ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 165
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
3. Ата-аналарға сауал
1.Бала тәрбиесіне отбасында кім көңіл бөледі? (әкесі немесе шешесі)
2.Балаңыздың бойында ерекше қасиеттері бар ма? Байқаған жағдайда қандай мүмкіндік жасадыңыз? (Биге бейім, ән айтқанды ұнатады т.б.)
4.Ситуациялық жағдайлар.
1.Жанұядағы еңбек тәрбиесі - баланың мінез-құлқының қалыптасуына себепші болатын негізгі фактор. Мысалы: ер балаға су әкелу, малға шөп салу, қыз балаға ыдыс-аяқ, еден жуу, үй-ішін жинастыру жұмыстары тапсырылады. Балаңыз сіз тапсырған жұмыстарды жақсы орындады, бірақ сабағына дайындалмады. Не дер едіңіз?
2.Балаңыздың оқу үлгерімі орта деңгейде. Үйде ешкім жоқ болып, бүгін үйде қалуды ескерттіңіз. Балаңыз сабақтан қалғысы келмейді. Сіз былай деп жеңдіңіз: "Сен мектепке барғанмен не бітірем дейсің, оқығанмен сенен бәрібір ештеңе шықпайды, сенің басың істемейді". Ата-анасы ашумен айтып қалды. Сіз не дер едіңіз?
3.Балаңыз сыныптасымен керісіп, көйлегін жыртып келді. Сіз не істер едіңіз? Баланың арасына түсесіз бе?
5. "Сіздің өміріңізде бала қандай орынға ие?" Ата-аналарға сауалнама Шарты: зейін қойып сұрақтарды оқыңыз және шын мәніндегі жауапты беруіңізді сұраймыз.
Жауаптар:
А) қолымнан келеді және әркезде солай жасаймын.
Ә)қолымнан келеді,алайда әр кезде солай істей алмаймын.
Б)қолымнан келмейді.
Сұрақтар:
1.Кезкелген жағдайда жұмысыңыздың барлығын тастап,балаңызбен айналысу қолыңыздан келе ме?
2.Баланың жас ерекшелігіне назар аудармай,ақылдасу қолыңыздан келе ме?
3.Баланың алдында жасаған қателігіңізді мойындау қолыңыздан келе ме?
4.Өзіңіз қателескеніңіз үшін баланың алдында кешірім сұрау қолыңыздан келе ме?
5.Егер баланың қылығы сіздің ашуыңызды келтірсе,өзіңізді ұстау қолыңыздан келе ме?
6.Өзіңізді баланың орнына қою қолыңыздан келе ме?
7.Бір уақытқа өзіңізді ертедегі қайырымды Ханша немесе Би ретінде елестете алу қолыңыздан келе ме?
8.Бала кезіңізде болған оқиғаның тәрбиелік мәні мен айтып беру қолыңыздан келе ме?
9.Баланың жүрегіне ауыр тиетін сөздерді әр қашан айтпау қолыңыздан келе ме?
10.Баланың жақсы тәртібі үшін оның арманын орындап беру қолыңыздан келе ме?
11.Не істесе дағы өз білгенін жасауына балаға бір күн бөлу қолыңыздан келе ме?
12.Егер де сіздің балаңыз басқа бір баланы ұрып не итеріп жіберсе немесе күнәсіз жазаласа елеп-ескермеу сіздің қолыңыздан келе ме?
13. Балаңыз егер де бір нәрсені алып бер деп жылап сұранып тұрса, сіз осыған ұстамдылық ете білу қолыңыздан келе ме?
Кілт: А-3ұпай,Ә-2ұпай, Б-1ұпай.
16 ұпайға дейін------- Баланы тәрбиелеуде сізде үлкен мәселелер бар. Сіз не білімділікке,не ойға жиі мән бермейсіз. Не ұстамдылық жеткіліксіз. Баланы тұлға ретінде қабылдауға назар аудару қажет.Ұстаздар мен психолог мамандарға баруды ұсынамыз.
16-30 ұпайға дейін----Сізде ең бірінші дәрежеде тұратын мәселе - ол балаға деген қамқорлық. Сізде тәрбиешінің қабілеті бар,бірақ іс жүзінде Сіз оны әрқашан қолдана алмайсыз. Кейде сіз тым қаталсыз, кей жағдайда - тым жұмсақсыз. Баланы тәрбиелеуде мән берген өте қажет деп ойлайсыз.
