Файл: 1 Генетикалы консультацияда З. есімді йел зіні пкесіні оражасушалы анемияны ауыр формасымен ауыратындыын айтты, ал зі жне жбайы толыымен сау. Тексеру нтижесі йелді аномалды ген тасушы екені аныталды.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 67

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

40. Дене температурасының тәуліктік ауқуы 3-5°С бұл қызбаның қай типіне жатады?

Жауабы:Қалжырататын қызба (febris hectica) - таңертеңгі температура мен кешкі температураның айрмашылығы 3-50С болуы мүмкін. Бұндай темпертуралық сызық сепсиске тән.
41.Крупозды пневмония үшін дене температурасының тәуліктік ауқуы 1°С тан аспайды .Бұл қызбаның қай типіне жатады?

41.Жауабы: Тұрақты қызба (febris continua) - дене қызуы жоғарғы деңгейге көтерілген (39-400С) көтерілген, таңертеңгі және кешкі температуралардың айырмашылығы 1⁰С-тан аспайды. Бұл тип скарлатина, крупозды пневмония, бөртпе ауруларына тән.
42.Туыстық байланыстарды анықтау және жанұяда ауруларды бақылаумен байланысты тұқым қуалайтын потологияны зерттейтін әдіс?

Жауабы: Генеологиялық әдіс.(шежіре тарату) Бұл әдістің негізінде адамда болатын түрлі белгілер мен қасиеттердің немесе аурулардың тұқым қуалауын оның шыққан тегіне қарай зерттеу жатады. Ол үшін зерттелетін мәселе бойынша әкесі және шешесі жағынан бірнеше буын бойы мәліметтер жинақталып, соның негізінде шежірелік сызбанұсқа жасалады. Кейбір белгілер мен қасиеттер кез келген ұрпаққа беріле алады, яғни доминанттылық жолмен тұқым қуалап, Мендель заңдарына бағынады. Мұндай жолмен тұқым қуалайтын белгілерге полидактилия (саусақтардың артық болуы), беттің секпілі, катаракта, шаштың қаралығы және т.б. жатады. Генеологиялық әдіспен адамның кейбір қабілеттерінің мысалы, музыкаға, шешен сөйлеуге, математикаға бейімділігі және т.б. тұқым қуалайтындығы анықталған. Ондай қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Айталық музыкаға қабілеттілік әйгілі Бахтардың әулетінде болған. Мұндай мысалдарды өзіміздің қазақ дарындыларынан да келтіруге болады. Ұлы Абайдың әкесі Құнанбай әулетінен тараған ұрпақтардың ішінде ақындар, сазгерлер, шешен сөйлейтіндер көп болған. Олар: баласы, қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы — Абай (Ибраһим); немерелері — Шәкерім, Әбдірахман, Мағауия, Ақылбай және т.б.
Генеологиялық әдіспен көптеген аурулардың тұқым қуалайтындығы анықталған. Соның бірі — гемофилия. Осы ауру бойынша ағылшын королевасы Виктория әулетінің шежірелік сызбанұсқасы жасалған.
43.Қалтыраулы жағдайлардағы гипергликемия немен байланысты?

Ж: Диабеттік: команың бір түрі болып гипергликемиялық, гиперосмостық, кетогендік емес, кома есептеледі. Бұл кома инсулинге тәуелсіз диабет кезінде ұлғайған науқас адамдарда дамиды. Ол организмнің сусыздануымен, тырыспаселкілдек ұстамаларымен және комамен сипатталады. Қанда глюкозаның деңгейі 55 ммоль/л-ден астам көтеріледі, ал кетондық денелердің мөлшері көтерілмейді, кетоацидоз дамымайды. Бұл кезде организмдегі бар инсулиннің деңгейі майлардың ыдырауын азайтуға жеткілікті болады, бірақ ол тіндердің глюкозаны пайдалануын қамтамасыз ете алмайды

44.Ауыр гипоксия кезінде қан айналымның күшеюі қалай аталады?
Жауабы:Декомпенсацияланған гипоксия. Бүйрек қызметінің, бүйрек үсті бездерінің, сондай-ақ бауыр қызметінің өзгеруі.

Гипоксия (грек. hypo-аз, төмен, oxygenium-отгегі) – деп ағзалар мен тіндерде оттегінің жеткіліксіздігін айтады. Ол тіндерге оттегінің аз жеткізілуінен немесе жасушалардың оттегін тотығу-тотықсыздану үрдістеріне пайдалануы бұзылыстарынан дамиды. Гипоксия көптеген аурулардың дамуында маңызды орын алады. Ол әртүрлі себептерден дамуы мүмкін. Соған қарамай гипоксиядан дамыған дерттер мен оған икемделістік серпілістердің көріністері өзара өте тығыз байланысты болып келеді. Сондықтан гипоксияны .біртектес дерттік үрдістерге жатқызады. Гипоксияны жіктеудің бірнеше түрлері бар. Өту жылдамдығы бойынша:

● қауырт - бірнеше секундтың ішінде дамитын; мәселен цианидтермен уланғанда;

● жіті - бірнеше минуттың ішінде дамитын; мәселен, асфиксия кезінде, ауыр қансыраудан кейін, қатты иіс тигенде, сілейме, коллапс кездерінде, өкпе ісінуі нәтижесінде;

● созылмалы (ауыр гипоксия) - бірнеше аптадан, айлар-жылдар бойы созылатын гипоксияның түрлерін ажыратады. Созылмалы гипоксия ұзақ өтетін өкпе аурулары кездерінде, жүрек әлсіздігі, анемиялар т. с. с. дерттердің нәтижесінде біртіндеп дамиды
45.Систола кезінде қан қолғалысы артериядан венаға , ал диастола кезіндегі кері бағыттағы қан қолғалысы қалай аталады?

Веналык гиперемия кезиндеги маятник тәризди кан айналым.