Файл: аза тілі дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 2322

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.







«Оқиық» айдарымен берілген оқылым тапсырмасы бойынша әр оқушының алдына мәтін таратылады. Оқушы жұмысын жеке орындайды. Мәтінге ат қояды.

Оқылымнан кейінгі тапсырма мұғалімнің жетелеуімен орындалады:

  1. Бұл мәтіннің қай түрі?

әңгімелеу сипаттау пайымдау


  1. Мәтіннің мазмұны бойынша 1 сұрақ құрастырып жаз.

  2. Суретті пайдаланып, балалардың іс-әрекеті туралы пайымдау мәтінін құрап айт.

  3. Сұрақтарға жауап жаз.

  1. Балалар қай елге келді?

  2. Балалар қай жерлерде суретке түсті?

  3. Көне ғасырға келгенін балалар қалай түсінді?

  4. Әңгімеде шын оқиға баяндалған ба?

Кері байланыс

Тапсырманы орындауда не қиын болды?

Осы тапсырманы орындау барысында мәтіннің жанрын (мақал- мәтелдер, бата, аңыз, мысал, өсиет әңгімелердің) жанрлық ерекшеліктерін және көмекші сөздердің қолдауымен пайымдау мәтінін анықтау оқу мақсаты жүзеге асырылады.




Жеке жұмыс

Интербел- сенді тақта

Оқулық

«Назар аударайық»

Оқушыларға фаантастикалық әңгіменің не екені түсіндіріледі. Оқушыларға бірнеше мысалдар келтіреді.

4 мин







«Оқиық және жауап берейік» айдарында оқушылар сұраққа жауап береді. Тапсырма жазбаша орындалады. Оқушылардың ойлау қабілеті жіне жазылым дағдысы қалыптасады.

4 мин







«Есте сақтайық!» оқушыларға ережелер түсіндіріледі. Қолданыстық тұрғыда меңгеріледі.

3 мин







«Ойланайық» айдарында ұсынылған тапсырма оқушылардың айтылым дағдыларын жетілдіріп, етістіктің шақтарын дұрыс қолдану дағдысын жетілдіруге бағытталған. Бұл тапсырманы орындатуда айырмашылығы мен ұқсастығын айтып, мағынасын салыстырады. Венн диаграммасы әдісін қолдануға болады. Мұғалім оқушыларды екі топқа бөліп, мәтінді Венн диаграммасымен талдатады. Мұғалім алдын ала А4 форматындағы қағазға Венн диаграммасы сызылған сызбаны дайындап, оқушыларға таратады. Оқушылар берілген сөйлемдерді оқып, айрмашылығы мен ұқсастығын ажыратады. Және де өздері мәтін бойынша бірнеше сөйлемді салыстырады.

Әр топ өз талдауларын ортаға шығып қорғайды.

Осы тапсырманы орындау барысында мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру мақсаты

жүзеге асырылады.

6 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   139







«Жаттығайық» тапсырмасын орындауда оқушыларға сөздер беріледі. Сөздерге тиісті жалғауды жалғап жазады. Бұл оқушылардың сауатты жазуына, өткен іс-әрекетті қолданыстық тұрғыда сауатты қолдана білуге ықпал етеді. Оқулықта ұсынылған тапсырма көлемі жеткіліксіздеу болған жағдайда мұғалім өз тарапынан өзге де тапсырмаларды құрастырып не өзге ресурстардан тауып қолдана алады.

Мұғалім ауызша комментарий береді. «Жақсы! Тамаша! Керемет!

7 мин

Мұғалім-сынып


Оқулық

Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері

байланыс орнатады. Оқушылар берілген белгілердің біреуін қоршап көрсетіп, тақтаға жапсырады.

? – сұрақтарым бар.

! тақырыпты түсіндім.

3 мин

Сынып- мұғалім

(? ! )

белгілер салынған парақтар

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы

(мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Кері байланыс

орнатудың маңызы зор.

Бағалау критерийлері

4.3.3.1 Мәтіннің жанрын (мақал-мәтелдер, бата, аңыз, мысал, өсиет әңгімелердің) жанрлық

ерекшеліктерін және көмекші сөздердің қолдауымен пайымдау мәтінін анықтау

4.4.2.1 *Оқыған/аудио/бейнематериалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу

Дескриптор:

  • Мәтіннің түрін анықтайды.

  • Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ құрастырады.

  • Сурет бойынша пайымдау мәтінін құрастырады;

  • Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап жазады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?







