ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.01.2024
Просмотров: 2330
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қала атауы | Күні | Күн райы | Ауа температура- сы |
| | | |
-
«Ойланайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар тыңдалым мәтінімен жұмыс істеуді жалғастырады. «Сиқырлы сандықша» әдісі арқылы оқушыларға тыңдалым мәтіні бойынша бірнеше сұрақтар беріледі. Сандықшадан әр топтан оқушылар сұрақтарды алып, ойланып жауап береді. Оқушыларға қойылатын сұрақтар – күнделікті күн райымен байланысты сұрақтар. Сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылардың логикалық ойлауы, сыни ойлауы дамиды.-
Күн райы болжамын кім айтады? -
Күн райы болжамын қайдан білуге болады? -
Ауа температурасын көрсететін құрал қалай аталады? -
Сынап бағанасы 0-ден жоғары болса нені білдіреді? -
Сынап бағанасы 0-ден төмен болса нені білдіреді? -
Сынап бағанасы +18 болса күн қандай болады? Оқушылар бір-бірін «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.
10 мин
Оқушы-мұғалім
Жаңа сөздерге қатысты суреттер, сандықша, түрлі түсті қағазға
жазылған сұрақтар
«Көрсетейік және айтайық» тапсырмасын орындауда мұғалім оқушыларға интерактивті тақтадан қала атаулары, күн райының температурасы жазылған Қазақстан картасын көрсетеді. Бұл тапсырманы орындау үшін «Кім жылдам?» ойынын ойнатуға болады. Топтар арасында жарыс ұйымдастыруға да болады, бұл мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Әр топтан оқушылар шақырылып, қалаған қаласындағы күн райы өзгерісі туралы айтады. Сыныптан «Бақылаушы» және «Сарапшы» ретінде екі оқушыны сайлап, оқушылардың жауаптарын жауап парағына тіркеп отырады. Бақылаушы тек оқушылардың жауаптарын бақылайды. Сарапшы оқушының қатесін тауып, түзетуге көмектеседі. Осылай оқушылар Қазақстанның бірнеше қаласындағы өзгерістерді көрсетіп, ауызша айтып шығады. Бұл тапсырма оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға бағытталған және қызығушылығын тудырады.
Оқушыларға бір үлгі беріледі, оқушылар үлгіні басшылыққа ала отырып, күн райы болжамы туралы айтады. Бұл тапсырма аясында
4.2.6.1оқумақсатыжүзегеасады.
10 мин
Жеке жұмыс (әр оқушы)
Күн райы температурасы, қала атаулары жазылған Қазақстан картасы.
«Бақылаушы»,
«Сарапшы» деп жазылған қағаз
-
1 ... 68 69 70 71 72 73 74 75 ... 139
-
«Жазайық» тапсырмасын орындауда оқушылар картадағы мәліметтерді пайдалана отырып, таныстырылым мәтінін постерге жазады. Бұл тапсырма оқушылардың жазылым және айтылым дағдысын дамытуға бағытталған. Сол себепті «Сөйлесейік» айдарымен ұсынылған 5-тапсырма өзара тығыз байланысты. Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар ауа райы болжамы туралы білімдерін кеңейтеді. Мұғалім оқушыларға картадағы кез келген қала бойынша мәліметтерді пайдалануға болатынын түсіндіреді. Оқушыларға постер құруға уақыт беріледі. Постерге таныстырым мәтінін құрастыру үшін оқушыларға тірек сөздер беріледі. Оқушылар постерлерін ауызша қорғайды, қорғау кезінде таныстырылым мәтінін күн райы болжамын айтушы ретінде баяндайды. Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі бойынша бағалайды.
Мұғалімнің кері байланысы: тапсырманы орындауда не қиын болды, не оңай болды?
5 мин
Топтық жұмыс
А3 парағы, түрлі түсті маркерлер, қала атаулары
жазылған түрлі түсті қима қағаздар
Сабақты қорытындалау мақсатында оқушылар берілген сөздердің қарама-қарсы мағыналарын табулары керек. Сонымен қатар айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар «күндіз» секілді сөздерді жазуға мұғалім арнайы көңіл бөледі.
