Файл: Педагогика оулы ббк 74. 00 П24.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 1754

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ПЕДАГОГИКА

Оқулық
ББК 74.00

П24 Оқулықты жогары оқу орындары студенттеріне

Қазақстан Республикасы Білім және гылым министірлігі өткізген оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер дайындау жөніндегі конкурс

комиссиясының "Білім " мамандыгы бойынша тобы ұсынады.
Рецензенттер:

К.С Успанов, п.ғ.д, профессор Абылай-хан атындағы ҚазӘТХҚУ; Л.К.Керимов, п.ғ.д, профессор ҚазМҚПИ

Авторлар:

Кіріспені қазақшаға аударған: Шалгинбаева К. К. Тақырыптар 3.1,3.4 -Хайруллин Г.Т.; тақырыптар 1.1,2.1,2.2.1,2.2.2. - Хмель Н. Д; тақырып 1.2,- Трифонов В.В.; тақырып 1.3 -Бейсенбасва А.А. және Иванова Н.Д.; тақырып 1,4- Кожабаева Б. И. және Толеубекова Р. К.; тақырып 2.3.1.-Муканова Б. И.; 2.3.2-Берикханова А.Е., тақырып 2.4-Жампеисова К. К. және Бейсенбаева А. А.; тақырып 2.5 - Бейсенбаева А. А және Иванова Н.Д.; тақырып 2.6 - Хан Н. Н.; тақырып 2.7 - Калиева С.И.; тақырып 2.8 - Иванова Н. Д. және Байдельдинова Г.К.; тақырыл 2.9 - Таубаева Ш. Т. және Менлибекова Г. Ж.; тақырып 2.10 - Бейсенбаева А. А. және Тленбаева М. Б.; тақырып 2.11.1 - Жуматасва Ш. Ж. және Махметова Б. Т.; 2.11.2 -Тригубова Н.Н., тақырып 2.12- Кошербаева А. Н.; тақырып 2.13 - Хан Н. Н.; тақырып 2.14 - Джанабаева Р. А. және Шалгынбаева Х. К; тақырып 2.15 -Казмагамбетов А. Г.; тақырып 2.16 - Берикханова А. Е. және Қайдарова А. Ж.; тақырып 3.2 - Бейсепбаева А. А. және Кошербаева А. Н.; тақырып 3.3 - Тригубова Н. Н.
Ғылыми редакторлар:

Н. Д. Хмель, Г. Т. Хайруллин, Б. И. Муканова

П 24 Педагогика: Оқулық/ Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасынын авторлар ұжымы- Алматы: Ргіпі-8, 2005.-430 б.

ISВN 9965-482-27-6
Мазмұны

Алғы сөз.

Модуль 1. Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері.

1.1 Педагогиканың әдіснамалық негізі.

1.2 Теория мен тәжірибенің дамуындағы ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері.


1.3 Жеке тұлғаны қалыптастырушы факторлар - тұқым қуалаушылық, қоршаған орта және іс-әрекет.

1.4 Оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне психологиялық- педагогикалық сипаттама.

Модуль 2. Тұтас педагогикалық процестің теориясы мен практикасы

2.1Тұтас педагогикалық процесс педагогиканың пәні және

мұғалім іс-әрекетінің объектісі.

2.2.1 Біртұтас педагогикалық процестің зандары.

2.2.2 Педагогикалық процестің заңдылықтары.

2.3.1 Тәрбие мақсатының әлеуметтік негіздері.

2.3.2 Тәрбиенің мазмұны.

2.4 Тұтас педагогикалық процесте жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастыру.

2.5 Тұтас педагогикалық процесте тәрбиенің формалары мен әдістер жүйесі.

2.6 Мұғалім мен балалар ұжымының педагогикалық процестегі

ынтымақтастығы.

2.7 Сыныптың тәрбие жүйесін басқарудағы сынып жетекшісінің қызметі.

2.8 Жанұядағы педагогикалық процесс және оның мектеппен

өзара байланысы.

2.9 Тұтас педагогикалық процестегі оқыту-жеке тұлғаны қалыптастыру құралы.

2.10 Қазіргі мектептегі білім берудін мазмұны.

2.11.1 Оқытуды ұйымдастырудың формасы.

2.11.2 Сабақ - педагогикалық процесте оқытудын негізгі формасы.

2.12 Қазіргі мектептегі окыту әдістері.

2.13 Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекетін

ұйымдастыру.

2.14 Оқушылардың танымдык іс-әрекетін белсендіру.

2.15 Оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін есепке алу мен бағалау.

2.16 Педагогикалық технологиялар.

Модуль 3. Мектептің тұтас педагогикалық процесін басқару

3.1 Мектеп ішілік басқару және оны әдістемелік жабдықтау.

3.2 Мектептің оку-тәрбие процесін басқару. Әдістемелік қызметті

ұйымдастыру.

3.3 Мектептің /сыныптың/ оқу-тәрбие процесінің диагностикасы – басқару негізі.

