Файл: Эссе Жаа мектепке жаашыл стаз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 32

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Эссе

Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз

Бұл өмірде кез келген адамның ұстазы бар. Біреуі мектеп кезінен сабақ алған я болмаса жүре келе дәрістер алады. Мұғалім қоғамда маңызды орын алады. Оның адамдарға берері көп. Адамдарға берері көп адам нағыз ұстаз – деп ойлаймын. Қазіргі қоғам адамнан прогрессивті ойлай алатын, белсенді әрекетті, жан – жақты болуды талап етеді. Біздің елімізде жаңаша білім беруде әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің қатарына ену мақсатында түрлі шаралар атқарылуда. Бүгінгі білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, әр адамның өзінің «Менін» сезінуге, толықтыруға көмектесетіндей, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда өз орнын табуға, өзін шығармашылықпен өзгертуге белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс. Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді. Білікті ұстаз, білімді маман болу үшін — әрбір мұғалім өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс.

Біздің өміріміздің кез келген сферасына арнайы ұстаз керек деп ойлаймын. Ұстаз деген кім? Меніңше, ұстаз – біздің межеге жеткелі отырған нүктемізге жетіп қойған адам. Яғни, ол бізге барлығын оңай үйретіп, түсіндіре алады. Дәл осы секілді жаңа мектепке де жаңашыл ұстаз қажет. Жаңа Қазақстан қалыптасу үшін прогрессивті мұғалімдердің болғаны керемет!

Мен де қоғамға үлесімді қосып, ұстаздыққа бет бұрғым келеді. Бір жағынан адамдарға пайдалы болатын іс болса, екіншіден сауабы мол істің бірегейі. Мұны бәріміз мойындаймыз.

Білім жеңіс пен жетістікке жету үшін өмірдегі ең күшті қару болып саналады. Бұл үлкен жауапкершілік пен жұмыс жастардың өмірі мен елінің болашағын тәрбиелеу және қалыптастыру үшін мұғалімдерге жүктеледі. Мұғалім білім беруде үлкен рөл атқарады және оқушының бүгіні мен болашағын қалыптастырады. Мұғалімдер өмір бойы көптеген студенттерді оқыту және бағыттау арқылы жақсы қоғам құру үшін үлкен жұмыс атқарады.

Шәкірт тәрбиелеу оңай процесс емес. Ол үшін мұғалімнің ізденісі өте мықты болуы керек. Ұстаз шәкірттерді жақсы көріп, әрдайым оның психологиясымен де жұмыс жасайды. Мұның бәрі де талант.

Білім жеңіс пен жетістікке жету үшін өмірдегі ең күшті қару болып саналады. Бұл үлкен жауапкершілік пен жұмыс жастардың өмірі мен елінің болашағын тәрбиелеу және қалыптастыру үшін мұғалімдерге жүктеледі. Мұғалім білім беруде үлкен рөл атқарады және оқушының бүгіні мен болашағын қалыптастырады. Мұғалімдер өмір бойы көптеген студенттерді оқыту және бағыттау арқылы жақсы қоғам құру үшін үлкен жұмыс атқарады.


Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр тәрбиешінің борышы. Ол- өз кәсібін, өз мамандығын, барлық бүлдіршіндерін, балабақшаны шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге себін тигізеді.Тәрбиешінің осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір бүлдіршіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында.Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге.

Жаңа мектептің жаңа ұстазы қандай болуы керек? Айта өтейін:

  • Прогрессивті;

  • Психология жағынан дамушы;

  • Жан-жақты;

  • Креативті;

  • Өз ісінің маманы және т.б.

Қорытындылайтын болсам, Қазақстан мемлекеті өз ісін сүйетін ұстаздарға мұқтаж. Сүйікті ісімен айналысып, шәкірттеріне сабақ бере алатын ұстаздарды бәрі жақсы көреді. Профессионал ұстаздарды бағалайық, құрметтейік! Олар қоғамның рухани негізіне үлес қосушылар болып табылады.