Файл: аза тілі дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 2331

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.







Сабақты қорытындалау мақсатында оқушыларға сөздер беріледі. Оқушылар жоғары қатарға сөздер, төменгі қатарға сандарды жазып сәйкестендіреді.

Рефлексия
«Білім ағашы». Оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.

«Білім ағашына» бүгінгі сабақтағы еңмаңызды деп санаған 3 жағдайды стикерге жазып, жапсырады.



3 мин




«Білім ағашы», стикерлер

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.

Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалауы болуы керек. Кері байланыс орнатудың маңызы зор.

Бағалау критерийлері

  1. Оқыған/аудио/бейнематериалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу

  2. Шығарманың кейіпкері туралы пікірлерді (менің түсінігім бойынша, ... оның пікірінше, ... оның айтуынша, ... кейбір

адамдардың ойынша, ...) салыстыра отырып бағалау

Дескрипторы

  • Мәтінді ретімен орналастырады.

  • Қолайсыз табиғатты сипаттап айта алады.

  • Кейіпкердің іс-әрекетіне баға

береді.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?


Сабақтың тақырыбы

Аймақтар табиғаты. (3-тоқсан, 5-тарау). 67-сабақ

Дағды

Оқылым, айтылым, грамматика

Оқыту мақсаттары

4.2.4.1 Жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау

4.5.1.1 Мұғалімнің қолдауымен шылауларды, көмекші сөздерді ажырату, ауызша/жазбаша тілде қолдану

Лексикалық минимум

Биыл, түске дейін, боран, еру, жиі, ұзақ, үнемі, кемпірқосақ

Алдыңғы білім

Жайсыз күн

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Мұғалім жаңа сабаққа кіріспе ретінде оқушыларды жаңа сөздермен таныстырады. Оқушылардың сөздік қорын байыту үшін жаңа сөздерді сурет арқылы меңгертеді. Мұғалім оқушылар сөздік қорындағы сөздердің мағыналарын жете білген жағдайда ғана оны дұрыс қолдана алатынын ескереді. Үйренген сөздерін қолдануға мүмкіндік жасайды, яғни әрбір оқушыны сөйлегенде, сөйлем құрағанда, мүмкіндігінше, жаңа сөздерді көбірек қолдануға дағдыландырады, жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге үйретеді. Сонымен қатар жаңа сөздің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз етеді. Оқушылар сөздерді бірнеше рет қайталайды, сөз тіркесін құрастырады, сөйлем құрайды. Оқушылардың сөздерді қаншалықты меңгергенін тексеру үшін мұғалім жазуды алып тастап, суреттерді араластырып қояды. Оқушыларға суреттерді көрсеткенде, оқушы сурет арқылы қандай жаңа сөзге қатысты екенін айтады (биыл, түске дейін, боран, еру, жиі, ұзақ, үнемі, кемпірқосақ). Мұғалім «биыл» сөзін меңгертуге ерекше назар аударады. Оқушының өзінің былтыр 3-ші, ал биыл 4-сынып оқушысы болғандығын түсіндіріп айтады.

5 мин

Мұғалім-сынып


Жаңа сөздерді меңгертуге

байланысты әртүрлі суреттер


Негізгі бөлім

«Салыстырайық» тапсырмасын орындауда оқушылар екі түрлі мәтінді оқып танысады. Мәтінді әр топ өз бетінше оқиды. Екі мәтінді салыстырады. Мұғалім оқушыларға мәтін бойынша сұрақтар қояды.

«Зымыран сұрақтар» әдісі бойынша жүргізіледі.

  1. Ерік қайда тұрады?

  2. Ақтөбеде ауа райы қандай?

  3. Ақтөбеде аспан үнемі қандай болады?

  4. Ақтөбеде қар қалай жауады?

  5. Синоптиктер не дейді?

  6. Айнұр қайда тұрады?

  7. Түркістанда ауа райы қалай?

  8. Түркістанда қар қалай жауады?

  9. Синоптиктердің айтуынша, оңтүстіктің қысы қандай болады?

  10. Екі мәтінде қандай өзгерістер бар?

Бұл тапсырма аясында белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу

оқу мақсаты жүзеге асады.

3 мин

Жеке жұмыс


«Зымыран сұрақтар» жазылған парақтар

«Оқиық және жауап берейік» айдарымен берілген «мағынасы қарама- қарсы сөздерді тап» тапсырмасы оқушыларға аса қиындық тудыырмайды. Балаларға кестеде жазылған сөздер беріледі. Кестені толтыру арқылы сөздердің қарама-қарсы мағынасын жазады.

2 мин

Оқушы-мұғалім

Кесте




жиі

сирек







еру

қату




биыл

былтыр




қыс

...




ұзақ

...




оңтүстік

...




желді

...




қалың

...




«Сөйлесейік» айдарының тапсырмасын орындауда оқушылардың бір- бірімен ауа райы туралы телефонмен сөйлесуін көрсетеді. Оларға сөйлесуге арналған тірек сөздер беріледі. Оқушылар осы тірек сөздерді пайдалана отырып, телефонмен сөйлесуді рөлдік ойын ретінде көрсетеді. Әр топтан екі оқушыдан шығады, уақыт артылып жатса, әр топтан бір жұптан шығаруға болады. Тапсырма оқушылардың айтылым дағдыларын дамытуға бағытталған. Бұл тапсырма аясында мұғалімнің нұсқауымен шылауларды, көмекші сөздерді ажырату, ауызша/жазбаша тілде қолдану оқу мақсаты жүзеге асады.

3 мин

Жеке жұмыс (әр оқушы)

Телефон, сөйлесуге қажетті тірек сөздер, телефон








«Ойнайық» айдарында оқушылар шеңбер бойында тұрып «Сымсыз телефон» ойынын ойнайды. Оқушылар бір-бірінің құлағына ауа райына қатысты сөздерді сыбырлап айтады. Ойынның шарты бойынша сөзді ең бірінші айтқан бала ауа райына қатысты сөзді анық айтуы керек, әрі қарай кезекпен жалғасып кетеді. Бұл ойын оқушылардың сөздік қорын дамытуға бағытталған.

7 мин

Топтық жұмыс







«Ойланайық» тапсырмасында оқушылар кестедегі сөз тіркестерін оқып, суретке қарап мағынасын түсіндіреді. Бұл тапсырма арқылы оқушылар жалғаулық шылаулардың мағынасын түсіндіреді. Мұғалім оқушыларға дейін/кейін/шейін шылауларының мағынасын мысалдар келтіру арқылы түсіндіреді.

12 мин

Мұғалім-сынып

Дейін, кейін, шейін шылаулары жазылған қағаздар




....




ауылға дейін

ауылдан кейін

орманға шейін

орманнан кейін

жолға дейін

жолдан әрі

көшеге шейін

көшеден соң




«Есте сақтайық!» айдарында оқушылар жалғаулық шылаулардың ережесімен танысады. Мұғалім оқушыларға ережені қолданыстық тұрғыдан түсіндіреді. Мысалдар келтіреді.

5 мин




Ереже

жазылған қағаздар




Шейін,

дейін, кейін, соң, әрі

1. Уақытты, мерзімді білдіреді.




2. Қашықтықты, белгілі бір заттың тұрған

орнын білдіреді.



...

жаңбырға дейін

жаңбырдан кейін

қысқа дейін

қыстан кейін

таңертеңге дейін

таңертеңнен кейін

кешке шейін

кештен кейін

қар ерігенге шейін

қар ерігеннен соң




таңертеңнен бері




жаңбыр болғаннан бері
























































Сабақты қорытындылау мақсатында «Жаттығайық» айдарымен оқушыларға пысықтау сұрақтары беріледі.

Сұрақтарғажауапбер.

  1. Аспандакемпірқосаққайкездеболады?

  2. Мектептеқаншауақытболасың?

  3. Үйгедейінқаншаминутжүресің?

  4. Қаржауғаннанкейінкүнқандайболады?

  5. Қыстансоңқаймезгілкеледі?

  6. Қайкездекөктембасталады?

  7. Қайуақыттақұстарұшыпкеледі?

Оқушылар бір-біріне жауап бере отырып, кері байланыс орнатады. Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздері арқылы бағалайды.

Рефлексия
«Білім ағашында» оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.

«Білім ағашына» бүгінгі сабақтағы ең маңызды деп санаған 3 жағдайды стикерге жазып, жапсырады.

3 мин





«Білім ағашы», стикерлер

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.

Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Кері байланыс орнатудың маңызы зор.

Бағалау критерийі

  1. Жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау

  2. Мұғалімнің қолдауымен шылауларды, көмекші сөздерді ажырату, ауызша/жазбаша тілде қолдану

Дескрипторы

  • Тақырып бойынша сұрақтарға жауап бере алады.

  • Мөлшер, уақыт, мекен мағынасын білдіретін шылау сөздерінің мағынасын түсінеді.

  • Шылау сөздерді қолданып сөйлей алады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы