ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 1758
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Дене шынықтыру-спорттық жұмыстарды өткізу жоспарланады: спорттық секциялар құру, туристік саяхаттар, жарыстар, спорттық кештер мен мерекелер, сондай-ақ дене шынықтыру бойынша қоғамдық-пайдалы іс-әрекеттерді (спорттық құрал-жабдықтар мен бұйымдарды жөндеу, спорттык
416
алаңдарды жабдықтау бойынша жұмыстар) ұйымдастыру. Сауықтыру жұмыстары, соның ішінде оқушылардың жынысы мен жасын ескере отырып жалпы мектептік деңгейде және сыныптар бойынша санитарлық-гигиеналық тәрбие шаралары, оқушылардың ауруларының алдын алу шаралары, салауатты өмір салтын насихаттау шаралары қарастырылады.
Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу мақсатында мектепте өз өзіне қызмет жасау, қоғамдық-пайдалы еңбек жұмыстары, жағдайлар болған кезде оқушылардың шамасына сай өндірістік еңбегі бойынша жұмыстар қарастырылады. Жоспарда мектептегі еңбек мейрамдары мен басқа да шаралар (көрмелер, байқаулар, жарыстар) да қарастырылады, техникалық үйірмелер мен секциялар жұмысы ұйымдастырылады. Мұнда оқушыларға экономикалық тәрбие беру бойынша, іскерлік қасиеті мен қазіргі заман адамының басқа да жеке қасиеттерін қалыптастыру бойынша шаралар көрсетіледі. Оқушыларға экологиялық тәрбие беру жұмыстары да жоспарланады: тәжірибелік жұмыс, экологиялық аумақ, экологиялық соқпақ құру, жануарлар мен өсімдіктер күтімі, « табиғатты сақтау бойынша жұмыс, экологиялық мейрамдар, байқаулар өткізу.
Бұл тарауда жанұя тәрбиесімен байланысты оқушылар ата-анасымен жүргізілетін жұмыс көрініс тапқан мәселелер де бар. Ата-аналармен кездесу өткізу, оларға ақыл-кеңес беруді ұйымдастыру, ата-аналар жиналыстарын өткізу, ата-аналар комитеті жұмысына көмектесу, ата-аналарды мектептегі тәрбие жұмысына араластыру, жанұя тәрбиесінің озат тәжірибесін зерттеу мен қортындылау жұмыстары қарастырылады.
«Педагогикалық кадрлармен жұмыс» тарауында мұғалімдер мен тәрбиешілердің әдістемелік деңгейін көтеруге бағытталған жұмыстар қарастырылады. Мұғалімдер ұжымының кәсіби біліктері мен дағдыларын диагностикалау жоспарланады, бұл озат педагогикалық тәжірибені анықтауға, сондай-ақ мұғалімдердің тәрбие мен оқыту әдісінің саласындағы қажеттіліктері мен сұраныстарын анықтауға мүмкіндік береді. Жоспарға мектептің әдістемелік бірлестіктерінің, әдістемелік кеңестің, әдістемелік кабинеттің іс-әрекеті мәселелері, мектеп мұғалімдерінің психологиялық-педагогикалық проблемаларды зерттеу мәселелері, мұғалімдер мен
417
тәрбиешілерге арналған педагогикалық оқулықтар, конференциялар, семинарлар, арнайы курстар өткізу енгізіледі. Жоспарда тәжірибесі аз мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету, мұғалімдердің өзіндік білім алулары мен олардың педагогикалық шығармашылығын ынталандыруды ұйымдастыру мәселелері, озат педагогикалық тәжірибені қортындылау мен тарату мәселелері (ашық сабақтар, әдістемелік көрмелер, шығармашылық есеп берулер өткізу, шығармашылық педагогика клубтарын ұйымдастыру, озат тәжірибе мектебін құру) көрініс табады. Бұл тарауда мектептің педагогикалық ғылым өкілдері мен іскер ынтымақтастықтың формалары және мазмұны көрсетіледі. Әдістемелік кеңес пен әдістемелік бірлестіктер (кафедралар) жұмысының жоспарлары осы тараудың құрамды бөлігі болып табылады.
