Файл: Баланы бас стазы ата ана Атааналар жиналысы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 166

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

•      Кез келген шешімді қабылдауға асығыстық жасауға болмайды. Балаңыз сіздің оның ісіне немқұрайды қарамайтыңызды көретіндей, оны тыңдауға дайын екендігіңізді байқайтындай болсын.

•      Кейде бала бір сәтсіздіктерге ұрынады. Ата-ана қатты уайымдап, баланың еш нәрсеге икемі жоқ, қабілетсіз деген асығыс қорытындыға келеді. Сәйтеді де баланың өзіне деген сенімі күрт жойылады, қолын қусырып, кездескен қиыншылықтарды жоюға дәрменсіз болады.

Біз бақытты жанұямыз:

Алдын-ала салынған суреттер арқылы өз балаларыңыздың салған суреттерін тауып алыңыздар.

Талдау:

1. Өз отбасыңыздың суретін қалай таптыңыз?

2. Өз отбасыңызды табу қиын болды ма?

3.Суреттерден отбасыңыздың суретін тапқаннан кейін қандай сезімде болдыңыз? 

Аяқталмаған сөйлем:

–     Егер баланы үнемі сынап отырса, ...

–     Егер балаға үнемі күлсе, ...

–     Егер баланы үнемі мақтап отырса, ...

–     Егер бала төзімділікте өссе, ...

–     Егер бала адалдықта өссе, ...

–     Егер бала қауіпсіз жағдайда өссе, ...

–     Егер бала кекшілдікте өссе, ...

–     Егер бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ...

Дұрыс жауаптары:

–     Егер баланы үнемі сынап отырса, ... (оның оқуғы құлқы болмайды).

–     Егер балаға үнемі күлсе, ... (ол бұйығы болып кетеді).

–     Егер баланы үнемі мақтап отырса, ... (ол өз қадірі үшін оқиды).

–     Егер бала төзімділікте өссе, ... (ол басқаларды түсінуге тырысады).

–     Егер бала адалдықта өссе, ... (ол адал болып жетеді).

–     Егер бала қауіпсіз жағдайда өссе, ... (ол адамдарға сеніммен қарайды).

–     Егер бала кекшілдікте өссе, ... (ол қатыгез болып өседі)

–     Егер бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ... (ол әлемнен махаббат табуды үйренеді).

Кінәлі сөздер

1. Сенен ешқандай жақсылық шықпайды, нөлсің.

2. Неге сен басқа балалардай емессің?

3. Неменеге ұсқынсыз болып кеткенсің, шашың дудыраған, үстің кір-кір.

4. Тағы осылай істесең, менен таяқ жейтін боласың.

5. Сенің кесіріңнен өмірі жолымыз болмады.

 Дұрыс жауаптары:

Ата-аналар осы сөздерді былай алмастыруына болады:

1. «Сенің де қолын өмірде бір нәрсеге жететініне сенгім келеді. Оқу озаты немесе оқу екпіндісі боласың» - деп, үміт артуы керек.


2. «Сенің де басқалардан өзгеше болуына құқын бар, сенің де қолыңнан келеді» - деп, сенім артуы керек.

3.«Үстіңді ретке келтір, шашыңды тара, киіміңді ауыстыр » - деп, баланың өзін жақсы сезінуіне көмектесу керек.

4. «Біз саған қиыншылықты жеңуге көмектесеміз, екіншілей жаман қылық жасама».

5. «Үлкендердің өмір жолында болып жатқан ыңғайсыз жағдайларға сен кінәлі емессің. Сенің болашағың алда, үлкен ғалым боласың, жақсы дәрігер, білімді ұстаз болуды арманда » және ата-анасын сыйлау керек екенін айтып отыру керек.

Міне, осындай біз көңіл аудара бермейтін қарапайым нәрсенің өзі немесе ойланбай айтылған ұрыс сөзі де баланың жанын ауыртуы мүмкін, өмір сүру ағынын өзгертуі де ғажап емес.

Сіз қандай ата-анасыз?

  1. Кез келген істі тастай салып баламен айналысасыз ба?

  2. Балаңыздың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?

  3. Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателіктеріңізді мойындайсыз ба?

  4. Өзіңіздің қателігіңіз үшін кешірім сұрайсыз ба?

