Файл: Педагогика оулы ббк 74. 00 П24.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 1755

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


6

категориялар деп аталады. Педагогикада негізгі ұғымдар (категориялар) жүйесі жүзжылдық бойында қалыптасты, ол кездейсоқ емес, өйткені алдымен педагогикалық білімдер философия төңірегінде жинақталған. Педагогика философиядан бөлінуі педагогикалық ғылымның объектісінің (нысанасының) анықталуымен байланысты.

Категориялар мазмұндарында объективті шындықтың маңызды жактары бейнеленуі, яғни уақыт анықталған категориялар құрамы, осы ғылым зерттейтін, объективті шындықтың толық бағалы сипаттамасын жасауға мүмкіншілік береді. Бірақта бұл үшін зерттеліп отырған шындықтың шекарасын білу керек. Ғылымдарды олардың нысанасы мен пәні бойынша ажыратуға болады. Нысана -акиқатының нақтылы сол ғылым зерттеуге алатын саласы. Пән - бұл нактылы ақиқаттың мәнін құрайтын негізі. Педагогика қоғамның тәрбиелік қызметін жүзеге асырумен байланысты ғылым. Демек, педагогикалық іс - әрекет іске асырылатын объективтік шындықтың жақтары, педагогиканың нысанасы болады.

Ал педагогика пәні - индивидтің өткен ұрпақтардың әлеуметтік тәжірибесін меңгертетін оқу және оқудан тыс уақыттын бірлігіндегі тұтас педагогикалық процесс болъш табылады. Ұстаздар әлеуметтік тәжірибенің мазмұны мен оқушылар арасындағы келістіруші делдал болып табылады, тұлғаның қалыптасуы олардың белсенді қайта өзгерткіш өрекетіне байланысты.

Бір элементтен көп элементтер қосылу барысында жүйе пайда болады. Педагогикалық шындықта бұл "ұстаздар - оқушылар" жүйесі, ол сол жетекші бөлігі (элементі) ұстаздар бойынша педагогикалық жүйе деп аталады.

Кандай да болмасын жүйе (биологиялық, техникалық, өлеуметтік) жағдайының өзгеруі процесс деп аталады. "Ұстаздар (педагогтар) -оқушылар" жүйесі жағдайының өзгеруі педагогикалық процесс деп аталады. Тек қана педагогикалық процестегі ұстаздар мен оқушылардың өзара өрекетінде (процестің қызметіңде) тұлғаның қайта өзгеруі жүзеге асады. Педагогикалық шындық педагогиканың категориялары, ұтымдары жүйелері арқылы бейнелене алады. Өсіп келе жаткан ұрпактьщ әлеуметтік тәжірибені меңгеруі білім алумен байланьісты. "Білім беру" деген сөзді орыс тіліңде "образование" түбірі -"образ" деген (бет-лик, лицо-пішін) лексикалық мағынасы бойынша иңдивидтің дене және рухани қасиеттері қальштасуын,

7

индивидтің коғамдық болмыстың нақтылы әлеуметтік — экономикалық және мәдени - тарихи жағдайларьшда дамуға, өзін жүзеге асыруға және өзін ынталандыруға қабілетті тұлғаға айналуын біддіреді. Сондықтан «білім беру» ұғым ретінде педагогикалық жетекші категория болады.


Тұлғаға білім беру үшін оқыту қажет, ол ұстаздар мен оқушылардың өзара әрекет процесі, оқу орындарында оқылатын ғылымдар негіздері мазмұның меңгеру барысындағы оқытумен оқудың бірлігі, сондықтан оқыту екі жақты процесс. Сабақ берудің ролі оқылатын материалдарды заттсыздандыру (распредмечивание) ғылыми білім мазмұнында заттандырылған, іс-әрекеттер тәсілдерін айқьшдай көрсету. Оқу материалдары мазмұны мен оқушылар арасындағы делдал ретінде ұстаз оқушыларды қажетті іс - әрекеттер тесілдеріне үйретеді. Оқушыларды оқуға үйрету арқылы ғана (А. Дистервег, К.Д. Ушинский, Н.К. Крупская), тек осы жағдайда ғана мұғалім өзінің қызметін орындайды. Оқушылар іс - әрекеттер тәсілдерін меңгере отырьш оқуға үйренеді, оқу пәнінің мазмұнымен саналы және белсенді жұмыс істейді, соның негізінде индивидтің әрекет күштері мен қабілеттері заттық формаға ауысады (опредмечивание), оқушы тұлғасьшың өзгеруі жүзеге асады.

