Файл: аза тілі дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 2283

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Негізгі бөлім

«Жаттығайық» айдарындағы тапсырма оқушылардың көру және айту арқылы есте сақтауын дамытуға бағытталған. Оқушыларға сұрақтар қойылады. Оқушылар сұраққа жауап беру арқылы қай заттың қай бөлмеде тұратынын айтып береді. Тапсырма оқушының айтылым дағдысын жетілдіреді. Сұрақтардағы айтылатын заттар әр үйде бар болғандықтан, балалар үйлеріндегі затты естеріне түсіру үшін көз алдына елестете отырып айтады. Бұл тапсырманы жүзеге асыру үшін

«Ұшақ» әдісін қолдануға болады. Мұғалім сынып ішінде қағаздан жасалған ұшақты ұшырады. Ұшақ кімнің алдына түссе, сол оқушы сұраққа жауап береді.

  1. Сендердің үйлеріңде кереует қай бөлмеде тұрады?

  2. Сендердің үйлеріңде теледидар қай бөлмеде тұр?

  3. Сендердің үйлеріңде тоңазытқыш қай бөлмеде тұр?

  4. Сендердің үйлеріңде айна қай бөлмеде тұр? Тапсырма ауызша орындалады. Мұғалім оқушылардың тәуелдік жалғауын дұрыс айтуын қадағалап тұрады. Мұғалім оқушыларды мұқият

тыңдап, мадақтау сөздері арқылы бағалайды.

7 мин

Жеке жұмыс

Қажетті суреттер, қағаздан жасалған ұшақ

«Есте сақтайық!» – оқушыларға тәуелдік жалғауының көпше түрі қолданыстық тұрғыдан түсіндіріледі. Мұғалім оқушыларға тәуелдік жалғауының жекеше түрі мен көпше түрін салыстыру арқылы түсіндіреді.

Менің – біздің сіздің – сіздердің

Сенің сендердің оның – олардың

Мұғалім оқушыларға тәуелдік жалғауының көпше түрін меңгертуде алдымен көптік жалғауы, содан кейін тәуелдік жалғауы жалғанатынын түсіндіреді, мысалдар арқылы көрсетеді,

қайталатады.

5 мин

Мұғалім-сынып

Тәуелдік

жалғауының көпше түрінің ережесі




Біздің

Бақша- лар- ымыз

Іні- лер- іміз

Ағаш- тар-

ымыз

Көрші- лер-іміз

-мыз,

-міз

-ымыз,

-іміз

Сендердің

Бақша-

лар-ың

Іні-

лер-ің

Ағаш-

тар-ың

Көрші-

лер-ің

-ың, -ің

Сіздердің

Бақша-

лар- ыңыз

Іні-

лер- іңіз

Ағаш- тар-

ыңыз

Көрші- лер-іңіз

-ыңыз, іңіз

Олардың

Бақша-

лар-ы

Іні-

лер-і

Ағаш-

тар-ы

Көрші-

лер-і

-ы,

Осы тапсырманы орындау барысында 4.5.1.2көптік/тәуелдік

/септік/жіктікжалғаулысөздердіауызша/жазбашатілдеқолданумақсаты жүзеге асырылады.








«Жаттығайық» тапсырмасы жеке орындалады. Оқушылар тәуелдік жалғауының көпше түріндегі қосымшаларды сөздерге жалғап, практика жүзінде жұмыс істейді. Бұл тапсырма жазбаша орындалады. Оқушылар тақтаға шығып, оқулықтағы берілген сөйлемдерді жазады. Мұғалім оқушыларды бақылайды,

оқушылар бір-бірін бағалайды.

5 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық




«Ойланайық» тапсырмасы оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға бағытталған. Оқушылар оқулықтағы суретке назар аудара отырып, ереже құрастырады. Тәуелдік жалғауының көпше түрін естеріне түсіреді. Өз түсініктері бойынша айтып

береді, мысалдар келтіреді.

5 мин

Жеке жұмыс







«Жаттығайық» тапсырмасын орындауда оқушылар тәуелдік жалғауының көпше түрін тәжірибеде көрсетеді. Бұл тапсырма

«Суреттерді сөйлет» әдісі арқылы жүзеге асады. Оқушыларға бірнеше сөйлемдер беріледі. Сөйлемдердің ішінде суреттер қойылған, оқушылар суреттердің орнына сөздерді қойып, оған қосымшаларды жалғап айтады. Тапсырма топта орындалады. Оқулықтағы сөйлемдерді топтарға бөліп беруге болады.

Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

4 мин

Топтық жұмыс

Суретті сөйлемдер




«Сөйлесейік» айдарындағы тапсырманы орындауда оқушыларға А4 парағы және түрлі түсті қарындаштар таратылып беріледі. Әр оқушы өз үйінің жобасын сызып, өз үйіндегі заттардың қайда тұратынын жазады, айтып береді. Көршісімен алмастырып,

жұптық жұмыс ұйымдастыруға да болады.

5 мин

Жұптық жұмыс

А4 парағы, түрлі түсті қарындаштар

Қорытынды бөлім

Бүгінгі сабақты қорыту мақсатында оқушыларға әр бөлмеде тұратын заттар суреті беріледі. Оқушылар «фотоколлаж» әдісін пайдаланып, қай заттың қай бөлмеге тиесілі екенін айтып береді. Бұл тапсырма біріншіден, оқушының қызығушылығын тудырса, екіншіден, суретке қарап сөйлеу арқылы оқушының айтылым дағдысы дамиды. Әр топқа бөлмелерді бөліп, бөлмеге сай суреттерді жапсыруға тапсырма беруге болады. Тапсырманы орындап болған соң, әр топ өз жұмысын қорғап шығады.

І топ – асүй, ІІ топ – қонақ бөлмесі, ІІІ топ – ұйықтайтын бөлме. Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздері арқылы бағаласа,

оқушылар бір-бірін «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.

3 мин

Сынып-мұғалім

Фотоколлажға қажетті суреттер


Түрлі түсті стикерлер




Рефлексия

Оқушылар стикерге бүгінгі сабақтағы ең ұнаған екі нәрсе туралы жазады.

2 мин







Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Сабақ барысында оқушы үшін жұмысын жандандыру мақсатында кері байланыс

орнатудың маңызы зор.

Бағалау





Бағалау критерийлері

  1. Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс

орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу

  1. Көптік/тәуелдік/септік/жіктік

жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану

Дескрипторы

  1. Оқушылар бөлмелер туралы, ондағы заттар туралы айтады.

  2. Тәуелдік жалғауының жекеше және көпше түріндегі жалғауларды қолдана біледі.

Қосымша ақпарат

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпараттар алдым?
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   139





Сабақтың тақырыбы

Сүйікті қаламыз. (1-тоқсан, 1-тарау)

13-сабақ

Дағды

Айтылым және грамматика

Оқыту мақсаттары

4.5.1.1 Септік/жіктік формалардағы жіктеу есімдіктерін және септеулік шылауларды ауызша/жазбаша тілде қолдану

4.2.2.1 Берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде қысқа монолог

құру

Лексикалық минимум

Мейрамхана, қонақүй, аялдама, сауда үйі, көлік тұрағы, спорт сарайы,

алаң

Алдыңғы білім

Менің бөлмем

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, математика

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары




Кіріспе

«Жаңа сөз үйренейік» айдарында мұғалім оқушылардың назарын жаңа сөздерге аударады. Мұғалім оқушылар сөздік қорындағы сөздердің мағыналарын жете білген жағдайда ғана оны дұрыс қолдана алатынын ескереді. Үйренген сөздерін қолдануға мүмкіндік жасайды, яғни әрбір оқушы сөйлегенде, сөйлем құрағанда, мүмкіндігінше, жаңа сөздерді көбірек қолдануға дағдыландырады, жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге үйретеді. Сонымен қатар жаңа сөздің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз етеді. Оқушылар жаңа сөздерді «Сәйкестендіру» әдісі арқылы меңгереді. Жаңа сөздерді суреттермен сәйкестендіреді. Суреттер нөмірленіп беріледі. Оқушылар жаңа сөздердің қасына нөмірлерін көрсетеді. Жаңа сөздердің дұрыс айтылуын есте сақтау

үшін сөздерді бірнеше рет қайталайды.

5 мин

Мұғалім-сынып

Жаңа сөздер жазылған

флипчарт, суреттер, түрлі түсті маркерлер

Негізгі бөлім

«Жаттығайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар берілген сөздер мен сөз тіркестерін құрастырады. Оқушылар «дұрыс /бұрыс»

әдісін пайдаланады. Бұл әдіс арқылы оқушылар дұрыс пен бұрысты ажырата біледі, логикалық ойлауы қалыптасады, оқушыларға

дұрыс және бұрыс құрастырылған бірнеше сөз тіркестері беріледі.