  5. Балаңыз жасаған ісі ашуландырған кезде өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?

  6. Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?

  7. Біт сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге бола ма?

  8. Өзіңіздің балаңыздан өткен балалық шағыңыздан өткен ескерілетін жағдайды айтасыз ба?

  9. Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?

  10. Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып, уәдеңізді орындайсыз ба?

  11. Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай, бір күн еркіндік бересіз бе?

  12. Басқа бала сіздің балаңызға дөрекідік көрсетсе, себепсіз ренжітсе, көңіл аудармайсыз ба?

  13. Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?

Жауабы:

Әрқашан жасаймын, келісемін – 3 балл.
Кейде ғана келісемін – 2 балл.
Келіспеймін – 1  балл.


Сауалнаманы бағалау:

0-16 балл.Бала тәрбиесі – сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.

16-30 балл.Балаға қамқорлық жасау  - бірінші кезектегі маңызды іс.

Сіздің бойыңызда тәрбиешілік қабілет бар, бірақ тәжірибеде әрқашан бір қалыпты бағыттағы мақсатпен әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.

30-39 балл. Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.

1 сынып ата-аналарына!

Құрметті ата-ана! Балаңыздың бірінші сыныпқа бейімделу процесін зерттеу, сынып жетекші, психолог тарапынан психологиялық тұрғыда көмектесу мақсатында төмендегі сауалнаманы жолдап отырмыз. Мүмкіндігінше әр сұраққа толық, әрі ашық жауап күтеміз. Қосымша айтарыңыз болса да қуана қабылдаймыз.

1. Мектепке балаңыз көтеріңкі  көңіл-күймен барады ма?

______________________________________________________________________________2.  2. Жаңа күн тәртібін қабылдауы қалай болды?_________________________________________________________________________

3. Оқу процесіндегі жетістіктері мен кемшіліктерін уайымдайды ма?______________

______________________________________________________________________________4. 4. Сізбен мектепте болған жағдайларымен ой бөлісе ме?_________________________

_________________________________________________________________________

5.Эмоционалды қабылдауы қалай?___________________________________________

6. Үй тапсырмасын орындаудағы қиындықтарды қалай қабылдайды?______________

7. Сыныптастарына жиі көңілі толмай ма?_____________________________________

8. Оқу жүктемесін (учебная нагрузка) игеріп жүр ме? Қиналмай ма?_______________

9. Қосымша айтарыңыз бар ма?_______________________________________________

______________________________________________________________________________

 

"Шегенің ізі"

Мінезі жаман бір жас жігіт болса керек. Ешкім оны түзей алмапты, қателігін айтқан сайын ызалана түсіпті. Бір күні әкесі оған іші шегеге толы бір жәшік беріп: «Маңайындағы достарыңмен әр жанжалдасып қалған сайын тақтайға бір – бір шегеден қағып отыр», - деп табыстапты. Алғашқы күні – ақ баласы тақтайға көп шеге қағып, табыстапты. Келесі күндері де аз болмапты. Осы қарқынымен, әлгі тақтайды толтыруға аса көп уақыт жұмсамапты. Тақтайдың толғанын көргенде әкесі оған: «Енді сол достарыңмен жеке – жеке татулас. Әр татуласқан сайын бір шегеден суырып отыр», - дейді.  Біраз күндер өтіпті. Бір күні қараса, қағылған бар шеге суырылып біткен екен. Сонда оны сырттай бақылап жүрген әкесі баласын тақтайдың алдына ертіп әкеліп:  «Балам, жарайсың, жарадың, - депті, - алайда мына тақтайға жақсылап тұрып қарашы? Шегелерді суырғанда қалып қойған орындарын, қарайған көп тесікті көріп тұрсың. Тақта әуелгісіндей таза қалпында, әдемі болып қалмады. Достарыңмен төбелескен сайын арада жаман сөздер айтылады. Әр реніш сөз көңілде мына шегенің орны тәрізді бір – бір дақ қалдырып отырады, сондықтан ешкімнің көңліне кірбің ұялатпағайсың, балам», - деген екен ұлын сабырға шақырып, өмірлік ұмытылмас сабақ ұқтырар.


