Файл: Кз мезгілі. 1 серуен картотекасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 379

Скачиваний: 5

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Бұлт болмаса не болар еді? Т.с.с.

Мақсаты: Бұлттың әр түрлілігін, оның қайдан пайда болатындығын түсіну. Түсі, көлемі туралы әңгімелеу.

Қимылда ойын: «Үшінші артық», «Жалмауыз кемпір мен балалар»

Мақсаты: Тапқырлыққа, жылдамдыққа, бірлесіп ойнауға үйрету.

Еңбек: Ойын құралдарын тазалап сыпыру.

Мақсаты: Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Бір – біріне көмектесуге баулу.

Жеке жұмыс: Допты бір – біріне лақтырып қағып алуларын жаттықтыру

Мақсаты: Денелерін шынықтыра отырып, ептілікке үйрету.

Дербес ойын: Құмдағы ойын

Мақсаты: Бір – бірімен келісіп, тату ойнауға баулу.


11 серуен картотекасы.

Бақылау: Құмды бақылау. Құмның қасиетін әңгімелеу: сусымалы, түсі қоңыр т.с.с.

Құмнан не жасауға болады?

Сулы құммен құрғақ құмның қандай айырмашылығы бар?

Мақсаты: Заттың қасиетін анықтап, сипаттай білулерін жетілдіру.

Қимылды ойын: «Ескерткіш», «Бал ара мен гүлдер»

Мақсаты: Жылдамдыққа, бірлесіп ойнауға үйрету, ептілікке баулу.

Еңбек: Сулы құмнан бейнелер жасау.

Мақсаты: Бірлесе еңбек етуге баулу, өз еңбектерін бағалай білу.

Жеке жұмыс: Тақпақ жаттату.

Кел балалар келіңдер

Тамашаны көріңдер

Бізде қызық ойын бар

Бәрің кәне тыңдап қал.

Мақсаты: Сөз мағынасын түсініп, жаттап алу қабілеттерін дамыту.

Дербес ойындар: Ойын құралдарымен.

Мақсаты: Бір – бірімен, тату ойнауға баулу.
12 серуен картотекасы.

Бақылау: құмырсканың илеуін бақылау.

Мақсаты: Балаларға жәндіктер туралы түсінік беріп, құмырсқаның еңбегі туралы айтып, бақылау.

Еңбек: Құмырсқаға нан қиқымын беру.

Жеке жұмыс: 2 балаға «Кім күшті» ертегісін айтқызу.

Мақал – мәтел: «Еңбек түбі – зейнет»

Қимылды ойын: «Тез өтіп жет»,

Мақсаты: Ептілікке баулу, арақашықтықты сақтау.

«Балапандар»

Мақсаты: Шашыраған балапандарды жинау.
13 серуен картотекасы.

Бақылау: Жазғы жаңбырлы күнді бақылау. Тақпақ оқу. «Жау жаңбыр» (Ж. Смақов)

Жау – жау жаңбыр, жау жаңбыр

Жауған жаңбыр, жауған нұр,

Жердің шаңы басылсын

Гүлдің қауызы ашылсын,

Еккен егін көктесін,

Бізге нанды көп берсін!

Жаңбыр неден құралған?

Жабырдың қандай пайдасы бар екен?

Жаңбырдан кейін ауа қалай өзгерді?

Мақсаты: Жазғы жаңбырдың жаууын бақылау.

Қимылды ойын: «Үшінші артық», «Мені қуып жет»

Мақсаты: Тапқырлыққа, жылдамдыққа,ептілікке баулу.

Еңбек: Аула тазалаушы апайға көмектесу.

Мақсаты: Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Үлкендерге көмектесуге үйрету.


Жеке жұмыс: Мақал – мәтелдерді жаттату.

Мақсаты: Ата – бабамыздан қалған тыйым сөздерді білуге, жақсы сөйлеуге орнымен сөйлеуге тәрбиелеу.

Дербес ойын: Құммен ойын.

