ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 380
Скачиваний: 5
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
№ 27 серуен картотекасы.
Бақылау: Мысықты бақылау.
Мақсаты: Балаларға үй жануарларының бірі – мысық туралы түсінік беру.
Сұрақтар: Мынау ненің дауысы?
Ол сіздерге ұнай ма?
Мысықты кездестіргенде сіздер қандай сезімде болдыңыз?
Мысықтың жүні қандай?
Ол нені жақсы көреді?
Еңбек: Кішкене ыдысқа сүт құйып, мысықты тамақтандыру.
Жеке жұмыс: 1 – 2 баладан «Мақта қыз бен мысық» ертегісін сұрау.
Қимылды ойын: «Мысық пен тышқан»
Мақсаты: ептілікке, тез жүгіруге үйрету.
Құм үстінде ойын.
№ 28 серуен картотекасы.
Бақылау: Жаңбырды бақылау.
Мақсаты: Балаларға жазғы жаңбыр туралы түсінік бере отырып, судың қасиеттерімен таныстыру.
Сұрақтар: Жаңбыр қай мезгілде жауады?
Еңбек: Құмды тазалау.
Жеке жұмыс: «Жаңбыр» туралы өлең айту.
Қимылды ойын: «Жауады – жаумайды»
«Қолшатыр»
Мақсаты: Кеңістікке бағдарлап, жүгіре білуге үйрету.
№ 29 серуен картотекасы.
Бақылау: Бал арасын бақылау.
Мақсаты: Балаларға өздеріне таныс жәндік бал арасы туралы түсінік беру, оның ерекшеліктерін және гүлге қонуын бақылау.
Сұрақтар: Араның сыртқы көрінісі қандай?
Олар немен қоректенеді?
Неге олар гүлге қонады?
Еңбек: Алаңдағы қоқысты жинақтау.
Жеке жұмыс: Көркем сөз, жаңылтпаш.
Ара, ара, аралар
Орманның бойын аралар
Гүлдердей сорып бал алар
Алысқа ұшып бал алар
Бал тәтті ғой, ә, балалар.
Қимылды ойын: Жаттығу ойын: «Дәлме – дәл жүргізу.
«Бақташы мен үйір»
Мақсаты: Балаларды жүгіруге жүруге, жаттықтыру.
№ 30 серуен картотекасы.
Бақылау: Өрт сөндіргіш машинаны бақылау.
Мақсаты: Жалпы машина құрылымен оның бөліктерімен толық таныстыра отырып, қызығушылығын арттыру.
Еңбек: құм салғыштағы құмды тазалау.
Мақсаты: Тазалыққа, ұжыммен бірігіп жұмыстануға тәрбиелеу.
Жеке жұмыс: Топтағы қиын баламен жұмыстану.
Қимылды ойын: «Орныңды тап»
Мақсаты: балалар айнала дөңгеленіп, екі екіден бірінің артынан бірі тұрады. Екі ойыншы жүгіріп, бір – бірін қуалайды.
«Ақ тереккөк терек» ойыны.
№ 31 серуен картотекасы.
Бақылау: Күнді бақылау.
Жұмбақ жасыру:
Мейіріммен сүйеді ол бар адамды,
Өзіне жаратпайды қарағанды (Күн)
Күннің түсін, көлемін әңгімелеу.
Мақсаты: Көктем мезгіліндегі күнмен салыстыру. Күннің көзін сипаттай білу.
Қимылды ойын: «1,2,3 жүгір», «Тышқан мен мысық»
Мақсаты: Балалрды тез бейімделуге, жылдамдыққа, бірлесіп ойнауға үйрету.
Еңбек: Құмсалғыштың айналасын тазалау.
Мақсаты: Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Еңбек құралдарын дұрыс пайдалана білуге үйрету.
Жеке жұмыс: 1 – 2 балаға жаз мезгілінің айларын ретімен айтуға үйрету.(Маусым, шілде, тамыз)
Мақсаты: Жан – жақтылыққа үйрету.
Дербес ойындар: Құмдағы ойын.
Мақсаты: Бір – бірімен келісіп, тату ойнауға баулу.
№ 32 серуен картотекасы.
Бақылау: Ауа райын бақылау.
Жазда ауа райы қандай болады?
Ауа райы деп нені айтамыз?
Мақсаты: Жаз мезгілінің ауасын сезіну, ертеңгілік ауамен салыстыру.
Қимылды ойын: «Өз орныңды тап», «Қуып жет те ұстап ал»
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, бірлесіп ойнауға үйрету. Кеңістікті бағдарлау.
