Файл: аза тілі дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 2309

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Негізгі бөлім

«Оқиық» айдарындағы тапсырмада оқушылар ертегіні оқиды. Ертегінің шатасқан бөліктерін ретімен орналастырады. Тапсырма топта орындалады. Әр топ ертегіні өз бетінше оқып танысады, өз ойларымен ретімен орналастырады. Ортаға шығып өз нұсқаларымен таныстырады. Мұғалім оқушыларды мұқият тыңдайды. Тапсырманы жүзеге асыру үшін «Ретін тап» әдісін қолдануға болады. Ертегіні параққа суретпен немесе сызба арқылы беру оқушылардың өз еріктеріне байланысты. Барлық топтар өз ертегілерінің ретімен орналасуын айтып болған соң, мұғалім ертегінің дұрыс ретімен орналасқан түрін береді. Оқушылар өз ертегілерімен салыстырады. Қай топтың ертегісінің реті дұрыс қойылса, сол топ жеңіске жетеді. Оқушылар бір-бірін «дүркін шапалақ» әдісімен бағалайды. Тапсырма оқушылардың оқылым және айтылым дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқушылар ертегінің бөліктерін ретімен орналастыру арқылы ертегінің мазмұнымен танысады. Ертегінің басы, ортасы, соңын ажыратып үйренеді.

Ертегінің мазмұнын терең меңгерту мақсатында оқушыларға «Сиқырлы сандық» әдісін қолданып, сұрақтар береді. Оқушылар сандықтан сұрақтар алып жылдам жауап берулері керек.

  1. Ертегідегі кейіпкерлерді ата

  2. Қарлығаш күнде не істепті?

  3. Неліктен қарлығаштың ұясы бұзылып қалды?

  4. Қойшы қандай ән айтты?

  5. Қарлығаш ұшып бара жатып не тауып алды?

  6. Кім қарлығаштың ұясын қайта құрастырады?

  7. Қарлығаш қойшының үйіне не апарып тұрады?

  8. Қойшының арманы қалай орындалады?

  9. Қарлығаш қандай құс?

Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздерімен бағалайды.

Осы тапсырманы орындау мақсатында 4.3.1.1 мәтіндііштейтүсініп

жәнеқажеттіақпараттытауып/шолыпбелгіқойыпоқумақсатыжүзегеасырылады.

5 мин

Жеке жұмыс

Суреттер, ретсіз

жазылған ертегінің параққа жазылған нұсқасы

Сұрақтар салынған сандықша

«Оқиық және жауап берейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар мәтін мазмұнына сәйкес тест сұрақтарына жауап береді. Тапсырма ауызша орындалады. Оқушылар стикерге сан және әріпті белгілеу арқылы тест сұрақтарына жауап береді. Оқушылар бір-бірінің тест жауаптарын салыстырып, бір-бірінің жауаптарын тексереді. Барлық оқушы бір-бірінің жұмыстарын тексеріп болған соң мұғалім дұрыс

нұсқаны оқиды, оқушылар тексереді.

10 минут




Тест тапсыр- масы

жазылған парақшалар








«Ойланайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар «себебі» сөзін пайдалана отырып, ертегі кейіпкерлерінің жақсы қасиеттері туралы жазады. Тапсырма жазбаша орындалады.

15 мин

Мұғалім-сынып


Кейіпкерлер- дің жақсы қасиеттерін

жазатын парақша

Қорытынды бөлім

Сабақты қорыту мақсатында оқушыларға «Хикая картасы» графикалық органайзері беріледі. Оқушылар органайзерді толтырып ертегіні әңгімелейді. Органайзерге сурет салуға немесе сөйлемдер жазуға болады. Оқушылар өз хикая картасы арқылы ертегінің мазмұнын меңгереді, айтылым дағдылары дамиды.

Рефлексия


5 мин

Сынып-мұғалім



«Хикая картасы» графикалық органайзері,

«Білім қоржыны»

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.

Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің

оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Кері байланыс орнатудың маңызы зор.

Бағалау критерийлері

  1. Мәтінді іштей түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып белгі қойып оқу

  2. Шағын сюжетті комикс/буклет/коллаж/жарнама/

презентацияны сөйлемдермен толықтыру

Дескриптор

  • Ертегіні оқып түсінеді.

  • Ертегіні мазмұнын сызбаға түсіреді және оған сүйеніп мазмұндай алады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?



Қарлығаштың жақсы қасиеттері

Қойшының жақсы қасиеттері

Қарлығашты қайырымды, мейірімді деп айта аламын.

Себебі..............

Қойшыны қайрымды,

мейірімді деп айта аламын.
Себебі..............






Сабақтың тақырыбы

Мысық, Әтеш және Түлкі. (1-тоқсан, 2-тарау) 31-сабақ




Дағды

Оқылым, грамматика

Оқыту мақсаттары

4.3.2.1 Бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну

4.5.1.5 Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас сөйлем құрастыру

Лексикалық минимум

Достық, құтқару, шыдамсыз, себебі, бұршақ

Алдыңғы білім

Қайырымды қойшы

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу

Сабақтың барысы

С.кезең


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Оқушыларға «Миға шабуыл» ретінде мұғалім бірнеше сұрақтар қояды.