30-39 ұпайға дейін----Сіздің өміріңіздегі ең үлкен құндылық,сіз баланы түсінуге және білуге тырысасыз.Балаға сыйластықпен қарап,Тәрбиелеудегі ең тиімді әдістерді қолдануға ынталысыз. Басқаша айтқанда,Сіздің іс-әрекетіңіз түзу және ісіңіздің жемісті болуына үміттенеміз.
6. Ата мен әке тәрбиесі
Жыл өткен сайын қыз шешеге, ұл әкеге үйірсектеп, солардың мінез-құлқын, үнін, қозғалысын қайталайды.
Қыз бала анасынан адалдықты, арлылықты, әдептілікті, тазалықты, шабыттылықты қабылдайды. Анасынан көре жүріп әйел затының табиғатына не тән екендігін біледі. Әсіресе қыз бала шешесінен үй жинау, ас пісіру, кір жууды, іс тігуді, бір сөзбен айтқанда қыруар қабілеттілікті үйренеді.
Ұлағатты ата-ана "Үйренгенің өзіңе жақсы, Істегенің бізге жақсы" деп баланың еңбекке араласуына ыждағаттылықпен көңіл бөледі.
Жанұяның да, баланың да мерейі - әке.Өйткені ол - жанұяның қамқоршысы, мерейі.
Әке - балаға сыншы. Ол бала бойындағы әрбір жақсы ісіне сүйініп, жаман іске күйінеді. Жанұяда әке мен шеше қандай іспен шұғылданса, үйдегі балалар да соған еліктейді.Бұл ,әрине, көрер көзге ашық байқалмағанмен, бірте-бірте бала бойына сіңе береді. Әсіресе, жақсылықтан гөрі жамандық бойға сіңгіш келеді. Ол және күн сайын еселене түседі. Сондықтан бала тәрбиесіне ана да, әке де араласуы керек.
7. Психологиялық зерттеу қорытындысы.
Баланың отбасы мүшелерімен қарым-қатынасын зерттеу мақсатында психолог "Үлкен үй" психологиялық тренингін өткізді. Ата-аналарға
қорытындысын айтып өтті.
Барлық отбасы мүшелерімен жақсы қарым-қатынаста 12оқушы.
Анасымен жақсы қарым-қатынаста 7 оқушы.
Әкесімен жақсы қарым-қатынаста 5 оқушы.
Балалардың көбі үлкен үйге ең алдымен анасын әкеледі екен.
Баланың жерге шырылдап түскеннен - ақ ең бір жақыны,ең бір досы, ең бір ұстазы ол - ана. Қара жерді баспай жатып,есін білмей жатып,тырмысып бауырына жабысатыны
, шырылдап қуанбай, жылап іздейтіні ол -ана. Балаға бәрінен қымбат,жалпақ дүниеден де үлкен ол - ана. Ананың жолы басқа. Ана деген сөздің өзі де ыстық. Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуы мүмкін емес! Ананың жүрегі нәзік,ананың махаббаты балаға тіл жеткісіз биік.
Ана - біздің күніміз,
Ананың біз - гүліміз.
Бізді, ана қуантып,
Аман-есен жүріңіз.
Ендеше бүгінгі тренингке келіп отырған аналарға көптен көп рахмет! Психолог: Ана мен бала арасындағы жағдайларды қарастырды.
8. Қорытынды:
Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27 бап 2 тармағында "Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы,әрі парызы"делінген. Балаға дұрыс бағыт беретін үлкен, мықты тәрбие ошағы болып саналатын -Отбасы.Себебі келешек әулеттің білікті азаматтары сонда тәрбиеленеді,адамның жеке басының бастапқы тәрбиесі пайда болады,мінездің негізі қаланады және адами қасиеттер мен әдептілік қалыптасады.Демек баланың келешекте қандай адам болуы өзі туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесі,ондағы қарым-қатынасқа байланысты болмағы күмәнсіз.
Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті,саналы,иманды да ибалы,Отанының сүйікті және кішіпейіл азамат болып жетілуін қалайды.Олай болса, әрбір ата-ана өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарын, заңдылықтарын білуі шарт.
"Жапырақ тамырдан нәр алады" дейді халқымыз.Сол айтқандай бабалардың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін,еңбек сүйгіштік қасиеттерді өзі өскен отбасынан алады.Яғни, олар балаларын еңбекке, жақсылыққа үндейді,адал болуға және Отанын сүюге шақырады.
"Балаға берілген бірінші тәрбие -ата-анасын,туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады"дейді ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин. "Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие.Тәрбиесіз берілген білім -адамзаттың қас жауы,ол келешекте оның өміріне апат әкеледі"- деп Әл-Фараби айтқандай, Егеменді елдің ертеңі сол ел ұрпағының білімі мектеп тәрбиесінің тереңдігімен өлшенеді. Мекткептің мақсты - біліми өрісі биік, дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау жүйесі жоғары, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан сегіз қырлы - бір сырлы ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі бір күндік іс емес. Сондықтанда бала тәрбиесіне жете мән беріп, "Адамның бір қызығы - бала деген" ұлы аталарымыздың даналық сөзін естен шығармайық.
Ата-аналар "Сиқырлы қалам"арқылы тренигтен алған әсерлерін бір ауыз сөзбен жеткізеді.
Қыс өтіп , көктем келеді. Көктемде ақ жауын көп жауады.Жауын суы жерге сіңіп, жер ананы бусандырады.Сол сияқты сіздер де бүгінгі тренингтен алған әсерлеріңізді жүрек түкпіріне қалдыруларыңызды өтінемін.
Күніміз ашық болсын,
Түніміз тыныш болсын,
Ауамыз таза болсын,
Суымыз мөлдір болсын,
Ұл-қызымыз аман болсын!
Тренинг соңында ата-аналарға жапырақтар үлестіріліп беріледі.Оған ата-ана өзін қызықтыратын сұрақтары немесе ұсыныстары болса жазып кетуге болады.
Сәтті күн болсын, құрметті ата - аналар!
Кеңестер Ата - аналар үшін "Баланың оқу іс - әрекетіне көмек"
1.Баланың сабағын жеңілдететін жағдай жасауға тырысыңыз, тұрмыстық – жақсы тамақтану, тұрақты режим, толыққанды ұйқы, жайлы тұрмыстық жағдай, сабақ оқуға жайлы және ыңғайлы орын;эмоционалдық – баланың мүмкіндігіне сенімділік артыңыз, табысты орындауынан үміт күтіңіз, кішкене жетістігі болса да, қуанышыңызды білдіріңіз, баланың оқуына төзімділік, мейірімділік танытыңыз, бала үлгермей жатсақатты сөйлемеңіз; мәдени – балаңызды анықтамалармен, сөздіктермен, атластармен, бейнетаспалармен, мектептің оқу бағдарламасына сәйкес кітапшалармен қамтамасыз етіңіз.
2.Өз балаңызды тыңдаңыз: ол жаттауға, есте сақтауға берген тапсырманы айтып шықсын, жазуға берген мәтінді бөліп-бөліп, асықпай оқыңыз, оқулықтағы сұрақтар бойынша сұраңыз т.с.с.
3.Өзіңіздің бала кезіңіздегі жетістіктеріңіз туралы айтып, білімдеріңізбен бөлісіңіз.
4.Ата-ананың назарында баланың бағасы ғана емес, білім болу керектігін есте ұстаңыз. Сондықтан да баланың болашағы туралы ойлап, алған білімінің қай кезде, не үшін қажеттілігін түсіндіріңіз. Баланың оқуға белсенділігін тудыратын отбасылық дәстүрлер мен әдеттер құрыңыз,
5.Баланың бос уақытын құр қалдырмай, оны мазмұнды әрі, пайдалы етіп өткізуге көмектесіңіз.
6.Балаңызды оқу үлгеріміне қарамай, жақсы көретініңізді сездіріңіз.
7.Балаңызды жан-жақты бақылау үшін және мүмкін көмектер көрсету үшін әрдайым балаңыздың қатысатын үйірмелерінің, факультативтерінің, қосымша сабақтарының, сабақ кестесімен танысыңыз.
Балаңыздың қуана мектепке баруы үшін не істеуге болады?
(Ата-аналарға кеңес беру жұмыстары)
• Оның уақытылы ұйықтауға жатуын қадағалаңыз. Ұйқысы қанбаған бала - сабақта мұңаюлы құбыжық.
• Мектеп туралы жаман айтпаңыз, Баланың көзінше мұғалімдерді сөз қылмаңыз.
• Бала тапсырмаларға, мектептен әкелген кітаптарына сіздің қызығушылық танытып, қадағалайтыныңызды көрсін.
• Өзіңіз оқыңыз, бала ата-аналарының бос уақытын тек теледидар мен компьютер алдында өткізбейтінін білсін, көрсін.
• Компьютерлік ойында ойнауды бала күнінде 20 минуттан асырмауы тиіс.
• Балаға өз ойын жазбаша жеткізуді үйретіңіз: онымен хат жазып алмасыңыз, бірге хат жазыңыздар. Егер бала сізбен қатты әсер алған оқиғасымен бөліссе – сол оқиға жайлы әңгіме құрастырып жазуын өтініңіз , ал кешкісін оны барлық отбасы мүшелеріне оқып беріңіз.