Еңбек: Аула тазалаушы апайға көмектесу.
Мақсаты: Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Ұқыптылыққа баулу, өз аулаларын таза ұстауға үйрету. Үлкенге көмектесу.
Жеке жұмыс: 3 – 4 баламен төрт түлік малдың төлдерін біліп жүруге үйрету.
Дербес ойындар: Құммен ойын.
Мақсаты: Бір – бірімен келісіп, тату ойнауға баулу.
№ 33 серуен картотекасы.
Бақылау: Аула тазалаушы апайдың еңбегін бақылау.
Ауланы не үшін тазалаймыз?
Тазалық сақтау дегенді қалай түсінесіңдер?
Мақсаты: Еңбек адамының қызметін бақылай отырып, бағалай білуге, көмектесуге баулу.
Қимылды ойын: «Ине мен жіп», «Тығылыспақ»
Мақсаты: Балаларды тез бейімделуге, жылдамдыққа, бірлесіп ойнауға үйрету. Ептілікке баулу.
Еңбек: Ауланы тазалап сыпыру.
Мақсаты: Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Ұқыптылыққа баулу, өз аулаларын таза ұстауға үйрету.
Жеке жұмыс: Жаңылтпаштар жаттау:
Шырпы мен шырша да ағаш,
Өсіп тұрса, қиса да ағаш.
Мақсаты: Шапшаң жаңылмай айтуға түйрету.
Дербес ойындар: Доппен ойындар.
Мақсаты: Бір – бірімен келісіп, тату ойнауға баулу.
№ 34 серуен картотекасы.
Бақылу: Құстарды бақылау. Тақпақ оқу. «Жарқын жаз» А. Омаров
Көл жағалай көп құстар,
Ұшып – қонып жатады
Қиқуласып әр тұстан
Сызылтып ән салады.
Құстар біздің досымыз дегенді қалай түсінесіңдер?
Құстардың қандай ерекшеліктерін байқадыңдар?
Құстарды қалай қорғауға болады?
Мақсаты: Құстарға қамқор болуға, оларды әрдайым қорғап жүруге баулу.
Қимылды ойын: «Дәл түсір», «Мергендер»
Мақсаты: Алысқа лақтыруға, жылдам жүгіруге баулу.
Еңбек: Ойын құралдарын құмнан тазалау.
Мақсаты: Заттарына ұқыпты қарауға баулу.
Жеке жұмыс: 2 -3 балаға жұмбақ жасыру.
Жанды сағат
Айқай салат (Сағат)
Бұдан кір қорқады
Судан бұл қорқады (Сабын)
Жуынып болғаныңда
Жүреді қолдарыда (Орамал)
Дәмі де жоқ түсі де жоқ
Пайдаланбас кісі де жоқ (Су)
Мақсаты: Жауабын тез табуға үйрету
Дербес ойындар: Секіргішпен ойындар
Мақсаты: Бір – бірімен келісіп, тату ойнауға баулу.
№ 35 серуен картотекасы.
Бақылау: Желді бақылау. Жұмбақ жасыру.
Ағаштарды шайқайды,
Көзге көрінбейді
Шарлағанда сай – сайды
Бір сәт ерінбейді (Жел)
Жаз мезгілінің желі қандай?
Оны қалай анықтауға болады?
Мақсаты: Жаз айының жылы желін бақылау, желдің бағытын анықтау.
Қимылды ойын: «Кім жүйрік» , «Сап құру»
Мақсаты: Жылдамдыққа, бірлесіп ойнауға үйрету. Ептілікке баулу.
Еңбек Алаңды қалдық заттардан тазалау.
Мақсаты: Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Ұқыптылыққа баулу, өз аулаларын таза ұстауға үйрету.
Жеке жұмыс:
Өкпелетсе мамасы
Өкпелетсе ағасы
Айтам деймін әжеме
Әжесінің баласы.
Мақсаты: Бір – біріне өкпелемей бірге ойнау керектігін балаларға түсіндіру.
Дербес ойындар: Доппен ойын.
Мақсаты: Бір – бірімен келісіп, тату ойнауға баулу.
№ 36 серуен картотекасы.
Бақылау.Ағаштарды бақылау. Тақпақ оқу. «Табиғаттың тұмары» (О. Әбділдаұлы)
Адамзатқа пайдалы
Тазалықтың айғағы
Табиғаттың көрмесі
Қалың ағаш көрмесі.
Неліктен ағаштарды пайдалы дейміз?