Жоғары – Күндіз – Ашық –
3 мин
Мұғалім-сынып
«Бес саусақ»
Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру
Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.
Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалауы болуы керек. Кері байланыс орнатудың маңызы зор.
Бағалау критерийлері-
4.1.3.1*Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап
беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/кластер құрастыру/болжау-
4.4.1.1 Шағын сюжетті презентацияны комикс/буклет/ коллаж/жарнама/ сөйлемдермен толықтыру
Дескрипторы-
Тыңдалған мәтін бойынша кестеге мәліметтер жазады. -
Ауа райы болжамын жаза алады.
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
-
-
Оқыту ортасы қандай болды?
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдайды ата.
Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?
Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?
-
Сабақтың тақырыбы
Жайсыз күн. (3-тоқсан, 5-тарау). 66-сабақ
Дағды
Жазылым
Оқыту мақсаттары
4.4.2.1 Оқыған/аудио/бейнематериалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу
4.2.5.1 Шығарманың кейіпкері туралы пікірлерді (менің түсінігім бойынша,
... оның пікірінше, ... оның айтуынша, ... кейбір адамдардың ойынша, ...) салыстыра отырып бағалау
Лексикалық минимум
Ерте, кеш, жарқырау, жел, жайсыз, қолайлы, құлау, сәуле
Алдыңғы білім
Күн райын болжамы
Сабақтың барысы
С.кезеңі
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
уақыты
Қар.қат
Оқыту ресурстары
-
Кіріспе
«Жаңа сөз үйренейік» айдарында мұғалім жаңа сабаққа кіріспе ретінде оқушыларды жаңа сөздермен таныстырады. Жаңа сөздердің мағыналарын түсіндіру үшін суреттерді пайдаланады. Мұғалім оқушыларға суреттерді көрсету арқылы айтылым дағдысын, ойлау қабілетін дамыту мақсатында жұмыс жүргізеді. Суреттер (желмен майысқан ағаш, «Таңғы 7» деген жазуы бар жаттығу жасап жатқан бала, тамақтанып отырған қыз, күннің түсіп тұрған сәулесі, тайғанап құлаған қыз) оқушылардың есінде жақсы сақталып қалу үшін сабақтың соңына дейін қабырғада немесе тақтада ілулі тұрғаны дұрыс, себебі оқушылар көру арқылы естерінде әлдеқайда жақсы сақтайды.
5 мин
Мұғалім-сынып
Жаңа сөздерді меңгертуге
байланысты әртүрлі суреттер
Мұғалім оқушылар сөздік қорындағы сөздердің мағыналарын жете білген жағдайда ғана оны дұрыс қолдана алатынын ескереді. Үйренген сөздерін қолдануға мүмкіндік жасайды, яғни әрбір оқушы сөйлегенде, сөйлем құрағанда, мүмкіндігінше, жаңа сөздерді көбірек қолдануға дағдыландырады, жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге үйретеді. Сонымен қатар жаңа сөздің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз етеді. Оқушылар сөздерді бірнеше рет қайталайды, сөз тіркесін құрастырады, сөйлемдер құрайды. Оқушылардың сөздерді қаншалықты меңгергенін тексеру үшін мұғалім жазуды алып тастап, суреттерді араластырып қояды. Оқушыларға суреттерді көрсеткенде, оқушы қандай жаңа сөзге қатысты екенін айтады.
Негізгі бөлім
«Жаттығайық» тапсырмасын орындау арқылы оқушылар жаңа сөздерді орынды қолданып, сөйлем құрастыруды үйренеді. Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы «сөйлемдерді толықтыр» тапсырмасына аударады. Оқушылар көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлем құрастырады.
3 мин
Жеке жұмыс
Жаңа сөздер жазылған А4 парағы
Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздері арқылы бағалайды. Қандай мадақтау сөздерін қолдану керектігі мұғалімнің өз еркінде. Бұл тапсырма аясында сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап, жай және құрмалас сөйлем құрастыру.
«Анықтайық» тапсырмасын орындауда оқушыларға кестедегі сөйлемдер беріледі. Оқушылар сөйлемдерді салыстырып, қандай айырмашылық бар екенін айтады. Мұғалім оқушыларға күшейтпелі
шырайдың мағынасын түсіндіреді. Мысалдар келтіреді. Бұл тапсырма аясында шығарманың кейіпкері туралы пікірлерді (менің түсінігім
бойынша, ... оның пікірінше, ... оның айтуынша, ... кейбір адамдардың ойынша, ...) салыстыра отырып бағалау оқу мақсаты жүзеге асады.
5 мин
Оқушы-мұғалім
Күшейткіш буын арқылы жасалған сөздер
жазылған қағаз
1 ... 69 70 71 72 73 74 75 76 ... 139
-
«Жаттығайық» тапсырмасын орындау үшін оқушыларға бірнеше сөз беріледі. Олар сөздердің мағынасын күшейтіп айтады. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар сөздерді анық, нақты айтуы керек.
5 мин
Жеке жұмыс (әр оқушы)
Үлгі:сары – сап-сары
Сары, қоңыр, әдемі, таза, ерте, жақын, ашық, қара, тыныш, салқын,жылы
Тапсырманы дамытып, түрлендіру үшін оқушылар осы сөздерді қолданып сөйлем құрастырады, мұғалім тексереді. Оқушылар құрастырған сөздерін тақтаға жазады.
Үлгі:Аспандағы күннің түсі – сап-сары.
«Сөйлесейік!» тапсырмасын орындауда оқушылар оқулықтағы суреттермен жұмыс жүргізеді. Тапсырма топта орындалады. Әр топ өз бетінше сурет бойынша ауа райының өзгеруі туралы ауызша әңгіме құрастырады. Әңгіме құрастырып болған соң ортаға шығып, сурет бойынша әңгімені баяндап береді. Оқушылар бір-бірін мұқият тыңдайды, ең жақсы әңгіме құрастырған топ «дүркін шапалақ» арқылы бағаланады.
7 мин
Топтық жұмыс
Тақырыпқа қатысты сурет
Оқушылар «Жазайық» айдарындағы тапсырманы орындайды. Алдыңғы тапсырмада оқушылар сурет бойынша ауызша әңгімелеп берген болса, «Жаз» тапсырмасында сурет бойынша тірек сөздерді басшылыққа ала отырып, әңгіме құрастырып жазады. Мұғалім оқушыларды жазылым тапсырмасына арналған бағалау критерийлерімен таныстырады. Тапсырма оқушылардың жазылым дағдысын дамытуға бағытталған.
Бағалау критерийлері
Әңгіменің сурет бойынша жазылуы
7 мин
Мұғалім-сынып
Жазылымға қатысты топтарға таратылатын
А4 парағына
жазылған тірек сөздер, маркер, флипчарт
Тірек сөздерді орынды қолдану
Әңгіменің мағыналы болуы
Тірек сөздер: жаттығу жасау, күн, дала, жылы, үйге қарай жүгіру, терезеден қарау, түске жақын, ауа райы, қолайсыз болу, ұнау, ұнамау, су болу, құлау, сәуле, жел, күркіреу
«Оқиық» айдарымен берілген «Мәтін бөліктерінің ретін анықта»
5 мин
Ретсіз мәтін
тапсырмасында оқушылар сурет бойынша жазылған мәтінмен
жазылған
танысады. Мәтін оқушыларға ретсіз беріледі. Оқушылар мәтінді сурет
үлестірмелі
бойынша құрастырып жазғандықтан, мәтінді ретімен тез орналастыра
қағаздар
алады. Бұл тапсырманы орындауда оқушыларға «Ретін тап!» ойынын
ойнатамыз. Топтарға әртүрлі ретпен мәтін беріледі. Оқушылар
мәтіннің ретін тауып жазып, топта қорғайды.