Сабақтың тақырыбы

Зергерлік бұйымдар. (2-тоқсан, 3-тарау) 42-сабақ

Дағды

Оқылым және жазылым

Оқыту мақсаттары

4.3.1.1 Мәтінді іштей түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып оқу

4.4.1.1 Шағын сюжетті комикс/буклет/ коллаж/жарнама/

презентацияны сөйлемдермен толықтыру

Лексикалық минимум

Мыс, құжат, тиын, маңызды

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек

Алдыңғы білім

Көне ғасыр қонақтары

Сабақтың барысы




С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Оқулықта ұсынылған «Сөйлесейік!» айдарымен берілген тапсырма оқушылардың зергерлік бұйымдар туралы қарапайым ой-пікірін айту дағдысын дамытуға арналған. Бұл тапсырмада тірек (зергер, моншақ, жүзік) сөздер суреттер арқылы меңгертіледі. Мұғалім оқушылар назарын оқулықтағы суретке аударып, не көріп тұрғандарын сұрайды.

Бұл не?

5 мин

Мұғалім-сынып

Суреттер

Оқулық

Осы жерде мұғалім оқушыларға «Зергер» сөзіне ассоциативті

қатар

құруға тапсырма беруіне болады. Оқушылардың жауаптарын тыңдаған соң, мұғалім дұрыс/бұрыс жауаптарды саралай отырып зергердің кім екенін оқушыларға түсіндіруіне болады.

Оқушылардың ықтимал жауаптары:

Бұл моншақ. Бұл жүзік.

Моншақты, жүзікті кім жасайды? Мұғалім «зергер» сөзінің мағынасын




ұғындыру үшін суретін көрсетеді. Зергер кім? Ол не істейді? Моншақты, жүзікті зергер жасайды.

Зергер болу үшін адамға қандай қасиеттер керек?




Зергер қандай заттарды жасайды?




Бұл тірек сөздерге негізделген сұрақ-жауаптар келесі диалогтік




тапсырманы тез меңгеруге ықпал етеді.




Негізгі бөлім

«Ойланайық» тапсырмасын орындауда оқушылар ойланып отырып

берілген кестедегі сөйлемдерді салыстырады. Қашан? Сұрағына жауап береді. «бүгін, ертең, бүрсүгіні, арғы күні сөздерін қолданады. Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар осы сөздердің қолданылу

аясын түсінеді, қай сөзді қалай дұрыс қолдану керектігін түсінеді. Шақтық мағынаны мұғалім салыстырмалы сөйлемдер арқылы ұғындырады.

5 мин

жұптық жұмыс

Суреттер

Оқулық

«Есте сақтайық!» айдарында оқушыларға келер шақ мағынасы түсіндіріледі. Мұғалім өз тарапынан қосымша жаттығулар әзірлеп әкеліп, ережені жете түсіндіруі үшін қам жасай алады. Мұғалімің шығармашылығына орай оқулық мазмұны толықтырылып не өңделе алады.

5 мин







«Жаттығайық» айдарымен ұсынылған тапсырмада «кешке», «ертең»,

2 мин

Жеке жұмыс

Оқулық

«бүрсігүні», «арғы күні» сөздерін қатыстырып, тірек сөздермен сөйлем




құрайды. Бұл тапсырма «Ойланайық» айдарындағы тапсырманы




тереңдетудің бір жолы болып табылады. Оқушылар тапсырманы




орындап болған соң, өз сөйлемдерін оқиды. Мұғалім оқушылардың




қателерін өздері тапқызып, кері байланыс орнатады.




Үлгі: Ертең сендер сәукеле тігесіңдер. Кешкесіздер текемет




жасайсыздар.




«Оқиық» айдары

Берілген мәтінді рөлге бөліп оқу. Мәтіннің мазмұнын толық

түсіне отырып, тірек сөздерге назар аудару. Мұғалім өзі бірлесе диалогті оқып шығады. Диалог мазмұнымен танысқаннан кейін, өз ойларын дәлелдеу үшін әр топ постер жасайды.

«Оқып, жауап берейік» айдарымен берілген тапсырма бойынша

10 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық

оқыған білімді тексеру жүзеге асырылады.



1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   139








Оқулықта ұсынылған «Жазайық» айдары оқушылардың алған білімінің нәтижесін көрсететін тұс бола алады. Егер мұғалім сыныптағы оқушылардың білім деңгейінің басымдығын ескеріп, жазылым жұмысын орындатса, бұл тапсырма да негізгі өнімді

сабақ кезеңі болып санала алады.

5 мин







«Сөйлесейік» айдарымен ұсынылған тапсырма осы сабақтың шешуші кезеңі, яғни түгел сабақ бойында алған білімін оқушының айтылым арқылы дәлелдеп беретін сабақ тұсы. Оқушы өздері жазып дайындаған кластер бойынша ретімен баяндайды.