Мақсаты: Бір – бірімен келісіп ойнауға баулу.
14 серуен картотекасы.

Бақылау: Желдің бағытын анықтау.

Бүгінгі жел қандай, ыстықпа, салқынба?

Желдің бағытын немен анықтауға болады?

Ыстық желдің қандай пайдасы мен зияны бар?

Мақсаты: Жаз мезгілінің ерекшелігін әңгімелей білу, үш айының ішінде болатын, желдің бағытын, қаситін анықтау.

Қимылды ойын: «Лақтыр да қағып ал», «Құстар қанат қағады».

Мақсаты: Жылдамдыққа, бірлесіп ойнауға үйрету.

Еңбек: Кіші топ балаларының алаңын жинастыру.

Мақсаты: Кішілрге қамқор болуға, көмектесіп жүруге баулу.

Жеке-жұмыс: «Кесте тігу», «Түйе мен боталар»

Мақсаты: Дене қимылдарын жетілдіру, ойын шартын сақтай білуге дағдыландыру.

Дербес ойындар: Доппен ойын

Мақсаты: Бір-бірімен келісіп,тату ойнауға баулу.
15 серуен картотекасы.

Бақылау:Гүлдерді бақылау. Тақпақ оқу. «Жаз» (Б.Жақып)

Түрлі – түсті әйбат

Гүлдер шықты жайнап

Қызыл – жасыл аймақ,

Қырға шықты ойнап.

Гүлдердің құрылысы неден тұрады?

Біздің гүлзарда қандай гүлдердің түрі өсіп тұр?

Гүлдер жақсы өсу үшін не қажет?

Мақсат. Жаз мезгілінің ерекшелігін сипаттау, гүлдерге қамқор болуға үйрету.

Қимылды ойын: «Қайда болғанымызды көрсетеміз» , «Мергендер»

Мақсаты: Жылдамдыққа, бірлесіп ойнауға үйрету, ептілікке үйрету.

Жеке жұмыс: гүлдерге су құю.

Мақсаты: Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, бір – біріне көмектесуге үйрету.

Жеке жұмыс: Санамақ жаттау.

Ал, санайық, санайық

Саусақтарға қарайық

Кәне, кәне, санайық

Санын біліп алайық

Біреу, 2,3,4, бесеу

Қолымда сонда саусағым нешеу?

Дербес ойын: Доппен ойнау

Мақсаты: Ұйымшылдыққа баулу.

16 серуен картотекасы.

Бақылау: Жәндіктерді бақылау. Тақпақ оқу. «Инелік – ау, инелік» (С. Тойлыбаев)

Инелік – ау, инелік

Инелікке тимелік!

Тік ұшақтай ұшасың

Сол бір сәтте күйге еніп.

Тағы қандай жәндіктерді білесіңдер?

Құмырсқа, жұлдыз құрт, маса, т.б қандай айырмашылықтар бар?

Мақсаты: Жәндіктерді бақылай отырып, олардың түрлеріне тоқталу.

Еңбек: Ойын құралдарын құмнан тазалау.

Жеке жұмыс: Апта күндерін 2-3 балаға қайталату.

Мақсаты: Апта күндерін ретімен айтуға үйрету.

Дербес ойындар: Еркін жүгіру ойындары.

Мақсаты: Бір-бірімен тату ойнауға баулу.
17 серуен картотекасы.



Бақылау: Аққайың ағашын бақылау. Жұмбақ жасыру.

Топырақтан нәр алып,

Тамырлары таралып.

Өсіп шықты еккенім

Көріктенді мекенім (Қайың ағашы)

Бұл ағаш неліктен аққайың деп аталған деп ойлайсыңдар?

Діңі, бұтақтары, жапырақтарының қандай ерекшеліктері бар?

Бұл ағашты тағы қай жерлерден көрдіңдер?

Мақсаты: Қайың ағашын басқа ағаштардан ажырата білу. Оның сұлулығын білу. Жыл мезгіліне байланысты өзгеруін байқау.

Қимылды ойын: «Түлкі, түлкі», «Кім жылдам»

Мақсаты: Жылдамдыққа, бірлесіп ойнауға үйрету, ептілікке баулу.

Еңбек: Ойын алаңын сыпыру.

Мақсаты: Бірлесе еңбек етуге баулу, достарының еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Жеке жұмыс: Жаңылтпаш айтқызу.

Пеш үстінде бес мысық,

Пеш ішінде бес мысық

Бес күзетші бес мысық.

Мақсаты: Жаңылмай айтуға үйрету.

Дербес ойын: Құммен ойын.

Мақсаты: Бір – бірімен келісіп, тату ойнауға баулу.

18 серуен картотекасы.

Бақылау: Торғайларды бақылау.

Торғайлардың дене бөліктері қалай аталады?

Немен қөректенеді?

Тұмсықтарының үшкір болуы неліктен?

Мақсаты: Кішкене құстарға қамқор болуға баулу, олардың тіршілік өмірін дене бөліктерін қарау.

Қимылды ойын: «Бота мен түйелер», «Өрнек тоқу»

Мақсаты: Жылдамдыққа, бірлесіп ойнауға үйрету.

Еңбек: Ойын құралдарын құмнан тазалау.

Мақсаты: Бірлесе еңбек етуге баулу.

Жеке жұмыс: Сан таңбаларын қайталату.

Мақсаты: Ретімен айтуға үйрету.

Дербес ойын: Доппен ойындар.

Мақсаты: Бір – бірімен келісіп, тату ойнауға баулу.
19 серуен картотекасы.

Бақылау: Кемпірқосақты бақылау. Жұмбақ жасыру.

Жаңбыр жуды жерімді,

Көкте өрмек керілді (Кемпірқосақ)

Кемпірқосақ қашан пайда болады?

Оның неше түрі бар?

Неге ұқсайды?

Мақсаты: Ассы күнді бақылай отырып, жаз айы туралы әңгімелеу.

Қимылды ойын: «Өз орныңды тап», «Қуып жет те қағып ал»

Мақсаты: Кеңістікті бағдарлай білуге, бірлесіп ойнауға үйрету.

Еңбек: Гүлдерге су құю

Мақсаты: Бірлесе еңбек етуге баулу.

Жеке жұмыс: «Сөз ойла да буынға бөл»

Мақсаты: Сөзді буынға бөлуді қайталату.

Дербес ойын: Құммен ойын

Мақсаты: Бір – бірімен келісіп, тату ойнауға баулу.
20 серуен картотекасы.

Бақылау: Балабақша ауласына саяхат.

Балабақшаның ауласы қандай?

Қандай ағаштар егілген?

Әр топтың алаңдары қалай орналасқан, қандай топтарды білесіңдер?

Мақсаты: Кемпірқосақтың ерекшелігін сипаттай білу, табиғаттың әдемілігін сезіну.


Қимылды ойын: «Кім бірінші», «Қуып жет»

Мақсаты: Дене қимылдарын жетілдіру, бірлесіп ойнауға үйрету.

Еңбек: Гүлдің арасындағы шөптерді жұлу.

Мақсаты: Бірлесе еңбек етуге баулу.

Жеке жұмыс: Айтылған дыбысқа сөз ойлап табу.

Мақсаты: Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырату.

Дербес ойын: Доппен ойын.

Мақсаты: Бір – бірімен келісіп, ойнауға баулу.
21 серуен картотекасы.

Бақылау: Құмды бақылау. Құмның қасиетін әңгімелеу: сусымалы, түсі қоңыр т.с.с.

Құмнан не жасауға болады?

Сулы құммен құрғақ құмның қандай айырмашылығы бар?

Мақсаты: Заттың қасиетін анықтап, сипаттай білулерін жетілдіру.

Қимылды ойын: «Ескерткіш», «Бал ара мен гүлдер»

Мақсаты: Жылдамдыққа, бірлесіп ойнауға үйрету, ептілікке баулу.

Еңбек: Сулы құмнан бейнелер жасау.

