Файл: аза тілі дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 2274

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.





Негізгі бөлім

Мұғалімнің нұсқауымен оқушылар келесі 2-тапсырмаға көшеді. Бұл кезеңде оқушыларға ойлантатын сұрақ беріледі. Оқушылар өз болжамдарын айтып, жауап беретін болады. Бұл тапсырманы орындауда оқулықта нақты қолданып сөйлеуге ұсынылған құрылым беріледі. Осы құрылымды тілге тиек ету арқылы оқушылар өз ойларын әрі қарай сабақтайды.

  1. Қазақ халқы барысты аса құрметтейді. Өйткені.....

  2. Қазақ халқы қыранды аса құрметтейді. Өйткені.....

  3. Қазақ халқы тұлпарды аса құрметтейді. Өйткені.....

4.2.2.1 берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде қысқамонологқұруоқу мақсаты жүзеге асады.

5 мин

Жеке

Оқулық

«Оқиық» айдары оқушылардың оқылым дағдысын дамытуға бағытталған және бұл оқушылардың алдыңғы тапсырма бойынша сөйлесімдерін толықтыратын, қосымша мәліметпен қамтамасыз ететін тапсырма. Оқушылар мәтінді оқылым әдістерін қолданып мұқият оқиды, мәтінге сай берілген бірнеше тақырыптардың ішінен өз таңдауын жасайды, өз мәтіндеріне сай тақырып таңдайды.

Мәтінді оқушыларға «Джигсо» әдісі арқылы меңгертуге болады.

«Джигсо» әдісі ақпарат алу мен пысықтауға, оқығанды есте сақтау үшін ұмтылу, жауапкершілік дағдысына баулуға, ойлауға ықпал етеді. Оқытудың осы ұжымдық әдісін жүзеге асыру мақсаты жалпы мәселені алдымен жұпта, кейін ұжымда талқылау, үйрену және үйрету. Бұл жағдайда әрбір оқушы өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады. Әр топқа әртүрлі мәтін беріледі. Әр топ өз мәтіндерін мұқият оқып, түсініп болған соң, басқа топқа барып, өз мәтінін баяндап береді. Осылай топтар өзара алмасып, бір-біріне өздерінің мәтінін баяндап береді, сонымен қатар, оқушылар алдыңғы тапсырманы орындау барысында қаншалықты дұрыс мәлімет бере алғандарына есеп береді. Өз жауаптарын, өзге топ жауаптарын салыстырады, бағалайды.

Мәтінді тыңдап отырған топ мәтін бойынша 3 сұрақ құрастыруы керек. Егер мәтінді дұрыс тыңдамаса, сұрақ құрастыра алмайды. Мұғалім оқушыларға барынша қолдау көрсетеді, көмекті қажет ететін оқушыларға бағыт-бағдар береді. Оқушылар бір-бірін

«Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды. 4.3.2.1бейтаныссөздеркездесетіншағынмәтіндегінегізгіойдытүсінуоқу мақсаты

жүзеге асады.

10 мин

Мұғалім-сынып


Оқулық. Әртүрлі мәтіндер жазылған

парақшалар немесе оқулық

«Оқиық және жауап берейік» айдарында ұсынылып отырған тапсырма ауызша орындалады. Тақтадағы ұяшықтарда мәтін бойынша сұрақтар жазылып тұрады. Оқушылар осы сұрақтарға жауап беруі керек.

5 мин

Мұғалім- сынып


Сұрақтар жазылған плакат








«Жаттығайық» айдарындағы тапсырма грамматиканы бекітуге бағытталған. Оқушыларға тақырыпқа қатысты бірнеше сөздер беріледі. Оқушылар осы сөздерге көптік жалғауын жалғап, кесте бойынша іріктеп жазып шығады.

Батыр, халық, ұлт, барыс, қыран, ағаш, аң, жігіт, ту, елтаңба, сурет,

көрме, тау, т.б.

