Файл: аза тілі дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 2261

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«СЕГІЗ ТӨРТБҰРЫШҚА СУРЕТ САЛУ»

Әртүрлі жастағы оушыларға арналған.

Мақсаты: оқушылардың шығармашылық ойлау және коммуникативтік дағдыларын дамытуға арналған.

Сипаттамасы: тақта араларында орын қалдыра отырып сегіз төртбұрыш сызыңыз. Еріктілерді шақырып, әрбір төртбұрышқа бір нәрсенің суретін салуды сұраңыз. Олардың әрқайсысына 30 секунд қана уақыт беріледі. Енді сыныпқа сегіз суретке негізделген әңгіме жасауға көмектесу керек. Егер қажет болса, оқушыларды бағыттау үшін тақтаға сұрақтар жазып қоюға да болады.

Келесі нұсқасы:

Журналдан қиылып алынған суреттер салынған жеті конверт дайындаңыз.

Адамдар

Жерлер

Заттар

Қалаулар

Қиындықтар

Әрекеттер

Соңы























Оқушылардың жұптарда немесе топтарда жұмыс істеулерін сұрап, олардың әр конверттен екі сурет, бірақ «соңы» конвертінен бір сурет таңдауларын сұраңыз және суреттердің тізбегін келісіп алып оларды партаның үстіне ретпен жайып қоюларын сұраңыз. Олар кезекпен басқа топтарға барады. Біріншіден, олар барған топтың суреттерінің тізбегіне қарап отырып олардың әңгімелерінің желісін болжауға тырысады, тек содан кейін сол топтың құрастырған әңгімесін тыңдайды.
«КЕЗДЕСУ САҒАТЫ» (Clock buddies)

Қажеттіматериалдар: кездесу сағаты, жұмыс парағы немесе ақ парақтар

Мақсаты:оқушыларды оқу материалы бойынша әңгімеге тарту

Сипаттамасы: оқушыларға басып шығарылған жұмыс парағын таратыңыз немесе ақ
параққа өздерінің салуын сұрау. Содан кейін оқушыларға сағаттың әр уақытының жанына сыныптастарының бірінің атын жазуды сұраңыз. Олардан сіз атаған сағатта сол уақытқа кездесу белгіленген сыныптасының жанына барып, оқу материалы туралы сөйлесуін сұрау. Сіз белгілі уақыттарды атаған сайын, олар сол уақыттың жанында белгіленген сыныптасының жанына барып, әңгіме жүргізеді. Егер уақыт шектеулі болса, тақ немесе жұп сандардың жанына сыныптастарының атын жазуын сұрауға да болады.
«БИНГО 101» әдісі

Қажеттіматериалдар: бинго карточкалары

Мақсаты: өткен оқу материалдарын қайталау

Сипаттамасы:мұғалім оқушыларға бинго карточкаларын береді немесе оқушылар өздері әзірлейді. Мұғалім оқушыларға өткен сабаққа байланысты сөздер немесе сөйлемдерді тақтаға жазады (сөз саны бинго карточкасындағы торлардың санына сәйкес болуы шарт), ал оқушылар сол сөздерді бинго карточкасының торларына шашыраңқы ретпен жазады. Содан соң мұғалім тақтаның алдында тұрып жазылған сөздерге сұрақтар немесе анықтамаларды оқиды. Оқушылар оқылған сұрақ/анықтаманың дұрыс жауабын сызып отырады. Кімде көлденеңінен немесе тігінен сәйкес тізбек болса, сол оқушы бинго деп айқайлайды. Мұғалім сол оқушыға ынталандыру сыйлығын береді.
«ПАЗЛ әңгіме»

Ұйымдастыру: топтарда/жұптарда

Қажетті материалдар: әңгіменің немесе газет мақаласының параграфтарының қағазға басылған бөліктері

Мақсаты: бірлесе отырып әңгіменің бөліктерін біріктіру, ынтымақтастықта жұмыс істеу дағдылырын арттыру, сыни ойлау дағдыларын дамыту

Сипаттамасы:топтарға немесе жұптарға әңгімені немесе мақаланы бөліктерге бөліп тарату. Оқуышлардан бөлінген бөліктерден әңгіме құруын сұрау. Соңында оқушылардан басқа топтағы оқушыларды өз жұмысымен таныстырады немесе жылжымалы топтарда ой бөлісулерін сұрайды.

Әңгіменің қорытынды бөлімін бермей, оқушылардың өздеріне аяқтауға мүмкіндік беруге де болады.
«ӘҢГІМЕГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ЖАЗУ»

Ұйымдастыру:топтарда/жұптарда

Қажеттіматериалдар:ақ парақтар мен қалам

Мақсаты: әңгіме желісі бойынша мағыналы жазбаны топтарда немесе жұптарда талқылай отырып жазу, әңгіме туралы әртүрлі көзқарас тұрғысынан ойлану және идея алмасу

Сипаттамасы:бір әңгіме бойынша кең көлемді жұмыс жасау үшін төменде ұсынылған активитилердің біреуін жазуды қолдану үшін таңдауға болады. Оқушыларды шағын топтарға немесе жұптарға бөлу. Оқушылардан жазба формасын таңдауды сұраңыз немесе әр топқа қағаз
қиындыларына жазып, жеребе тартқызуға болады. Жазуға дайындық және жазу уақытын белгілеп оқушыларға ескерту. Әр топта немесе жұпта бір хатшы сайлау. Оқушалардан не жазатынын талқылауды сұрау.

