Файл: аза тілі дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 2259

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

алады. ...мағанмәтіндітүсінугекөмектесті,ментүсінбепедім,аленді....», «...

хабарламасынанкейін,маған түсініксізболды қалай?.»

  • Қатысушылардың ішінен біреуін көшбасшы ретінде тағайындау қажет, ол топтағы жұмысты басқарып, бақылап отырады, жауап берілмеген сұрақтарды, қайталануларды белгілеп отырады.

  • Көшбасшы да топпен бірге кесте толтырып тапсырады.


«КІМ НЕ ТҮСІНДІ?»

Мәтіннен не түсінді?

Мәтінде не

қызықтырды?

Мәтінде не түсініксіз

болды?










Тыңдаушы:

Мәтіннен не түсінді?

Мәтінде не

қызықтырды?

Мәтінде не түсініксіз

болды?










Тыңдаушы:


«ОҚЫРМАН КОНФЕРЕНЦИЯСЫ»

Жүзегеасыруқадамдары:

Бұл әдістің түрі арнайы дайындықты қажет етеді. Топ мүшелері бірдей мәтінмен жұмыс істейді.

Олар мәтін бойынша жеке тапсырма алады.

Жұмыс барысында мәтіннің мазмұнын жұппен талқылайды. Мәтіннің тақырыбы бойынша топпен сұрақтар құрастырады. Олар әртүрлі дереккөздерден мәтінге қосымша мәліметтер іздейді. Сонан соң аудиторияда топпен дайындаған тақырып бойынша қалай хабарлама жасайтындарын келісіп
алады. Бақылау, зерттеу жүргізу нәтижесін баяндайды. Мұғалім конференцияда өзара бөлінген тапсырмаларды хабарлауға уақыт белгілейді (5–10 минут). Конференция соңында бағалауға байланысты кері байланыс ауызша немесе жазбаша түрде жүргізіледі.
«Оқырманконференциясы»әдісібойыншатолтырылатынкесте


Топ

Мәтіннің

тақырыбы







Мәтіннің қысқаша

мазмұны







Мәтіннің тақырыбы бойынша

сұрақтар







Мәтінге қосымша

мәліметтер







Хабарлама

түрі





«ЕКІЖАҚТЫ КҮНДЕЛІК»

Оқушыға мәтін мазмұнын өз тәжірибесімен байланыстыруға мүмкіндік береді.

Парақ ортасынан екіге бөлінеді. Сол жағына ерекше әсер еткен үзінді немесе өзінің жеке тәжірибесіне ұқсас кезең, есіне түскен тұстары жазылады. Өз тәжірибесімен ұқсас келген тұстары немесе әсер еткен, қарсылық тудырған кездері де болуы мүмкін. Оң жағына түсініктеме беріледі.

Мәтіннен ерекше есімізде

қалған цитатаны жазамыз:

  • Есіңізде қалған

  • Көз алдыңызға елестеткен

  • Қарсы пікір тудырған

  • Ойға қалдырған

Түсініктеме береміз:

  • Не себептен бұл цитатаны жаздыңыз?

  • Қандай ой тудырды?

  • Қандай сұрақ туындады?







Мәтінмен жұмыстың

«ТӨРТ РЕСУРС» әдісі

Льюка және Фрибоди моделі

Ұсынылып отырған әдістің артықшылықтары:

  • тыңдаушының мәтінмен жеке жұмыс істеуіне мүмкіндік береді;

  • мәтіннен алған білімін өз бетінше бағалай алады;

  • мәтінмен өмірді байланыстыруына мүмкіндігі бар;

  • сыни ойлауын дамытады.


«Төрт ресурс»әдісібойыншатолтырылатынкесте

Кодтайбілунемесеменқалаймәтінніңшырмауыншешемін?
Мәтінді қалай түсінемін? Неден басталады?

Неге негізделген?

Қандай құралдар қолданады?

Қолданабілунемесемәтіндіқалай қолданамын?

Мәтіннің мақсаты мазмұнымен үйлесе ме?

Мәтінді қалай дәл қазір осы жерде, осы уақытта қолдана аламын?

Басқалар бұдан не алады? Менің мүмкіндігім қандай?

Түсіне білу немесе мәтінгеқалай қатысамын?

Мәтіннің идеялары өзара қалай байланысқан?

Мәтінде қандай дәлел қолданылған?

Мәтінді қалай басқаша түсіндіруге болады?

Бағалай білу немесе мен сыниойлайтынсауаттыоқырманретінде

Кімнің ұстанымы, пікірі мен мүддесі қозғалған?

Кімнің пікірі айтылмаған немесе жоқ?

Қандай пікір айтылған?

Менің пікірім басқалардың пікірімен сәйкес келе ме?


«ДЖИГСО» әдісі

Бұл тәсіл негізінде оқушы:

  • ақпаратты өз бетінше ұғынады, меңгере алады;

  • меңгерілген ақпаратты басқа топ мүшелеріне түсінікті етіп жеткізеді;

  • мәтінмен өз бетінше жеке жұмыс істеу дағдысы дамиды;

  • жаңа ақпаратпен жұмыс істеу барысында ынтасы артады;

  • белгілеу, тұжырымдау және мәтінге қатысты сұрақтар қоя біледі;

  • басқаларды естиді және тыңдай біледі;

  • ақпаратты қысқа да нұсқа жазбаша түрде бере алады;

  • өзінің және топ мүшелерінің білім алуына жауапкершілікпен қарайды;

  • таным әрекеті үдерісінде қарым-қатынас шеберлігі артады.



Әдістіжүзегеасыруқадамдары:

  1. қадам: сабақтың мақсаты мен тақырыбын анықтау. Тақырып бойынша білімін өзектендіру;

  2. қадам: топтарға бөлу (1, 2, 3, 4.....) мәтін қанша бөліктен тұрса, топ та сонша бөлікке бөлінеді;

  3. қадам: (1, 2, 3, 4) әр мүшеге тапсырма беріледі, сабақ соңында әр топ мүшесі мәтінді толығымен біліп шығуы керек, сондықтан әр бөлікті оқитын топ мүшесі үлкен жауапкершілікпен өз бөлігін оқуы керек, себебі ол өз тобындағыларға оқығанын жеткізе алмаса, мәтін толық меңгерілмей қалады.

4-қадам: 1+1+1+1; 2+2+2+2; 3+3+3+3; 4+4+4+4; сараптау топтарына бөліну;

  1. қадам: мәтіннен өзіне бөлінген үзіндіні оқып, сараптау тобында талқылау, күрделі жерлерін мұқият түсініп, осы үзіндіні өз тобының мүшелеріне қайткенде де түсінікті жеткізудің жолдарын қарастырады;

  2. қадам: өз тобына барып, сараптау тобында түсініп келгендерін бір-біріне үйретеді. Қажет болса, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қоюға болады;

  3. қадам: презентация жасауға, мәтін бойынша сұрақтар қоюға немесе басқа да тапсырмалар ойластыруға болады.


«ОЙЛАН–ЖҰПТАС–БӨЛІС» әдісі (Джесси Джентильдің диаграммасы)

Мұғалім сұрақ немесе тапсырма береді. Оқушылар ойланып, әрқайсысы жеке жауап жазады. Оқушылар жұптарға бөлініп, өздерінің ең үздік деген сұрақтарын біріктіреді. Оқушылар өздерінің жаңа жақсартылған жауаптарымен сыныптастарымен бөліседі.
«БАҒЫТТАЛҒАН ОҚУ» әдісі

Бұл тәсіл негізінде оқушы:

  • мәтіннен алған ақпаратты терең меңгереді;

  • мәтінді талдайды, бағалайды, болжайды, берілген сұраққа сәйкес қиялдайды;

  • мәтіндегі ақпаратты пайдалана отырып сұрақтарға жауап береді;

  • өз болжамын шығармашылықпен жеткізеді;

  • ұсынылған проблема, орындалған жұмыстар жөнінде өз ойына талдау жүргізеді;

  • таным әрекетін жүзеге асыруда сындарлы қарым-қатынас жасайды. Әдісті жүзеге асыру қадамдары:


  1. қадам: мұғалім таныстыратын мәтінді төмендегідей өлшемдерге сәйкес алуы қажет:

  • мәтін аудиторияға мүлдем таныс болмауы қажет (әйтпесе, қолданылған әдіс мәні мен маңызын жояды);

  • оқиғасы қызықты болуы керек;

  • күтпеген шешім «ашық» сұрақпен аяқталуы керек.

  • қадам: мәтін алдын ала ойдың аяқталуына қарай бөлініп қойылуы қажет. Мәтінді қай жерден үзу керек екені алдын ала белгіленіп қойылуы және қай жерде «аялдама» жасау керек екендігі анықталуы қажет: 1-аялдама, 2-аялдама.

  • қадам: мұғалім тыңдаушылардың ойлау дағдысын дамытуға бағытталған әртүрлі сұрақтар мен мәтін бойынша тапсырмалар дайындап қоюы керек.