Жоспардың белгілі бір тарауында мектептің педагогикалық кеңесінің жұмысы қарастырылады, онда педагогикалық кеңес мәжілісінің тақырыбы мен өткізілетін күні нақты белгіленеді. Жоспардың бұл тарауын дайындағанда мәжіліс тақырыбын анықтауға ерекше көңіл бөлу қажет. Мәжіліс тақырыбы мұғалімдер ұжымы іс-әрекетінің жалпы мазмұнынан бастау алуы қажет, педагогикалық кеңестегі белгілі бір мәселелерге талдау жасау, ұжымдық шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыру мектеп іс-әрекетінің жалпы мақсатына жетуге жағдай жасауы қажет. Педагогикалық кеңес мәжілісінің тақырыбында мектептегі оқу-тәрбие процесін, ұжымның ұйымдастырушылық-педагогикалық іс-әрекетін жақсарту мәселелері, мектептің педагогикалық ғылыммен байланысы туралы, педагогикалық ғылымның жаңа жетістіктерін жүзеге асыру мәселелері көрініс табады. Педагогикалық кеңестің әрбір мәжілісінде өткен мәжілістерде қабылдаған шешімдердің барысы туралы ақпараттар тыңдалады.
Мектеп ішіндегі бақылау жүйесі мектеп жұмысының жылдық жоспарының ерекше тарауын құрайды. Мұнда мектептегі тәрбие жұмысының жай-күйі мен нәтижелілігін бақылауға бағытталған шаралар көрсетіледі: оқушылардың қоғамдық белсенділігін тәрбиелеу міндеттерін, оларға саналы тәртіп, еңбек, адамгершілік, эстетикалық, экономикалық, экологиялық, құқықтық, патриоттық тәрбие беру міндеттерін шешу, олардың тәрбиелілік деңгейін көтеру; дайындық сабақтарының, үйірмелер мен
418
секциялардың, оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының жұмысын бақылау; өлкетану жұмысын, оқушылардың өз өзіне қызмет жасауы мен олардың шамасына сай еңбегін ұйымдастыруды бақылау; мұғалімдердің, тәрбиешілердің, сынып жетекшілерінің тәрбие жұмыстарын, сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруды, оның мазмұны мен нәтижелілігін бақылау; жанұямен бірлескен жұмысты бақылау (оқушылардың тіршілік жағдайлары мен жанұялық тәрбиесін зерттеудің жай-күйі, ата-аналармен өткізілетін шаралар сапасы).
Оқу пәндерін оқытудың бақылауы қарастырылады: оқыту ғылымилығын, оқу бағдарламаларының орындалуын, оқу материалының өмірмен, практикамен байланысын қамтамасыз етуді, сабақтар жүйесі мен оқу пәндері жиынтығының өзара байланысын, оқудың жеке даралық болуы мен оқыту процесіне қойылған психологиялық-педагогикалық талаптардың
орындалуын, оқушылардың танымдық ықыластарының дамуын, олардың оқудыға өз бетінше жұмыс істей алу мен өз бетінше білім алуға ұмтылуын бақылау. Оқушылардың білімі, білік пен дағдыларының сапасын бақылау жоспарланады, онда оқушылардың ғылыми дүниетанымының қалыптасуы, олардың оқу материалын меңгеруі, оқушылардың оқу еңбегінің дағдыларының қалыптасуы туралы мәселелер қарастырылады.
Мұғалімдер мен тәрбиешілердің міндетті жалпы орта білім беруді қамтамасыз ету бойынша іс-әрекетін бақылау жоспарланады: мектеп жасындағы балаларды тіркеудің жай-күйі, окытудың арнайы жағдайларын қажет ететін балаларға жағдай жасау, оқушылардың сабаққа қатысулары. Бұл тарауда мектеп ішіндегі құжаттамалардың жай-күйін, оларды әрбір құжатқа қатысты талаптарға сай дер кезінде әрі дұрыс тіркелуін бақылау.
Тараудың мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастыруды және мұғалімдер мен тәрбиешілердің мамандығы мен әдістемесін өсіруді бақылауға арналған бөлімінде теориялық семинарлар, озат тәжірибе мектептерінің, әдістемелік бірлестіктердің жұмысы, озат педагогикалық тәжірибені қалыптастыру мен тарату мәселелері, мұғалімдер мен тәрбиешілерді оқыту мәселелері қарастырылады.
Бұл тарауда мектептің басқа да бөлімдерінің (шаруашылық қызмет, мектеп кітапханасы, дәрігерлік көмек, 'тамақтануды ұйымдастыру) іс-әрекетін бақылау қарастырылады.