Индивидтің жеке тұлға және азамат ретінде дамуы әлеуметтік белсеңділік пен анықталатьш белтілі бір әлеуметтік ортада іс -әрекеттерін талап етеді. Сондықтан да әлеуметтену ең маңызды категорияға жатады, ол тұлғаның өзін - өзі сезінуі, "меннен " басқа "менге" қозғалысқа, әлеуметке енуі. Әлеуметтендірудің негізі белгілі бір білімдер, кұндылықтар, мінез-құлық нормалары жүйесін меңгеру деген сөз, ол сол тұлғаға сол қоғамның толық жарамды мүшесі ретінде қызмет етуіне мүмкіндік береді. Тұлғаның әлеуметтену процесі стихиялы (ұйымдаспаған) түрде болуы мүмкін, онда оның нәтижесін болжау қиын және қоғам үшін зиянды болуы мүмкін. Міне, сондықтан да ұстаз әлеуметтендірудің мәнін түсіне отырып, ынтымақтастық "бізді" иелену үшін қажетті байланыстарды, оқушылардың оқу және отбасына осы мәселені шешуге көмектесе алады және өзіндік "меңді" оқу, оқудан тыс іс - әрекеттері аркылы қамтамасыз ете алады.

Сонымен қатар, педагогикада жалпы ғылыми басқада адам туралы ғылымдар пайдаланатын ұғымдар пайдаланады.

- тұлға, іс-әрекет, даму, қалыптасу, педагогикалық болмысқа

қатысты іс-әрекет мағналы болады, егерде ол табысты болса,

8

өйткені осы жагдайда тұлға өзін-өзі ұйымдастыра алатын жүйе ретінде

омір сүре алады. Ягни іс-әрекет табыстылығы, қазіргі кезеңдегі білім

берудің тұлғаға бағытталған парадигмасы тұрғысынан, педагогикалық

негізгі категориялар құрамына кіретін ұғымға жатады.



Демек, педагогика теориясы педагогикалық шындықтың толық бағалы сипаттамасын жасау үшін «тәрбие», «білім беру», «педагогикалық процесс», «оқыту», «элеуметтендіру», «іс-эрекет табыстылығы» сияқты негізгі ұғымдарын (категорияларын) пайдалана алады, олар шындыгында әртүрлі педагогикалық құбылыстарды танып білуде қолданылады. (1-сурет)


Педагогиканың негізгі ұғымдары (категориялары) өзара тығыз байланысты - мазмұнды түрде бір-бірін өзара толықтырады, әртүрлі жақтарын бейнелейді. Толық бағалы теориялық білім дәл негізгі ұтымдар арқылы бекітіледі.


Педагогикалық ғылымдар және олардың мазмұны ХІХ ғасырға дейін ғылыми ізденістердің пәндік саласын анықтауға байланысты ғылымдардың бөлінуі (даралануы) белсенді жүріп жатты. Сонымен бірге білімдер аумағының өсуі жеке пөңдерінің бөлінуіне алып келеді, яғни пәннің өзінің ішінде бөлініп даралануы бастадды. Педагогика да бірте - бірте жалпы пәнмен байланысты бола отыра, мақсаттары, жас ерекшеліктері, оку-

9

тәрбиелеу, оқу орнындарындағы типтері бойынша ерекшелігі бар салалар айқындала түсті.

Педагогика ғылымдарының жүйесіне: жалпы педагогика, жас ерекшелік педагогикасы, мектепке дейінгі педагогика, кәсіби педагогика, педагогика мен білім берудің тарихы, салалық педагогика, корекциялық педагогика, салыстырмалы педагогика, жеке пәндер әдістемесі және т.б. жатады. Кейінгі кезде педагогикалық білімнің дербес салалары ретінде әлеукеттік педагогика және т.б. бөліне бастады.

Жалпы педагогака педагогакалық процесс пен білім берудің негізгі заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелік педагогика (мектепке дейінгі, мектеп, ересектер педагогикасы) анатомиялык жөне физиологиялық және әртүрлі жастағы топтардың психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық процесс пен білім берудің ерекшелігін зерттейді. Кейінгі он жылда бірқатар ғалымдар мектепке дейінгі педагогикадан бала бақша жасыңдағы педагогакасын бөліп көрсетеді. Мұндай бөлу әділетті , себебі сәби жасындағы балалардың санасы дамуының өзіндік ерекшеліктері бар, міне осыдан келіп бұл пәннің психологиямен, педагогикамен және медицинамен тығыз байланыстылығы ерекше. Зейнеткерлердің тұрғындар құрамыңдағы үлес салмағының өсуіне байланысты үшінші жас педагогикасы пайда болды, ол қалыптасу деңгейінде.

Кәсіби - техникалық білім беру педагогикасы, арнаулы орта білім беру педагогикасы, жоғары білім беру педагогикасы -пәндері (дисциплины), олардың пәні педагогикалық процесс және жұмысшы кадрларын кәсіби және соньгмен бірге әртүрлі деңгейдегі мамандарды даярлаудың заңдылықтары болып табылады. Бұл пәндерге жұмысшыларда екінші, үшінші және т.б. мамандықтарды игеруге дейін бағытыңдағы оқытудың заңдылықтарын зерттейтін өндірістік педагогика да жатады.


Педагогиканың салалық тарауларына арнаулы педагогикалық ғылымдар (сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика, логопедия), дене дамуыңда кейбір ауытқушылықтар (есту, көру, ойлау қабілеттеріндегі өзгерістер, сөйлеу) бар балалар мен ересектерге білім берудің теориялық негіздерін, принциптерін, әдістерін, формаларын зерттеулермен айналысады.

Әскери педагогака әртүрлі рангтағы әскери қызмет атқаратындарды әскерге шақыру жасындағьшардан бастап әскери мамандықты игергендер

10

мен офицерлер құрамының төрбиелік іс-әрекеттерінің тәрбиелік заңдьшықтарын зерттейді.

Еңбекпен түзету (исправительная) педагогикасы түрмеде отырған азаматтарды кайта тәрбиелеудің теориясы мен практикасын қарастырады (пенитенциарлық мекемелер). Мұнда жас ерекшелігі ескеріледі, оларда әсіресе балалар мен жасөспірімдер қылмысына катысты кездесетін заң бұзу зерттеледі.

Сауықтыру педагогикасы психология мен педагогиканың өзара белсенді әрекеттері барысында салыстырмалы түрде кейінгі кезде ғана дами бастады. Бұл ғылымның пәні кәдімгі жалпы мектептегі оқу - тәрбие процесінен қол үзген ұзақ уақытқа емделетін ауру балаларға білім беру болады.

Педагогика тарихы - адамзат тарихындағы педагогикалық идеялар мен мектептердің қалыптасуын зерттейтін ғылым. Сондықтан оның азаматтық тарихпен, этнографиямен, этнологиямен, археологиямен байланыстары табиғи нәрсе, өйткені педагогакалық ой қоғамның материаддық және рухани мәдениетті саласының бірлігі бағытында дамиды.

Салыстырмалы педагогика әрбір елдердегі білім беру және тәрбие жүйелерінің дамуын, олардың жалпы және өзіңдік ерекшеліктерін салыстыра, дамуын зерттейді. Ал бұл ұлттық педагогикалық мәдениетті дүние жүзінде қалыптасып келе жатқан жетістіктермен байытуға мүмкіңдік береді.

Жеткілікті дәрежеде дербес педагогакалық пәндер тобын жеке немесе пәңдік педагогика құрайды,оңда жалпы - бұл педагогикалық заңдар мен заңдылықтар, танымдық әрекет әдістері, ал жеке ерекшелік (особенное) берілетін сабақ пәнінің мазмұны.

Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесіңде. Педагогика білім беру, педагогикалық шындық туралы ғылым ретіңде педагогикалық процестің дамуы мен қызмет етуінің заңдылықтарын зерттейді, теориялық білімдерді жинақтайды және жүйеге келтіреді, педагогикалық шындық тәжірибесін зерттейді, яғни практика үшін педагогикалық шындыкты қайта құру үшін негіз жасайды. Сондықтан осы саладағы ғылыми зерттеулер практикалық бағытталған сипатта болады. Міне осыдан педагогиканың гуманитарлық білімдер (адамтану) жүиесімен байланысы басталады. Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесіне кіргеніне қарамастан, ол педагогикалық мақсаттылық және тұлғаның қалыптасуына педагогикалық басшылықты зерттейтін бірден бір ғылыми пән.