Файл: аза тілі дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 2290

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Қорытынды бөлім

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылар «Жаттығайық» айдарымен берілген тапсырманы орындайды. Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылар ертегімен толық танысады. Көп нүктенің орнына қажетті қосымшаларды қояды. Тапсырма жазбаша орындалады. Тапсырманы бүкіл сыныппен орындайды. Ертегінің мазмұнын толық меңгерту мақсатында мұғалім оқушыларға графикалық органайзерді көрсетеді. Графикалық органайзердің біреуінде сандар берілген, екіншісінде суреттер берілген. Оқушылар осы органайзердегі суреттер немесе сандарға қарап ертегіні баяндайды, яғни «Хикая картасын» жасайды. Екінші органайзерде сандардың орнына суреттер беріледі. А3 парақтарына осындай органайзерлер дайын күйінде топтарға үлестіріледі. Оқушылар осы органайзерлерді қолдана отырып, ертегіні қысқаша мазмұндап береді.

1 қыз не 2 неге 3 Аттар қызғ

істеді? кездесті? не деді?

Оқушылар бір-бірін «Дүркін шапалақ» әдісімен, ал мұғалім оқушыларды мадақтау сөздері («Тамаша!», «Керемет!»,

«Жақсы!», «Өте жақсы») арқылы бағалайды.

Рефлексия «Іздер» оқушылардың әрқайсысына түрлі түсті қағаздардан қиылған іздер таратылады. Әр оқушы өзіне берілген

«ізге» бүгінгі сабақта өзіне қызықты болған, жүрегіне із қалдырған нәрсені жазады. Мұғалім ізді «Үлгілі іздер» тақтасына жапсырады.



а

Сынып-мұғалім

Суретті және санды графикалық органайзер

Түрлі түсті қағаздардан

қиылған «іздер»

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Сабақ барысында оқушы үшін жұмысын жандандыру мақсатында кері байланыс

орнатудың маңызы зор.

Бағалау

Бағалау критерийлері

  1. Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкердің іс- әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (Неліктен? Не үшін?) құрастыру және оған жауап беру

  2. Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу

және сөйлеу барысында қолдану.

Дескрипторы

  • Оқиғаны болжап айта алады.

  • Мұғалімнің қолдауымен ертегіні мазмұндап айта алады.

Қосымша ақпарат



2 мин


Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?




Сабақтың тақырыбы

Еңбектің сыйы. (1-тоқсан, 2-тарау)

18-сабақ

Дағды

Оқылым және грамматика

Оқыту мақсаттары

4.3.2.1 Бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну

4.5.1.3 Өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің грамматикалық категорияларын ауызекі /жазбаша тілде қолдану

Лексикалық минимум

Уәде, ұмыту, жауапты, құрмет

Алдыңғы білім

Мейірімділік – асыл қасиет

Пәнаралық байланыс

Әдебиет

Сабақтың барысы

С.кезең


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Бұл сабақта оқушылар алдыңғы сабақта таныс болған

«Мейірімді қыз» ертегісінің жалғасын оқитын болады.Оқулық бетінде берілген тапсырмаларды орындамас бұрын мұғалім оқушыларды сөзге тартып, өткен сабақты қайталатады. Оқушылар өткен сабақты еске түсірулері үшін «Сұрақтар

сандығы» әдісін қолдануға болады.

5 мин

Мұғалім- сынып

Оқулық

Негізгі бөлім

Мұғалім сандықтың ішіне ертегінің мазмұнына қатысты сұрақтарды жазып салып қояды. Кез келген оқушы сұрақтарды алып, жауап береді. Осы сұрақтарға жауап беру арқылы ертегі мазмұнын қаншалықты меңгергенін байқауға болады.

  1. Ертегінің негізгі кейіпкері кім? Ол қандай?

  2. Ертегі кейіпкерінің достары кімдер?

  3. Ертегінің соңы қалай аяқталды?

  4. Ертегідегі қыз саған ұнады ма? Неге?

  5. Ертегіде кейіпкер кімдермен кездесті?

Сұрақтарға жауап беріп болған соң, мұғалім оқушыларды

«рөлдік ойынға» қатысуға шақырады. Топтар рөлдік ойындарға қатысады. Кейіпкерлердің рөлдерін өзара бөліп алады. Мұғалім кейбір білім деңгейі төмен оқушыларға тірек сөздер, сөз тіркестерін береді. Бұл тапсырма оқушының айтылым дағдысын

жетілдіреді.

7 мин

Мұғалім-оқушы

Сұрақтар салынған сандықша
Рөлдік ойынға арналған тірек сөздер.

Кейіпкерлерге арналған суреттер.
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   139








«Көрсетейік және айтайық» тапсырмасын орындауда оқушылар мұғалімнің жетелеуімен сурет арқылы ертегінің жалғасын болжайды. Одан әрі оқушылар суреттердің тұсында тұрған сөйлемдерді оқып, өз болжамдарының дұрыс болу мүмкіндігі

туралы ойланады.










«Жаңа сөз үйренейік» айдарындағы тапсырма оқушылардың сөздік қорын байытуға арналған. Мұғалім оқушыларға «уәде беру», «жауапты», «құрмет» туралы түсінік береді. Осы сөздердің баланың бойындағы қалыптасатын мінезге қандай қатысы бар екенін шынайы өмірмен байланыстыра отырып түсіндіреді. Мысалы: Адам біреуге уәде беретін болса, уәдесіндетұруы керек. Уәдесінде тұратын адам – жауапты адам. Бізжасыүлкенкісілергеәрқашанқұрметкөрсетуімізкерек.

5 мин

Мұғалім-сынып

Жаңа сөздер

«Оқиық» айдарымен берілген тапсырмада оқушылар ертегінің жалғасын оқиды. Өз болжамымен салыстырады. Сабақтың басында жасаған болжамдарының дұрыстығына көз жеткізеді. Мәтінді мұғалімнің жетелеуімен бірлесіп оқиды.










«Оқиық және жауап берейік» тапсырмасында оқушылар сұрақтарға жауап береді. Ертегі мазмұнын қаншалықты игере алғандығын мұғалім осы тұста тексере алады.

8 мин







«Ойланайық» тапсырмасы оқушылардың ойлануына бағытталған. Оқушылар ертегіні оқып болған соң, оқулықтағы

«сөздерді дұрыс қос» деген тапсырманы орындайды.. Сөздерді дұрыс сәйкестендіру арқылы оқушының сөздерді орынды қолдана білуі, мағынасына қарай қолдануы, сөз бен сөзді дұрыс

байланыстыра білу дағдысы дамиды.

3 мин

Мұғалім-сынып

Сұрақтар




«Есте сақтайық!» тапсырмасы грамматиканы қолданыстық тұрғыда игеруге көмектеседі. Оқушыларға бұйрық райдың 1,2,3 жақтары ұсынылып, қолданыстық тұрғыда үйретіледі. Мұғалім мысал келтіру арқылы бұйрық райдың жұрнақтарын меңгертеді. Оқыған ертегіден табады. Рөлдік ойын кезінде орынды, дұрыс

қолдануға үйретеді..

2 мин

Жеке жұмыс

Бұйрық райдың жұрнақтары

жазылған ереже




«Жаттығайық» тапсырмасы рай жұрнақтарын бекітуге бағытталған. Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылар ережені басшылыққа алады. Тапсырманы барлық оқушылар орындайды. Тапсырма жазбаша орындалады. Осы тапсырманы орындау барысында мұғалім сөз соңында кездесетін кейбір әріптердің бұйрық райдың жұрнағы жалғанғанда өзгеріске ұшырайтынын ескертеді, мысал арқылы түсіндіреді.

Үлгі: жап мен жабайын, бақ – баланы бағыңыз т.б.

5-7 мин

Топтық жұмыс

Оқулық





Қорытынды бөлім

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға етістіктер және жіктеу есімдіктері беріледі. Әрқайсысы жеке парақтарға жазылып беріледі. Мұғалім оқушыларға сөздерді орын тәртібін сақтай отырып және бұйрық райдың жұрнақтарын дұрыс жалғауға нұсқау береді. Әр топқа А3 парағы түрлі түсті қағаз қиындысына жазылған жіктеу есімдіктері, етістіктер және бұйрық райдың жұрнақтары үлестіріледі. Әр топ өзіне берілген сөздерді дұрыс орналастырып, А3 парағына желіммен жапсыруы керек. Әр топ өзінің жазған сөйлемдерін оқып, қорғайды. Мұғалім оқушыларды «Үш шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.

Үлгі:

-айын мен бар дүкенге

тазала -сын олар бақшаны пісір -іңіздер бәліш сіздер

Рефлексия: «Мейірімді оқушы». Оқушылар мейірімді оқушының сұлбасына мейірімді оқушының бойына қажетті қасиеттерді жазып жапсырады. Оқушыларға мұғалім сұрақ қояды: «Балалар, сендер ертегінің мазмұнына сәйкес қандай жақсы сөздерді үйрендіңдер?» (Жауапты болу, құрмет, уәде,

мейірімді, көмек беруші т.б.)

3 мин

Сынып-мұғалім

Сөйлем құруға арналған сөздер

жазылған түрлі түсті қима қағаздар, желім


Мейірімді оқушы- ның сұлбасы

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.

Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Сабақ барысында оқушы үшін жұмысын жандандыру мақсатында кері байланыс

орнатудың маңызы зор.

Бағалау

Бағалау критерийлері

  1. Бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну.

  2. Өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің грамматикалық категорияларын

ауызекі /жазбаша тілде қолдану.

Дескрипторы

  • Таныс сөздерге сүйеніп ертегі мазмұнын толық меңгереді.

  • Бұйрық райдың жұрнақтарын қолдануды үйренеді.

Қосымша ақпарат

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   139





Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?


Сабақтың тақырыбы

Әдепті бала. (1-тоқсан, 2-тарау)

19-сабақ

Дағды

Тыңдалым және грамматика

Оқыту мақсаттары

4.1.4.1 Тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп-салдарлық байланысын (кейіпкерлер, оқиға) және негізгі ойды мұғалімнің қолдауымен анықтау

4.5.1.3 Өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің грамматикалық

категорияларын ауызекі және жазба тілде қолдану

Лексикалық минимум

Шындық, әдет, жомарт, адал, қасиет

Алдыңғы білім

Еңбектің сыйы

Пәнаралық байланыс

Әдебиет

Сабақтың барысы

С.кезең


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Оқушыларға «Миға шабуыл» әдісі ретінде бейнежазба көрсетіледі. Бейнежазбада әдепсіз баланың қырсық мінезі, еркелігі, ата-анасының тілін алмауы сияқты әрекеттер көрсетілуі керек. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: «Бұл қандай бала? Баланың қандай әрекеттерін байқадыңдар?». Оқушылар өздерінің бейнажазбадан түсінгендері бойынша өз ойларын ортаға салады. Жаңа сабаққа кіріспе ретінде

«Сөйлесейік» айдарындағы тапсырма орындалады. Оқушылардың назары оқулықтағы суретке аударылады. Оқушылар суреттердің астындағы сөйлемдерді оқып, талқылайды. Балалардың әрекеттеріне баға береді, оларға қандай қасиеттер тән екенін айтады. Тапсырма оқушының жан- жақты ойлауын, айтылым дағдысын дамытуға бағытталған. Бұл балалардың бойындағы қасиеттерін «топтастыру» әдісі бойынша топтастырады. Бұл тапсырманың ерекшелігі оқушыны сөйлете отырып оған «жаңа сөздерді» таныстырып,

игертетіндігі. Оқушы сөйлесіп отырып жаңа білімді игереді.

2 мин

Мұғалім-сынып

Бейнематериал
Топтастыру әдісіне қатысты А4 парағы

Негізгі бөлім

«Тыңдайық» тапсырмасы оқушылардың тыңдалым дағдысын дамытуға бағытталған. Мәтінді дискіден тыңдаған соң,

сыныптан екі оқушы шығып диалогті дауыстап оқиды. Оқушылар мұқият тыңдайды. Оқушылар диалогті оқып болған соң, мәтінге ат қояды. Осы диалогтің ішінде кездесетін әдепті

балаға тән қасиеттерді топтастырады және өздері білетін жақсы қасиеттерді де толықтырып жазады. Әр топ өз постерлерін қорғайды. Топтар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы

бағалайды.

5 мин

Жеке жұмыс

А3 парағы, түрлі түсті маркерлер.

Аудиодиск

«Жаңа сөз үйренейік» – оқушылар азаматтың уәдесінде тұратын, ақылды, жомарт, адам екені туралы айтады.













«Тыңдайық және жауап берейік» айдарындағы тапсырма оқушылардың мәтінді қаншалықты меңгергендігін көрсетеді. Оқушылар диалог бойынша Нұрбектің қандай бала екендігін сипаттап айтады. Нұрбекке жазылған хатты оқиды және толықтырады. Бұл тапсырманы оқу арқылы оқушылардың әдепті баланың бойында болатын қасиеттері туралы түсініктері кеңейеді, сөздік қорлары молаяды.

5 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық

«Есте сақтайық!» тапсырмасы оқушылардың болымсыз етістікті меңгеруіне бағытталған. Оқушыларға болымсыз етістіктің жұрнақтары мысалдар арқылы меңгертіледі.

«Болымсыз етістік сөзін мұғалім үшін жазып отырмыз, оқушы

үшін бұл термин қолданылмайды.

3 мин

Мұғалім- сынып

Болымсыз етістік жұрнақтары

жазылған плакат




«Назар аударайық» тапсырмасы болымсыз етістіктің жұрнақтарын қолданыстық тұрғыда игерту үшін берілген. Оқушыларға бірнеше сөйлемдер беріледі. Оқушылар болымсыз етістік жұрнақтарын жалғау арқылы сөйлемдерді өзгертіп айтулары керек. Әр топқа әртүрлі сөйлем ұсынылуы керек. Мұғалім бірін-бірі бағалауды немесе өзі тыңдап, оқушының

білімді игеру дәрежесін бағамдайды.

5 мин

Жеке жұмыс

Оқулық




«Жаттығайық» тапсырмасы оқушылардың сөйлемдерді дұрыс құрастыра білуіне бағытталған. Оқушыларға сөздер беріледі. Оқушылар орын тәртібін сақтай отырып, дұрыс сөйлем құрастырулары керек. Әр топқа әртүрлі сөйлемдер

беруге болады.

5-7 мин

Жұптық жұмыс







«Ойнайық» айдары бойынша оқушылар ойынға қатысады.

«Көршіңе нұсқау бер» тапсырмасын оқушылар «Көршіңе орындат» әдісі арқылы ойнайды. Оқушылар сөйлемді болымды мағынада айтады, көршісі болымсыз мағынада айтуы керек. Тапсырма жұпта орындалады. Жұптар бір-бірін тыңдайды.

Мұғалім оқушыларды «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

5мин







Қорытынды бөлім

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылар тыңдау-көру- орындау жаттығуын орындайды Мұғалім оқушыларға қағазға жазылған бір нұсқаны ұсынады. Оқушы нұсқаны оқып, оны өз жұбына қимылмен көрсетуі керек. Жұбы сол қимылдың нені білдіретінін түсіндіруі керек. Мысалы: тақтаға жаз. Кітабыңды аш. Дәптеріңді ал. Қарындашты мұғалімге бер. Т.б.

Рефлексия. «Білім себеті» оқушылар стикерге бүгінгі

сабақта үйренген 2 нәрсені және ұнаған екі нәрсені стикерге жазып, себетке салады.

5-7 мин

Сынып-мұғалім

ТКО жаттығуы жазылған қағаз

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Сабақ барысында оқушы үшін жұмысын жандандыру мақсатында кері байланыс

орнатудың маңызы зор.
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   139