  1. Ең алдымен

  2. Содан соң

  3. Содан кейін

  4. Одан кейін

  5. Ең соңында

Жасаған постерлерін «Автор орындығы» с тратегиясын қолданып, топтың бір мүшесі қорғайды.

«Екі жұлдыз – бір тілек» әдісі арқылы басқа топтар бағалайды.

6 мин







Рефлексия: «Бес саусақ»

Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызық Сұқ саусақ – маған қиын болды

Ортаншы саусақ – сұрақтарым бар Төртінші саусақ – менің көңіл күйім Бесінші саусақ – білгім келеді

2 мин

Сынып-мұғалім



Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы

(мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Кері байланыс

орнатудың маңызы зор.

Бағалау критерийлері

  1. Мәтінді іштей түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып оқу

  2. Шағын сюжетті комикс/буклет/ коллаж/жарнама/

презентацияны сөйлемдермен толықтыру

Дескриптор: (5-тапсырма орындауда)

  • Мәтіннен нақты қажетті ақпаратты таба алады.

  • Процесті сызбаға түсіріп, сөйлемдермен сызбаны толықтыра біледі..

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?







Сабақтың тақырыбы

Дауылпаз бабалар мұрасы. (2-тоқсан, 3-тарау) 43-сабақ

Дағды

Тыңдалым және айтылым




Оқыту мақсаттары

4.1.5.1 Тыңдаған оқиға/әңгіме бөліктерінің жалғасын болжау

4.5.1.3 Өз бетінше шағын мәтіннен есістіктің грамматикалық категорияларын ауызекі және жазба тілде қолдану

Лексикалық минумум

Ұрпақ, жау, жорық, бақсы, жаршы, дауыс күшейткішш

Алдыңғы білім

Зергерлік бұйымдар

Пәнаралық байланыс

Музыка

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Мұғалім «Триггерлік суреттер» тәсілі арқылы сабақ басында тақтаға тақырыпқа қатысты сурет және сұрақ белгісінің суреті ілінеді. «Не көріп тұрсыңдар? Мынау не? Ол не туралы сұрап тұр» деп ойлайсыңдар? деген сұрақтар қою арқылы тақырыпқа қызығушылықтарын оятып алады немесе дауылпаздың дауысын естіртіп оқушыларға жетелеу сұрақтарын қоюға

болады. –Балалар, бұл ненің даусы? Мұндай дауысты естігендерің бар ма? Қай жерден естідіңдер?

«Жаңа сөз үйренейік» айдары оқушыларды сабаққа қатысты жаңа сөздерді меңгерту мақсатында жүргізіледі. Оқушыларға бірнеше жаңа сөздерге қатысты суреттер көрсетіледі. «Суретті сөздік» арқылы оқушылар жаңа сөздерді меңгеріп сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады. Оқушыларға осы суреттерді көрсету арқылы «Бұл не? Ол туралы не білесің?» – деп сұрауға да болады. Оқушылардың естерінде жаңа сөздер жақсы сақталуы үшін осы сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыруына да болады. Ол мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

5 мин

Мұғалім-сынып

Суреттер

Оқулық

Негізгі бөлім

Оқулықта ұсынылған «Сөйлесейік!» айдарымен берілген тапсырма оқушыларды жаңа сабақ тақырыбына енгізу мақсатымен ұсынылған. Оқушылар назарын оқулықтағы суретке аударады. Суреттегі болып жатқан оқиғаны жұбымен талқылайды. Оқушылардың өзара сұхбаттасуына жағдай туғызу үшін «Сен маған, мен саған» әдісі арқылы бір-біріне сұрақ қоюды мұғалім іздестіреді.

  1. Әсет неден қорқып тұр деп ойлайсың?

  2. Айғайлап тұрған адам кім?

  3. Балалар қандай хабар естіді? Жақсы хабар ма әлде жаман хабар ма? Оқушыларға жұптаса оқып, сұрақтың жауабын өз бетінше ойлануға бағыт беру.

Оқушылардың назары кітаптағы суретке және онда жазылған сөйлемдерге аударылады. Оқушылар топта отырып сурет бойынша сөйлемдерді талқылып болған соң, осы сөйлемдерді пайдаланып және өздері ойларынан бірнеше сөйлемдер құрастырып рөлдік ойын көрсетеді.

Кері байланыс: оқушылардың жауаптарын тыңдау, ауызша тексеріп

комментарий беру.

10 мин

жұптық жұмыс

Суреттер

Оқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   139