3.4 Мектеп жұмысын жоспарлау жүйесі.
Казақстан Республикасының жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасына сәйкес «Мектеп педагогикасы» курсынын мазмұны ашылды.Осы курстың алдында «Мамандыкқа кіріспе» және «Адамзат тарихындағы педагогикалық ойлар мен мектептің дамуы» курстарының оқытылуы қарастырылды. Бұл материалдар оку-тәрбие мекемелерінде тұтас педагогикалық процесті іске асыруға тұлғалық іс-әрекеттік және субъект субъектілік әдістерге негізделеді.

Кітап мұғалімдерге, аспиранттарға, магистранттарға, студенттерге, сонымен бірге білім беру саласындағы қызметкерлерге арналған. Мұғалім мамандығына қатысы жоқ тұлғаларға қажет болуы мүмкін.


ISВN 9965-482-27-6
© Абай атындаш Ұлттык Педагогикалык Университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы, 2005
Алғы сөз

2003 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-нін педагогика кафедрасының авторлық ұжымының «Педагогика» дәрістер курсы жарық көрді. Кітап Республиканың барлық педагогикалық жоғарғы оқу орындарына таратылған болатын. Кітапқа оның мазмұнын жетілдіре түсуді өтінген көптеген пікірлер алынды. Авторлар ұжымы оқырмандардан алынған өтініштерді ескере отырып кітаптың алғашқы нұсқасын өндеді.Сондықтан осы кітап алғашқы нұсқадан өзінің мазмұны және келтірілген оқу ақпараттарының көлемі бойынша ерекшеленеді.

Авторлар, бұдан бұрын авторлар ұжымы (Садыков Т.С., Хмель Н.Д., Жампеисова Қ.К., Қапиева С.И., Бейсенбаева А.А., Хан Н.Н.) жасаған Қазақстан Республикасындағы педагогикалық білім берудің тұжырымдамасы және «Мектеп педагогикасы» бағдарламасына кітап мазмұнының сәйкестігін сақтаған. Аталған жағдай, жоғары оқу орындарындағы педагогикалық мамандықтардағы студенттер үшін «Мектеп педагогикасы» курсы бойынша окулық ретінде осы кітапты пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Оқулық мұғалімді кәсіби дайындауда оның іс-әрекет объектілерінің ерекшелігінін, тұтас педагогикалық процесстің оқу-тәрбие жүйесін ұйымдастыруға шығармашылықпен қараудын оны ізгілендіру мен демократиялауға тығыз байланысты негізделген тұжырымдама идеяларына толық тірек етілген. Бірін-бірі өзара толықтыратын педагогикалық пәндер арасындағы логикалық бірізділік ескерілген.

«Педагогика» оқулығында материал үш модуль бойынша орналасқан. Бірінші модуль педагогиканын теориялық-әдіснамалық негізіне, педагогиканың негізгі категорияларына, айқындалған теориялық білімдерді қалыптастырудағы олардын роліне, берілген негізгі әдіснамалық ережелеріне арналған. Бұл тарауда дамудың ара қатынасы, тұлғаның қалыптасуы мен тәрбиесі, педагогикада айқындалған, мақсатқа сәйкес ескерілген тәрбиеленушілер мен білім алушылардын дара және жас ерекшеліктері қарастырылады. Педагогика ғылымының дамуындағы зерттеу әдістері беріледі.

«Тұтас педагогикалық процесстің теориясы мен практикасы» атты екінші модульде оқулықтың негізгі мазмұны ашылған, онда педагогикалық процесстің заңдылықтары мен заңдары, мәні, оқыту мен тәрбиенің

3

ерекшеліктері, сондай-ақ білім алушылардың ұжымдык, танымдык іс-әрекеті негізделген. Білім берудің дәстүрлі және инновациялык технологияларына сипаттама берілген. Оқыту мұғалімнің балалар ұжымымен бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыру барысында тәрбиенің маңызды факторы ретінде түсіндіріледі. Тәрбиенің негізгі мақсаты ретінде, олардың өзіне, адамдарға, енбекке және т.б. адамгершілік қатынасы оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруды көздейді. Сыныптағы тәрбие жүйесін кұру, сынып жетекшісінің оқушылармен бірлескен шығармашылық іс-әрекетінін нәтижесі ретінде қарастырылады.


«Тұтас педагогикалық процессті басқару» атты үшінші модуль оқу мекемелерінің қызметін белгілейтін негізгі нормативті құжаттардың сипатын мазмұндайды. Мектеп басшыларының жұмысы, соның ішінде мұғалімдердің әдіснамалық және әдістемелік деңгейін жетілдіруге байланысты ұйымдастырылған іс-әрекеттер туралы түсініктер беріледі. Оқушылар ұжымы мен оқушы тұлғасын қалыптастырудың диагностикасы арқылы оқу-тәрбие жұмысының тиіміділігінің бағасы көрсетіледі. Оқулықтың барлық тақырыптарының мазмұнын жетілдірудін негізіне тұлғалық іс-әрекеттік тәсіліне тән, осыған орай тәрбие мен оқытудың өзегінде оқушы тұлғасы тұрады, ал мұғалім оның іс-әрекетін ұйымдастырады және басқарады. Оқушы мұғалім сияқты іс-әрекет субъектісі, педагогтың жетекшілік роліндегі педагогикалық процесстің субъектісі болып танылады. Ондағы оқушы тұлғасының өзгеруі іс-әрекет тәсілдрін меңгеру барысында өтеді, демек, субъект-субъектілік қарым-қатынас жүзеге асырылады.

Әрбір тақырыптың құрылымы бастапқы күйінде қалды: мақсаты; міндеттері, жоспар, негізгі ұғымдар, пәнаралық байланыс, тақырыптар мазмұны, өзін-өзі бақьшауға арналған сұрақтар, әдебиеттер, өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар, реферат тақырыптары.

Мәтін окулықтың мазмұнын тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін кестелермен және сызбалармен жабдықталған.

Оқырмандардың жұмысын жетілдіру үшін барлық тақырыптардағы материалдардың құрылымын беру бір ізді, әдебиеттер тізімінде қазіргі педагогика оқулықтарына сілтемелер берілген, олармен жұмыс істеу тапсырмада көрініс тапқан, студенттер мен педагогтардың ынтымақтастығында құрылған.

Сонымен, ұсынылып отырған оқулық оқу материалының мазмұнындағы және оның орналасуындағы өзіндік ерекшелік сипатка ие.

4

Белгіленген ерекшеліктер бұл оқулықты педагогикаға байланысты оқу құралдарымен белгілі окулықтардан өзгешелігін айқындайды. Авторлардын пікірі бойынша, дәл осындай мазмұн жоғарғы оқу орындарындағы болашақ мектеп мұғалімін қазіргі заман талабына сай кәсіби дайындауға толығырақ жауап береді. Оқулық педагогиканы оқытушыларына, білім беру жүйесінің практиқалық кадрларына және педагогикалық мамандықтардың студенттеріне арналған.

Окулықтың авторлық ұжымы Абай атындагы КазҰПУ-нің педагогика кафедрасының профессорлар-оқытушылар құрамының мүшелерінен тұрады.

Авторлар, оқырмандардың ескертпелері мен тілектері болуы мүмкін деп болжайды. Оның барлығы оқулықты одан әрі жетілдіре түсу үшін алғыс пен қабыл алынады.


5

Бірінші модуль.

Педагогиканың теориялық - әдіснамалық негіздері.

1.1. Педагогиканың әдіснамалық негіздері.

Мақсаты: педагогика ғылымы туралы, мұғалімнің теориялық және практикальіқ іс - өрекетін ұйымдастыруда әдіснаманың ролі туралы ұғымды қалыптастыру.

Міндеттері:

а) педагогика және оның категориялық аппараты туралы ұғым беру;

б) педагогикалық пәндердін мазмұнын ашып көрсету;

в) педагогиканың баска ғылымдармен байланысын көрсету;

г) педагогиканың және педагогикалық пәңдердің әдіснамалық мәнін ашып көрсету.

Жоспар:

1. Педагогика тәрбие туралы ғылым.

2. Педагогикалық ғылымдар және оның мазмұны.

3. Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде.

4. Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы.

Негізгі ұғымдар: педагогика,педагогиканың категориялары, педагогика пәні, педагогиканың әдіснамасы, педагогикалық зерттеулердің әдістері.

Пәнаралық байланыстар: философия, әлеуметтану, психология, саясаттану, мәдениеттану.

Педагогика гәрбие туралы ғылым. Педагогика өзінің атауын гректін "раіdіаgоgаз" "баланы жетектеуші" сөзінен алған. Ең алғашқысында бұл сөз кұлдардың қожасының баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін келе ол тәрбие туралы ғылымның аты ретінде қалды. Тәрбие-қоғамның кейінгі ұрпақтарда өзін кайта көрсетумен байланысты "атқаратын негізгі қызметтерінің бірі. Әрбір келешек ұрпақтың қоғамдағы орнын табуы ең алдымен өткен ұрпақтардың жинаған әлеуметтік тәжірибесін меңгеру деген сөз. Адамзат есейген сайын, мазмұны жағынан әлеуметтік тәжірибеде күрделене түседі. Сондықтан уақыт өткен сайын еңбектің қоғамдык бөлінісіңде қоғамнын "тәрбиенің" қызметін жүзеге асырумен байланысты кәсіби іс - әрекет бөлініп шықгы. Өсіп келе жатқан балалардың әлеуметтік тәжірибені игеруі үшін — делдал - ұстаз, мұғалім керек. Педагогика басқа ғылымдар сияқты, белгілі бір ақиқат саласындағы білімдерді жүйеге келтіреді. Қандайда болса ғылымның дамуы ұғымдар жүйесі арқылы ғылыми білімнің тұрақтануымен байланысты. Ғылымның негізгі ұтымдары