ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 163
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Күнделікті өмірде кездесетін суицид-бұл адамның өмір қиыншылықтарына төтеп бере алмауы,әлсіздігі,бұнда еш батырлық жоқ,тіпті романтиканың иісі де сезілмейді.Әр адам өз өмірімен формальды тұрғыда не істегісі келеді,соны істейді.Реалдықта ол адам басқа адамдармен тығыз байланыста,олардың рұқсатынсыз өмірден кете де алмайды.Көне заманнан бері адамзатқа суицидтің көптеген түрлері белгілі.Жалпы ,суицидологияда авторлар 8-16 түрлерін атап жатады:
1.Өзін-өзі асып тастау;
2.Өзін-өзі қылғындыру;
3.Өз-өзін суға батыру;
4.Өз-өзін уландыру;
5.Өз-өзін жағып жіберу;
6.Өз-өзін кесетін,пісетін құралмен өлтіру;
7.Өз-өзін оқ құралымен өлтіру;
8.Өз-өзін электр тоғымен өлтіру;
9.Өз-өзін транспорт,механизм арқылы өлтіру;
10.Жоғарыдан секіріп өлу;
11.Өз-өзін аштықпен өлтіру;
12.Өз-өзін суықтан өлтіру;
Жалпы өзін-өзі өлтірудің басты сылтауы әлеуметтік-психологиялық бейімделмеуі болып табылады. Өзін-өзі өлтіру мақсатында адам мына қиыншылықтардан немесе ауыртпашылықтардан қашқысы келеді:белгілі бір қиыншылықтардан кету,қауіпті әкелетін іс-әрекеттерден кету,басқа адамдарды өзінің қиыншылықтарына көңіл аударту мақсатында сияқты болып келеді. Өзін-өзі өлтіру ренжіткен адамнан кегін алу мақсатында болады,оны қалай болса да жүзеге асырамын деген қырсықтылық мінез туады. Мұндай жағдайға түскен адамның психикасында “Мен ешкімге керек емеспін, мен бір нәрсе істеуге жағдайым жоқ” деген ойлар басынан кетпейді. Кейде жасөспірімнің суицидтік тәртібі еліктеуге әкеліп соғады. Жасөспірім айналасындағы болып жатқан теледидар мен әр түрлі кітаптардан оқып көрген іс-әрекетті қайталағысы келеді. Сөйтіп, жасөспірім өлім ренжіткен адамды қорқытады деп түсінеді.
Көптеген әлем ғалымдарының ойынша, өзіне-өзі қол салу көп жағдайларда адамның сол мезетте өз-өзінен түңіліп кетуінде, алдына қойған мақсаттарының орындалмауы және де сол сияқты көптеген себептер арқылы өзіне-өзі қол жұмсауға итермелейді
Өз-өзіне қол жұмсау деп екі жағдайды ескереміз:
Біріншіден, белгілі бір адамның жеке бас әрекетінің актісі яғни жеке адамның өзінің өмірін қиюы.
Екіншіден, статистикалық тұрғыдан алғанда көпшілік, едәуір тұрақты әлеуметтік құбылыс, оның мағынасы белгілі санадағы адамдардың өз еркімен өмірден аттануы болып саналады.
Өз-өзіне қол жұмсаудың әлеуметтік аспектісі:
Үйренушілік-тұлғаның эмоционалдық ортасын сипаттайтын көрініс. Үрейленушілік деңгейі ол -күйзелістің жеке сезімталдығының көрсеткіші, көптеген өмірлік жағдайлардың қауіп-қатерге толы деп есептеуге бейімділігі.
1. Жасөспірімнің органикалық және физикалық олқылығы.Жасөспірімдер толық өзімен - өзі болады,тек қана егер оларды алаңдатып басқа адамдармен қызықтырмаса.Өзін басқалармен салыстыру негізінде олар өздерін төмен денгейде сезінеді,әсіресе құрдастары арасындағы мазақ бұл сезімдерді күшейтеді және қиын жағдайларда мұндай жеке тұлға өзінің құрдастарына қарағанда өзін қиын сезінеді.
