сенің биікте.
О,ұстазым, ұстаз деген – ұлы ұғым,
Кәусарынан қанып ішкен тұнығын.
Еңбегіңе мен де жеміс тілеймін,
Шалқып өтсін шәкіртің мен ғұмырың.
. Тілейміз біз амандық пен бақытты,
Тілейміз біз қуаныш пен шаттықты.
Білім алған ұстаз деген ұлыдан
Біздей шәкірт шынында да бақытты!
Келесі тамашалайтындарыңыз ән: «Қазақтай ел қайда»
Жүргізуші: Өмір кейде қисық айна секілді,
Санаңнан тыс билеп алад еркіңді.
Оқиғалар еніп кетіп бір түрлі
Келтіреді күлкіңді.
-Апай, Мұғалімдер бізден емтихан алғанды жақсы көреді, осы сәтті пайдаланып, біз де ұстаздарымыздан сынақ алып көрсек қайтеді?
1-Әлия:
- Сен сонда ұстаздарымызбен орнымызды ауыстырып көрсек қайтеді дегің кеп тұр ма?
2-Айтжан:
Иә, иә, тура солай, бүгін ұстаздар оқушы болсын,ал біз мұғалім болып емтихан алып көрейік.
1-Әлия:
-ендеше тыныштық сақтаңыздар! Мұғалімдерге арналған емтиханымызды бастаймыз.
(Мұғалімдерге шарлар үлестіріледі. Әр шардың ішінде сұрақтар бар. Мұғалімдер шарды жарып, сұрақтарға жауап беруі керек).
Сұрақтар: Сұрақтар:
Жазғы күн тоқырау күні қашан? (22 шілде)
Ертеде жіп иіруге қандай құралды пайдаланған? (Ұршық)
Қазақстанда “Қызыл кітап” тұңғыш рет қай жылы шықты? (1978)
Шәкәрім Құдайбердіұлы орыс әдебиетінің қай классигімен пікірлес болған (Л.Толстой )
Үндістер қай құрлықтың байырғы тұрғындары? (Американың )
«Компьютердің атасы» деп кімді атаған? (Чарлз Бэбэдж)
Бұл термин тіл ғылымы саласында, математикада, биологияда кез-деседі. Сөзде, өсімдікте және теңдеуде болтын бұл қай сөз. (Түбір)
Адамдар санауды ежелгі кезден бастап үйренген. Сандарды бейнелеу үшін ағашқа, тасқа таңбалар қалдырған. Күрделі есептеулер жүргізу қажеттілігінен цифрлар пайда болған.
Адамдар сандарды бірінші рет не арқылы бейнелеген және алғашқы санау құралы не? (Саусақ)
Жұмадан кейін 4 тәуліктен соң қандай күн келеді? Жексенбіден 3 тәулік бұрын қандай күн келеді? (Сәрсенбі, Бейсенбі)
Қаздар ұшып келеді. Алдында бір қаз және оның артында екі қаз. Ең соғы қатарда бір қаз және оның алдында екі қаз. Екі қаздың ортасында бір қаз және барлық қаз бір қатарда ұшып келеді. Барлығы неше қаз?
Жауап Үш қаз
Еліміздің рәміздерін және олардың авторларын ата (
Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды? (1941-1945ж)
Сіздерге рахмет айта отырып мына өлең жолдарды арнаймыз:
Ұлы өмірге жетелеп,
Ашқан білім есігін.
Құрметтейміз мәпелеп
Ұстаздардың есімін.
Келешекке- алтын бақ,
Қосар таудай үлесін.
Жасай берсін жарқылдап
Ұстаз атты ұлы есім!
Келесі тамашалайтындарыңыз «Үнді биі». Алдарыңызда биші қыздарыңыз
Жүргізуші: Жүрегі кең, ұстаздар, данасың ғой!
Қамқор болған біздерге баласындай.
Сынып жетекшілері, ыстық ықыласымызды
Қабыл алыңыздар,
Аялаған біздерді баласындай.
Қымбатты Ұстаздар! Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, бүгінгі күннен естелік ретінде 5- класс оқушыларының дайындаған сыйлығын қабыл алыңыздар!
1.Өркен
Суретшілік мамандығы-мектебімнің басшысы,
Сауаттылық, іскерлікке талап қояд ол кісі.
Ұлан ағай өзіңіздей болса егер,
Шәкірттердің алға басар бар ісі!
2.Қуандық
Тәрбие мен білім егіз қашанда,
Мықты тірек керек әрбір ұжымға.
Шәкірттерің мектеп атын шығарар,
Салима апай ортамызда сіз барда.
Келесі ән, «Ұстазым» Орындайтындар:
Дария судың ағыны,
Құрметтеген шәкірті.
Сыйымызға риза бол,
Мұғалімдер қауымы!
Осымен «Ұстаз – ұлы тұлға» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды, уақыт бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет, сау – саламатта болыңыздар!