Қандай ағаш түрлерін білесіңдер?
Ағаштарды не үшін өсіреді?
Мақсаты: Өсіп тұрған ағаштарды бақылап, олардың бір – бірінен айырмашылығын байқау. Әдемілігін сезіну.
Қимылды ойын: «Ағашты тап», «Аталған ағашқа кім бірінші барады»
Мақсаты: Тапқырлыққа, жылдамдыққа, кеңістікті бағдарлауға үйрету.
Еңбек: Әр түрлі ағаш бұтақтарын, жапырақтарын жинау.
Мақсаты: Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Ұқыптылыққа баулу, өз аулаларын таза ұстауға үйрету. Ізденімпаздыққа үйрету.
Жеке жұмыс: 3 – 4 балаға биік – аласа, жуан – жіңішке, үлкен – кіші ұғымын ағаштар бойынша тапқызу.
Мақсаты: Ретімен санау және салыстыруға үйрету.
Дербес ойындар: Құммен ойын.
Мақсаты: Бір – бірімен келісіп, тату ойнауға баулу.
№ 37 серуен картотекасы.
Бақылау.Ағаштарды бақылау. Тақпақ оқу. «Табиғаттың тұмары» (О. Әбділдаұлы)
Адамзатқа пайдалы
Тазалықтың айғағы
Табиғаттың көрмесі
Қалың ағаш көрмесі.
Неліктен ағаштарды пайдалы дейміз?
Қандай ағаш түрлерін білесіңдер?
Ағаштарды не үшін өсіреді?
Мақсаты: Өсіп тұрған ағаштарды бақылап, олардың бір – бірінен айырмашылығын байқау. Әдемілігін сезіну.
Қимылды ойын: «Ағашты тап», «Аталған ағашқа кім бірінші барады»
Мақсаты: Тапқырлыққа, жылдамдыққа, кеңістікті бағдарлауға үйрету.
Еңбек: Әр түрлі ағаш бұтақтарын, жапырақтарын жинау.
Мақсаты: Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Ұқыптылыққа баулу, өз аулаларын таза ұстауға үйрету. Ізденімпаздыққа үйрету.
Жеке жұмыс: 3 – 4 балаға биік – аласа, жуан – жіңішке, үлкен – кіші ұғымын ағаштар бойынша тапқызу.
Мақсаты: Ретімен санау және салыстыруға үйрету.
Дербес ойындар: Құммен ойын.
Мақсаты: Бір – бірімен келісіп, тату ойнауға баулу.
№ 38 серуен картотекасы.
Бақылау: Талды бақылау.
Мақсаты: Жапырағының пішіні, дінінің түсі бойынша – басқа ағаштардан ажырата білу.
Сұрақтар: талдың сыртқы бейнесі қандай?
Көбінесе қайда өседі?
Адамға қандай пайдасы бар?
Жеке жұмыс: Мақал айту:
Бір тал кессең, он тал ек.
Еңбек: Құмға су құю.
Қимылды ойын: «Аюда қонақта» (белгі бергенде жүгіру)
«Аттар» (атша секіру)
№ 39 серуен картотекасы.
Бақылау: Саябаққа саяхат. Тақпақ оқу. «Табиғаттың тұмары» (О.Әбділдаұлы)
Құс базары қайнаған
Көк жапырақ қайнаған
Орман – тоғай тамаша
Тұнық ауа айналаң.
Адамдар не үшін саябаққа демалуға келеді?
Қандай пайдасы бар?
Әдемілігін қалай сақтауға болады?
Мақсаты: Саябақтың әдемілігін адам денсаулығына пайдасын түсіне білу. Жаз мезгіліндегі ағаштардың әдемілігін сезіну.
Қимылды ойын: «Кім жылдам», «Допты жалғастыр»
Мақсаты: Тапқырлыққа, жылдамдыққа, бірлесіп ойнауға үйрету.
Еңбек: Парктегі зат қалдықтарын жинап, бір жерге жинастыру.
Мақсаты: Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Ұқыптылыққа баулу.
Жеке жұмыс: Ойша жұмбақтар құрату. Күн, бұлт, жел, ауа туралы.
Мақсаты: Ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Дербес ойындар: спорт құралдарымен ойын.
Мақсаты: Бір – бірімен келісіп, тату ойнауға баулу.
№ 40 серуен картотекасы.
Бақылау: Бұлтты бақылау.
Жұмбақ жасыру: Аспанға жайып қойған,
Ақ мақтам ғайып болған (Бұлт)
Сұрақтар арқылы пысықтау: Бұлтты неге ұқсатуға болады?