2.Баланың эгоцентризмі және еркелігі.
Осындай нәтижеге еркелік те алып келеді.Бәрін алу және орнына еш нәрсе қайтармау әдеті қалыптасады.Еш қиындықтарға тап болмай оңайлықпен артықшылыққа ие болу өмір стилі болып қалыптасады.Қиыншылыққа тек қана бір реакция-басқа адамдарға талап қою.Қоғам бұл жасөспірімге дұшпан ретінде көрінеді.
3.Жасөспірімді қайырып тастау. Бұндай жасөспірімдер достық ынтымақтастығы мен сүйіспеншілікке сенбейді.Қиыншылықпен кездесе отырып,оны асыра түседі,себебі оны ешкім де жақсы көрген жоқ.
4.Суицидтік әрекет. Суицидтік әрекетке аяғына жеткен өз-өзіне қол жұмсауды,суицидтік талпыныс және суицидті мақсат қою деген әрекеттерді жатқызуға болады.Бұл формалар әдетте феноменнің көрінісі ретінде немесе кезеңдері ретінде қарастырылады.
Алайда кейбір авторлар аяғына жеткен суицидті және аяқталмаған суицидті екі түрлі құбылыстар деп есептейді,оның себебі ретінде,мысалға,адамға кейбір жағдайларда жасалған зорлықта яғни нағыз өмірді қиюдың мақсат етілмеуін алға тартады.
Кең мағынада өз-өзіне қол жұмсау-бұл өз-өзін құртатын аутодеструктивтік түрі (ішімдік, темекі шегу, нашақорлық, қомағайлық).
Қолайсыз отбасы:ауыр психологиялық климат,ата-ана арасындағы ұрыс -керістер, ішімдікке ұрыну, ата-анадан айырылуы;
Жасөспірімнің өз бетімен кетуі,үлкендер жағынан еш қамқорлыққа ие болмауы;
Отбасында жағымсыз кейіпкер болып еленгендіктен үнемі күлкілеріне қалу,артынан үнемі қадағалануға алыну,қаталдыққа душар болу,үлкендер тарапынан оның кез-келген әрекеттерін күлкіге айналдыру,нәтижелерімен қанағатсыздану.
5.Жасөспірімдердің суициттік бейімделушілік жағдайларының сыртқы факторлары.
Достарының жоқ болуы,топта да алшақтандырылуы;
оқуда үлгерімінің төмендеуі,үлкендермен туыстарының қарым-қатынастардың нашарлап кетуі5
6.Жасөспірімдер- негативтік толғаныстардың көзі.
Негатив толғаныстар жинақтала берсе,аяғы психикалық олқылыққа әкеліп соқтырады.Зерттеуде көрсеткендей,негатив толғаныстар жасөспірімнің үйде болған кикілжіңге жауабы ретінде пайда болады,әсіресе,ата-ана жақтан жазалау,жақтырмаушылық ниет көрсету,моральдық тақырыпта жиі ұрсыса беретін жағдайларда.
