ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.01.2024
Просмотров: 2277
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
«Сөйлесейік» тапсырмасын орындауда оқушылар жұпта жұмыс істейді. Оқушылар сұрақтарды оқып, бірге талқылайды, пікір алысады. 4.3.4.1мұғалімніңқолдауыменмәтінмазмұнынжәнекейіпкердің іс-әрекетінбағалауға арналған сұрақтар (неліктен?, неүшін?)құрастыружәнеоғанжауапберуоқу мақсатын жүзеге
асыру мақсаты орындалады.
3 мин
Жұптық жұмыс
Жұптық жұмыс
Қорытынды бөлім
Бүгінгі сабақты қорыту мақсатында оқушыларға тірек сөздер беріледі. Оқушылар тірек сөздерді пайдалана отырып, бүгінгі
тақырып туралы әркім жеке әңгімелейді. Мұғалім бұл мақсатты
жүзеге асыру үшін «Бір минут ішінде» әдісін қолданады. Әр топқа кеспе қағаздарға тірек сөздер жазылып үлестіріледі. 4.2.2.1 берілгентірек сөздер мен жоспардың негізінде қысқа монолог құру оқу мақсаты жүзеге асады.
Тірек сөздер: ауылдың сыртында, қаланың ішінде, өзеннің қасында, суға шомылу, көпірдің астында, балық аулау, ауылдың айналасында. Рефлексия
Мұғалім сабақ соңында оқушының өзін қалай бағалауын байқау мақсатында кеменің суретін таратып, білімдерін бағалайды. (Кеменің суреті)-
Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң, кемеңді жасыл түске боя. -
Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірсең, кемеңді сары түске боя.
Егер сен сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып,
мұғалімнің көмегі қажет болса, кемеңді қызыл түске боя.
3-4 мин
Жеке жұмыс
Тірек сөздер
жазылған қағаз
Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру
Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Сабақ барысында оқушы үшін жұмысын жандандыру мақсатында кері байланыс
орнатудың маңызы зор.
Бағалау
Бағалау критерийлері-
Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкердің іс- әрекетін бағалауға арналған сұрақтар (неліктен?, не үшін?) құрастыру және оған жауап беру -
Берілген тірек сөздер мен
жоспардың негізінде қысқа монолог құру
Дескриптор-
Оқушылар сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді. -
Берілген тірек сөздердің негізінде тақырып бойынша әңгімелейді.
Қосымша ақпарат
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Оқыту ортасы қандай болды?
-
-
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?
Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?
Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпараттар алдым?
1 ... 13 14 15 16 17 18 19 20 ... 139
-
Сабақтың тақырыбы
Менің ауылым. (1-тоқсан, 1-тарау)
10-сабақ
Дағды
Грамматика және жазылым
Оқыту мақсаттары
4.4.5.1 Мұғалімнің қолдауымен айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс жазу
4.5.1.1 Мұғалімнің қолдауымен шылауларды, көмекші сөздерді ажырату,
ауызекі және жазба тілде қолдану
Лексикалық минимум
Әне, міне, анау, мынау, тану
Алдыңғы білім
Ауылдың сыртында
Пәнаралық байланыс
Дүниетану, әдебиет
Сабақтың барысы
С.кезеңі
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
уақыты
Қар.қат
Оқыту ресурс- тары
Кіріспе
«Жаңа сөз үйренейік» айдарында мұғалім 1-тапсырмада берілген жаңа сөздерді сөздіктің көмегіне жүгініп аудартады, бірнеше рет қайталатады. Ондағы мақсат – оқушыларға
«Сөздікті» таныстыру, оны қолдануға үйрету. Одан әрі оқушыларға мұғалім жаңа сөздерді сурет арқылы меңгертеді. Меңгерген сөздерінің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз етеді. Жаңа сөзді қолдану дағдысын қалыптастырады. Ол үшін мұғалім тақтаға суреттерді (қыздың екі қолын екі жаққа жайып, «Міне, менің үйім» деп көрсеткен суреті, «Мынау – менің ауылым», «Әне, менің үйім» деген сөйлемдер жазылып тұрады, жаңа сөздер қарамен жазылған) іліп қояды немесе интербелсенді тақтадан көрсетеді. Жаңа сөздерді сурет арқылы көрсеткенде оқушының көру қабілеті және сөздің мағынасын түсініп есте сақтау мүмкіндігі артады. Және де бұл суреттерден бөлек мұғалім өзі де басқа да мысалдар келтіреді. Мысалы:
«Әне, менің мектебім». «Мынау – біздің сынып». «Анау тұрған менің досым» т.б.
2-5 мин
Мұғалім-сынып
Жаңа сөздерге қатысты, ауылға қатысты суреттер
-
Негізгі бөлім
«Ойланайық» айдарындағы тапсырма оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға бағытталған. Оқушылар сөйлемдерді оқиды да мағынасына қарай екі топқа бөледі. Оқушылар мұғалімнің көмегімен алыс/жақынды ажыратады. Мұғалім өзінің дауыс интонациясымен оқушыларға алыс пен жақынды ажырата білуге көмектеседі. Дұрыс жауабы мынадай
болады.
5 мин
Жеке жұмыс
Оқулық
Жақында
Алыста
Міне, менің тұлпарым. Міне, менің үйім.
Мынау – менің туым.
Мынау – менің суретім.
Анау – менің ағашым. Анау – менің бақшам. Әне, менің көршім.
Әне, менің мектебім.
«Есте сақтайық!» айдарындағы тапсырма оқушының есте сақтау қабілетін дамытуға бағытталған. Тапсырманы бүкіл сынып бірге орындайды. Интербелсенді тақтадан оқушыларға тәуелдік жалғауының ережесі көрсетіледі. Мұғалім ережені қолданыстық тұрғыдан мысал келтіру арқылы түсіндіреді. Біріншіден, мұғалім оқушыларға менің, сенің, сіздің, оның деген есімдіктерді меңгертеді. Екіншіден, жалғауларға назар аударылады. Менің сөзінің тек қана -ым,-ім,-м жалғауымен тіркесетінін мысал келтіру арқылы түсіндіреді. Менің ауылым, менің үйім, менің інім т.б. Дәл сол сияқты келесі жақтағы сенің, сіздің оның жалғауларын да мысал келтіру, оқушыларға ауызша қайталату арқылы меңгертеді. Мұғалім жалғау дұрыс жалғанбаған жағдайда сөздің байланысының дұрыс
болмайтынын ескертеді. Мысалы: менің үй, ауыл, дос т.б.
5 мин
Мұғалім-сынып
Тәуелдік
жалғауының ережесі
«Назар аударайық» тапсырмасы оқушылардың басты назарды неге аудару керек екеніне бағытталған. Мұғалім оқушыларға тәуелдік жалғауы жалғанғанда белгілі әріптердің өзгеріске ұшырайтындығын түсіндіреді.
П-б мектеп-мектебім
к-г дөңгелек-дөңгелегім қ-ғ қонақ-қонағым
3 мин
Мұғалім-сынып
Өзгеріске ұшырайтын әріптердің ережесі
«Жаттығайық» жаттығуы меңгерген ережені практикада қолдануға бағытталған. Оқушы осы тапсырманы орындау арқылы ережені түсінеді. Оқушыларға бірнеше сөздер беріледі, оқушылар берілген сөздерді тәуелдейді. Тапсырма жазбаша топпен орындалады.
Және үлгіні қолдана отырып, сөздермен сөйлем және сұрақ құрастырады. Тапсырма ауызша орындалады.
Үлгі: Менің досым бар. Сенің досың бар ма?
5 мин
Жеке ж.
Сынып
Оқулық
-
«Көрсетейік және айтайық» тапсырмасын орындауда оқушылардың назары оқулықтағы суретке аударылады. Бұл тапсырмада оқушылар қажетті сөздерді қолдана отырып, ауыл туралы айтады. Тапсырма ауызша орындалады. Оқушылардың логикалық ойлауын, сөйлеуін жетілдіруге бағытталған. Осы тапсырманы орындау барысында мұғалім оқушылардың тірек сөздерді дұрыс қолдануына назар аударады. Мұғалім оқушыларды мұқият тыңдайды, мадақтау сөздерін айту арқылы бағалайды. 4.5.1.1 Мұғалімніңқолдауыменшылауларды,көмекшісөздердіажырату,ауызекіжәнежазбатілде
қолдануоқу мақсаты игертіледі.
5 мин
Оқулық
Мұғалім оқушыларды жазылуы мен айтылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс жазуға дағдыландырады.
Бұлдырты - Бұлдұрты Құлын - құлұн
4.4.5.1мұғалімніңқолдауыменайтылуыменжазылуында
айырмашылығы бар сөздерді дұрыс жазу оқу мақсаты орындалады.
8 мин
Жазылуы мен айтылуында
айырмашылығы
бар сөздердің ережесі
Қорытынды бөлім
Бүгінгі сабақты қорыту мақсатында оқушыларға сәйкестендіру тапсырмасы беріледі. Оқушылар берілген сөздер мен қосымшаларды ирек сызық арқылы ережеге сай сәйкестендіреді.
Менің ауылы Сіздің үйіңіз
досы мектебім қалаң
ойыншығым дәптері гүлің
бақшаң
Сенің Оның
Бүгінгі сабақты бекіту және жазылым дағдысын дамыту, өз ойын жазбаша сауатты жеткізу мақсатында оқушылар үй жұмысы ретінде өз ауылы туралы жазып келеді. Мұғалім үй тапсырмасының орындалу барысын түсіндіреді. Өз ауылы туралы жазуды бастамас бұрын, дескриптор құрылып, оқушыларға тірек сөздер беріледі.
Тірек сөздер: менің ауылым, өзеннің жанында, таудың етегінде, ауылдың ішінде, ауылдың сыртында, ауылдың
жанында, өзеннің жағасында.
3-5 мин
Сынып-мұғалім
Сәйкестендіруге арналған сөздер жазылған плакат