Файл: Баланы бас стазы ата ана Атааналар жиналысы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 164

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


•          Мектеп пен сынып өміріне үнемі белсенділік танытыңыз. Балаға оның мектебінің сіздің өміріңіздің  маңызды бөлігіне айналуы жақсы әсер етеді.

•          Мектепте сіздің балаңыз өзіне деген өте жағымсыз қатынасқа қақтығысып қалуы мүмкін. Және де барлығы әрқашан іске аса бермейді. Осы сәтте балаға өзіне деген сенімін жоғалтпауға көмектесіңіз.

•          Кейде бала барлық мектептік жағымсыз жағдайларды жүректеріне жақын қабылдап қалуы мүмкін. Әркез оған ненің маңызды, ненің аса маңызсыз екенін үйретіңіз.

•          Балаңызға ұрыссаңыз, «сен әрқашан», «сен мүлдем», «әркез сен» деген сөздерді қолданудан аулақ болыңыз… Негізінде сіздің балаңыз әрқашан жақсы, тек бүгін ғана бір нәрсені дұрыс істемеді. Осы туралы оған айтыңыз.

•          Әдетте бала жаман қылық істегенде ол ұялу сезімін бастан кешіреді. Ал сіз оны жазалағанда, оның ұялу сезімі өшеді. Ал бұл қауіпті.

Ата-аналарға арналған ұсыныстар мен кеңестер

МЕКТЕП - БАЛА ҮШІН ЖАҢА ӨМІР

Қазіргі білім беру үрдісіндегі маңызды мәселелердің бірі -баланың мектепте оқуға дайындығы болып табылады.

Баланы мектепке дайындау маңызды, мектеп өміріне бейімделуден өтпеу мүмкін емес, бірақ оны едәуір немесе жартылай болсын  жеңілдету- орындауға болатын міндет.

БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДЫҒЫ

БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ КРИТЕРИЙЛЕРІ:

•         Дене,

•         Адамгершілік,

•         Психологиялық,

•         Ақыл-ой.

ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫ

СанПин 2.42.1178-02 келісілген  санитарлық-эпидемиологиялық «Білім беру мекемесінде оқу шарттарының  гигиеналық талаптары» ережесіне сай бірінші сыныпқа балалар өмірінің жеті немесе сегіз жасынан ата-анасының шешімімен, баланың мектепте оқуға дайындығы жөніндегі психолого-медико-педагогикалық комиссияның қорытындысы негізінде қабылданады.

Мектепке қабылдаудың міндетті талабы- 1 қыркүйекке дейін баланың жасының 6,5 жастан кем болмауы  болып  табылады. 6,5 жасқа толмаған баланы оқыту мектепке дейінгі білім беру мекемесінде жүзеге асырылады.

АДАМГЕРШІЛІК ДАЙЫНДЫҒЫ:

1)    мұғалімдермен қатынасын құра білу;

2)     сыныптастарымен тіл табыса білу;

3)     сыпайылық, ұстамдылық, тіл алушылық;

4)     өзін-өзі бағалауы

5)     өз іс-әрекетін, мінез-құлқын дұрыс ұстау және оқу тапсырмасын қабылдай білу, мұқият, үлкендердің сөзін бөлмей тыңдау.


6)    басқаның көзқарасын қабылдау,  өз-өзіне басқа қырынан қарау, сыныптастарын тыңдай білу, басқалардың сәтсіздіктерін адекватты түрде бақылау;

7)     ата-аналар тарапынан берілген көмек бұйрық түрінде емес, кеңес түрінде болу керек.

Өз балаңыздың жетістіктерін басқа балаларға  қарап салыстырмаңыз. Баланы «баға» үшін оқытуға болмайды. Одан да тіпті кішкене жетістігі болса да, үнемі мақтап отыру керек.

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ:

1)    Бұл баланың оқудың маңыздылығын, қажеттілігін нақты түсінуі; Жаңа білім алуға қызығушылық танытуы;

2)    Бұл мұғалімді тыңдай білуі және оның берген тапсырмаларын  орындай білуі;

3)    Үлкендермен, сыныптастарымен тіл табыса білуі (үлкендердің беделін сезінеді, қарым-қатынасқа жеңіл түседі,  кез келген  қиындықтан шыға білуге тырысады);

4)     бұл ойлаудың,зейіннің, естің дамуының  анықталған деңгейі.

МЕКТЕПТІК МАҢЫЗДЫ ФУНКЦИЯЛАРДЫҢ  ДАМУЫ:

•         Қолдың ұсақ қимыл-қозғалысының дамуы (қол жақсы дамыған, бала қарындашты , қайшыны сенімді ұстайды);

•         Кеңістіктегі  қозғалысты сезіну ( жоғары-төменді, алға-артқа, оңға-солды дұрыс анықтау);

•         Көз бен қолдың жүйесінің координациясы -  (бала көзбен алдындағы (мысалы,кітаптағы); графикалық бейнені, фигураларды, өрнектерді дәптерге дұрыс түсіру.

МЕКТЕПТІК МАҢЫЗДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚФУНКЦИЯЛАРДЫҢ ДАМУЫ:

•         Логикалық ойлауының дамуы (әртүрлі нәрселерді салыстыруда арасындағы айырмашылықты, ұқсастықтарды табу, белгілеріне қарап жалпылай алу);

•         Ырықты зейінінің дамуы (орындап отырған тапсырамаға 15-20 минут зейінін тұрақтандыру);

•         Ырықты есте сақтауының дамуы (есте сақтай білу:  есте сақталған материалды нақты символмен, сөзбен, немесе ситуациямен, суреттермен байланыстыру).

АҚЫЛ-ОЙ ДАЙЫНДЫҒЫ

•         Ең маңызды көрсеткіш — бұл сөйлеу мен ойлаудың дамуы.

•         Балаға «сондықтан да», «егер де», «себебі»  деген сөздерді пайдаланып, талдаулар, қорытындылар жасауға үйрету өте пайдалы.

•         Сұрақты дұрыс қоя білуге, жауабын тыңдай білуге үйретіңіз. Бұл өте пайдалы. Ойлау әрқашанда сұрақ қоюдан басталады. Ойлан деп жай айтқаннан баланың ойы іске аспайды.

•         Сөйлеу – оқу үрдісінің негізі болып табылады.   Ең маңыздысы монологиялық сөйлеудің дамуы. Бала үшін бұл әңгімелеп беру. Оқып болған соң балаға сұрақтар қойып талдатыңыз.



•         Негізгі назарды кеңістікті бағдарлай алуға аудару керек. Бала сөзінде ұғымдарды, сөз тіркестерін дұрыс қолданып, пайдалана ала ма: жоғары, төмен, артқа, төмен, жоғары, аралық, алдында., артында, алдынан,  от…, сзади артынан, жанында , алысырақ т.б.

БАЛА ОҚУЫНЫҢ КӨЛЕМІ ЕМЕС, АЛҒАН БІЛІМІНІҢ САПАСЫ МАҢЫЗДЫ

•         Жай оқып шығу ғана  емес, сөйлеуді қоса дамыту керек. Жазу жазғанда қол қимылдарының дамуына назар аудару керек.

•          Баланың толыққанды дамуы үшін ересектермен дамыту ойындарын ойнау, кітап оқуды тыңдату, сурет салғызу т.б пайдалы

ОҚУҒА ДАЙЫН ЕМЕС : СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ «ПОРТРЕТІ»

•         ШЕКТЕН ТЫС ОЙЫНШЫЛДЫҚ;

•         ӨЗ БЕТІНШЕ ҚИМЫЛДАМАУ;

•         ҮЛКЕНДЕРГЕ БАҒЫНБАУ , ГИПЕРБЕЛСЕНДІЛІК;

•         СЫНЫПТАСТАРЫМЕН СӨЙЛЕСЕ АЛМАУ;

•         ҮЛКЕНДЕРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСҚА ТҮСУ ҚИЫНШЫЛЫҒЫ;

•         ТАПСЫРМАЛАРҒА ЗЕЙІНДІ ШОҒЫРЛАНДЫРА АЛМАУ;

•         АЙНАЛАСЫ ТУРАЛЫ АЗ БІЛУ,ЖАЛПЫЛАЙ АЛМАУ, ЖІКТЕЙ АЛМАУ, АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРДЫ ТАБА АЛМАУ;

•         ҚОЛ ҚИМЫЛДАРЫНЫҢ ӘЛСІЗ ДАМУЫ;

•         ЫРЫҚТЫ ЕСТЕ САҚТАУЫНЫҢ ДАМЫМАУЫ;

•         СӨЗДІК ҚОРДЫҢ АЗ БОЛУЫ.

 

ЕСТЕ ҰСТАҢЫЗ:

Сіздің сүйіспеншілігіңіз бен шыдамдылығыңыз баланың оқуда алға ілгерілеуінің кепілі.

Бірге  тәрбиелейік

1 сынып ата-аналарымен жұмыс

«Мектепке дайын болу – оқи алу, санау, жаза білу емес .

Мектепке дайын болу – осылардың барлығын үйрене білуге дайын болу.

Венгер Л. А.

 

Бірінші ереже:бірге бөлісу арқылы, барлығымыз бірге,  біз барлық қиындықтарды жеңеміз.

Екінші ереже:ешқашан өз балаңызды басқалармен салыстырмаңыз.




Бірінші өсиет:Отбасындағы дүниеге келген әр бала әрқашан қалаған, тілеп алған болу керек.

Екінші өсиет:Кішкентай балаларды ешқашан қараусыз қалдырмау керек.

Үшінші  өсиет:баланы айналасындағылармен тіл табыса білуге үйрету керек.


Төртінші  өсиет:балаға қайырымдылық пен зұлымдықты, адамдардың шынайы ниетін  тани білуге  үйрету керек.

Бесінші өсиет:балаға өз бетінше ар-намыспен , мақтанышпен, өмірге қауіпсіз жолмен  өмірлік ситуациялардан шыға білуге үйрету керек.

Екі бақа” туралы аңыз:

Сарайда тұрған шыныдағы қаймаққа екі бақа түсіп кетеді. Біреуі, шыға алмайтынына көзі жетіп, қақтығыспай өліп қалады. Ал екіншісі,  шыға алмайтынына көзі жетіп тұрса да, қақтығысқанының бәрі бекер сияқты көрінсе де, секіре береді. секіре береді. Бірақ, аяғында қаймақ, әлгі бақаның секіргенінен, қоюланып, майға айналады. Әлгі бақа сөйтіп, секіріп шыныдан шығып кетеді.

 

Баладан ата-аналарға жаднама

Маған тиісе бермеңіздер және маған ұрыспаңыздар. Егер сіздер олай етсеңіздер,  онда мен естімеген қалып танытып, қорғануыма тура келеді.

Ешқашан сіздер мүлдем кінәсіз екендеріңізді , барлық жетістіктерге жеткендеріңізді айтпаңыздар да, ауыздарыңызға да алмаңыздар. Бұл  сіздермен өзімді салыстыруда ыңғайсыз тудырады.

Менімен қатал болуға қорықпаңыздар. Мен дәл осындай подходты қалаймын. Бұл менің өз орнымды анықтауыма көмектеседі.

МЕН үшін ешқашан жасамаңыздар.

Мені өзімді кішкентай сезінуіме жол бермеңіздер. Мен әйтпесе «жылауық»,   «қыңыр» болып ұтылам.

Менің әділдігімді қатты сынға ала бермеңіздер. Үміттеріңізді ақтай алмаймын ба деп қорқып,  оңай өтірікшіге айналуым мүмкін.

Өздеріңіз орындай алмайтын уәдені бермеңіздер – бұл сіздерге деген сеніміме нұқсан келтіреді.

Менің қорқыныштарым және қауіптенулерім сіздерде алаңдаушылық туғызбасын. Әйтпесе мен одан сайын қорқатын боламын. Нағыз ЕРЛІКТІҢ қандай болатынын көрсетіңіздер.

     Есте ұстаңыз! Бала – біздің өміріміздің ең үлкен құндылығы. Оны түсінуге, оны тани білуге, оны сыйлай білуге тырысыңыз. Оның күнделікті мінез-құлық сызығында тәрбиелеудің ең тиімді тәсілдерін ұстаныңыз. 

Тақырыбы: Ата-аналардың бала тәрбиесінде сенімділік  білдіруі, қолдау көрсетуі

(Ата-аналармен жұмыс)

Мақсаты: ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы (сенімділік білдіруі, қолдауы, үміт артуы) туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу.
Міндеттері:
Шағын дәріс арқылы ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты ақпараттар беру;

- Ситуациядан шығу арқылы бала тәрбиесінде кездесетін қиыншылықтардың алдын алу;
- Ата-аналардың баламен қарым-қатынасында,  баланың үмітіне балта шабатын сөздерден аулақ болуға кеңес беру.

Тренинг бағдарламасы:



Шағын дәріс “Бала тәрбиесінде ата-ана тарапынан қандай қасиеттер керек?”

Мақсаты: Баланы бағалауға, сезінуге, түсіне білуге баулу. 

Ата-аналар тәрбиеде шыдамдылықты талап ететіндігін мойындайды. Алайда оған арнайы білім қажеттігін жұрттың бәрі біле бермейді. Бүгінгі жиналысымызда ата-ана мен бала арасындағы психологиялық қарым-қатынасы жайлы әңгімелеп, оны жаттығулар арқылы көрсетуге тырысамыз.

Бала әрдайым ата-ананың аялы алақанын қажетсініп тұрады. Қиындықтар туған сәтте ата-анасының тарапынан қолдау тауып, үлкен сенім артылған бала ісі оңға басады.

Әрине, әр ата-ана баласына деген сезімін түрліше жеткізеді. Қандай жағдай болмасын, баланың өзіне деген сенімін тудырып, қолдап отыру керек. Бала бір істен қателескен жағдайда оған шыдамдылық көрсету керек. Мұндай сәтте өзге отбасыларымен салыстыруға әуестенбеу керек. Рас, кейде өзге біреудің балалары бойындағы қабілеті айрықша сияқты көрінеді. Бірақ, ол басқа бала. Сондықтан әр баланың өзінің жеке басының ерекшелігін, ешкімге ұқсамайтын кейбір қасиеттерін сезіну керек. Кейде бала бір сәтсіздіктерге ұрынады. Ата-ана қатты уайымдап, баланың еш нәрсеге икемі жоқ, қабілетсіз деген асығыс қорытындыға келеді. Осыдан баланың өзіне деген сенімі күрт жойылады, қолын қусырып, кездескен қиыншылықтарды жоюға дәрменсіз болады. Мұндай жағдайда ата-ана баласының жай ғана талпынысының өзін қолдап түсіне білуі керек. Ең бастысы, бала біздің оны қалай бағалайтынымызды және одан не күтетінімізді сезінуі және түсінуі тиіс.

Жағдаяттар шешу:



1-жағдайдабаланың мектепке өкпесі зор. Ол шешесі тарапынан қолдау тапқысы келеді. Түсініп, жағдайын сұрар деп ойлайды.

2- жағдайда бала өзіне сенімсіз, ата-анасынан қолдау күтеді. Ата-аналар тарапынан «Сен мүлде дайындалмайсың, сондықтан еңбегіне қарай аласың! » немесе «Бүгін шаршап тұрмын» деген жауаптар болмағаны жақсы, бұндай жауаптардан немқұрайлықты, салғырттықты сезеді.