419
Мектептің жылдық жоспарының бір тарауы ұйымдастырушылық-педагогикалык жұмысқа арналған. Мұнда педагогикалық кадрларды орналастыру, мектеп әкімшілігі мен тұтас педагогикалық ұжым жұмысын ұйымдастыру мен тәртібі, мектеп қызметкерлері арасында қызмет міндеттерінің бөлінуі көрсетілген. Әдістемелік қызметтің шапшаң іс-әрекетін ұйымдастыру да қарастырылады. Бұл тарауда жалпы мектептік кештер, мерекелер, салтанатты шаралар, шапшаң және басқа да кеңестер (мектеп директоры немесе меңгерушісі қатысуымен өткізілетін кеңестер, өндірістік кеңестер, жиналыстар) өткізудің графиктері беріледі.
Мектептің оқу-материалдық базасын нығайту мәселелері (мектеп ғимаратын кезекті немесе күрделі жөндеуден өткізуді дайындау жұмыстары) жоспардың жеке тарауында қарастырылады. Еңбекке тәрбиелеудің материалдық-техникалық базасын кеңейтуге, оқу бөлмелерін көрнекілік құралдармен, компьютерлік техникамен жабдықтауға, мектеп кітапханасы-ның кітап қорын толықтыруға, спорттық құрал-жабдықтар мен жиһаздарын жаңарту мен толықтыруға бағытталған шаралар қарастырылады. Дайындық сабақтарының жұмысын ұйымдастыру үшін, оқушылардың оқуы мен ойнуы үшін, мектеп асханасының жұмысы үшін қажетті жағдайларды жасау, шаруашылық қызметті қажетті материалдармен, кұрал-саймандармен, арнайы киіммен қамтамасыз ету шаралары көрсетіледі. Бұл тарауда, сондай-ақ мектеп ауласын санитарлық-гитиеналық тәртіптің ережелері мен талаптарына сай жабдықтау, өртке қарсы қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз ету көрсетіледі.
Мектеп жұмысының жылдық жоспарының мазмұны, міне, осындай. Жоспар мазмұны мектеп қызметінің нақты бір жағдайлары мен басқа да факторларға байланысты басқаша болуы да мүмкін, онда негізгі тараулар өзгеше болуы мүмкін. Алайда онда әрқашан аналитикалық бөлім (нормативті және инструктивті ақпаратты есепке ала отырып мектептің өткен жылғы іс-әрекетінің нәтижелері туралы ақпаратқа талдау жасау), мектептің жоспар-ланған уақытқа арналған маңызды міндеттері, алға қойылған міндеттерді шешу мен мақсаттарға жетуге әкелетін шаралар көрсетілген негізгі бөлім бар.
420
Мектептін жылдық жұмысжоспарын дайындау
Мектеп жоспарының сыртқы көрінісі түсіндірме мәтін түрінде (жоспардың мәтіндік түрі) болуы мүмкін. Бұл мәтінде жоспардың негізгі бөлігін құрайтын барлық шаралар беріледі. Жоспардың бұл түрі жоспар-графикпен толықтырылуы мүмкін (жылдық жоспарды жоспар-график түрінде де ұрастырады). Жоспар-графиктің ең қарапайым түрі үш графадан тұратын кесте түрінде болады, бірінші графа - шаралар тізімі, екінші графа - осы шараларды ұйымдастыру мен өткізуге жауапты адамдар тізімі, үшінші графада осы шараларды өткізу уақыты жазылады. Жоспар-графиктік басқа түрлерінде, сондай-ақ, мақсат графасы (мақсат бағыты), жоспардық осы тарауының орындалу барысын бақылау графасы, тараудың орындалғаны туралы графа (немесе өткізілген шараның қысқаша талдауы мен бағасы) болады.
Жоспарлаудың күн тізбелік-графикалық түрінде апта (мысалы 21-27 қыркүйек) уақыт бірлігі ретінде алынады. Жоспардың осындай түрінің бірінші графасында осы уақыт мерзімі көрсетіледі. Жоспардың келесі графалары іс-әрекеттің белгілі бір бағытына арналады (мысалы, жалпыға міңдетті білім, материалдық-техникалық базаны нығайту, мектеп ішіндегі бақылау). Тор көздерде іс-әрекеттің белгілі бір бағыты бойынша белгіленген уақыт аралығында өткізілуі тиіс шаралары белгіленеді.