Иә, реніш артынан риясыз кешірілсе жақсы, әйтпесе, көп жағдайда жан сыздатар, еске түскен сайын көңілді қаралап, жанды жаралайтын із тастап кететіні, ащы да болса ақиқат. «Алдыңа келсе, атаңның айыбын кеш» деген бабаларымыз әрқашан кешірімді негіз етіп  ұстаған. «Бір ашуыңды маған бер», «Тентегімді жөнге салуды өзіме қалдыр», «Бір білместік өтті», егер бала болса «ісінің шалалығы» деп, жас болса «жастық шақта кімнің басынан не өтпейді» деп, үлкен кісі болса «жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ бола ма» деген секілді сөздермен әйтеуір екі жақты өз рәуішінде бітістіруге, араларын татуластыруға, артын тым ушықтырмауға тырысқан.

Қорытынды:

• Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі  - баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.

• Бала – ата- ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті  ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған.

• Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.

• Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені.  «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін баламыздың жан дүниесіне үңілейік!

Тұлға тәрбиесіне ата-ананың ролі

ТРЕНИНГ

Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.

1-тапсырма

Ата-аналар мен ұстаздардың кездесуі.

 2-тапсырма

Ойынға қатысушыларарасындағықарым-қатынасты орнату.

3-тапсырма

Жанұядағы тәрбие жайында пікір алмасу

І бөлім

1. “Кездесу”

2. Ассосация “Жанұя”

(Доп беру арқылы жақсы қасиеттер айту)

Балаңыздың туған күні?

Балаңыздың парталас көршісі кім?

Бүгін сабақтан қандай баға алды?

Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?


Балаңыздың сүйікті асы қандай?

Балаңыз  1-сыныпқа қай жылы барды?

Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен қандай сөз ауызыңызға түседі?

ІІ бөлім

Жалпылау

(Қимыл-қозғалыс арқылы жауап беру)

Газет бетіндегі мақала-лардан, теледидардағы бағдарламадан тәрбие-ге байланысты сұрақ-тарды тыңдап, қарап жүресіз бе?

Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата-ана бір-дей ықпал жасай ма?

Балаңыздың жүріс-тұрысына, оқуына көңіліңіз тола ма?

Оның оқудағы жүріс-тұрысында сізді не қиналдырады, сіз оған қалай көмектесесіз?

Болашақ мамандығын таңдауына сіздің ақыл-кеңесіңіз?

Ол үйде не істейді? сіздерге көмектеседі ме?

ІІІ бөлім.

Ой жинақтау.

Баланың дамып жетілуіне қандай тәрбие әдістерін қолданасыз?

Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай қарым-қатынас болу керек?

 

Ата-анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі.

Көңіліне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой-өлкесі.

                                  Абай Құнанбаев.

Жасөспірімдер суицидіне психологиялық талдау жүргізу және алдын алу шаралары

Әр адамның өмірінің қиылуы өзінен -өзі трагедия. Адам өзін жер бетіндегі ең керемет жаратылыспын деп есептейді. Бұл таңғажайып емес, себебі махаббат, реніш пен налу, кек алу, жүрекке жылы қабылдау сезімдері -  адамға тән қасиеттер. Жер бетіндегі адамнан басқа бірде-бір тірі жан өз еркімен өз өмірін құрбан етпейді. Ендеше, өзін-өзі құрбан ету - адамзат жаратылысынан болып келе жатқан жағдай. Қазіргі кезде өзіне-өзі қол жұмсау мәселесі өзекті болып, оған аса мән беріліп отыр. Себебі суицид фактілері жылдан-жылға өсуде, әсіресе жасөспірімдер мен балалардың өз-өзіне қол жұмсауының тұрақты өсуі алаңдатушылық туғызып отыр.

Өз-өзіне қол жұмсау мөлшері  қоғамымыздың әлеуметтік экономикалық, саяси жағдайының маңызды индикаторы бола алады.Адам өлімі -  жанды түршіктіретін құбылыс.
Суицид, өзіне қол жұмсау екенін біле тұра өз өмірін қию, өзіне қол жұмсау үстінде өз іс-әрекеттеріне жауап бере алмайтын адамның әрекеті саналмайды,бұл жағдайларда кездейсоқ оқиғадан болған өлім тіркеледі.