Файл: Кз мезгілі. 1 серуен картотекасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 384

Скачиваний: 5

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Үлескедегі еңбек: Ойын құралдарын тазалау. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Ұқыптылыққа баулу, өз заттарын таза ұстауға үйрету.

Қимылды ойын: «кім бірінші жетеді», «Ине мен жіп».

Мақсаты: тапқырлыққа, жылдамдыққа, бірлесіп ойнауға үйрету, ептілікке баулу.

Жеке жұмыс: Сан таңбаларын қайталау. Үлкен санға дейін санау таңбасын таба білуге үйрету.

Өзіндік іс – әрекет: Бұлттардың қалай қозғалатынын байқау.

56 серуен картотекасы.

Бақылау: Паркке саяхат. Парктің әдемілігін адам денсаулығына пайдасын сезіну. Көктем мезгіліндегі ағаштардың әдемілігін сезіну, өзгерісін анықтау.

Үлескедегі еңбек: Парктегі зат қалдықтарын жинап, бір жерге жинастыру. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Ұқыптылыққа баулу, айналаны таза ұстауға үйрету.

Қимылды ойын: «Қасқыр қақпан», «Ағашын тап». Тапқырлыққа, жылдамдыққа бірлесіп ойнауға үйрету.

Жеке жұмыс: Ойша жұмбақтар құрату. Күн, бұлт, су, көктем, құстар туралы. Жан жақты болуға үйрету.

Өзіндік іс – әрекет: Саябақта не байқағандарын айтып беру.
57 серуен картотекасы.

Бақылау: Құстың ұясын бақылау.

Тал басында бір отау (Ұя)

Балаларды құстың ұясын бұзбауға, оған қамқор болуға , жанашырлық жасауға үйрету.

Үлескедегі еңбек: Жыра жүргізу. Күннің көзіне еріп жатқан қарлардан жыра арқылы жүргізу.

Қимылды ойын: «Тақия тастамақ». Қимыл – іс әрекетін дамыту, аңғарымпаздылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Жеке жұмыс: Балалардың тілін дамыту.

1 дегенім – біреу,

2 дегенім – егеу,

3 дегенім – үсік,

4 дегенім – төсек

Өзіндік іс – әрекет: құстың ұясын жасап үйрену.
58 серуен картотекасы.

Бақылау: Торғайды бақылау. Балаларды торғайды тамақтандыруға, қорғауға үйрету.

Торғай, торғай тоқылдақ

Жерден тары шоқып ап

Үлескедегі еңбек: Айналадағы ағаштардың түбін қопсыту. Еңбек ету бағыты туралы түсінік қалыптастыру, балаларды еңбекке баулу.

Қимылды ойын: «Бөдене мен қаздар». Балаларға ойынның шартын түсіндіру, ептілікке, шапшаңдыққа үйрету.

Жеке жұмыс: Көктем туралы тақпақ үйрету. Балалардың тілін дамыту.

Үсті жасыл түк басып

Көктем келді нық басып,

Тоғандарға тығылып

Кетті лезде қыс қашып

Өзіндік іс – әрекет: торғайдың суретін салу.
59 серуен картотекасы.

Бақылау: Желді бақылау. Желдің соғу бағытын бақылау, аңғарпаздыққа, байқағыштыққа тәрбиелеу.

Үлескедегі еңбек: Гүлдің орнын тазалау. Балаларды еңбекке тазалыққа баулу.

Қимылды ойын: «Қаздар мен түлкілер». Балалардың қимыл – қозғалысын дамыту, достыққа тәрбиелеу.


Жеке жұмыс: Мозайкалар құратыру.

Өзіндік іс – әрекет: Доп ойнау. Өз беттерімен келісіп ойнауға үйрету.
60 серуен картотекасы.

Бақылау: Құмырсқаны бақылау. Балаларды жәндіктерді қорғауға, оларды қызықтап, тіршілігіне ден қоя білуге дағдыландыруға.

Үлескедегі еңбек: Үлкендердің еңбегін бақылау. Үлкендердің еңбегін бағалап, көмектесуге үйрету.

Қимылды ойын: «Ұшты – ұшты». Балалардың ойлау қабілетін дамыту.

Жеке жұмыс: Құмырсқаның суретін салу. Суретке деген қызығушылығын арттыру, тазалыққа баулу.

Өзіндік іс – әрекет: жәндіктер туралы жұмбақтар шешу.


Жаз мезгілі.

1 серуен картотекасы.

Бақылау: Күнді бақылау.

Жұмбақ жасыру:

Мейіріммен сүйеді ол бар адамды,

Өзіне жаратпайды қарағанды (Күн)

Күннің түсін, көлемін әңгімелеу.

Мақсаты: Көктем мезгіліндегі күнмен салыстыру. Күннің көзін сипаттай білу.

Қимылды ойын: «1,2,3 жүгір», «Тышқан мен мысық»

Мақсаты: Балалрды тез бейімделуге, жылдамдыққа, бірлесіп ойнауға үйрету.

Еңбек: Құмсалғыштың айналасын тазалау.

Мақсаты: Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Еңбек құралдарын дұрыс пайдалана білуге үйрету.

Жеке жұмыс: 1 – 2 балаға жаз мезгілінің айларын ретімен айтуға үйрету.(Маусым, шілде, тамыз)

Мақсаты: Жан – жақтылыққа үйрету.

Дербес ойындар: Құмдағы ойын.

Мақсаты: Бір – бірімен келісіп, тату ойнауға баулу.
2 серуен картотекасы.

Бақылау: Ауа райын бақылау.

Жазда ауа райы қандай болады?

Ауа райы деп нені айтамыз?

Мақсаты: Жаз мезгілінің ауасын сезіну, ертеңгілік ауамен салыстыру.

Қимылды ойын: «Өз орныңды тап», «Қуып жет те ұстап ал»

Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, бірлесіп ойнауға үйрету. Кеңістікті бағдарлау.

Еңбек: Аула тазалаушы апайға көмектесу.

Мақсаты: Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Ұқыптылыққа баулу, өз аулаларын таза ұстауға үйрету. Үлкенге көмектесу.

Жеке жұмыс: 3 – 4 баламен төрт түлік малдың төлдерін біліп жүруге үйрету.

Дербес ойындар: Құммен ойын.

Мақсаты: Бір – бірімен келісіп, тату ойнауға баулу.
3 серуен картотекасы.

Бақылау: Аула тазалаушы апайдың еңбегін бақылау.

Ауланы не үшін тазалаймыз?

Тазалық сақтау дегенді қалай түсінесіңдер?

Мақсаты: Еңбек адамының қызметін бақылай отырып, бағалай білуге, көмектесуге баулу.

Қимылды ойын: «Ине мен жіп», «Тығылыспақ»

Мақсаты: Балаларды тез бейімделуге, жылдамдыққа, бірлесіп ойнауға үйрету. Ептілікке баулу.

Еңбек: Ауланы тазалап сыпыру.

Мақсаты: Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Ұқыптылыққа баулу, өз аулаларын таза ұстауға үйрету.

Жеке жұмыс: Жаңылтпаштар жаттау:

Шырпы мен шырша да ағаш,

Өсіп тұрса, қиса да ағаш.

Мақсаты: Шапшаң жаңылмай айтуға түйрету.

Дербес ойындар: Доппен ойындар.

Мақсаты: Бір – бірімен келісіп, тату ойнауға баулу.
4 серуен картотекасы.

Бақылу: Құстарды бақылау. Тақпақ оқу. «Жарқын жаз» А. Омаров

Көл жағалай көп құстар,

Ұшып – қонып жатады

Қиқуласып әр тұстан

Сызылтып ән салады.

Құстар біздің досымыз дегенді қалай түсінесіңдер?

Құстардың қандай ерекшеліктерін байқадыңдар?


Құстарды қалай қорғауға болады?

Мақсаты: Құстарға қамқор болуға, оларды әрдайым қорғап жүруге баулу.

Қимылды ойын: «Дәл түсір», «Мергендер»

Мақсаты: Алысқа лақтыруға, жылдам жүгіруге баулу.

Еңбек: Ойын құралдарын құмнан тазалау.

Мақсаты: Заттарына ұқыпты қарауға баулу.

Жеке жұмыс: 2 -3 балаға жұмбақ жасыру.

Жанды сағат

Айқай салат (Сағат)

Бұдан кір қорқады

Судан бұл қорқады (Сабын)

Жуынып болғаныңда

Жүреді қолдарыда (Орамал)

Дәмі де жоқ түсі де жоқ

Пайдаланбас кісі де жоқ (Су)

Мақсаты: Жауабын тез табуға үйрету

Дербес ойындар: Секіргішпен ойындар

Мақсаты: Бір – бірімен келісіп, тату ойнауға баулу.

5 серуен картотекасы.

Бақылау: Желді бақылау. Жұмбақ жасыру.

Ағаштарды шайқайды,

Көзге көрінбейді

Шарлағанда сай – сайды

Бір сәт ерінбейді (Жел)

Жаз мезгілінің желі қандай?

Оны қалай анықтауға болады?

Мақсаты: Жаз айының жылы желін бақылау, желдің бағытын анықтау.

Қимылды ойын: «Кім жүйрік» , «Сап құру»

Мақсаты: Жылдамдыққа, бірлесіп ойнауға үйрету. Ептілікке баулу.

Еңбек Алаңды қалдық заттардан тазалау.

Мақсаты: Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Ұқыптылыққа баулу, өз аулаларын таза ұстауға үйрету.

Жеке жұмыс:

Өкпелетсе мамасы

Өкпелетсе ағасы

Айтам деймін әжеме

Әжесінің баласы.

Мақсаты: Бір – біріне өкпелемей бірге ойнау керектігін балаларға түсіндіру.

Дербес ойындар: Доппен ойын.

Мақсаты: Бір – бірімен келісіп, тату ойнауға баулу.


6 серуен картотекасы.

Бақылау.Ағаштарды бақылау. Тақпақ оқу. «Табиғаттың тұмары» (О. Әбділдаұлы)

Адамзатқа пайдалы

Тазалықтың айғағы

Табиғаттың көрмесі

Қалың ағаш көрмесі.

Неліктен ағаштарды пайдалы дейміз?

Қандай ағаш түрлерін білесіңдер?

Ағаштарды не үшін өсіреді?

Мақсаты: Өсіп тұрған ағаштарды бақылап, олардың бір – бірінен айырмашылығын байқау. Әдемілігін сезіну.

Қимылды ойын: «Ағашты тап», «Аталған ағашқа кім бірінші барады»

Мақсаты: Тапқырлыққа, жылдамдыққа, кеңістікті бағдарлауға үйрету.

Еңбек: Әр түрлі ағаш бұтақтарын, жапырақтарын жинау.

Мақсаты: Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Ұқыптылыққа баулу, өз аулаларын таза ұстауға үйрету. Ізденімпаздыққа үйрету.

Жеке жұмыс: 3 – 4 балаға биік – аласа, жуан – жіңішке, үлкен – кіші ұғымын ағаштар бойынша тапқызу.

Мақсаты: Ретімен санау және салыстыруға үйрету.

Дербес ойындар: Құммен ойын.

Мақсаты: Бір – бірімен келісіп, тату ойнауға баулу.

7 серуен картотекасы.

Бақылау.Ағаштарды бақылау. Тақпақ оқу. «Табиғаттың тұмары» (О. Әбділдаұлы)

Адамзатқа пайдалы

Тазалықтың айғағы

Табиғаттың көрмесі

Қалың ағаш көрмесі.

Неліктен ағаштарды пайдалы дейміз?

Қандай ағаш түрлерін білесіңдер?

Ағаштарды не үшін өсіреді?

Мақсаты: Өсіп тұрған ағаштарды бақылап, олардың бір – бірінен айырмашылығын байқау. Әдемілігін сезіну.

Қимылды ойын: «Ағашты тап», «Аталған ағашқа кім бірінші барады»

Мақсаты: Тапқырлыққа, жылдамдыққа, кеңістікті бағдарлауға үйрету.

Еңбек: Әр түрлі ағаш бұтақтарын, жапырақтарын жинау.

Мақсаты: Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Ұқыптылыққа баулу, өз аулаларын таза ұстауға үйрету. Ізденімпаздыққа үйрету.

Жеке жұмыс: 3 – 4 балаға биік – аласа, жуан – жіңішке, үлкен – кіші ұғымын ағаштар бойынша тапқызу.

Мақсаты: Ретімен санау және салыстыруға үйрету.

Дербес ойындар: Құммен ойын.

Мақсаты: Бір – бірімен келісіп, тату ойнауға баулу.
8 серуен картотекасы.

Бақылау: Талды бақылау.

Мақсаты: Жапырағының пішіні, дінінің түсі бойынша – басқа ағаштардан ажырата білу.

Сұрақтар: талдың сыртқы бейнесі қандай?

Көбінесе қайда өседі?

Адамға қандай пайдасы бар?

Жеке жұмыс: Мақал айту:

Бір тал кессең, он тал ек.

Еңбек: Құмға су құю.

Қимылды ойын: «Аюда қонақта» (белгі бергенде жүгіру)

«Аттар» (атша секіру)
9 серуен картотекасы.

Бақылау: Саябаққа саяхат. Тақпақ оқу. «Табиғаттың тұмары» (О.Әбділдаұлы)

Құс базары қайнаған

Көк жапырақ қайнаған

Орман – тоғай тамаша

Тұнық ауа айналаң.

Адамдар не үшін саябаққа демалуға келеді?

Қандай пайдасы бар?

Әдемілігін қалай сақтауға болады?

Мақсаты: Саябақтың әдемілігін адам денсаулығына пайдасын түсіне білу. Жаз мезгіліндегі ағаштардың әдемілігін сезіну.

Қимылды ойын: «Кім жылдам», «Допты жалғастыр»

Мақсаты: Тапқырлыққа, жылдамдыққа, бірлесіп ойнауға үйрету.

Еңбек: Парктегі зат қалдықтарын жинап, бір жерге жинастыру.

Мақсаты: Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Ұқыптылыққа баулу.

Жеке жұмыс: Ойша жұмбақтар құрату. Күн, бұлт, жел, ауа туралы.

Мақсаты: Ойлау қабілеттерін жетілдіру.

Дербес ойындар: спорт құралдарымен ойын.

Мақсаты: Бір – бірімен келісіп, тату ойнауға баулу.
10 серуен картотекасы.

Бақылау: Бұлтты бақылау.

Жұмбақ жасыру: Аспанға жайып қойған,

Ақ мақтам ғайып болған (Бұлт)

Сұрақтар арқылы пысықтау: Бұлтты неге ұқсатуға болады?

Бұлттың қандай пайдасы бар?