«Сөйлесейік» айдары бойынша мұғалім оқушылармен сұрақ қою арқылы сөйлеседі.

  1. Достық дегеніміз не?

  2. Сен досыңа қандай жақсылық жасайсың?

  3. Сенің досың кім?

  4. Сенің досың қандай?

Оқушылар өз достары туралы пікір алмасады. Мұғалім оқушыларды мұқият тыңдайды. Достық, дос туралы қысқаша түсінік береді.

3 мин

Мұғалім-сынып

Достардың суреті




Оқушылар «Оқиық» айдарында суреттерге мұқият қарап, суреттен не көріп тұрғанын айтады. Ертегі оқиғасын болжап көреді.













«Көрсетейік және айтайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар суреттерге мұқият қарайды, суретте не көріп тұрғаны туралы баяндайды. Бұл ретте мұғалім өзі оқушыларға қолдау көрсетіп, жетелеуіне болады. Болжам жасаудан бұрын оқушыларға «Суреттен нені немесе кімдерді көріп тұрсыңдар немесе ондағы кейіпкерлер не істеп жатыр?» деген сауалдарды қойып, оқушылардың бұрыннан білетін сөздік қорларын, грамматикалық білімдерін іске қосады. Одан әрі оқушылар сурет бойынша ертегі мазмұнын болжайды. Тапсырма топта орындалады. Оқушылар өзара топта ақылдасып, әр топ өз болжамдарын айтады. Мұғалім оқушыларды тыңдайды. Сынып

оқушыларымен бірге бағалайды.

7 мин




Оқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   139





Негізгі бөлім

«Оқиық және жауап берейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар ертегіні шолып оқиды. Жалпы не түсіне алғандарымен бөліседі (мұғалім ертегіні өзі оқып беруіне де болады, оқушылар тыңдайды. Мұғалімнен кейін бір оқушы ертегіні оқиды. Әр топтан ертегіні рөлге бөліп оқиды. тапсырма оқушылардың оқылым дағдысын дамытуға, ертегінің мазмұнын меңгеруге бағытталған). Оқылымнан кейінгі тапсырмада мұғалім оқушыларға нақты мәліметті тауып оқуды тапсырып, ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға жауап берулерін сұрайды.

  1. Ертегіде қандай кейіпкерлер бар?

  2. Ертегі не туралы?

  3. Ертегіде кімдер дос болыпты?

  4. Әтеш қандай уәде береді?

  5. Түлкі әтешті қалай алдайды?

  6. Әтеш неден көмек сұрайды?

  7. Ертегі қалай аяқталады?

10 мин

Жеке

Сұрақтар

жазылған түрлі түсті қима қағаздар

«Оқиық және жауап берейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар мәтін мазмұнына сәйкес тест сұрақтарына жауап береді. Тест сұрақтарына бірнеше жауаптар нұсқасы берілген. Оқушылар осы нұсқалардың ішінен бір дұрыс нұсқаны белгілейді. Тапсырма ауызша орындалады. Әр оқушыға тест тапсырмасы жазылған парақшалар үлестіріледі. Оқушылар сан және әріпті белгілеу арқылы тест сұрақтарына жауап береді. Оқушылар бір-бірінің тест парақшаларымен ауысып, бір-бірінің жауаптарын тексереді. Барлық оқушы бір-бірінің жұмыстарын тексеріп болған соң, мұғалім дұрыс нұсқаны оқиды,

оқушылар тексереді.

10 мин







«Жазайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар ертегідегі мысық пен әтешті салыстырады.


Осы тапсырманы орындау барысында 4.3.2.1 бейтаныссөздер

кездесетіншағынмәтіндегінегізгіойдытүсінумақсаттары жүзеге асырылады.

5 мин

Мұғалім-сынып


«Мысық пен әтешті» салыстыруға арналған кесте



Мысық

Әтеш

..............

..............

............

.............

Себебі..............

Себебі..............





Қорытынды бөлім

Саралау тапсырмасы ретінде оқушыларға рөлдік ойын ойнатуға

болады. Тілді жақсы білетін, білім деңгейі жоғары оқушылар ертегіге өз сөздерін қосып дамыта көрсетеді. Білім деңгейі төмен оқушылар

кітаптағы тірек сөздерді пайдаланып, ертегінің қысқаша мазмұны бойынша рөлдік ойын көрсетеді.

Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздері арқылы, оқушылар бір-бірін

«Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды. Рефлексия.

«Білім себеті» бүгінгі сабақтан үйренген, есте қалған 3 нәрсені

стикерге жазып, білім себетінің ішіне салады.

5 мин

Сынып-мұғалім

Рөлдік ойынға қажетті

кейіпкерлердің суреттері

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.

Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары

болуы керек. Кері байланыс орнатудың маңызы зор.

Бағалау критерийлері

  1. Бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну.

  2. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап

жай және құрмалас сөйлем құрастыру.

Дескриптор:

  • Ертегіні мазмұндайды.

  • Жаңа сөздермен сөйлемдер құрастырады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?