Жылдық жоспардың аталған түрлерінің бәрінің ортақ бір кемшілігі бар, ол - оның жеке-жеке элементтерінің өз ара байланысы мен тәуелділігінің анық еместігі, ол тұтас тәрбие мен оқу процесін басқаруда белгілі бір қиыншылық-тар туғызуы мүмкін. Жоспардың жүйелі түрінің мұндай кемшіліктері жоқ. Жоспардың жүйелі түрі дегеніміз барлық процестердің уақыт пен олардың өткізілуінің реті бойынша графикалық көрінісі. Онда жалпыға ортақ шартты белгілер қолданылады. Ұзын сызықты тіл, мысалы, шынайы жұмысты білдіреді (уақыт пен қаржы шығынын қажет ететін еңбек процесі). Нүктелі сызық пен үзік-үзік сызықты тіл уақыт шығынын қажет етіп, бірақ еңбек шығынысыз орындалатын жұмысты білдіреді. Нүктелі сызықты тіл бір жағдай мен екінші жағдай арасындағы қисынды байланысты, тәуелділікті білдіретін жалған жұмысты белгілеу үшін қолданылады. Шеңберлермен немесе тор қөздермен жұмыстың бітуін, яғни оқиға деп аталатын соңғы
нәтижені белгілейді.
421
Кез-келген жұмыс (немесе тіл) екі оқиғаны - бұрынғы (бастапқы) және соңғы оқиғаларды байланыстырады. Сондықтан жүйелі жоспардың сыртқы көрінісі өз ара тілдермен қосылған нөмірленген шеңберлердің (оқиғалардың орындалу реті бойынша) жиынтығынан тұрады. Егер қандай да бір шеңберге бірнеше тілдер жүргізілген болса, бұл тілдердің басында орналасқан барлық бастапқы оқиғалардың нәтижесі деген сөз. Тілдерде осы нәтижеге (оқиғаға) жету үшін жұмсалған уақыт мөлшері жазьшады. Жүйелі жоспарға бастапқы ақпарат кестесін қосқан жөн. Бұл кестеде әрбір оқиғаның нөмірін табуы және жобаланған жұмыстар көрсетіледі. Бастапқы ақпарат көмегімен мектептің кез-келген қызметкері жүйелі жоспарда көрініс тапқан өзара тәуелділікті түсіне алады. Жүйелі жоспар көмегімен жұмыстың үлкен педагогикалык жұмыс мөлшерін кажет ететін түрлерімен қоса, тәрбие мен оқытудың негізгі міндеттерін шешуге ықпал етпейтін түрлерін де айқындауға болады. Сондықтан мектеп жұмысының жүйелі жоспары зерттеушілер мен практик-мұғалімдердің жоғары бағасына ие болып отыр.
Мектеп құжаттамасының басқа түрлері. Тұтас мектеп ұжымы және жеке мұғалімдердің жұмысы мен іс-әрекеті мектептің жылдық жоспарынан басқа да жоспарлармен белгіленеді. Олардың ішінен мектептің стратегиялық мақсаттары мен оларға жетудің жолдары белгіленген перспективалык жоспарды бөліп қарауға болады. Перспективалық жоспар, әдетте, бес жылға құрылады, осы уақыт аралығындағы басты мәселелік міндеттерді шещуге бағытталады. Онда оқушылардың жылдағы мөлшерін жоспарлау үшін өте маңызды демографиялық сипаттағы болжамдарды қамтылып, педагогикалық ұжымны құрамының жаңаруы қарастырылады. Бұл жоспардың мектептегі оқу-тәрбие процесін жетілдіру бойынша жүргізілуі тиіс міндеттер көрсетілген сараптамалық бөлімі бар. Перспективті жоспар тарауларының атаулары жылдық жоспардың атауларымен сәйкес келуі мүмкін. Перспективті жоспардағы алдыға қойылған міндеттер, оларды жүзеге асыру деңгейі жылдық жоспарды құру кезінде ескеріледі. Мұғалімнің сыныптар арасындағы оқу пәнінің мазмұнын оқып зерттеудің күнтізбелік жоспары мен әрбір сабақтың жеке жоспары болуы қажет. Тәрбиешілер мен сынып жетекшілері тәрбие жұмысының жоспарын құрайды. Факультативтер,
422
үйірмелер мен секциялар жұмысының жоспарлары құрылады. Жалпы мектептік және сыныптық ата-аналар комитетінің, оқушылардың қоғамдық ұйымдарының, өзін-өзі басқару органдарының іс-әрекеті жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі. Мектеп кітапханасы жұмысының жоспары құрылады.