Бұлттың қандай пайдасы бар?
Бұлт болмаса не болар еді? Т.с.с.
Мақсаты: Бұлттың әр түрлілігін, оның қайдан пайда болатындығын түсіну. Түсі, көлемі туралы әңгімелеу.
Қимылда ойын: «Үшінші артық», «Жалмауыз кемпір мен балалар»
Мақсаты: Тапқырлыққа, жылдамдыққа, бірлесіп ойнауға үйрету.
Еңбек: Ойын құралдарын тазалап сыпыру.
Мақсаты: Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Бір – біріне көмектесуге баулу.
Жеке жұмыс: Допты бір – біріне лақтырып қағып алуларын жаттықтыру
Мақсаты: Денелерін шынықтыра отырып, ептілікке үйрету.
Дербес ойын: Құмдағы ойын
Мақсаты: Бір – бірімен келісіп, тату ойнауға баулу.
№ 41 серуен картотекасы.
Бақылау: Құмды бақылау. Құмның қасиетін әңгімелеу: сусымалы, түсі қоңыр т.с.с.
Құмнан не жасауға болады?
Сулы құммен құрғақ құмның қандай айырмашылығы бар?
Мақсаты: Заттың қасиетін анықтап, сипаттай білулерін жетілдіру.
Қимылды ойын: «Ескерткіш», «Бал ара мен гүлдер»
Мақсаты: Жылдамдыққа, бірлесіп ойнауға үйрету, ептілікке баулу.
Еңбек: Сулы құмнан бейнелер жасау.
Мақсаты: Бірлесе еңбек етуге баулу, өз еңбектерін бағалай білу.
Жеке жұмыс: Тақпақ жаттату.
Кел балалар келіңдер
Тамашаны көріңдер
Бізде қызық ойын бар
Бәрің кәне тыңдап қал.
Мақсаты: Сөз мағынасын түсініп, жаттап алу қабілеттерін дамыту.
Дербес ойындар: Ойын құралдарымен.
Мақсаты: Бір – бірімен, тату ойнауға баулу.
№ 42 серуен картотекасы.
Бақылау: құмырсканың илеуін бақылау.
Мақсаты: Балаларға жәндіктер туралы түсінік беріп, құмырсқаның еңбегі туралы айтып, бақылау.
Еңбек: Құмырсқаға нан қиқымын беру.
Жеке жұмыс: 2 балаға «Кім күшті» ертегісін айтқызу.
Мақал – мәтел: «Еңбек түбі – зейнет»
Қимылды ойын: «Тез өтіп жет»,
Мақсаты: Ептілікке баулу, арақашықтықты сақтау.
«Балапандар»
Мақсаты: Шашыраған балапандарды жинау.
№ 43 серуен картотекасы.
Бақылау: Жазғы жаңбырлы күнді бақылау. Тақпақ оқу. «Жау жаңбыр» (Ж. Смақов)
Жау – жау жаңбыр, жау жаңбыр
Жауған жаңбыр, жауған нұр,
Жердің шаңы басылсын
Гүлдің қауызы ашылсын,
Еккен егін көктесін,
Бізге нанды көп берсін!
Жаңбыр неден құралған?
Жабырдың қандай пайдасы бар екен?
Жаңбырдан кейін ауа қалай өзгерді?
Мақсаты: Жазғы жаңбырдың жаууын бақылау.
Қимылды ойын: «Үшінші артық», «Мені қуып жет»
Мақсаты: Тапқырлыққа, жылдамдыққа,ептілікке баулу.
Еңбек: Аула тазалаушы апайға көмектесу.
Мақсаты: Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Үлкендерге көмектесуге үйрету.
Жеке жұмыс: Мақал – мәтелдерді жаттату.
Мақсаты: Ата – бабамыздан қалған тыйым сөздерді білуге, жақсы сөйлеуге орнымен сөйлеуге тәрбиелеу.
Дербес ойын: Құммен ойын.
Мақсаты: Бір – бірімен келісіп ойнауға баулу.
№ 44 серуен картотекасы.
Бақылау: Желдің бағытын анықтау.
Бүгінгі жел қандай, ыстықпа, салқынба?
Желдің бағытын немен анықтауға болады?
Ыстық желдің қандай пайдасы мен зияны бар?
Мақсаты: Жаз мезгілінің ерекшелігін әңгімелей білу, үш айының ішінде болатын, желдің бағытын, қаситін анықтау.