Файл: аза тілі дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 2303

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Негізгі бөлім

«Есте сақтайық» айдарындағы тапсырмада оқушыларға өткен шақтың жұрнақтары қолданыстық тұрғыдан түсіндіріледі. Етістіктер өткен шақта айтылған кезде сөздерге -ып,-іп,-пжұрнақтары жалғанады (бұл нұсқауда жұрнақ сөздері қолданылғанмен оқушылар үшін әзірге қосымша сөзін қолданған оңды болады).

Үлгі:

5 мин

Жеке жұмыс

Өткен шақтың жұрнақтары

жазылған плакат немесе электронды нұсқасын интерактивті

тақтадан көрсетсе де болады







Өткен іс-әрекет

бар+ып+ты




бару

жалыну сұрау көру

билеу

-ып/- іп/

-п

-ты

-ті

барыпты

жалыныпты сұрапты көріпті

билепті

«Көрсетейік және айтайық» айдарындағы тапсырмада оқушылардың назары оқулықтағы суреттерге аударылады. Оқушылар сурет бойынша өзара әңгімелеседі. Тапсырма жұпта орындалады. Әр жұп өз бетінше мәтінді болжайды. Алда оқитын мәтін мазмұнын сурет арқылы ұғынып, жеңіл түсінуге қол жеткізеді. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдайды,

кері байланыс орнатады.




Топтық жұмыс

Оқулық

«Оқиық» айдарындағы тапсырмада оқушылар «Шегіртке мен құмырсқа» әңгімесін оқиды. Мәтінді алдымен сыныптан бір оқушы оқиды. Оқушылар мұқият оқиды. Бір оқушы оқып болған соң, әр топтан оқушылар рөлге бөліп оқиды. Тапсырма оқушылардың оқылым дағдысын дамытуға бағытталған.

5 мин

Мұғалім - сынып

Оқулық

«Ойланайық» айдарымен берілген тапсырма бойынша оқушылар оқыған ертегінің соңын болжайды. Өз қиялдары

бойынша ертегіні аяқтайды. Кейіпкер тағдырын шешеді. Егер

сынып оқушылары өз еріктерімен ұсыныстар айта аламаса, мұғалім өз тарапынан қолдау көрсетіп, жетелейді.

5 минут







Келесі кезекте «Оқиық және жауап берейік» айдарымен берілген тапсырма оқушының өз болжамының дұрыс- бұрыстығын анықтай алуы үшін немесе өз қиялының қаншалықты сәтті бола алғанын салыстыра бағалауы үшін арнайы берілген.

7 мин














«Сөйлесейік» айдарында оқушылар әңгіменің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді. Оқушылар сұраққа жауап беру кезінде оқыған мысалдың мазмұнын қаншалықты игергенін дәлелдеп қана қоймай, грамматикалық білімдерін пысықтайды.

  1. Шегіртке жазда не істепті?

  2. Неліктен олай істепті?

  3. Шегіртке күзде не істепті?

  4. Неліктен олай істепті?

  5. Шегіртке қыста не істепті?

  6. Неліктен олай істепті?

5 мин

Мұғалім-сынып

Сұрақтар




«Сөйлемдердің дұрыс/бұрыс екенін айт» тапсырмасында әңгіменің мазмұнына сәйкес мәліметтердің дұрыс/бұрыс екендігін тексеріп айтады. Тапсырма оқушылардың айтылым

дағдысын дамытуға бағытталған.

Жеке жұмыс

Дұрыс/ бұрыс кестесі

сызылған парақша










дұрыс

бұрыс

1

Құмырсқа сауықшыл болыпты







2

Шегіртке еңбекқор болыпты







3

Шегіртке қыста би билепті







4

Шегіртке құмырсқаға тамақ

беріпті







5

Шегіртке мен құмырсқа дос

болыпты










Оқулықта берілген тапсырмалар мұғалімге ұсынылған максималды көмек болып табылады. Егер осы тақырып бойынша ұсынылған тапсырмалар 40 минут көлеміне сыймай жатса, мұғалім сабақты екі сағатқа бөліп өткізуіне болады. Әсіресе, жазылым бөлігі арнайы уақытты талап етеді. Мұндай жағдайда мұғалім өзге жеңіл сабақтарды қысқарту арқылы уақытты реттеп отыра алады. Оқулықта ұсынылған жазылым тапсырмасы мінезге байланысты сипаттама сөздерді қолданып 2-3 сөйлем жазуға арнайы ұсынылған. Ал мұғалімнің сыныбы аса қабілетті болып жатса, тапсырманы тереңдетіп шағын абзац

жаздыруды да жоспарлауға болады.

3 минут







Қор. бөлім

Әр топқа шегіртке мен құмырсқаның суреті беріледі. Оқушылар осы тақырып бойынша түсінгендерін сол суреттің тұсына тірек сөздер арқылы жазып береді және қысқаша сипаттайды. Бұл тапсырманы орындату арқылы оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендігін, қаншалықты есте сақтағандарын білуге болады. Тапсырманы орындап болған соң, оқушылар бір-бірімен алмасып, қатесі болса түзетіп

немесе толықтырулар жасап, баға береді.

5 мин

Сынып-мұғалім

Шегіртке мен құмырсқаның суреті, маркерлер

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.

Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары





болуы керек. Кері байланыс орнатудың маңызы зор.

Бағалау критерийлері

  1. Бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну.

  2. Айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айту.

Дескрипторы

  • Мәтіндегі негізгі ойды түсінеді.

  • Айтылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс жазады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   139





Сабақтың тақырыбы

Көмекші робот. (1-тоқсан, 2-тарау)

28-сабақ

Дағды

Грамматика және тыңдалым

Оқыту мақсаттары

4.5.1.2 Көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану

4.4.1.1 Шағын сюжетті комикс/буклет/коллаж/жарнама/презентацияны

сөйлемдермен толықтыру

Лексикалық минимум

Таныстыру

Алдыңғы білім

Шегіртке мен құмырсқа

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезең


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Жаңа сабаққа кіріспе ретінде оқушыларға интерактивті тақтадан роботтардың суреттері көрсетіледі. Оқушылар роботтар туралы өздері білетін мәліметтермен бөліседі. Мұғалім оқушылардың жауаптарын толықтырады. Оқушылардың назары оқулықтағы суреттерге аударылады. Оқушылар оқулықтағы суреттер бойынша диалог құрастырады. Мұғалім оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында роботтар туралы қызықты мәліметтерді айтуына болады. Робот әртүрлі әрекеттер жасайтын мәшине. Ол адам қажетіне еңбек ететін күрделі құрылғы. Мұғалім оқушылардың жұптық сөйлесімдерін

тыңдайды, оқушыларды «Басбармақ» әдісімен бағалайды.

5 мин

Мұғалім-сынып

Роботтардың суреттері




«Көрсетейік және айтайық» айдарымен берілген оқулықтағы алғашқы тапсырма оқушылардың сурет бойынша болжам жасап, оқиға желісін баяндаулары үшін ұсынылады. Оқушылар өз болжамдарын ортаға салып болғаннан соң жұп құрап, диалог

құрастырады. Сынып алдында өз диалогін оқиды.

5-7 минут











Негізгі бөлім

«Ойланайық» айдарындағы тапсырма оқушылардың сыни ойлауын дамытуға бағытталған. Сөйлемдерді аяқтау үшін тірек сөздерді

қолданады. Оқушылар сөйлемдерді аяқтау арқылы өздерінің ойларын дәлелдейді, айтылым дағдылары дамиды.

Робот ағаштан бұйым жасай алады. Демек, ол – шебер. Робот тоңазытқышты көтере алады. Демек, ол –....

Робот тамақ пісіре алады. Демек ол –...

Робот футбол ойнай алады. Демек ол –...

Осы тапсырманы орындау барысында

5 мин

Жеке жұмыс


Оқулық

«Есте сақтайық» айдарындағы тапсырмада оқушыларға жіктік жалғауының ережесі ұсынылады. Оқушылар жіктік жалғауын қолданыстық тұрғыдан меңгереді. Мұғалім оқушыларға бірнеше сөздерді береді, олар сөздердің соңғы әріптеріне қарай жіктік жалғауын дұрыс жалғап, жаттығады. Мұғалім оқушыларды тексереді,

кері байланыс орнатады.







Оқулық

«Жаттығайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар жіктік жалғауына байланысты білімдерін бекітеді. Оқушыларға кесте беріледі, оқушылар кестедегі жалғауларды ережеге сәйкестендіреді.

а) Келесі тапсырмада оқушылар көп нүктенің орнына тиісті

жалғауларды қойып, өз мысалдарын ойлайды. Бұл тапсырма оқушыны қисынды ойлауға, жіктік жалғауын дұрыс қолдана білуге

дағдыландырады.

ә) Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қой. Өзің мысал ойлап жалғастыр.

  1. Мен күшті..., мықты... . Ауыр затты көтере аламын.

  2. Мен ақылды. Кітап оқи аламын.

  3. Мен еңбекқор. Үй жинай аламын, тамақ пісіре аламын.

10 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық

«Жазайық» айдарында оқушылар жазбаша жұмыс істейді. Тапсырма оқушылардың жазылым дағдысын дамытуға бағытталған. Оқушылар оқулықтағы үлгіні басшылыққа ала отырып, суреттерді сөйлетеді. Сурет бойынша сөйлемдер құрастырып айтады.

Үлгі: Мен көріктімін. Сен ұсқынсызсың.

Тапсырманы орындау тым жеңіл болған жағдайда мұғалім жағымды кейіпкерді жағымсыз қылып шығаратындай немесе жағымсыз кейіпкерді жағымды қылып шығаратындай әмбебап мәтін ойлап, оқушыларға шығармашылық, ойландыратын тапсырма беруге болады.

7 мин

Мұғалім-сынып

Сұрақтар