ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.01.2024
Просмотров: 2297
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
«Жаттығайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар сурет пен үлгіні пайдаланып сөйлемдер құрап жазады. Тапсырма жазбаша, жеке орындалады. Тапсырманы орындауда жіктеу есімдіктерін, бұйрық райдың жұрнақтарын қолданып жазады. Оқушыларға үлгі беріледі.
Үлгі: Мен үй сыпырайын. Сен үйді сыпыр. Сіз үйді сыпырыңыз. Ол үйді сыпырсын. Бұл тапсырма оқушылардың грамматика бойынша
алған білімдерін нақтылауға, қайталауға бағытталған.
5 мин
Мұғалім-сынып
Оқулық
«Жаттығайық» айдарымен берілген 5-тапсырма оқушылардың айтылым дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқушылар көп нүктенің орнына қажетті қосымшаларды қою арқылы бұйрық райдың жұрнақтарын қайталайды.
Оқушылар бір-бірін «Екі жұлдыз – бір тілек» әдісі арқылы
бағалайды.
7 мин
Топтық жұмыс
Оқулық
«Жазайық». Оқушы інісіне хабарлама қалдырады. Бірнеше шаруаларды тапсырады.
Сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға інісіне немесе қарындасына (сіңлісіне) хабарлама жазып қалдыру тапсырмасы беріледі. Оқушыларға хабарлама жазып қалдыру үшін үлгі немесе тірек сөздер ұсынылады. Оқушыларға түрлі түсті қағаздардан қиылған ұялы телефонның макеттері таратылады. Әр оқушы өз інісіне немесе қарындасына (сіңлісіне) хабарлама қалдырып, бірнеше шаруаларды тапсырады.
Тірексөздер:біріншіден, екіншіден, үшіншіден, міндетті түрде, қадағала, тексер, үй тапсырмасы, компьютер, телефон, берме, ойнат, жина, іш, тамақтандыр.
Рефлексия. «Тазалық» – оқушылар өздері үшін қажетті ақпаратты сөмкеге, қажет еместі қоқыс жәшігіне, ойлану керек деген нәрсені
еттартқышқа жапсырады.
Қорытынды бөлім
2 мин
Сынып-мұғалім
Түрлі түсті қағаздан
қиылған ұялы телефонның макеті, түрлі түсті маркерлер
Рефлексия:
«Тазалық»
Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру
Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.
Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Сабақ барысында оқушы үшін жұмысын жандандыру мақсатында кері байланыс
орнатудың маңызы зор.
Бағалау
Бағалау критерийлері-
Мәтінді іштей түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып оқу -
Каллиграфиялық нормаларға сәйкес
Дескрипторы-
Мәтінді оқып, жалпы мазмұнын түсінеді. -
Көркем жазады.
-
-
әріптердің өзара байланысын сақтап,
бір сызықта көркем жазу
Қосымша ақпарат
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Оқыту ортасы қандай болды?
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?
Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?
Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?
1 ... 26 27 28 29 30 31 32 33 ... 139
-
Сабақтың тақырыбы
Қамқор немере. (1-тоқсан, 2-тарау)
22-сабақ
Дағды
Тыңдалым және айтылым
Оқыту мақсаттары
4.1.2.1 Бейтаныс сөздер мен сөз тіркестері бар мәтіннің мағынасын мәнмәтінге қатысты анықтап түсіну
4.1.4.1 Тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп-салдарлық байланысын
(кейіпкерлер, оқиға) және негізгі ойды мұғалімнің қолдауымен анықтау
Лексикалық минимум
Борыш, тірек, мақсат, туысқан, пікір, сыйлы, қамқор болу, алғыс айту
Алдыңғы білім
Анамның тапсырмасы
Пәнаралық байланыс
Өзін-өзі тану
Сабақтың барысы
С.кезең
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
уақыты
Қар.қат
Оқыту ресурстары
-
Кіріспе
«Ойланайық» айдарында оқушылар сөйлемдерді оқиды. Мағынасына қарай сәйкестендіреді.
Мұғалім оқушыларға жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында интерактивті тақтадан әженің тоқыма тоқып отырған және немересінің әжесіне күлімсірей қарап отырған суреттерін көрсетеді. Оқушыларға сұрақ қояды: «Бұл кім? Әже не істеп отыр? Әженің қасындағы кім? Сендердің әжелерің бар ма? Немере деген кім?». Оқушылар өз білімдеріне сәйкес бұрынғы білімдерін пайдаланып, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Мұғалім оқушылардан: «Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?» – деп сұрайды. Мұғалім бүгінгі сабақтың тақырыбын және мақсаттарын айтады. Мұғалім оқушыларға «алғыс айту», «қамқор болу» сөздерінің мағынасын түсіндіру үшін сөздерді берілген сөйлеммен сәйкестендіру тапсырмасын орындатады. Оқушылар оқулықтағы тапсырмаға назар аударып, сөздерді мағынасына қарай сөйлемдермен сәйкестендіреді.
«Жаңа сөз үйренейік» айдарындағы тапсырмада оқушыларға сөздердің мағыналары беріледі және мысалдар келтіру арқылы түсіндіріледі. Оқушылардың сөздік қорын молайту мақсатында
бірнеше сөйлемдер құрастырылып айтылады.
5-7 мин
Мұғалім-сынып
Отбасы мүшеле- рінің суреттері
Мысалдар
борыш – міндет
Ата-ананы құрметтеу – менің борышым Адал азамат болып өсу – менің борышым
тірек – сүйеніш
Ағам – менің тірегім. Ол маған үнемі көмек береді.