Мақсаты: Бірлесе еңбек етуге баулу, өз еңбектерін бағалай білу.

Жеке жұмыс: Тақпақ жаттату.

Кел балалар келіңдер

Тамашаны көріңдер

Бізде қызық ойын бар

Бәрің кәне тыңдап қал.

Мақсаты: Сөз мағынасын түсініп, жаттап алу қабілеттерін дамыту.

Дербес ойындар: Ойын құралдарымен.

Мақсаты: Бір – бірімен, тату ойнауға баулу.

22 серуен картотекасы.

Бақылау: құмырсканың илеуін бақылау.

Мақсаты: Балаларға жәндіктер туралы түсінік беріп, құмырсқаның еңбегі туралы айтып, бақылау.

Еңбек: Құмырсқаға нан қиқымын беру.

Жеке жұмыс: 2 балаға «Кім күшті» ертегісін айтқызу.

Мақал – мәтел: «Еңбек түбі – зейнет»

Қимылды ойын: «Тез өтіп жет»,

Мақсаты: Ептілікке баулу, арақашықтықты сақтау.

«Балапандар»

Мақсаты: Шашыраған балапандарды жинау.
23 серуен картотекасы.

Бақылау. Көбелекті бақылау.

Мақсаты: Балаларға көбелек, оның тіршілік ету жағдайлары туралы түсінік беру.

Сұрақтар: Мынау көріп тұрғанымыз не? Қандай түрлерін білесіздер?

Еңбек Өз – өзіне қызмет ету. (Аяқ киім)

Жеке жұмыс: Тыйым сөздер: Құмырсқаның илеуін бұзба.

Судың да сұрауы бар. Суды үнемде .

Қимылды ойын: «Аңшылар», «Ортаға түспек»

Мақсаты: Балалардың ептілік, жылдам қабылдау сияқты ерекшеліктерін дамыту.
24 серуен картотекасы.

Бақылау: Құмды бақылау

Мақсаты: Құм туралы түсініктерін кеңейту. Қоршаған ортаның эстетикалық және тәжірибелік құндылықтарын көрсету.

Сұрақтар: Құмды қалай пайдалануға болады?

Құмның қандай қасиеттерін білесіздер?

Еңбек: Құм салғыштағы құмды тазарту.

Жеке жұмыс:

Бәрі де бар бақшада

Ойын бөлме, асхана

Орындық та, тақта да

Заттар да көп басқа да

Жүрем кейде қапа боп

Мазалайды көп сұрақ

Кілең тәтей.... ата жоқ,

Әжелер де жоқ бірақ

Қимылды ойын: «Кім жылдам», «Аттар»

Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, сезімталдыққа тәрбиелеу.
25 серуен картотекасы.

Бақылау. Транспортты бақылау.

Мақсаты: Балаларға транспорттар туралы түсінік беру, оларды бір – бірінен айыра білу.

Көркем әдебиет: «Автобуста» «М.Жаманбалинов)

Жеке жұмыс: Балалардан қандай транспорт түрлерін білетіндерін сұрау, үлкендердің іс – әрекетіне еліктеуді тәрбиелеу.

Еңбек: Ойын алаңындағы ойыншықтарды ретке келтіру.

Қимылды ойын: «Паровоз», «Торғайлар мен машина»

Мақсаты: Балаларды жүруге, жүгіруге, шашырап жүгіруге жаттықтыру.

26 серуен картотекасы.

Бақылау: Ауаны бақылау.

Мақсаты: Ауаны көру тәжірибелерін жасауға үйрету, ауаның адам өміріндегі маңызын түсіндіру.

Сұрақтар: біз немен демаламыз?

Ауа кімге қажет?

Ауаны қалай ести аламыз?

Еңбек: Гүлзардағы өсімдіктерді қопсыту.

Жеке жұмыс Баланы топпен ойнауға бейімделу.

Қимылды ойын: «Самолеттер» шашырап жүгіру.

«Қалпақ пен таяқша» лақтыру.