№ | Тақырыптар | Өткізілу әдісі |
| Сынып жетекшілер үшін | |
1 | Оқушыларды дұрыс тани білесіз бе? | Әңгіме |
2 | Зерттеу әдістемелерін дұрыс пайдаланудың үлгілері | Әңгіме |
3 | Мінезді тәрбиелеуге бола ма? | Пікрталас |
4 | Оқушылармен жұмыс жүргізудің жолдары | Анкета |
5 | Психология ғылымының зерттеу әдістері | Практикалық кеңестер |
| Ата-аналар үшін | |
1 | “Балаңызбен пікірлесесіз бе?” | Анкета |
2 | “Бала -біздің болашағымыз” | лекция |
3 | “Бала бос уақытында немен айналысады” | Анкета |
4 | “Ұрпағыма өсиетім” | Ойталқы |
5 | “Жазалау тәрбие әдісі бола ма?” | пікірталас |
6 | “Жастардың тағдырына жауапты кім” | Әңгіме |
| Оқушылар үшін | |
1 | Суицид оқиғаларын болдырмаудың алдын алу | Дөңгелек үстел 10 сынып |
2 | “Өз тағдырың- өз қолыңда” | Пікірталас 7 сынып |
3 | “Өмірің өкінішке айналмасын” | Әңгіме 8 сынып |
4 | “Өмірмен өштеспе” | Ойталқы 11 сынып |
Қорытынды: төмендегіше ұсыныс етемін:
• Алғашқы көмек көрсету, алғашқы анықтау жұмыстарымен айналысатын психологтардың жұмысы жандандырылса;
• Психологтардың кәсіптік деңгейін үнемі арттыру,керек кезінде арнаулы институттар мен университеттерде біліктіліктерін көтеру курстары ұйымдастырылса;
• Тұрғындар арасында психикалық денсаулық жөнінде санитарлық -ағарту жұмыстары, мақала,сұхбаттар жүргізілсе.
“Сыйлайық жүрек жылуын”...
Мақсаты: Баланың жан дүниесіне үңіліп, түсіне білуге, сыйластық, мейірімділік, әділдік пен адалдыққа шақыру, қарым-қатынастарды жақсарту нәтижесінде жан жүйесіндегі түрлі сезімдерді игеруге үндеу- ұстаздың міндеті.Оқушы мен ата-ана, мұғалім арасындағы кикілжіңді болдырмайтын қарым-қатынас орнату.
Шыдамдылық
Төзімділік
Қарапайымдылық
Өмірге риза болу
Ақылдылық
Әділдік
Ашықтық
Тұрақтылық
Өзіне сенімділік
Бауырмалдық
Саналылық
Еңбекқорлық
Сыпайылық
Тіл табысушылық
Ұқыптылық
Сабырлылық
Қорытынды
Жоғарыда көрсетіліп отырған өзіне-өзі қол жұмсау себептерін тыңдай отырып,түсінгеніміз бұл мәселенің шешімі жалғыз біздің күшімізде емес екендігі.Бұл мәселе,тек дәрігерлер мен педагогтардың назарында емес,оның тамыры қоғамда жатырғаны белгілі болды.Ендеше,қоғамның әлеуметтік экономикалық мәдениетін арттыру мәселесі бірінші орында болуы керек.Осы семинарды пайдалана отырып, менің сіздерден сұрайтыным,біз психологтар қоғамның өркениетті дамуына тікелей әсер ететін адам өміріне жауаптымыз.Адам өміріне қатысты барлық мәселелерді шешу жолында еңбек етіп, өз қолымыздан келер көмекті аямай атсалысайық дегім келеді.Адам бақыт үшін жаралған.
Әр адамның жан-жақты гармониялық дамуы барлық адамның жан-жақты адам болуының алғы шарты. Тек осындай жан,өмірге деген құштарлық сезіммен,өмірде өз ісін,өз қуанышын басқалардың табыстарымен қосып бақытқа жете алады.Тек осындай жағдайда адамның жоғары қасиеттері:мақсаты мен мұраты,ары мен адамгершілігі,бостандығы мен жауапкершілігі өз дүниесінен шығып әр адам жеке тұлға болып қалыптасады.Қазіргі кезеңде осыған бәріміз бірдей жауаптымыз.
Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын
бір шарт - жас күнде көрген өнеге.
Жүсіпбек Аймауытов
“Бала мен ата-ана арасындағы қарым - қатынас”
Мақсаты: Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас негіздеріне кеңес беру, баланы рухани қолдау стратегияларына баулу.
Міндеттері:
-
ата-аналардың баламен қарым-қатынас ерекшеліктерін білу; жас ерекшеліктеріне сай кездесетін қиындықтарын анықтау, оны шешу жолдарын қарастыру; -
Оқушыларды психологиялық –педагогикалық дайындау қызметінің маңызын ашу; -
Ата-аналармен алдын алу,кеңес беру шараларын ұйымдастыру.