Файл: аза тілі дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 2288

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.






«Мен заттың өзімдікі немесе өзгенікі екенін түсіндіре аламын» тапсырмасын орындауда оқушыларға кесте беріледі, оқушылар кестені толтыру арқылы тәуелдік жалғауларын қолданыстық тұрғыда үйренгендерін еске түсіреді. Оқушылар берілген сөздерді көпше түрде тәуелдейді. «Сөйлемдерді толықтыр» тапсырмасын орындауда оқушылар көп нүктенің орнына

қажетті сөздерді қою арқылы тәуелдік жалғауды қайталайды.

5 мин

Мұғалім-сынып

Сұрақтар








«Өзім, үйім, отбасым, елім туралы мәлімет бере аламын»

6 мин

Оқушы-оқушы

«Мина» әдісіне

тапсырмасын орындауда оқушылар осы тақырыптар аясындағы

қажетті сұрақтар

сұрақтарға жауап бере алады. Тапсырма ауызша орындалады.

жазылған парақтар,

Тапсырма оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға, өткен

орамал

тақырыптарды еске түсіруге бағытталған. Осы тапсырманы




орындау үшін мұғалім «Мина» әдісін қолданады. Оқушылар




сыныптың ортасында шеңбер бойымен тұрады. Әртүрлі




сұрақтар жазылған қағаздар умаждалып еденде шашылып




жатады. Мұғалім бір оқушының көзін байлайды. Көзі




байланған оқушы әрі-бері жүрген кезде қай қағазға аяғы тисе,




сол қағазды алып, ішіндегі сұрақтарға жауап береді. Бұл әдіс




оқушылардың қызығушылығын тудырады. Оқушылар




белсенділік танытып, бұл ойынды құлшыныспен орындайды.




Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздері арықылы бағалайды.




-Қазақстан қандай ел?

-Қазақстанның қалалары қандай аймақтарда орналасқан?

-Қандай көрікті жерлерді білесің?

-Қазақстанда қандай ұлттар тұрады?

-Қазақстанның рәміздеріне нелер жатады?

-Қазақстанның туында не бейнеленген?

-Қазақстанның Елтаңбасында не бейнеленген?

-Қазақ халқы барысты не себепті құрметтейді?

-Шегарашы деген кім? Ол қандай қызмет атқарады?




Қорытынды бөлім

«Заттың немесе адамның қаншалықты алыс немесе жақын

3 мин

Сынып-мұғалім

«Күн шуағы»

тұрғанын түсіндіре аламын» тапсырмасын орындауда

рефлексиясына

оқушылар әртүрлі алыс/жақынды меңзейтін заттар мен

арналған қағаздар

адамдардың суреттері көрсетіледі. Оқушылар суретке назар




аудару арқылы олардың алыс немесе жақын тұрғанын сілтеу




есімдіктерін қолдану арқылы айта алады.




Рефлексия: «Күн шуағы». Оқушылардың әрқайсысына күннің




суреті таратылады. Оқушылар күннің ортасына негізгі бөлім




атауын жазады, ал шуақтарына бөлімдегі тақырыптар бойынша




не естерінде қалды соны жазып шығады.




Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.

Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Сабақ барысында оқушы үшін жұмысын жандандыру мақсатында кері байланыс

орнатудың маңызы зор.

Бағалау

Бағалау критерийлері

  1. Мұғалімнің қолдауымен шылауларды, көмекші сөздерді ажырату, ауызша/жазбаша тілде қолдану

  2. Көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану

Дескрипторы

  • Көмекші сөздерді орынды қолданады.

  • Мекенді, тәуелділік мағынаны ауызша және жазбаша жеткізе алады.

  • Танысқан жаңа сөздерін толыққанды

игереді.





  1. Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу

барысында шағын мәлметті (4-5 сөйлем баяндау), кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу

  1. Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу

барысында қолдану

  • Мәндес, қарсы мәндес сөздерді ажырата алады.

Қосымша ақпарат

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?


ІІ. Құндылықтар


Сабақтың тақырыбы

Мейірімділік асыл қасиет. (1-тоқсан, 2-тарау)

17-сабақ

Дағды

Оқылым және айтылым

Оқыту мақсаттары

4.3.4.1 Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкердің іс- әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (Неліктен? Не үшін?) құрастыру және оған жауап беру

4.2.1.1 Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу

және сөйлеу барысында қолдану

Лексикалық минимум

Мейірімді, көрікті, қарапайым, еңбекқор, ыстық

Алдыңғы білім

Қайталау

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік

Сабақтың барысы

С.кезең


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары





Кіріспе

Мұғалім тарапынан берілетін алғашқы тапсырма сабаққа кіріспе ретінде қолданылады. Біріншіден, оқушыларға тақырыптың не жөнінде болатынын білдірсе, екіншіден оқушылардың сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға негізделеді. Мұғалім

«Миға шабуыл» әдісімен оқушыларға интерактивті тақтадан

«Мақта қыз бен мысық», «Бауырсақ» ертегісіне қатысты суреттерді көрсетеді. Оқушылар бұл ертегілермен бұрыннан таныс болғандықтан, «Бұл – ертегі», – деп бірден жауап береді. Мұғалім әр топқа «ертегі» сөзіне ассоциация құруға тапсырма береді. Оқушылар өз білгендері бойынша жауап береді.

3 мин

Мұғалім-сынып

«Мақта қыз бен мысық», «Бауыр- сақ» ертегілеріне қатысты суреттер




«Жаңа сөз үйренейік» айдарында оқушыларға суреттер көрсетіледі. Оқушылар осы суреттерге қарай отырып, жаңа сөздерді меңгереді. Мұғалім оқушылар сөздік қорындағы сөздердің мағыналарын жете білген жағдайда ғана оны дұрыс қолдана алатынын ескереді. Мұғалім оқушыларға үйренген сөздерін қолдануға мүмкіндік жасайды, яғни әрбір оқушы сөйлегенде, сөйлем құрағанда, мүмкіндігінше, жаңа сөздерді көбірек қолдануға дағдыландырады, жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге үйретеді.

Бұл тапсырма көлемінде оқушылардың бұрыннан бар білімдерін жаңғырту да жүзеге асырылады. Мәселен, жаңа сөздерді үйренгенде ол сөздердің мағынасын ұғып, меңгеріп алулары үшін оқушыларға антоним сөздерді таптыру жұмысы зор пайдасын тигізеді. Бұл да жаңа сөздердің санада тұрақтап қалуына септігін тигізеді. Осы орайда 4.2.1.1 берілген сөздергеқарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеубарысындақолдану оқу мақсаты орындалады.

5-6 мин










«Жаттығайық» айдарындағы тапсырмада жаңа сөздермен жұмыс жанданады, яғни, оқушылар осы жаңа сөздерді қолданып, сөйлемдер құрастырады. Мұғалім оқушыларға бір үлгі көрсетеді. Оқушылар үлгіге қарап, басқа сөйлемдер құрастырады. Мысалы: Адамды мінезі көрікті етеді. Әлемді

мейірімдіжандар құтқарады. Еңбекқор адам табысқа жетеді. т.б.

5 мин







Негізгі бөлім

«Ойланайық» айдарында берілген тапсырма оқушылардың сыни ойлау дағдысын дамытуға бағытталған. Оқушылар суретке қарай отырып, оның әрекетіне баға береді, қыздың қандай адам екенін болжап айтады.

Мұғалім оқушыларға болжам жасағанда «Попс» формуласын қолдануды ескертеді. Оқушылар өз ойын айту үшін міндетті түрде «менің ойымша», «себебі» сөздерін қолданып сөйлеуі керек. Бұл әдіс арқылы оқушының өз ойын нақты жеткізуі,

тұжырымдай білу дағдылары жетіледі, сөздік қоры молаяды.

5 мин

Жеке жұмыс

«Попс» формула- сына қатысты тіркестер жазылған қағаз
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   139








«Оқиық» айдарындағы тапсырма оқушылардың оқылым дағдысын дамытуға бағытталған. Оқушылар «Мейірімді қыз» ертегісін оқиды. Тапсырма оқушылардың ертегіні түсініп оқуына арналған. Ол үшін мұғалім алдымен ертегінің суреттеріне назар аударып, мазмұнын болжап көреді. Егер оқушылардың деңгейі тым төмен болып жатса, мұғалім өзі жетелейді. Одан соң мұғалім оқушыларға ертегіні алдымен іштей, содан кейін дауыстап оқуға тапсырма береді. Оқушылар ертегіні оқиды. Өз болжамдарымен салыстырады. Өздеріне- өздері баға береді. Бұл тұста 4.3.4.1мұғалімніңқолдауыменмәтінмазмұнынжәнекейіпкердіңіс-әрекетінбағалауғабағытталған сұрақтар (Неліктен?, Не үшін?) құрастыру жәнеоғанжауап беруоқу мақсаты орындалады.

5 мин

Мұғалім-сынып



Оқулық

«Ойланайық» тапсырмасы оқушылардың ойлануына бағытталған. Оқушылар ертегіні оқып болған соң, ертегідегі қарамен жазылған сөздерге назар аударады. Оқушылар жұмыс дәптерінде осы тапсырманы жазбаша орындауына да болады. Мұндай тапсырма орындатудағы мақсат – оқушыларға төменгі сыныпта білімін жетілдіріп, пысықтату. Сөздердің тұлғасына қарап грамматикалық белгілерін, яғни, мағынасын түсіну (яғни, табыс септігін қолданыстық тұрғыда қайталайды). Қарамен

жазылған сөздерге сұрақ қояды.

3-5 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық




«Ізденейік» тапсырмасын орындауда оқушылар жаңа сөздермен жұмысты жандандырады. Оқушылар мұғалімнің көмегімен ертегідегі кездескен жаңа сөздердің қарсы мәндерін (антонимдерін) табады.

Көрікті-көріксіз (ұсқынсыз, әдемі емес), мейірімді-қатал, еңбекқор-жалқау, ыстық-суық. 4.2.1.1 берілген сөздерге қарама-қарсымағыналы,мағыналассөздердітабужәнесөйлеу

барысындақолдануоқу мақсаты орындалады.

5 мин

Жеке жұмыс

Оқулық




«Сөйлесейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар ертегінің соңын болжайды. Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушының ойлау қабілеті, айтылым дағдысы дамиды, оқушы қиялына ерік береді. Әр топ өз беттерінше ертегінің соңын болжайды. Ертегіні болжау үшін сұрақтарды және оқулықтағы тірек сөздерді басшылыққа алады. Оқушылардың болжам жауаптары тыңдалады.

-Ормандағы кімнің үйі?

-Үйдің иесі келген соң не болады?

-Қыз үйін табады ма?

Тірек сөздер: жалмауыз кемпір, сандық, ұшатын сыпырғыш, мысық, ит, дос, алғыс айту, бақытты болу

4-мин

Топтық жұмыс

Тірек сөздер мен сұрақтар жазылған қағаз