Файл: 1 Генетикалы консультацияда З. есімді йел зіні пкесіні оражасушалы анемияны ауыр формасымен ауыратындыын айтты, ал зі жне жбайы толыымен сау. Тексеру нтижесі йелді аномалды ген тасушы екені аныталды.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 66
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Гипергидратация дамыды . Алколоз түз азайып су көбейеді
№ 20
Қант диабетімен ауыратын науқаста инсулин енгізгеннен кейін су терге түсіп, бұлшық еттерінің дірілдеуі басталды, соңынан қалтырап, АҚ төмендеп, есінен танды.
Патциентте қандай дерттік жағдай дамыған?
Бірінші типті қант диабеті, инсулинге тәуелді түрі. Метаболикалық гипоксия пайда болады, себебі қан қысымы төмендеп, есін жоғалту байқалады.Гексогеназа ферменті жеткіліксіз және сүт қышқылы өзгереді. Гипергликемия лык кома, сусыздану ,нефропатия Симпат и орталык жуйеси тежелип жатр
№ 21
Клиникаға түскен 32 жасар науқасты тексеру барысында 168 см бойына орта салмағы 84,5 кг дейін ұлғаюы байқалады. Шел-май қабаты әлсіз дамыған. Беті дөңгеленіп ісінген, қабағы ісіңкі. Науқас сонымен қатар кешкі мезгілде аяқ киімі симай, тырсылдап тұруын байқайды.
Қандай себептер науқастың дене салмағының жоғарылауына әкеліп отыр?
2 типті қант диабеті, микроангипопатия және нефропатия байқалады. Аяктын исинуы семиздик 2 сатысы 29.9
№ 22
60 жасар К. есімді науқас терапия бөліміне төмендегідей шағымдармен келіп түсті: жалпы әлсіздік, жүргенде шайқатылуы, тәбетінің төмендеуі. Тері жамылғысы және көзге көрінетін кілегей қабаты бозғылттанған, эритроциттер мен гемоглобиннің қандағы деңгейі күрт төмендеген.
Науқаста гипоксияның қай түрі дамығанын тұжырымдаңыз?
Жауабы:Гемдік гипоксия
Қандық(гемдік) гипоксия қанның құрамындағы эритроциттер мен гемоглобиннің деңгейі күрт азайып кетуінен қанның оттегіге сыйымдылығы төмендеп кеткен , сондықтан осы гипоксия түрі дамиды
Карбогемоглобин дамуы мүмкін
№ 23
ЖИТС-пен ауырған 25 жасар науқас әйел стационарлық ем қабылдау барысында дене қызуы жоғары көтеріліп, қақырықты жөтел пайда болды. Қанда агранулоциттердің (лимфоцитттердің, моноциттердің) саны төмендеуі анықталады.
Лейкопения фонында дамыған қызбаны қалай түсіндіруге болады?
1. Біріншілік пирогендердің көзі экзо- және эндотоксинді микроорганиздер болуы мүмкін .
2. Лейкопения салдарынан қызбаның дамуы лейкопоэздің гранулоцитарлы ұрықтарының сақталуымен және организмде екіншілік пирогендердің басқа көздерінің болуымен сипатталады.
3. Науқаста қызбаның пайда болуы оның ЖИТС инфекциясының болуымен байланысты болуы мүмкін, өйткені иммунодепрессия жағдайлары қосымша инфекцияның қосылуымен сипатталады.
Кабынумен шакырылган кызба пневмония дамуы мүмкін
№ 24
50 жастағы науқас жалпы әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне, жүрегі айнуына шағымданады. 30 жыл көлемінде атрофиялық гастритпен ауыратыны анықталды. Соңғы уақытта өзінің едәуір салмақ жоғалтуын, қызуы көтерілуін, терісінің бозғылттануын байқайды. Тексеру барысында асқазан өспесі (обыр) анықталған.
Науқаста шамамен өспенің қандай түрі дамығанын түсіндіре берініз?
Ішек метаплазиясы дисплазияның даму қаупін арттырады, ол ақырында асқазанның аденокарциномасына (рак) айналуы мүмкін ісік алды ауру. Асқазанның аденокарциномасы - шырышты эпителийде қатерлі ісік дамитын онкология. Ісік пайда болу орны өзгермелі: ол асқазанның әртүрлі бөліктерінде пайда болуы мүмкін.
Катерли тури. Кахексия болып тур инфилтративти метастаз 6 атипин
№ 25
Бауыр циррозымен ауыратын 68 жасар Д. есімді пациентке асциттік сұйықтықты шығару мақсатымен іш қуысының пункциясы жасалынды. 20 минут көлемінде 6,5 л сұйықтық алынды, нәтижесінде науқас есінен танып қалды.
Есінен танудың себебін қалай түсіндіресіз?
Гипогидратация Сусыздану организмге біршама теріс әсер етеді. Оның нәтижесінде қан қоюланады, айналымдағы қанның көлемі азаяды, артериялық және веналық қан қысымдары төмендейді, қан ағуының жылдамдығы баяулайды. Осылардың нәтижесінде көптеген ішкі ағзаларда микроциркуляция бұзылады, гипоксия дамиды. Соның нәтижесінде науқас естен танып қалған.
Анафилактикалык шок бауыр жеткиликсиздиги
№ 26
Тышқанды кішірек барокамераға кіргіземіз. 2-3 мин арасында барокамерадан ауаны шығарып тастаймыз. 1 мин кейін тышқанда тынышсыздық белгілері көрінеді, ал 3-4 мин кейін ол өледі.
Көрсетілген тәжірибеде жануар қандай патогенді фактордың әсеріне ұшырайды?
Жауабы: 1-қадам – ауаны тартып алғанда барокамерадағы қысым төмендейді, сонымен қатар ондағы оттегінің мөлшері де азаяды.
2-қадам – Тышқанның өлімі оттегінің жетіспеушілігінен және жалпы гипобария әсерінен болуы мүмкін, яғни ауа қысымының төмендеуінен.
№ 27
Барокамерадан ауаны шығарып тастаймыз, кейін оны қалыпты атмосфералық қысымға дейін таза оттегімен толтырып, барокамераға тышқанды кіргіземіз. 2-3 мин аралығында атмосфералық қысымды төмендете отырып барокамерадан ауаны шығарамыз. Сол кезде сабырсыздық байқалып, сосын тынышталады. 8-10 мин кейін жануардың қалыпты жағдайы байқалады.
Тәжірибе нәтижелері негізінде қандай қорытынды жасауға болады?
Жауабы: 1-қадам – ауаны тартып алғанда барокамерадағы қысым төмендейді, бірақ ондағы оттегі мөлшері қалыпты күйінде қалады, өйткені камераны таза оттегімен толтырады.
2-қадам – гипобария кезінде, яғни ауа қысымының төмендегеуінде, оттегінің мөлшері қалыпты болғандықтан патологиялық үрдіс дамымайды. Гипоксияның декомпенсация сатысынан компенсация кезеңге өту сатысы
№ 28
Екі қоянға тері астына скипидарды енгізу арқылы қызбаны шақырамыз. № 1 қоянға алдын ала айқын гранулоцитопения шақыратын азот-иприт инъекциясын жасаймыз. № 2 қоян бақылауда.
Осыдан екі қоянда қызбаның бірдей қарқындылығы байқала ма?
.Жауабы: 1-қадам – скипидар қызбаны шақырады, азот-иприт гранулоциттердің төмендеуіне әсер етеді, яғни осындай жағдайда эндогенді (лейкоцитарлық) пирогендердің түзілуі төмендейді.
2-қадам –№ 1 қоянда қызбаның интенсивтілігі төмендейді.
№ 29
Екі қоянда қызба туғызамыз: № 1 қоянға тері астына скипидар, ал № 2 қоянның көк тамырына пирогенал енгізу арқылы қызба туғызамыз.
Осы қояндарда температуралық серпілістер қалыптасу барысында айырмашылықтар байқала ма?
29.Жауабы:скипидар және пирогенал қызбаны шақырады, бірақ пирогеналды енгізген кезде эндогенді (лейкоцитарлық) пирогенді өндіру тікелей күшееді.
2-қадам –№ 2 қоянда қызба ертерек көтеріледі
-+
№ 30
Тышқандарға фенилгидразин енгіземіз. 30 мин өткен соң тышқандардың қанында эритроциттер санының азаюы және бос гемоглобиннің болуы байқалған.
Өзгерістерді немен түсіндіруне болады?