  1. Шақыру қағазы

Оқушылар мазмұнында кеш, үйлену тойы немесе басқа да жиындары бар әңгіме бойынша шақыру қағазын жазады.

  1. Хат

Оқушылар әңгіменің кейіпкерлерінің біреуінің көзқарасы тұрғысынан хат жазады.

  1. Ашықхат

Оқушылар әңгіменің кейіпкерлерінің біреуінің атынан кейіпкердің ата-анасына хат жазады.

  1. E-mail

Оқушылар әңгіменің бір кейіпкеріне электрондық хат жазады.

  1. Күнделік

Оқушылар әңгіменің бір кейіпкерінің көзқарасы тұрғысынан әңгіме жазады.

  1. Газет мақаласы

Оқушылар газет мақаласы түрінде әңгіме жазады.
«САУСАҚПЕН ӘҢГІМЕ ЖАСАУ»

Деңгей:жеңіл

Ұйымдастыру:
барлық сыныппен

Мақсаты: әңгімені саусақтарды қимылдата отырып тыңдау, концентрация дағдыларын дамыту, физикалық координацияларын арттыру

Қажеттіматериалдар:әңгіменің қағаздағы көшірмесі

Сипаттамасы: оқушыларды өзіңіздің айналаңызға шеңбер құрып отырғызыңыз. Екі қолыңыздың саусақтарына әңгіме кейіпкерлерінің рөлдерін беріңіз. Саусақтарыңызды әңгімені тыңдап және желісіне ере отырып қимылдатыңыз.

«ЖӘРМЕҢКЕ»

Деңгей: жеңіл, орта. Бұл ауызша қарым-қатынас жасау жаттығуын кез келген жастағы оқушылармен өткізуге болады.

Қажеттіматериалдар:қолдан жасалған ақша

Мақсаты: мейілінше көп тауар (тауар ретінде идеялар, оқу материалдары қолданылуы мүмкін) сату

Сипаттамасы:оқушылар «сатушылар» мен «сатып алушыларға» бөлінеді. Сатушылар парталардың артына тұрып, барлық сатып алушылар келіп сауда жасай алатындай орналасады. (Мысалы: сыныптың айналасына керегелерге арқаларын беріп тұрады). Сатып алушыларға ақша үлестіріп береді (ақша, доллар, еуро т.б). Оқушылар мейілінше көп идея немесе зат сатып алуға тырысады (әрбір идея немесе зат үшін ақша төлейді). Мұғалім «тоқта» деп немесе қоңырау шалып белгі беріп, бір тауардың атын атағанда, ойыншылар тоқтап, сол тауарды сыныптың алдыңғы жағында орналасқан себетке салады. Ал қалғандары ойынды жалғастырады.

Ең көп тауар сатып алған ойыншы жеңеді. Оқушылар рөлдерімен ауысады.

Оқушыларға ойыннан шығып қалмаулары үшін мейілінше көп ақша беру ұсынылады.
«УАҚЫТ ШЕҢБЕРІ»

Деңгей:кез келген

Қажеттіматериалдар:орындықтар, доп

Мақсаты: оқушылардың әлеуметтік қарым-қатынастарын, дағдыларын дамытуға қолдау жасау, бірін-бірі тыңдауға дағдыландыру, өзіндік бағалау мен өзіне сенімдерін дамытуға көмектесу, шығармашылығын қолдау

Сипаттамасы:мұғалім
оқушылармен қатар орындыққа немесе көрпеге отырады. Бұл сыныптағы болып жатқан әрекеттерді мұғалім басқарушы емес, мұғалім қолдау көрсетуші ретінде көрсету белгісі.

Мұғалім жаттығу ережелерінің сақталуын қадағалауға, барлық оқушыларының эмоцияларының қорғалуын қамтамасыз етуге, қисынды әрекеттердің дайындалуына жауапты. Оқушылар ережені бұза берген жағдайда, мұғалім жаттығуды тоқтатуға әзір болуы керек.
«515»

Деңгейі:әртүрлі жастағыларға арналады

Мақсаты:сыни ойлау, сөйлеу дағдыларын дамытуға және оқу белсенділіктерін арттыруға арналған

Сипаттамасы: Топқа бір тақырып бойынша мәтін немесе ресурс материалы, суреттер беріледі. Үйренушілер осы ресурс бойынша 5 минутта 1 мәселе бойынша 15 идея айтуы тиіс. Спикер топтың идеяларын жазып алып, үлкен топқа таныстырады. Бұдан әрі айтылған идеялар негізінде топтық талқылау жүргізуге болады.
«КОЛЛАЖ»

Деңгейі:әртүрлі жастағы білім алушыларға арналған

Мақсаты:сыни ойлау дағдылары және коммуникативтік дағдыларды дамытуға арналған

Сипаттамасы: оқушыларға түрлі түсті суреттері бар журналдар беріледі. Оқушылар журналдардан әртүрлі суреттерді қиып алып, флипчартқа жабыстырып, әңгіме құрастырады.
«ПАНТОМИМА» әдісі

Оқушылар бір сөзді қимылмен бейнелейді, ал екінші оқушы оны табуы керек.
«ЖІПКЕ ЖАН БІТІРУ» әдісі

Бір оқушының қолына 15–20 см тоқыма жібі беріледі. Ол оқушы сұқ саусағына жіпті орай отырып, жіп түгелдей оралып біткенше өтілген тақырып туралы