мақсат –
жоспарлаған іс
Менің мақсатым – сабақты жақсы оқу
пікір – ой
Мен бұл пікірмен келіспеймін
-
Негізгі бөлім
«Сөйлесейік» айдарындағы тапсырманы орындау үшін оқушылар ортаға шығады. «Пікірлер сызығы» әдісі бойынша оқушылар екіге бөлінеді. 1-топтағы оқушылар – осы пікірмен келісетіндер, 2-топтағы оқушылар – осы пікірмен келіспейтіндер. Сыныптың ортасына қызыл түсті ұзындау лента қойылады.
Оқушылар лентаның екі жағында тұрулары керек. Оқушылар айтылған пікірмен не үшін келісетінін, себебін үлгіні пайдаланып, мұғалімнің көмегімен айтады. Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы, өзін ортада еркін ұстауы, өз
пікірін білдіру қабілеті дамиды. Оқушылар келісемін/келіспеймін деп себебін түсіндіруге дағдыланады.
Үлгі: Мен бұл пікірмен келісемін, себебі.....
Мен бұл пікірмен келіспеймін, себебі....-
Туысқандарға үнемі қамқор болу керек. -
Ата-анаға қамқор болу – әр адамның борышы, міндеті. -
Нағыз азамат – ата-ананың тірегі, ол отбасын ешқашан ұмытпайды. -
Ақылды бала алдына мақсат қояды. -
Бала ата-анасының тірегі болуы керек. -
Ата-әжелерге, ата-аналарға ойыннан бос кезде көмектесу керек.
Осы тапсырманы орындау барысында 4.2.1.1берілгенсөздерге
қарама-қарсымағыналы,мағыналассөздердітабужәнесөйлеубарысындақолдану мақсаты қосымша жүзеге асады.
5 мин
Жеке
«Пікірлер
сызығы» әдісін өткізуге арналған қызыл түсті лента қиындысы
«Тыңдайық» айдары бойынша дискіде берілген материалды тыңдайды, тапсырманы орындамас бұрын оқушылардың назары оқулықтағы суретке аударылады. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды. – Балалар, мәтін не туралы болуы мүмкін? Оқушылар мәтіннің не туралы болатыны туралы болжам жасайды. Бұл тапсырма оқушылардың тыңдалым дағдысын дамытуға, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінуге бағытталған. Мұғалім мәтінді бір рет тыңдатып, оның жалпы мазмұнын қаншалықты ұққанын сұрайды. Оқушылар бұл кезде жалпы сұрақтарға жауап береді. Егер сд диск жасамай қалса, не болмай жатса, мұғалім тыңдалым мәтінін өзі оқуына болады.
Осы тапсырманы орындау барысында 4.1.2.1бейтаныссөздерменсөзтіркестерібармәтінніңмағынасынмәнмәтінгеқатыстыанықтаптүсінужәне4.1.4.1Тыңдағанмәтінбойыншаоқиғаныңсебеп-салдарлықбайланысын(кейіпкерлер,оқиға)жәненегізгіойдымұғалімніңқолдауыменанықтау
мақсаты жүзеге асырылады.
8 мин
Мұғалім-сынып
Оқулық Аудиодиск
-
-
Жалпы мазмұнды ұғу мақсатымен оқып болғаннан кейін оқушылар нақты мәліметті табу мақсатымен екінші мәрте тыңдалымға құлақ түреді. Ал үшінші мәрте тыңдау барысында оқушылар өздерін-өздері тексеру мақсатында тыңдайды. «Оқиық және жауап берейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар тыңдалған мәтін мазмұнына сәйкес сұрақтарға жауап береді. Сұрақтарға жауап беру арқылы мәтінді қаншалықты түсінгені белгілі болады.-
Досанның әжесіне не болды? -
Досан әжесіне қалай қамқор болды? -
Досанға кім алғыс айтты? Қандай алғыс сөздер айтты? -
Алғыс сөзге Досан не деп жауап берді?
Саралау тапсырмасы. Білім деңгейі жоғары оқушыларға проблемалық сұрақтар қоюға да болады.-
«Қамқор болу» дегенді қалай түсінесің? -
Сен Досанның орнында болсаң, не істер едің? -
Сен кімдерге қамқор болып жүрсің?
10 мин
Мұғалім-сынып
Сұрақтар жазылған
парақшалар
«Жаттығайық» тапсырмасы оқушылардың айтылым
дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқушылар көп нүктенің орнына қажетті қосымшаларды қою арқылы тақырыпқа қатысты мәліметтерді қайталайды.
Оқушыларға сөйлемдер беріледі, оқушылар сол сөйлемдерді өзгертіп айтуы керек. Тапсырма оқушылардың қисынды ойлауын, айтылым дағдысын дамытуға бағытталған.
Оқушылар бір-бірін «Екі жұлдыз – бір тілек» әдісі арқылы
бағалайды.
7 мин
Оқулық
«Мәтінді өзгертіп жаз» тапсырмасын орындаудаоқушылар берілген қосымшаларды қосып жазады.
Қорытынды бөлім
Сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға сабақтың басындағы жаңа сөздердің мәндес сөздері беріледі. Оқушылар осы сөздердің мәндерін табулары керек.
Міндет – Жоспарланған іс –
Сүйеніш – Ой –
Қандай алғыс айту сөздерін білесіңдер? Алғыс айту сөздері
Рефлексия. «Тазалық» – оқушылар өздері үшін қажетті ақпаратты сөмкеге, қажет еместі қоқыс жәшігіне, ойлану керек
деген нәрсені еттартқышқа жапсырады.
3 мин
Сынып-мұғалім
Алғыс айту
сөздерін жазатын кесте
Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру
Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.
Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің
-
1 ... 27 28 29 30 31 32 33 34 ... 139