Мұғалім оқушыларды «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Жақсы!»,

«Тамаша!» сияқты мадақтау сөздерімен мадақтайды.

5 мин

Жеке жұмыс



Дұрыс/ бұрыс

кестесі сызылған парақшалар

«Ойланайық» айдарындағы тапсырманы орындауда құраған сөйлемдердің ішінен «кімнің?», «ненің?» сұрақтарына жауап беретін сөздерді тап. Үлгі:Мейрамхананыңіші өте кең. Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар «кімнің?/ненің?» сұрағына жауап беретін сөздерді ажырата алады. Тапсырма топпен орындалады. Оқушылар бір-бірін бағалайды.

5 мин

Мұғалім-сынып


Оқулық

«Есте сақтайық!» тапсырмасын орындауда мұғалім ілік септігінің

«Кімнің? Ненің?» жалғауларын қолданыстық тұрғыдан меңгертеді.

«Кімнің?» сұрағы адамға қатысты атауларға, «Ненің?» сұрағы басқа заттарға қойылады. Мысалы: Айгүлдің, Асқардың, Сашаның, Ираның, ал заттарға аялдаманың, жолдың, мейрамхананың, қонақүйдің, көліктің.

Тақтадағы флипчартқа оқушылар екі бағанға сөздерді жылдам

орналастырып шығады.

3 мин

Мұғалім-сынып

Сөздер жазылған түрлі түсті қима қағаздар




Кімнің?

Ненің?












Сөйлемдер

Дұрыс

Бұрыс

Мейрамхананың іші салқын







Алды көлік тұрағының кең







Спорт сарайының артында мектеп тұр







Таза емес айналасы алаңның







Қонақүйдің жанында адамдар жүр







Сауда үйінің алдында мәшине тұр














«Жаттығайық» тапсырмасы: көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып жазу. Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылардың ілік септігі туралы білімдері бекиді. Оқушылар сөздерге қосымшаларды дұрыс жалғау арқылы ілік септігінің жалғауларын үйренеді. Тапсырма жеке жазбаша орындалады. Мұғалім оқушыларды тақтаға шақырады. Тапсырманы тақтаға жазады. Тапсырманы орындамас бұрын мұғалім оқушылардың назарын ережеге аударады. Осы сөздерге ілік септігінің жалғауы жалғанғанда сөздердің қалай өзгеретінін түсіндіреді.

Назар аудар! Мен-менің Сен-сенің

Ол-оның

а) нұсқасында оқушылар «Ненің?» деген сұраққа жауап беретін сөздерге қосымша жалғайды. ә) нұсқасын орындауда «Кімнің?» деген сұраққа жауап беретін сөздерге қосымша жалғайды.

Оқушылар көп нүктенің орнына керекті қосымшаларды қойып оқиды. Осы тапсырманы орындау барысында 4.5.1.4Септік/жіктікформалардағыжіктеуесімдіктерінжәнесептеулікшылаулардыауызша/жазбашатілдеқолдануоқу мақсаты игертіледі. Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі

бойынша бағалайды.

7 мин

Топтық жұмыс

Оқулық




«Ойланайық» тапсырмасын орындауда оқушылар суретке қарап ереже шығарады. Оқушылардың ережені меңгерулері, есте сақтаулары, ойлау дағдылары дамиды. Ережені бір-бірлеріне

айтып, дұрыс/бұрыс екенін тексереді.

5 мин










«Анықтайық» айдарындағы тапсырмада оқушыларға оқулықтағы қаланың картасы ұсынылады. Оқушылардың назары кітаптағы суретке аударылады. Оқушылар осы картаға қарап, ненің қайда орналасқанын айтады. Берілген сөйлемдердің дұрыстығын тексереді. Бұл тапсырманы орындауда оқушылардың қызығушылығы артады, логикалық ойлауы дамиды, көру арқылы есте сақтау қабілеті дамиды. Оқушылар мұғалімнің көмегімен сурет бойынша қай сөйлемнің сәйкес екендігін табады. Сондай-ақ оқушылардың осы тапсырманы орындауы арқылы көмекші есімдер

мен ілік септігінің жалғаулары туралы түсініктері кеңиді.

5-7 мин

Топтық жұмыс

Оқулық – қаланың картасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   139