ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 1756
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мектеп басшыларының күнделікті жұмысының күнделікті және апталық жоспарлары құрылады. Олар еркін түрде құрастырылады. Мектеп басшыларының күнтізбе-жоспары болған жағдайда мектептегі шараларды өткізуді бақылау да оңай болады. Күнтізбе-жоспардың бірінші графасында өткізілетін шаралар тізімі жазылады. Одан кейін он графа сызылады, оқу жылының әрбір айына жеке-жеке графа арналады. Тиісті тор көзде белгілі бір шараны өткізуге белгіленген айдың күні жазылады. Мұндай жоспар аз уақыт ішінде жүргізіліп жатқан жұмыстың бағытымен, ұқсас шаралардың қайталану жиілігі бойынша салыстырмалы талдау жасауға мүмкіндік береді.
Кейбір мектептерде циклограммалар жасалады, циклограмма дегеніміз мектептегі шараларды өткізудің апталық графигі. Циклограммаларды пайдалану іс-әрекеттің нақты ырғағын анықтауға көмектесіп, бақылауды орындауды жеңілдетеді.
Кейбір мектептерде іс-әрекеттің жағдайларына байланысты жұмыс жоспарларының басқа да түрлері құрылады. Мектеп қызметінің белгілі бір шарттарының өзгеруі, алдын-ала жоспарланбаған жаңа жағдайлардың пайда болуы жұмыс жоспарына өзгерістер мен түзетулер енгізуге себеп болады.
Сонымен, әр түрлі жұмыс жоспарлары жалпы мектептің және мұғалімдер мен тәрбиешілердің іс-әрекеттерінде ерекше орын алады, ал мектептің жылдық жоспары олардың ішіндегі ең негізгісі болып табылады. Жоспар жекелеген шаралардың жай ғана тізбегі емес, педагогикалық негізделген шаралар жүйесі болуы қажет. Жоспардың барлық түрі бір-бірімен тығыз байланыста және мектеп іс-әрекетінің маңызды мақсаттарына жеткізетін міндеттерді шешуге бағытталулары қажет.
Жоспардан басқа мектепте басқа да қүжаттама жүргізіледі, оны шартты түрде үшке бөліп қарауға болады: оқыту-педагогикалық құжаттама, мектеп ішіндегі ақпарат және қаржы-шаруашылық құжаттамалар. Оқыту-педагогикалық құжаттама:
423
- журналдар: сынып журналдары, факультатив сабақтарының журналдары, дайындық сабақтарының журналдары, қалдырылып кеткен және орны ауысқан сабақтарды есепке алу журналы;
- кітаптар: оқушылар тізімінің алфавитті кітабы, бланктер мен беруді есепке алу кітабы (орта білім туралы аттестаттар мен негізгі сатыны бітіргені туралы куәліктерге арналған жеке кітаптар), «Алтын белгі» белгісін есепке алу кітабы, мақтау грамоталары мен мақтау қағаздарын есепке алу кітаптары, мектеп мұғалімдерінің жекелік құрамын есепке алу кітабы, мектептен шыққан және мектепке келген хаттарды тіркеу кітабы, тексерушілердің ескертулері мен ұсыныстарының кітабы;
- оқушылардың жеке құжаттары;
- оқушыларға белгілі бір мамандық алғаны туралы анықтамаларды беру ведомосі (бастапқы кәсіби оқыту ұйымдастырылған мектептерде);
- жоғары мекемелерден келіп түскен бұйрықтар, жарлықтары мен басқа да бұйрықтық-ақпараттық құжаттама;
- мектеп аттестациясының материалдары, мектептің оқыту іс-әрекеті лицензиясы;
-мектепті тексеру нәтижелері туралы актілер, анықтамалар, баяндама хаттарының көшірмелері;
- білім беруді басқаратын жоғары мекемелермен және басқа да ұйымдармен хат алысу.
Мектеп ішіндегі ақпарат ауызша және жазбаша болуды. Уақытына қарай ақпарат қолма-қол (күнделікті, апталық, айлық), тоқсандың және жылдық болып бөлінеді.
1) күнделікті қолма-қол ақпарат бақылау нәтижесінде, пәндік мұғалімдермен, сынып жетекшілерімен, оқушылар мен олардың ата-анасымен жүргізілген әңгіме-сұқбат нәтижесінде, сынып журналы мен мектеп ішіндегі басқа да құжаттамаларды оқып зерттеу нәтижесінде қалыптасады. Онда оқушылардың үлгерімі мен сабаққа қатысуы туралы, олардың тәртібі туралы, мектептің, оқу бөлмелерінің, оқу шеберханаларының санитарлық күйі туралы мәліметтер бар. Күнделікті ақпарат басқарудың шапшаң шешімдерін қабылдау үшін қажет.
2) Апталық қолма-қол ақпаратты мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасары жинастырады. Онда бір апта бойындағы күнделікті ақпарат, шапшаң мәжілістердегі пікір алмасу нәтижелері,
424
мұғалімдерден, сынып жетекшілерден келіп түскен мәліметтер есепке алынады. Апталық ақпаратта ерекше бақылауға алынған оқушылардың және сыныптардың үлгерімі мен сабаққа қатысуы туралы, сыныпта және мектептен тыс шаралар туралы, сынып журналдарың, оқушылар дәптерлері мен күнделіктерін жүргізудің жай-күйі туралы мәліметтер болады.
3) Айлық қолма-қол ақпарат апталық ақпараттарды қорытындылап, толықтырады. Онда оқу бағдарламасының орындалу барысы туралы, пәндік мұғалімдер мен сынып жетекшілері жұмысының сапасы туралы, жекелеген сыныптардың үлгерімі, сабаққа қатысуы, тәртібі туралы, арнайы тексеру мен бақылау жұмыстарының нәтижелері туралы оқушылардың қоғамдық ұйымдарының жұмысы туралы мәліметтер болады.
4) Сыныптар мен оқу пәндері бойынша үлгерімі туралы тоқсандық ақпаратты мұғалімдер мен сынып жетекшілері жазбаша түрде дайындайды, оны мектеп дирекциясы сараптайды, жұмыс барысындағы пайда болған кемшіліктерді түзету жолдарын анықтау мақсатында педагогикалық және әдістемелік кеңестерде (пәндік бірлестіктерде) талқыланады.
5) Жылдық ақпарат тоқсандық ақпараттар деректері, сыныптан сыныпқа өту мен мектеп бітіру емтихандарының нәтижесінде қалыптасып, оқушылардың тәрбиелілігі мен білімділігі деңгейіндегі динамиканы айқындауға мүмкіндік жасайды. Бұл ақпарат мектеп жұмысының жылдық жоспарының сараптамалық тарауын құрудың негізі болады.
Қаржы-шаруашылық құжаттаманың құрамында мектептің техникалық құжаты, мұғалімдердің көрсеткіштік тізімі, негізгі құралдардың тізімі, материалдардың қоймалық есебінің кітабы, құндылығы төмен тез тозатын заттар қозғалысын қолма-қол есепке алу ведомості, мектеп кітапханасы қорының инвентарлы кітабы, материалдық құндылықтарды қолданыстан шығару актілері бар.
Мектеп құжаттамасын нақты және дұрыс жүргізуді ұйымдастыру мектеп ішіндегі тиімді басқарудың маңызды шарттары болып табылады. Аталған құжаттарды дер кезінде және оларды жүргізудің нұсқауларына сәйкес толтыру қажет. Сонда ғана мектеп ұжымы іс-әрекетінің барлық бағыты бойынша қажетті нақты ақпарат алуға болады. Ал бұл істің жай-күйіне объективті баға беріп, басқаруда тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
425
Өзін- өзі бақылауға арналған сұрақтар
1. Мектеп жұмысының жылдық жоспарын құрудың негізгі қағидаларын атаңыз.
2. Мектеп жоспарын құрудың реті қандай?
3. Мектептің жылдық жоспарының сараптау (аналитикалық) бөлімі Қалай дайындалады?
4. Мектептің жылдың жоспарының негізгі мазмұнын ашыңыз.
5. Жоспардың негізгі түрлерін сипаттаңыз.
6. Басқару іс-әрекетіндегі ақпараттың рөлін ашыңыз.
7. Мектеп ішіндегі құжаттаманың негізгі түрлерін атаңыз.
Әдебиеттер
1. Внутришкольное управление. Вопросы теории и практики. М., 1991.
2. Конаржевский Ю.А. Совершенствование функций внутришкольного управления. Челябинск, 1988.
3. Концепция развития среднего образования Республики Казахстан //Учитель Казахстана, № 17-18, 1997.
4. Основы внутришкольного управления. /Под ред. П.В.Худоминского. М., 1987.
5. Портнов М.Л. Азбука школьного управления. М., 1991.
6. Симонов В.П. Директору школы об управлении учебно-воспитательным процессом. М., 1987.
7. Сухомлинский В.А. Разговор с молодым директором школы. М., 1982.
8. Татьянченко В.С., Пономарев Н.А. Годовой план школьной работы. Курган, 1988.
9. Фролов П.Т. Школа молодого директора. М., 1988.
Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
Қандай да бір орта мектепті елестетіңіз (мысалы өзіңіз бітірген мектепті алайык). Осы мектеп ұжымы іс-әрекетінің бір
426
жылға арналған маңызды деген мақсаттарын анықтаңыз. Негізгі міндеттерді анықтаңыз, оларды шешу алға қойған мақсаттарға жетуді қамтамасыз ету қажет. Осы мектеп жұмысының жылдық жоспарының бір тарауының мазмұнын құрастырыңыз. Жылдық жоспардың осы тарауының сыртқы көрінісінің әр алуын түрлерін қарастырыңыз.
Реферат тақырыптары
1. Мектеп жұмысының жылдык жоспарын дайындау.
2. Мектеп жұмысының жылдық жоспарының мазмүны.
3. Мектеп құжаттамасының негізгі түрлері және олардың сипттамасы.
4. Жалпы мектеп құжаттарының түрлеріне сипаттама.
427
ПЕДАГОГИКА
Оқулық
Ғылыми редакторлар: Н. Д. Хмель, Г. Т. Хайруллин, Б. И. Муканова
Басуға 28.08.2005 кол койды. Пішімі 60x84 '/„. Офсетгік басылыс. Шартты б.т. 24,99. Есептікб.т. 25,23. Таралымы 1000 дана.
ЖШС «Ргіпі-З» баспаханасы. 050032, Алматы к., Ибрагимов к-сі, 1.