Жауабы: 1қадам фенилгидразин бос радикалдардың түзілуін күшейтеді, ал бос радикалдар эритроцит мембранасын зақымдайды, олардың гипергидратациясына және бұзылуына әкеп соқтырады, мұндай жағдайда эритроциттер саны төмендейді және бос гемоглобин анықталады.
2-қадам - тышқандардағы эритроциттер санының азаюы бос радикалдардың зиянды әсерлерімен байланысты.
№ 31
Егеуқұйрыққа эфирлі наркоз береміз. Жануарды орнықтырамыз. Электрокардиограммаға түсіреміз. Кеуде және перикардтты ашып, тәж артериясына лигатураны саламыз. Әрбір 5-10 мин кейін электрокардиограммаға түсіреміз.
Бұл тәжірибеде нені байқаймыз?
1-қадам - коронарлық артерияға лигатураны қолдану миокард аймағының ишемиясын тудырады, яғни. оған қан ағымының төмендеуі, нәтижесінде кардиомиоциттердің өліміне әкеледі.
2-қадам - егеуқұйрық миокард инфарктісі бар, яғни. жүрек бұлшықетінің некрозы.сириспе ишемия
№ 32
Барокамераны қалыпты атмосфера қысымында 95% азот және 5% оттегісі бар газ қоспасымен толтырамыз. Онда тышқанды кіргізіп және жаңағы көрсетілген қоспаның аз мөлшерін шығарамыз. 10-15 мин кейін жануарда тырыспа дамиды және тыныс алу тоқтайды.
Жануар өліміне не себеп болды?
32)Жауабы: 1-қадам – барокамерадан сұйықтықты шығарғанда онда қысым төмендейді, сондай-ақ оттегі мөлшері де төмендейді.
2-қадам – тышқанда тынысының тоқтауы жедел гипобариялық гипоксия әсерінен дамиды.декомпенсасия тез дамиды
№ 33
Барокамераға 2 тышқанды кіргіземіз: № 1 тышқанға уретанды тері астына енгізу арқылы жансыздандырады. № 2 тышқан бақылауда болады. Барокамерадан 2-3 мин ішінде ауаны сорып аламыз. 3-4 мин кейін бақылаудағы тышқан өледі, ал жансызданған тышқан ауасыз атмосферада тағы 15 мин бойы шыдайды. Содан кейін тәжірибені тоқтатады.
Нәтижесін немен түсіндіруге болады?
Жауабы:1-қадам – ауаны сорып шығару кезінде қысым камерасындағы қысым және ондағы оттегі мөлшері төмендейді; анестезия жағдайында организмнің қозғалыс белсенділігінің және мидың функционалдық белсенділігінің төмендеуіне байланысты оттегіге деген қажеттілік азаяды.
2-қадам – No2 тышқан гипобариялық гипоксиядан өледі, No1 тышқанда мидың гипоксияға төзімділігі артады.адаптация
№ 34
Екі егеуқұйрыққа пирогеналды көк тамырға енгізу арқылы жасанды қызба шақырылады. № 1 егеуқұйрыққа алдын ала ОЖЖ қоздырғышы фенамин ерітіндісін енгіземіз. Ал № 2 егеуқұйрық бақылауындағы жануар.
Қайсында, № 1 немесе № 2 егеуқұйрықта тез және айқын температураның жоғарылауы байқалады?
34.Жауабы:1-қадам – фенамин вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімінің әсерін күшейтеді, ол дене температурасын жоғарылатуда жетекші рөл атқарады, сондықтан фенамин қызбаның басталуын ынталандырады.
2-қадам - №1 егеуқұйрық температураның тезірек және айқын көтерілуін сезінеді.
№ 35
Бұл тәжірибеде зерттелуші 3 жүктеме орындайды. 1-ші жүктеме 30 секунд ішінде 20 рет отырып тұруға негізделген. 2-сі бір орында тұрып максималды қарқында 15 секунд жүгіру. Бұл жүктеме бірінші жүктемеден 3 минут өткен соң атқарылады. Үшінші жүктеме 3 минут бойы бір орында тұрып, бір минут ішінде 180 қадам, қарқынында жүгіруге негізделген. Бұл жүктеме екіншіден кейін 4 минут өткен соң орындалады. Әр жүктеменің аяғында АҚ және ЖЖЖ тіркеледі.
Берілген сынаманың көмегімен нені анықтаймыз?
Жауабы: 1-қадам – әрбір бірінен кейін бірі орындалатын күштеме алғашқысынан ауыр, күштеме арасындағы уақыт ағзаның адаптациясы үшін керек, оның дәрежесі ЖСЖ және АҚ өзгеруімен анықталады. Сынамаға тән нормотонустық, гипертонустық, гипотонустық және дистониялық типтерін ажыратады.
2-қадам – Летунов сынамасы арқылы адам ағзасының жылдам жұмысқа және жұмысқа төзімділігіне бейімделіуін үйретеді.
№ 36
Барокамераға екі тышқан орналастырылды: № 1 тышқанға физикалық жүктеме түсіреміз, № 2 тышқан бақылау ретінде қолданылады. Барокамерада 2-3 мин ішінде ауа шығарылып тасталынады. 3-4 мин өткен соң бақылаудағы тышқаны өледі, ал жүктеме түсірген тышқан барокамера ішінде тағы 15 минут өмір сүреді. Осыдан соң тәжірибе аяқталады.
Тәжірибе қорытындысын немен түсіндіруге болады?
36.Жауабы: 1-қадам – ауаны тартып алғанда барокамерадағы қысым және ондағы оттегі құрамы төмендейді, физикалық күш түсіргенде аса көп жұмыс істеп жатқан тіндер оттегіні артығымен қажет етеді, нәтижесінде ағза оттегі тапшылығына үйреніп қалады.
2-қадам – № 2 тышқан гипобариялық гипоксия нәтижесінде өледі, ал № 1 тышқан гипоксияға үйреніп қалады (адаптация).
№ 37
Екі егеуқұйрыққа пирогенал енгізу арқылы қызба шақырамыз. № 1 егеуқұйрыққа наркоз жасау үшін гексенал ерітіндісі енгізіледі. Ал № егеуқұйрық – бақылауда.
Егеуқұйрықтардың температуралық серпілісінде қандай өзгеріс байқалады?
Жауабы: 1-қадам – гексенал бас миының функционалдық активтілігін төмендетеді және терморегуляциялық жүйенің орталық компоненттерін тежейді, ол өз кезегінде дене қызуын төмендетеді.
2-қадам – № 1 егеуқұйрықта гипотермия дамиды, ал № 2 егеуқұйрықта қызба дамиды
№ 38
Барокамераға 2 тышқанды кіргіземіз: № 1 тышқанға тәжірибеде 10 минут бұрын ОЖЖ-н қоздыратын фенамин енгізеді, № 2 тышқан бақылауда болады. 2-3 минуттан соң барокамерадан ауаны шығарып тастайды. Ауасы шығарылған ортада 2 минут кейін фенамин енгізілген тышқан, ал 3-4 мин кейін бақылаудағы тышқан өледі.
Тәжірибе нәтижесін немен түсіндіруге болады?
38.Жауабы: 1-қадам – ауаны тартып алғанда барокамерадағы қысым және оттегі мөлшері төмендейді; бас миының функционалдық қабілетін және ағзаның қимылдық әрекетін арттырады, осыған орай оттегі мұқтаждықты жоғарылатады.
2-қадам – № 1 гипоксия нәтижесінде ертерек өледі, өйткені айқын оттегіге тапшылық дамиды.
39.Мүшенің немесе жүйенің қызметінің бұзылысы және бұзылысты болдыратын негізгі себеп бола алады, яғни себеп пен салдар орын ауыстырады .Медицинада бұл қалай аталады?
Аурудың өзін-өзі дамыту және өзін-өзі реттеу жолдарындағы себеп-салдарлық арақатынастарда кері айналып соғу шеңбері қалыптасуының маңызы үлкен. Кері айналып соғу шеңбері (грек. – Circulus vitiosus) – деп аурудың себеп-салдарлық арақатынастарындағы бір салдардың, кері айналып келіп, бастапқы бір себепті одан сайын күшейтуін айтады. Мәселен, жарақаттық сілейме даму жолдарында артериалық қысым төмендеуінен дамитын гипоксия жүрек етінде заттардың алмасуын бұзып, оның атқаратын міндеттемесін өзгертеді. Содан артериалық қысымның төмендеуі және майда қан айналымның бұзылыстары одан сайын күшейеді. Осындай жағдай мидың гипоксиясынан қан тамырларының қимылдық орталығының тежелуі күшейіп, артериалық қысымның деңгейін одан сайын төмендетеді. Ол өз алдына гипоксия дамуын ары қарай күшейтеді.