5 мин

Жеке жұмыс. Жұптық жұмыс

Сынып


Көптік жалғау- лары жазылған кесте




-лар,-лер

-дар,-дер

-тар,-тер













Қорытынды бөлім

Сабақты қорыту және есте сақтауды дамыту мақсатында оқушыларға бүгінгі сабақ бойынша «Жіпке жан бітіру» әдісін пайдаланып, ойын ойнатылады. Әр топтан оқушыларға 10–12 см- лік жіп беріледі. Әр топтан 2 оқушыдан бүгінгі сабақтан үйренген- білгені бойынша жіп саусағына оратылып біткенше «Не білемін? Не есімде қалды?» сұрағы бойынша айтады.

Рефлексия

«Пирамида» әдісі. Оқушыларға пирамидалар таратылады. Оқушылар пирамиданың ішіне бүгінгі сабақ бойынша өздері білген бір нәрсе мен бүгінгі сабақта үйренген екі нәрсе туралы жазады.
Мен білетін бір нәрсе
Менүйренгенекінәрсе

3-5 мин

Сынып-мұғалім



Ұзындығы 10-

12 см тоқыма жіп

Әр оқушыға арналған

рефлексия парақшасы

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Сабақ барысында оқушы үшін жұмысын жандандыру мақсатында кері байланыс

орнатудың маңызы зор.

Бағалау

Бағалау критерийлері

  1. Берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде қысқа монолог құру.

  2. Бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну.

Дескрипторы

  • Тірек сөздердің мағынасын түсінеді.

  • Нақты тақырып көлемінде ойын жеткізе алады.

  • Оқыған шағын мәтіндер бойынша сұрақтарға жауап бере алады.

Қосымша ақпарат

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?







Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпараттар алдым?




Сабақтың тақырыбы

Өз туым (жоба). (1-тоқсан, 1-тарау)

6-сабақ

Дағды

Тыңдалым мен айтылым

Оқыту мақсаттары

4.1.3.1 Тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемдерді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте

толтыру/ кластер құрастыру

Лексикалық минимум

Пішін, дөңгелек, ортасында, оң жағында, сол жағында

Алдыңғы білім

Ойын ойнаймыз

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, математика

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қарым- қатынас

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Оқулықтағы кіріспе тапсырма оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға арналған. Тапсырманы оқушылар бүкіл сыныппен орындайды. «Жаңа сөз үйренейік» айдарында оқушыларға әртүрлі пішіндер көрсетілген. Мұғалім жаңа сөздерді бірнеше рет қайталатып, атауын жаттатады. Оқушы жаттаған сөздерінің мағынасын терең ұғынулары үшін мұғалімнің түрлі ойындарды ұйымдастыруына болады. Мәселен, түрлі көлемдегі пішіндерді сипап сезу арқылы атап беру немесе санату, пішіндерді қолданып сурет салғызу сынды тапсырмаларды орындатып, оқушылардың

білімін тереңдетуді мұғалім жүзеге асыра алады.

5 мин

Мұғалім-сынып


Әртүрлі пішіндер




«Жаттығайық» тапсырмасы бойынша оқушылар сол жақтағы және оң жақтағы пішіндерді салыстырады. Мұғалім оқушыларға оң жақ және сол жақ туралы мысалдар арқылы көрсете отырып түсінік беруі керек. Бұл жерде ТКО жаттығуын орындатуға да болады (Тыңдау-көру-орындау) яғни мұғалім көрсетеді, оқушылар тыңдап, қайталап орындайды.

Осыдан кейін барып оқушылар оң мен солды ажыратып алғаннан кейін оқулықтағы жаттығуды орындауға болады. Қайсысы көп?

7 мин











Негізгі бөлім

«Салыстырайық» тапсырмасы бойынша оқушылар сұрақтарға жауап береді. Сары түсті дөңгелектер қайда тұр? Көк түсті дөңгелектер қайда тұр? деген сауалдар төңірегінде ойланып, меңгеруге тиіс жаңа сөз мағынасын санада бекітеді.

Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылар ортасында, оң жағында, сол жағында деген сөздердің мағынасын анық түсінетіндей дәрежеге қол жеткізеді. Бұл тапсырманың да көлемі аздау болып жатса, оқушылар үшін жеткіліксіз болып жатса, мұғалім өз тарапынан басқа да тапсырмаларды қоса алады. Мысалы, түрлі сурет ішінде сурет салып, пішіндердің қайда тұрғанын айтқызу немесе оқушылардың өздерін пішін рөлінде ойнатып, сызылған сызықтардың немесе суреттердің ішіне немесе сыртына орналасуларын бұйырып («дөңгелектер, бақшаның ішіне еніңдер», «үшбұрыштар, бақшаның сол жағына орналасыңдар» т.б.), сияқты ойнату өте тиімді болып табылады.

«Сөйлесейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар сұрақтарға жауап береді. Елтаңбаның қандай екенін, онда не бейнеленгенін айтады. Тудың пішінінің қандай екенін, не бейнеленгенін айтады.

Оқушылардың айтылым дағдысы дамиды.

5 мин

Жеке жұмыс


Рәміздердің суреттері

«Тыңдайық және жауап берейік» айдарындағы а) тапсырма оқушының логикалық қабілетінің дамуына ықпал етеді. Бұл тапсырма алдыңғы игерілген білім мен жаңа түсінікті жетілдіру, мәтіннің мазмұнына қаншалықты сәйкес келтіре алатындығын дамытуға негізделген. Оқушылар өз беттерінше осы тапсырманы орындап болған соң, әр жұпқа бір дұрыс жауап парағы үлестіріліп, оқушылар өзара бір-бірінің жауаптарын дұрыс жауаппен салыстырады.

Дұрыс жауап парағы

ҚазақстанРеспубликасыныңМемлекттікЕлтаңбасындакөкжәне сары түс бар. Елтаңбаның пішіні – дөңгелек. Бұл мәңгілікөмірді бейнелейді. Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Шаңырақсөзі«ортақүй»дегенмағынаныбілдіреді.Шаңырақтыңоңжағындажәнесолжағындақанаттытұлпарбейнеленген.Тұлпар– адалдықтың,достықтыңсимволы.

ә) Оқушылар берілген сұрақтарды басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік Туды сипаттайды. Тапсырма жазбаша орындалады.

  1. Қазақстанның Туында қандай түстер бар?

  2. Тудың пішіні қандай?

  3. Тудың ортасында не бейнеленген?

  4. Қыран қай жерде тұр?

  5. Ою-өрнек тудың қай жерінде орналасқан?

Осы тапсырма аясында 4.1.3.1тыңдағанматериалдың мазмұныбойыншасұрақтарғажауапберу/сөйлемдердітолықтыружәнетүйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/ кластер құрастыруоқу мақсаты жүзеге асады.

8 мин

Мұғалім-сынып


Аудиодиск Оқулық.

Дұрыс жауап парағы








«Сөйлесейік» айдарындағы оқушылар диалогті толықтырып, жұбымен сөйлеседі. Оқушылар Медет пен Динаның арасындағы диалогті ары қарай жандандырады.

Мұғалім оқушылардың диалогті әрі қарай өрбітулеріне қарай

оқушыларды бағалайды. Оқушылар «Басбармақ» әдісі бойынша бағаланады.

5 мин

Мұғалім-сынып


Сұрақтар

жазылған қима парақшалар

Қорытынды бөлім

Сабақты қорыту және есте сақтауды дамыту мақсатында оқушыларға бүгінгі сабақ бойынша «Ара ұясы» әдісін пайдаланып ойын ойнатылады. Жұптар бүгінгі тақырып бойынша екі сұрақтан құрастырады. Содан кейін әрбір жұп кезектесіп сұрақ қояды, оқушылар жауап береді. Оқушылар бір-бірінің сұрақтарына жауап береді. Жауаптардың дұрыстығын мұғалім қадағалап, толықтырып, түзетулер енгізеді.

Рефлексия

«Білім ағашы» бүгінгі сабақтан үйренген, есте қалған 3 нәрсені стикерге жазып, білім ағашына іледі.



3 мин

Сынып-мұғалім




Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Сабақ барысында оқушы үшін жұмысын жандандыру мақсатында кері байланыс

орнатудың маңызы зор.

Бағалау

Бағалау критерийлері

Тыңдаған материалдың мазмұны

бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемдерді толықтыру және түйінді тұстарын

анықтау/кесте толтыру/ кластер құрастыру.

Дескрипторы


  1. Оқушылар тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді меңгереді.

  2. Мәтін бойынша сұрақ құрастырады және жауап береді.

  3. Шағын таныстырылым жасай алады.

Қосымша ақпарат

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе