ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.01.2024
Просмотров: 2298
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Сабақ барысында оқушы үшін жұмысын жандандыру мақсатында кері байланыс
орнатудың маңызы зор.
Бағалау
Бағалау критерийлері-
Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу
барысында қолдану (қосымша мақсат)-
Тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп- салдарлық байланысын (кейіпкерлер, оқиға) және негізгі ойды мұғалімнің қолдауымен
анықтау
Дескриптор-
Мәтінді түсінеді, шынайы өмірмен байланыстырады. -
Алғыс айту сөздерін меңгереді.
Қосымша ақпарат
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Оқыту ортасы қандай болды?
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?
Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?
Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?
-
-
Сабақтың тақырыбы
Не жақсы? Не жаман? (1-тоқсан, 2-тарау)
23-сабақ
Дағды
Оқылым мен жазылым
Оқыту мақсаттары
4.3.2.1 Бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
4.4.4.1 Шағын сюжетті комикс/буклет/коллаж/жарнама презентацияны сөйлемдермен толықтыру
4.4.5.1 Мұғалімнің қолдауымен айтылуы мен жазылуында айырмашылығы
бар сөздерді дұрыс жазу
Лексикалық минимум
Түйме, алдау, мақұлдау, күту, еріну
Алдыңғы білім
Қамқор немере
Пәнаралық байланыс
Өзін-өзі тану
Сабақтың барысы
С.кезең
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
уақыты
Қар.қат
Оқыту ресурстары
-
Кіріспе
Мұғалім оқушыларға жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында интерактивті тақтадан бет-аузы кір-қожалақ, үсті-басы лас, жаман суды басып жүрген немесе ит-мысықты қуалап жүрген баланың және үсті-басы тап-таза, сабақ оқып немесе кітап оқып отырған баланың суреті көрсетіледі. Мұғалім оқушыларға екі баланы салыстыруға тапсырма береді. Оқушылар балаларды өз беттерінше салыстырады. Мұғалім оқушыларға кестені толтыруға тапсырма береді. Оқушылар кестені толтырады және түсіндіреді. Оқушылар осы тапсырманы орындау арқылы екі түрлі баланы салыстырады, ойлау қабілеті дамиды.
Жаман бала Жақсы бала
«Сөйлесейік» айдарындағы тапсырмада «Не жаман», «Не жақсы» деген үлгіні басшылыққа алып, өз мысалдарын айтады. Тапсырма ауызша орындалады. Тапсырма оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға негізделген.
Мұғалім оқушыларға толықтыру, қайта түзету, жұмысын жандандыру мақсатында кері байланыс орнатады.
5 мин
Мұғалім-сынып
Жақсы бала мен жаман баланы сипаттайтын қима қағаздағы кесте
Сұрақтар, оқулық
«Назар аударайық» айдарымен берілген мазмұн арқылы мұғалім оқушыға айтылуы мен жазылуында айырмашылықтары бар
сөздерді таныстырады. Мұғалім оқушыларға сөздердің айтылуы мен жазылуындағы айырмашылықтарды түсіндіреді.
-
Негізгі бөлім
«Оқиық» айдарындағы тапсырмада оқушылар Қастек Баянбайдың
«Жақсы мен жаман» өлеңін оқып, танысады. Тапсырма оқушылардың түсініп оқу дағдысын дамытуға бағытталған. Алдымен мұғалім өзі өлеңді мәнерлеп оқиды. Мұғалімнен кейін оқушылар кезекпен әр шумақты оқып шығады. Өлеңді оқушылар оқып болған соң, оқушылар өлеңнің мазмұны бойынша жаман бала мен жақсы балаға тән қылықтарды, қасиеттерді теріп екі бағанға бөліп жазып шығады. Әр топ өз бетінше жұмыс істейді. Әр топқа жаман баланың және жақсы баланың қағаздан қиылған сұлбасы беріледі, оқушылар сол қағаздан кесілген сұлбаға өлең бойынша жаман бала мен жақсы баланың қылықтарын жазып шығады, кестені толтырады. Әр топ сөз кестесі бойынша сөйлейді, қорғайды.
Ал, балалар, көрдіңдер ме, жақсы бала мен жаман баланың бойындағы қасиеттердің қандай екенін енді өздерің ойланыңдар, сендер қай балаға жатасыңдар? Оқушылар өздерінің қандай балаға жататындықтарын өз сөздерімен айтады. Оқушылар бір-бірін
«Отшашу» әдісі бойынша бағалайды.
5 мин
Жеке
Оқулық
Ереже
«Оқиық және жауап берейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар өлең жолдары мен сөйлемдерді салыстырады. Қай өлең жолы қай сөйлемге сәйкес екенін анықтайды. Әр өлең жолының жанындағы сандарды сөйлемдердің жанындағы әріптермен сәйкестендіреді. Бұл тапсырма оқушылардың өлеңнің мазмұнын терең түсінуіне ықпал етеді, сыни ойлауын дамытады.
5 мин
Мұғалім-сынып
Оқулық
Жаман бала | Жақсы бала |
Өз мысығын сабайды | Сабағын беске оқиды |
Анасын алдайды | Көгершінді аяйды |
Екілік баға алады | Досына адал |
Ойнап жүріп жылайды | Інісін қарайды |
Ерініп қолын жумайды | Мінезі жақсы |
| Әжесін күтеді |
| Аттың жалында ойнайды |
| Өз түймесін өзі қадайды |
| Уәдесінде тұрады |
7
мин
Мен | Алдасам, оқысам, ерінсем | -са/-се | -м |
Сен | Алдасаң, оқысаң, ерінсең | -ң | |
Сіз | Алдасаңыз, оқысаңыз, ерінсеңіз | - ңыз/ңі з | |
Ол | Алдаса, оқыса, ерінсе | - |
| | | |
| | | |
| | | |
| | |
«Есте сақтайық!» айдарындағы тапсырмада оқушылар шартты райдың жұрнағының ережесімен танысады. Шартты райдың жұрнағын қолданыстық тұрғыдан үйренеді. Мұғалім оқушыларға мысалдар келтіру арқылы түсіндіреді. Шартты райдың жұрнақтарын меңгерту ауызша жүргізіледі. Оқушылардың есте сақтаулары үшін мұғалім бірнеше рет қайталатады.
Мұғалім-сынып
Шартты райдың жұрнақтары
жазылған ереже
Біз Сендер
15 мин
Сіздер Олар
Алдасақ, оқысақ, ерінсек Алдасаңдар, оқысаңдар, ерінсеңдер
Алдасаңыздар, оқысаңыздар, ерінсеңіздер
Алдаса, оқыса, ерінсе
-са/-се
-қ/-к
-ңдар/
-ңдер
-ңыз/
-ңіз
-
«Жазайық». Оқушылар мұғалімнің көмегімен оқулықта берілген тапсырманы басшылыққа ала отырып, жақсы мен жаман оқушының қасиеттерін салыстырып жазады. Бұл тапсырма оқушылардың жазылым дағдысын дамытуға бағытталған. Оқушылар тақырып бойынша түсінгендерін жазбаша жазып көрсетеді, салыстырып үйренеді. Тапсырманы орындап болған соң топтар бір-бірімен алмасып, ең жақсы айтылған қасиеттерді «Дүркін шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.
-
Жақсы бала
Жаман бала
-
Сабағын жақсы оқиды -
Берілген тапсырманы орындайды.
3.
4.
5.
-
Берілген тапсырманы орындамайды -
Сабағын нашар оқиды 3.
4.
5.
-
Сынып- мұғалім
3 мин
Қорытынды
Осы тапсырманы орындау барысында 4.4.4.1 шағын сюжетті комикс/буклет/коллаж/жарнама презентацияны сөйлемдермен толықтыру және 4.4.5.1 Мұғалімнің қолдауымен айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс жазу мақсаттарын игеру қатар жүзеге асырылады.
Сабақты қорытындылау мақсатында оқушының түрлі жақсы және жаман қылықтары бейнеленген постерлер таратып береді. Оқушылар постердегі мақлұмтты ашатындай сөйлемдерді сурет тұсындағы бұлтшаларға жазады. Мысалы: «Көгершінді атсаң, жаман бала боласың».